Жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 7 марта, печатный экземпляр отправим 11 марта.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №51 (289) декабрь 2019 г.

Дата публикации: 23.12.2019

Статья просмотрена: 19 раз

Библиографическое описание:

Кали А. К., Байсарина С. С. Жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері // Молодой ученый. — 2019. — №51. — С. 506-509. — URL https://moluch.ru/archive/289/65649/ (дата обращения: 28.02.2020).



Патриоттық мәдениет мазмұнын ұлтаралық қарым-қатынас, тарихи және азаматтылық компоненттері құрайды. Ұлтаралық қарым-қатынас Қазақ халқы мен Қазақстанның басқа халықтарының моральдық нормалары мен құндылықтарының, тілдері, әдебиеттері, өнері, ұлттық салт-дәстүрлерінің, діндерінің рөлі мен маңызын білу және сезінумен сипатталады.

Кілт сөздер: патриот, патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық, Толеранттық, Мәңгілік Ел мен Рухани жаңғыру.

Содержание патриотической культуры составляют компоненты межнационального общения, исторической и гражданственности. Межнациональное общение характеризуется знанием и чувством роли и значения моральных норм и ценностей, языков, литературы, искусства, национальных традиций, религий казахского народа и других народов Казахстана.

Ключевые слова: патриот, патриотизм, национальный патриотизм, казахстанский патриотизм, интернационализм, толерантность.

Патриоттық мәдениетті дамытудың әлеуметтік-педагогикалық мәнін ашу үшін «патриот» және «патриотизм» ұғымдарын саналы ой елегінен өткізіп алу керек. Бұл ұғымдар ең алғаш рет 1789–1793 жж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде жиі қолданылған. Ол уақытта патриоттар деп еркіндікті аңсаған, халықтың ісі үшін күрескен төңкерісшілерді, республиканы қорғаушыларды атаған. П.Ларусстың белгілі француз энциклопедиялық сөздігінде патриотизмнің мәнін анықтау бойынша мынадай анықтама берілген: «Патриот — Төңкеріс кезеңінде прогресс пен еркіндік достарына тағайындалған есім. Бұл сөз өз Отанын сүйетін адамды ғана білдірмеді, ол неғұрлым нақты мағынаға ие болып, жаңа Францияның арнайы азаматы, ескі режимнің жауы, күресуші апостол және төңкеріс солдаты деген мағынаны білдірді» [1,2].

В. И. Даль «патриот» ұғымына мынадай түсініктеме береді: «Патриот — Отанын сүйетін, оның байлығын қорғайтын, Отансүйгіш, отаншыл азамат» [3]. Қазіргі заманда патриот деп Отанын сүйетін, өз халқына адал қызмет ететін, өз Отанының мүддесі үшін құрбан болуға және қаһармандық ерлік жасауға дайын отаншыл азаматты айтуға болады.

«Патриот» ұғымының семантикасы патриотизмнің лексикалық мағынасын адамгершілік сапа ретінде анықтайды, яғни патриотизм Отанға деген сүйіспеншілікті, өз еліне, өз халқына адалдықты білдіреді. Патриотизм ұғымы философиялық тұрғыдан былайша анықталады:

«Патриотизм (грек сөзі — parties — отан) — адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, оның өткені мен бүгіні үшін мақтаныш, Отанның мүддесін қорғауға ұмтылушылық» [4].

Қазақ кеңес энциклопедиясында «Патриотизм» — дегеніміз (грек. pаtгіоtеs — отандас, раtгіо — Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды» — деп анықталған [5].

Жоғары сынып оқушылары өз бетімен өмір сүруге қадам жасаудың баспалдағында тұрғандықтан, әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан қалыптасудың белсенді кезеңін бастан кешіреді. Бұл кезең — тұлғаның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы — осының бәрі қосыла келіп, жоғары сынып оқушыларында бағалаушылық бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады.

Ж.Н.Қалиев өз зерттеуінде «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық» ұғымдарының мәнін ашып, оларды жалпы патриотизммен байланыстыруға талпыныс жасаған. Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Сол себепті, қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді [6].

Д.С.Құсайынова «қазақстандық патриотизмді» адамның өзін республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сезінуі, Отанға деген сүйіспеншілігі мен берілгендік сезімі, халық пен елдің мүддесін қорғауда азаматтық парызын түсінуі және намысын ұстай білуі деп анықтай отырып, қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсатын бөліп көрсетеді. Қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсаты — жеке тұлғаның, әлеуметтік, ұлттық топтың патриоттық ісәрекетке саналы түрде ұмтылуын анықтайтын саясиморальдық, кәсіби, денешыңдау қасиеттерін қалыптастыру. Нәтижесінде Отанға деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, Отанның экономикалық, ғылыми, саяси-моральдық, әскери және спорттық саладағы мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылу, саясиидеологиялық, әскери қорғанысқа даярлық қалыптасады [2].

Ү.К.Санабаев өз зерттеуінде қазақстандық патриотизмнің мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:

– біздің халықтардың көпұлттық құрамына негізделе отырып, қазақстандық патриотизм өз мәні бойынша интернационалды;

– қазақстандық патриотизм біздің халықтың бай рухани-адамгершілік әлеуетін бөліп көрсете отырып, жоғары ізгілендіру негізін құрайды;

– ұлттық мүддені қорғауға деген шексіз ұмтылыс, Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өзін құрбан етуге даярлық қазақстандық патриотизмнің халықтық сипатын айқындайды [8].

«Ұлтжандылық» — жеке тұлғаның туған жерiне, ұлтына адал ниетi, мемлекетiнiң күш-қуатын, өмiршеңдiгiн, тұтастығын қорғайтын рухани тiрегi. Ал ұлтжандылық тәрбие — ұлт, ұлттық тiл, ұлттық сана, ұлттық мiнез-құлық, ұлттық намыс, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, т.б. ұлттық қасиеттердiң ерекшелiктерiн көрсететiн ұлттық тәрбиенiң бiр түрi [6].

Толеранттық (лат. tolertantia — төзім) — қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі. Мысалы, алаңдауға толеранттық қатерлі жағдаятқа эмоцияның үн қату табалдырығының көтерілуінен көрінеді, ал сырттай — ұстамдылықтан, сабыр сақтаудан, бейімдеушілік мүмкіндіктерді төмендетпестен, жағымсыз әсерге ұзақ уақыт төзуге қабілеттіліктен байқалады [7].

Елін-жерін құрметтеу, атамекенін көлденең келген жаудан қорғау, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын сақтау орта ғасырлық ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари мұраларында көрініс тапқан.

Әл-Фараби өзінің ««Ізгі қаланың тұрғындары», «Бақытқа жету жолдары», «Ғылымдар тізбегі» немесе «Ғылымдар энциклопедиясы», «Музыканың ұлы кітабы», т.б. еңбектерінде білім беру философиясы, этика, эстетика, адамгершілік мәселелерін қозғап, қоғамды кемелдендіруді, әрбір қоғам мүшесін бақытқа жеткізуді тереңнен тұжырымдаған. Сонымен бірге ғұламаның әрбір ой түйіндеуінен оның Отанына деген асқақ сезімін байқауға болады, әрбір философиялық ой-пікірлерінде туған елінің бүгіні мен болашағына алаңдаушылық байқалып тұрады, халқы үшін қызметі оның патриоттық сана-сезімін білдіреді. [9]

Әл-Фарабидің патриоттық рухы Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында жалғасын табады. Ол халықтар арасындағы қантөгісті мінеп, бейбітшілік пен татулықтың туын жоғары көтереді. Оның ойынша, елдің береке-бірлігі, тыныштығы «қылыш» арқылы орнаса, оның атақ-даңқы, байлығы, білім мен оқудың өркендеуі «қалам» арқылы, яғни, ғылым арқылы келеді. Ақын «Қылыш күзейді, һәм жасытар, қалам түзеп, қазынасын тасытар» (2417-бәйіт) — деп, бейбіт тұрмысты бәрінен артық санайды [10].

Сонымен бірге «Отан дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады, Отаннан күдер үзу болғанмен, дәстүр-салтты аттап кетуге жол жоқ» — деген мақалы оның Отанды құрметтеуге, Отанның салт-дәстүрін дәріптеуге бағытталған.

Халқымыздың біртуар азаматы, қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу-бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың мәшһұр ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың патриоттық тәрбие беру бойынша қалдырған асыл мұрасы кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына екенi сөзсiз. Олардың шығармашылық асыл мұралары бұл күнде жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесiнiң төрiнен орын алып, патриоттық мәдениетті дамытудың дәрмендi құралдарының бiрiне айналып отыр. Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық), мен ең алдымен өз отбасымды, туғантуыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, елжұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін» [11] деген ойлары арқылы білдіре отырып, патриоттық тәрбиенің жүйесін жобалайды.

Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: ұлттық-этникалық; жалпыадамзаттық және әлеуметтік-таптық. Ұлттық-этникалық дегеніміз — ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне, т.б. деген сүйіспеншілік, Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, жалпықазақстандық патриотизм республикадағы ұлттар өкілдерінің бәріне дерлік ортақ түсінік болу керек [10].

Қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсаты — жеке тұлғаның, әлеуметтік, ұлттық топтың патриоттық ісәрекетке саналы түрде ұмтылуын анықтайтын саясиморальдық, кәсіби қасиеттерін қалыптастыру.

Бүгінгі жағдайда бұл принциптер қазақстандық патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал етеді [12].

Патриотизмнің соңғы нәтижесі патриоттық мәдениеттің тереңдік деңгейін танытатын төмендегідей белгілерді анықтайды:

– патриоттық сезім (тұрақты сезімталдық, патриоттық іс-әрекеттерді бастан өткізу);

– патриоттық сана (патриотизм принциптерін тұрақты жинақтау, оймен қорыту, жағдаяттарды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты таңдай білу және оны жүзеге асыру);

– патриоттық тұрғыдан ойлау (патриотизмнің санадағы бейнеленуі, оның сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алуы);

– патриоттық ерік (өзінің патриоттық сенімін жүзеге асырудағы патриоттық сезімі мен саналы шешімінің бірлігі);

– патриоттық тәртібінің нысандары.

«Мәңгілік Ел» мен «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеялары арқылы оқушыларды тәрбиелеудің маңызды шартына тәрбиелеу жағдайларының нақты соңғы нәтижесіне бағдарлау, білім беру процесінің сапасын арттыру; оқушылардың шығармашылық белсенділігіне тірек болу; тәрбие процесінде ынталандырудың, мадақтау мен жазалаудың үйлесімді жүйесін тиімді пайдалануды, жастардың әлеуметтік қамқорлығы туралы мәселелерді шешумен бірге тәрбиелік ықпал ету міндеттерінің байланысын; тәрбие жұмысында мектеп оқушыларымен жұмыс жасауда мұғалімдердің белсенді ұстанымын; тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлауды және т. б. жатқызуға болады. Патриотизм — Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы қалыптасқан неғұрлым терең сезімдердің бірі, сондықтан сынып жетекшісі, педагог, мұғалім өзінің тәрбиеленушісіне аталған сезімдерді бере білуі қажет, сонда ғана біздің қоғамымыз ұйымшыл және толерантты болады. Мұғалімдердің өздерінің Отанға және оның құндылықтарына деген патриоттық қатынасы көп үлгі бола алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі — бұл — қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы. Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі тиіс. Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымыздың дұрыстығын компаспен тексергендей, Патриоттық акт арқылы анықтайтын боламыз» — деді.

Құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. [13]

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. — Егемен Қазақстан. — 2007. — 15 тамыз. — Б.5–8.

2 «Мәңгілік Ел». Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының

3 Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік.

4 Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. – Астана қ., 2016.- 26 сәуір.

5 «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. — Астана. 2014. — 17 қаңтар.

6 «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. — Астана. — 2014. — 11 қараша.

7 Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының

8 Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институттық реформа». — Астана, 11 наурыз 2015 ж

9 Н.Ә. Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру// Егемен Қазақстан — 2017–26 сәуір

10 Даль В. И. Толковый словарь русского языка. Современная версия. — М.: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. — 736 с.

11 Спиркин А. Г., Юдин Э. Г., Ярошевский М. Г. Философский энциклопедический словарь. — М.: Политиздат, 1983. — 364 с.

12 Қалиев Ж. Н. Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие беру: пед. ғылымдарының канд. дәрежесін алу үшін дайындаған дисс. автореф. — Астана, 2005. — 28 б.

13 Құсайынова Д. С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу: пед. ғылымдарының канд. дәрежесін алу үшін дайындаған дисс. автореф. — Алматы, 1999. — 29 б.

14 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде. — Алматы, 2000.

15 Санабаев У. К. Педагогические основы воспитания патриотизма у военнослужащих внутренних войск МВД РК.: автореф. дисс. канд. пед. наук. — Караганды, 2004. — 25 с.

16 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология / Жалпы ред. басқ. Құсайынов А.Қ. — Алматы: Мектеп, 2002. — 256 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, патриотизм, XXIV, Астана, межнациональное общение, патриот.


Похожие статьи

Патриотическое воспитание казахстанской молодежи: история...

С приобретением независимости, Казахстан пережил непростое время, которое ознаменовано с периодом кардинальных изменений буквально со всех областях жизни казахского общества. В первую очередь-это патриотизм.

Исторический аспект патриотизма и его роль в жизни общества...

Рассмотрим пример патриотизма в условиях демократии на примере Соединенных Штатов Америки, Соединенного

Астана признана духовной столицей мира.

Новый казахстанский патриотизм — основа успеха нашего многонационального и многоконфессионального общества.

Патриотизм и патриотическое воспитание в ВУЗе

Ключевые слова: патриот, патриотическое воспитание, молодежь. Культура межнациональных отношений и патриотизм — эти два явления связаны между собой.

Ключевые слова: военно-патриотическое воспитание, патриот, патриотизм.

Патриотическое воспитание современной молодежи

Ключевые слова: патриот, патриотическое воспитание, молодежь.

С понятием «патриот» неразрывно связано понятие «патриотизм».

Культура межнациональных отношений и патриотизм — эти два явления связаны между собой.

Гражданско-патриотическое воспитание учащихся в школе при...

Воспитательный процесс — важнейшая составляющая пенитенциарной педагогики. В условиях школы при исправительном учреждении важно воспитывать патриотизм и гражданственность у учащихся.

Патриотизм: функционал, уровни | Статья в журнале...

Патриоти́зм (греч. πατριώτης — соотечественник, πατρίς — отечество) — нравственный и политический принцип, социальное чувство

Реализация патриотических отношений происходит в общении между патриотами в соответствующем отношением к врагам, порой...

Патриотическое воспитание как основа формирования...

Государственная программа «Патриотическое воспитание граждан Российской Федерации на 2011–2015 годы»: Утверждена Постановлением

Патриотическое воспитание современной молодежи. В данной статье рассматриваются особенности патриотизма и его влияние на...

Исторические взгляды и современные подходы патриотического...

Ключевые слова: патриот, патриотизм, патриотическое воспитание дошкольников.

Приобщение детей к народному фольклору, сказкам, которое происходит на уровне бытового общения со взрослыми, можно считать вторым этапом патриотического воспитания.

Трансформация «национальной идеи» патриотизма: сравнение...

В настоящее время все более заметной стала актуальность формирования традиционно российского патриотического сознания нашим обществом. Становится необходимым глубокий и всесторонний анализ феномена «патриотизм», выявление причин его трансформации...

Проблема построения межнациональных отношений среди...

Одним из средств гармонизации межнациональных отношений, по мнению исследователей, является воспитание культуры межнационального общения.

Основы воспитания культуры межнационального общения закладываются в общеобразовательной школе.

Похожие статьи

Патриотическое воспитание казахстанской молодежи: история...

С приобретением независимости, Казахстан пережил непростое время, которое ознаменовано с периодом кардинальных изменений буквально со всех областях жизни казахского общества. В первую очередь-это патриотизм.

Исторический аспект патриотизма и его роль в жизни общества...

Рассмотрим пример патриотизма в условиях демократии на примере Соединенных Штатов Америки, Соединенного

Астана признана духовной столицей мира.

Новый казахстанский патриотизм — основа успеха нашего многонационального и многоконфессионального общества.

Патриотизм и патриотическое воспитание в ВУЗе

Ключевые слова: патриот, патриотическое воспитание, молодежь. Культура межнациональных отношений и патриотизм — эти два явления связаны между собой.

Ключевые слова: военно-патриотическое воспитание, патриот, патриотизм.

Патриотическое воспитание современной молодежи

Ключевые слова: патриот, патриотическое воспитание, молодежь.

С понятием «патриот» неразрывно связано понятие «патриотизм».

Культура межнациональных отношений и патриотизм — эти два явления связаны между собой.

Гражданско-патриотическое воспитание учащихся в школе при...

Воспитательный процесс — важнейшая составляющая пенитенциарной педагогики. В условиях школы при исправительном учреждении важно воспитывать патриотизм и гражданственность у учащихся.

Патриотизм: функционал, уровни | Статья в журнале...

Патриоти́зм (греч. πατριώτης — соотечественник, πατρίς — отечество) — нравственный и политический принцип, социальное чувство

Реализация патриотических отношений происходит в общении между патриотами в соответствующем отношением к врагам, порой...

Патриотическое воспитание как основа формирования...

Государственная программа «Патриотическое воспитание граждан Российской Федерации на 2011–2015 годы»: Утверждена Постановлением

Патриотическое воспитание современной молодежи. В данной статье рассматриваются особенности патриотизма и его влияние на...

Исторические взгляды и современные подходы патриотического...

Ключевые слова: патриот, патриотизм, патриотическое воспитание дошкольников.

Приобщение детей к народному фольклору, сказкам, которое происходит на уровне бытового общения со взрослыми, можно считать вторым этапом патриотического воспитания.

Трансформация «национальной идеи» патриотизма: сравнение...

В настоящее время все более заметной стала актуальность формирования традиционно российского патриотического сознания нашим обществом. Становится необходимым глубокий и всесторонний анализ феномена «патриотизм», выявление причин его трансформации...

Проблема построения межнациональных отношений среди...

Одним из средств гармонизации межнациональных отношений, по мнению исследователей, является воспитание культуры межнационального общения.

Основы воспитания культуры межнационального общения закладываются в общеобразовательной школе.

Задать вопрос