Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №52 (290) декабрь 2019 г.

Дата публикации: 30.12.2019

Статья просмотрена: 1213 раз

Библиографическое описание:

Сариева, Ж. М. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі / Ж. М. Сариева, А. М. Абдукерова, Р. Р. Кындыбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 52 (290). — С. 462-464. — URL: https://moluch.ru/archive/290/65945/ (дата обращения: 17.12.2024).

Берілген мақалада азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі қарастырылады.

Кілт сөздер: азамат, құқық, заң.

В данной статье рассматриваются правовое регулирование обязательств по гражданскому законодательству за вред, причиненный жизни и здоровью граждан.

Ключевые слова: гражданин, право, закон.

Азаматтық құқықта, құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты [1]. Азаматтық құқықтық міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.

  1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
  2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
  3. Борышқор әрекетіне нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
  4. Басты тәуелді міндеттемелер;
  5. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттемелер [1].

Республика азаматтарының еңбек жағдайындағы өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян заң талаптарына сәйкес өтеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген мүліктің зияның сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дәл осы ерекшелігі келтірілген зиянды өтеу мәселелерін бөлек қарастыру қажеттілігін туындатады [2, 340 б.].

Азаматтың шарттық міндеттемелерін, әскери қызмет міндеттемелерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян, егер заң актілерніде немесе шартта көтеріңкі жауаптылық көзделмесе. Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедей зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған немесе анық иеленген алатын табыс сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығындар, емделуге қосымша тамақтануға дәрі-дәрмектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып күтуіне, санаторий курортық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға, егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтеуге жатады [3].

Еңбек жағдайында немесе басқада жағдайларда заң зақымдану мен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін есепптеген кезде еңбек ақыға оның барлық түрлері жатқызылады. Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың мөлшері жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейінгі жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне сәйкес, еңбекке жарамдылығының айырылу басталғанға дейінгі табысы ескеріледі. Егер жәбірленушінің зиян келтірілген кезде жұмыс істемеген болса, оның қалауы бойынша жұмыстан босатылғанға дейінгі табысы ескеріледі [2, 341 б.].

Азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік мүліктік зиян шегуді өндіріліп алу тәртібі мен тұжырымдалады. Бұл арада жәбірленушінің сақтандырылған немесе сақтандырылмаған, зиянды сақтандырушы немесе басқа адам келтірілгенің ешқандай қатысы жоқ. Осыған байланысты зиянды әлеуметтік қорғау, зейнетақы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша адамға жәрдемақы төлеу құқығы мен азаматтық-құқтық зиянды өндіріп алу тәртібі туралы мәселені саналы түрде үйлестірудің маңызы зор екенін түсінеміз. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты қызметкердің денсаулығына зақым келген жағдайда жәбірленушінің сақтандырушы ұйым немесе азаматты егерде зиян солардың кінәсінен болса жәрдемақының немесе зейнетақының көлеміне асатын бөлігін зиянүшін өндіріп беруге міндетті. Мұндай жағдайда әрбір нақты оқиғаға байланысты сақтандырушының кінәсі белгілі бір айғақтар мен дәлелденеді.

Мемлекеттік әлеумеуметтік сақтандыру бойынша жәбірленуші үшін жарна төлеуге міндетті емес ұйым немесе азамат зиянды өндіріп береді. Кез келген жағдайда зиян толық өндіріледі: зиян келтірушіден жәрдемақы немесе зейнетақы жаба алмайтын жалақының бөлігіндей сомма, сондай-ақ денсаулыққа келтірілген зиянның нәтижесінде шығындар қосымша тамақтануға, күтімге, санаториялық курортық сауықтыруға кететін және тағы басқа шығындар өндіріліп алынады. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өндіріп алу құқығына қайтыс болған адамның асырауындағы тұрған немесе оның өлетін күніне дейін көмек алып тұрған еңбекке қабілетсіз адамдар: 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, 18 жасқа дейінгі оқушылар, зейнеткерлік жастағы ер мен әйелдер, сондай-ақ жәбірленуші өлгеннен кейін өмірге келген сәби ие бола алады. Заңда әлеуметтік сақтандыруға жатпайтын азаматтардың денсаулығына сондай-ақ өзіндік табысы жоқ 15 жасқа толмаған азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян мен өлімі үшін ерекше жауапкершілік көзделген [4, 197–198 бб.].

ҚР азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес зиянды өтеу мөлшерін өзгерту еңбек қабілетін ішінара жоғалтқан жәбірленуші, егер оның еңбек қабілеті оған өтем тағайындалған кезде өзінде болған еңбек қабылетіне қарағанда денсаулығына зақым келтіруіне байланысты төмендеп кетсе, зиянды өтеу міндеті жүктелген адамнан өтем мөлшерігн тиісінше көбейтуді кез келген уақытта талап етуге құқылы.

Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда ескеріледі. Егер:

  1. Зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе.
  2. Зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды үйде қамауда ұстау психиятриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе.
  3. Зиян — ар ожданына, қадір қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтірілетін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе.
  4. Заң актілерін де көзделген өзгеде жағдайлар.

Моральдық зиян-элементі өзіне ғана тән болып табылады. Оны анықтау қиынға соғады және әдетте оны бағалаумен ол үшін өтемақы белгілеу шартты болады. Заңнама бұл орайда моральдық залал үшін өтемақы белгілеу шартты болады. Заңнама бұл орайда моральдық залал үшін өтемақыныңтөменгі және жоғарғы шектерін бекітпейді. Оны келтіргені үшін белгіленген негізгі талап — өтемақы әділетті болуға тиіс.

Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ізгілік қасиетіне келтірілген адамгершілік заладың ауырлығын оны субъективті түрде бағалау ескеріледі [2, 347–348 бб.].

Осы мәселеге қарасты А. П. Сергеев, Ю. К. Толстойдың ой пікірі бойынша азаматтың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру бірнеше кезекте оның мүліктік емес құқықтары болып табылады, ол үшін жәбірленуші моральдық зиянды өтеттіріп алу құқығын беріледі. Бірақ қаралып отырған жағдайда өтеудің негізгі объектісі денсаулыққа зиян келтіру, жерлеу мүлікітік жоғалтулар болып табылады деп атап өткен [5, 47 б.].

Ал А. А. Гончаров, Ю. Г. Попоновтын ой пікірі бойынша моральдық зиян ұғымында азаматтың тумысынан немесе заң күшіндегі мүліктік емес игіліктеріне (өміріне, денсаулығына, тұлғалық мәртебесіне, іскерлік беделіне жеке өміріне қол сұғушылығына жеке және жанұялық құпиясы және т. б.) әрекетпен оның жеке мүліктік емес құқықтарын өз атынан пайдалану жатады. Моральдық зиян жекелеген түрде жақын туыстарынан айырылу белсенді қоғамдық өмір сүруді жалғастыра алмау мүмкіндігі қарастырылған [6, 593 б.].

Қорыта келгенде, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі жағдайында, сонымен қатар даулар негізінен мүліктік бүлдірген кезде келтірілген зиян мөлшерін айқындаған кезде туындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында моральдық зиянды өтеу институты пайда болғаннан бері соттармен моральдық зиянды өтеуге қатысты көптеген істер қаралады.

Әдебиет:

  1. Батырбаев Н. М. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. –Түркістан: Тұран, 2007.
  2. Жайлин Ғ.Ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. — Алматы: Заң әдебиеті, 2006. — 378 б.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 жылдың 1 шілдесі. Ерекше бөлім.
  4. Ашитов З. О., Ашитов Б. З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. — Алматы: Жеті жарғы, 2003. — 296 б.
  5. Гражданское право. / Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. Том 3 Москва: Статут, 1999. — 564 с.
  6. Гражданское право. / Под ред. А. А. Гончарова, Ю. Г. Попонова. Москва: КНОРУС, 2005. — 695 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, москва.

Ключевые слова

азамат, құқық, заң

Похожие статьи

Жаңартылған білім беру мекемесі жағдайында өзін-өзі реттеу қызметін дамытудың теориялық-әдіснамалық тәсілдері

Берілген мақалада жаңартылған білім беру мекемесі жағдайында өзін-өзі реттеу қызметін дамытудың теориялық-әдіснамалық тәсілдері қарастырылады.

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Мұнаралы крандардың жүк көтеру кезіндегі қауіпті аймағын бағалау

Мақалада мүмкін болатын жүк көтеретін механизмдердің қауіпті аймағын болжау, бағалау және іс-шара кешені ұсынылды. КБ-473 мұнаралы кранының техникалық сипаттамалары мен мүмкіншіліктері көрсетілді. Мұнаралы крандардың қауіпті аймағының шегі, көтерілге...

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру

Мақалада инклюзивті білім беруді жүзеге асыру аясында ерекше білімді қажет ететін балалардың әлеуметтік дамуы қарастырылған. Ерекше білімді қажет ететін баланың жеке басын әлеуметтендіру процесі мұндай балаларды қоғамға біріктірген жағдайда тиімді бо...

Сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру

Берілген мақалада сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру туралы мәселелер қарастырылады.

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды кәсіби бағытын анықтада ата-аналардың рөлі

Мақалада психикалық дамуы тежелген оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауындағы ата-аналардың рөлі сипатталған.

Бастауыш сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін кіріктірілген сабақтарда қалыптастыру (4-сынып)

Кіріктіріп оқыту — әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастырудың бірден бір көзі негізінде. Бастауыш сынып білім алушыларының бойында табылатын жоғары дәрежедегі сапаларға зерттеу жүргізілді. 19 бастауыш сынып мұғалімінен кіріктірілген сабақты қаншалықты ж...

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Задать вопрос