Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №48 (286) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 01.12.2019

Статья просмотрена: 17144 раза

Библиографическое описание:

Уразова, З. З. Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері / З. З. Уразова, А. К. Абсейтова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 48 (286). — С. 500-502. — URL: https://moluch.ru/archive/286/64635/ (дата обращения: 16.12.2024).



В статье рассматривается роль семьи в формировании личности ребенка, особенности воспитания в казахской семье и возможности использования национальных ценностей и многовекового опыта казахского народа в воспитании детей.

Ключевые слова: воспитание, семья, народная педагогика, формирование личности ребенка, этнопедагогика.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған Стратегиясында «Бізге жергілікті деңгейде отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.

Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты [1]. Ұлттық тәрбие –жалпы адамзаттықты ұлттық пен бірлікте ұштастыратын азаматтарды, ұлт мүшелерін қалыптастыру; мәдениет, тілді білуімен қатар ол қазіргі білімді де меңгеруі тиіс.

Үлгі- өнеге — жеке адамның басқаға үлгі көрсетіп, өнегесін үйретуі. Жеке тұлғаның білімділігі, еңбекқорлығы, имандылығы, үлгілі мінезқұлқы жастарға үлгі-өнеге болады [2]. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті.

Отбасындағы адамгершілік, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары Әл–Фараби, Қ.А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни еңбектерінен кең көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист педагогтар мен ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Әл–Фараби, Ж.Баласағұн және т. б. ұсынған отбасы тәрбиесі идеяларын ғылымға алып келіп ұштастырған чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский болды. Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский, Н. К. Крупская және т. б. педагогтар еңбектерінен кеңінен орын алған.

Қазақ отбасылық тәрбиесінің теориялық, педагогикалық және психологиялық негіздерін жасауға Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т. б. үлкен үлес қосты. Қазақ қауымы, ондағы отбасының тарихы, оның ерекшеліктері, ондағы бала тәрбиесі туралы Х.Арғынбаевтың, С.Мұқановтың, Д.Кішібековтың, С.Кенжеахметұлының, А.Жүнісовтың, Қ.Толыбаевтың, С. Қалиевтың, М.Оразаевтың, М.Смайлованың т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазіргі қазақ қоғамында отбасы тәрбиесі мәселесі кеңінен орын алып отыр. Мәселен, ана тілін, ата тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар; тастанды жетім балалар мен «қиын» балалар; отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі т.б [3].

Жоғарыда аталған жағымсыз құбылыстардан алдын-алу күрделі процесс. Аталған проблеманы шешудің ең тиімді жолы — қазақ халқының отбасындағы бала тәрбиесіндегі ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие беру.

Әлеуметтік институт ретіндегі отбасы қызметтерін анықтау көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда отбасы — бұл шағын әлеуметтік топ, ерлі-зайыптылық одаққа және туыстық байланыстарға, яғни бірге тұрып, ортақ шаруашылықты жүргізіп жатқан ер мен әйелге, ата-ана мен балаларға негізделген жеке тұрмыс құрудың маңызды формасы.

Психологиялық-педагогикалық тұрғыда отбасы — бұл ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи жүйесі болып табылады. Қазақ тілі түсіндірмелерінде «Отбасы — өзіне, неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ», — деген анықтама берілген.

Отбасы, біріншіден, шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырылады және оның қызметі тиімділігі топ ішіндегі коммуникация, яғни отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, билік және көшбасшылық мәселелеріне, жанжалдарды шешуге, әлеуметтік орталармен топаралық өзара әрекеттесулерге байланысты.

Екіншіден, шағын әлеуметтік топ ретіндегі отбасының ерекше сипаты — жоғары аффективті қарқындылықпен және отбасы мүшелері арасындағы қатынастардың эмоциялық «қанықтылығымен», бір жағынан — махаббатпен, сүйіспеншілікпен, басқа жағынан алғанда — өшпенділікпен, жек көрушілікпен, шеттетілумен байланысты [4].

Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты — баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ отбасындағы тәрбиенің міндеті — балалардың жеке даралық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз тәрбиелеу процесі.

Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

− баланың тағдырына, физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау;

− бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін реттеу;

− баланың өзіндік бағалауымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау;

− еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдыландыру;

− отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын үлгі етіп көрсетіп, ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

− білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру;

− баланың икемділігін, қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;

− әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу;

− баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;

− тәртіпке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу [5].

Сонымен қатар қазақ отбасында тәрбие мына бағыттарды Ш.Ахметов төмендегідей көрсетті:

− тәрбие басы — әдептілікке үйрету;

− мейірімді бала тәрбиелеу, тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу;

− адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу;

− білгір болу, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңдату;

− үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйрету-басты міндет.

Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп кісілердің табиғи кемдігін көрсетпе деген сөз; Ел қорғаны батыр болу, халық алдында қызмет ету, өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.

Қазақ отбасында ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасына тән жарасымдылық олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Әдебиет:

  1. Арғынбаев Х. А. Қазақ отбасы.— Алматы: Қайнар, 1996. -288 б.
  2. Курагина, Г. С. Социально-педагогическое сопровождение подростка из многодетной семьи: автореф. дис....на соиск. уч. степ. канд. пед. наук: — СПб, 2009. — 198 с.
  3. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. — Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. — 304 б.
  4. Ғаббасов С, Халық педагогикасы негіздері.— Алматы: Ғылым, 1995.— 464б.
  5. Жданова, С. Ю. Особенности представлений матери об индивидуальности ребенка в связи с количеством детей в семье / С. Ю. Жданова, Е. Л. Аликина // Вестник КГУ им. Н. А. Некрасова. — 2010. — Том 16. — С.140–143
Основные термины (генерируются автоматически): бал, ата-ана мен, Жданов, нек мен, топ, формирование личности ребенка.


Задать вопрос