Математика сабағында электрондық оқыту құралдарын қолдану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №47 (285) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 25.11.2019

Статья просмотрена: 440 раз

Библиографическое описание:

Аяпберген, Ы. И. Математика сабағында электрондық оқыту құралдарын қолдану / Ы. И. Аяпберген. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 47 (285). — С. 472-474. — URL: https://moluch.ru/archive/285/64334/ (дата обращения: 25.04.2024).

Ақпараттық — коммуникациялық технологияларын білім беру үдерісінде қолдану — оқушылардың оқу тиімділігін және сапасын арттыруға бағытталған. Математика сабағында АКТ қолдану оқыту сапасын бақылаудың және диагностикасының жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік бере отырып, оның көрнекілігін және белсенділігін айтарлықтай арттырады. Бұл мақалада мектепте математика сабағында электрондық оқыту құралдарын пайдалану тиімділігі, оның дидактикалық мүмкіндіктері мен негізгі мәселелері қарастырылады.

Түйінді сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық білім ортасы, оқыту, электрондық оқыту құралдары.

Использование ИКТ на уроках математики значительно повышает наглядность материала и вовлеченность учащихся, позволяя перейти на новый уровень диагностики и контроля качества обучения. В данной статье рассматривается эффективность использования электронных средств обучения на уроках математики в школе, а также дидактические возможности и основные проблемы.

Ключевые слова: информационно-коммуникационные технологии, информационная образовательная среда, обучение, электронные средства обучения.

Қазіргі таңда оқыту үдерісін ақпараттық — коммуникациялық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында білім беру мазмұнына қатаң және формалданған талаптар көрсетілген. Соның ішінде, мұғалімнің ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдануға деген кәсіби құзыреттілік талаптары айрықша орын алады. Қазіргі білім беруде мұғалімнің ең маңызды міндетіне оқушының танымдық және шығармашылық белсенділігін жандандыру, оның оқытылатын пәнге деген қызығушылық мәселесі мен пәнді игеруге ынталандыру, оқушының назарын аудару және оны таңдандыра білу жатады. Оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуы үшін ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың заманауи құралдары қолданылуы тиіс.

Ғылымды ақпараттандыру тұрғысынан математика сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану компьютерлік — техникалық және электрондық оқыту құралдарын пайдалану, жобамен жұмыс барысында компьютермен жұмыстану, слайдтар құру, интернеттен оқу материалдарын іздеу, мультимедиялық демонстрацияларын қолдану және т. с.с. арқылы түсіндіріледі [1].

Ақпараттық — коммуникациялық технологиялар мен электрондық оқыту құралдарын оқыту үдерісінде пайдалану оқушыларды оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Ол математиканы оқыту үдерісі кезінде кез келген мектеп бағдарламасы аясында қолданылуы мүмкін. Оны жаңа оқу материалын түсіндіру мен әр түрлі есептердің шешімін проектормен көрсету кезінде, өткен тақырыпты қайталау және үй тапсырмасын тексеру кезінде, сондай-ақ оқушының білімін пысықтау кезінде пайдаланылады.

Мұғалімнің электрондық оқыту құралдарын оқыту үдерісі кезінде қолдану [2]:

– оқытылатын объектілерді, құбылыстарды компьютерлік модельдеуге;

– пайдаланушы мен мұғалім арасында интерактивті диалог жүргізуге;

– объектілерді, процестерді бейнелеудің заманауи құралдарының мүмкіндіктерін іске асыруды көздейтін оқыту ақпараттарын компьютерлік визуалдауға;

– тәжірибені немесе бағдарлама үзіндісін бірнеше рет қайталау арқылы оқу тәжірибесінің нәтижелерін өңдеуге;

– оқу материалдарын меңгеру нәтижелерін бақылауға;

– ақпаратты іздеуге және есептеу процестерін автоматтандыруға

дидактикалық мүмкіндіктер береді.

Математиканы сабағында қолданылатын ақпараттық технологиялар, соның ішінде электрондық оқыту құралдары педагогикалық дидактикалық шарттарға сәйкес болуы қажет. Яғни ол көрнекілікті, түсінікті, жоғары ғылыми және жүйелі, материалдың толық болуы, білімді меңгеру беріктілігі мен тәрбиелік және дамытушылық қызметтерінің тұтастықта болуы қажет.

Электрондық оқыту құралдарының негізгі түрлері: [3]:

– Жалпыға ортақ бағдарламалық ресурстар;

– Оқушылардың икемділігін және біліктілігін, білім деңгейін анықтауға арналған бағдарламалық құралдар;

– Электрондық жаттығу құралдары;

– Модельдеуге арналған бағдарламалық құралдар;

– Виртуалды зертханалық бағдарламалар;

– Ақпараттық — анықтамалық іздеу жүйелері;

– Оқыту жүйелері;

– Электрондық оқулықтар.

Қазіргі уақытта мұғалімнің оқушылармен өзара әрекетін жандандырудың бірегей және қайталанбас құралы интерактивті тақта болып саналады. Ол — сенсорлық құрылғыдан тұратын проекциялық технологиялардың жиынтығы. Интерактивті тақта нысандарды көрсетіп қана қоймай, ондағы түстердің кең спектрі мұғалімге оқушылардың назарын ақпараттың маңызды және мағыналы блогына бағыттауға, түзетулер енгізуге, ақпаратты анализдеуге және синтездеуге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта сабақ қарқынын тездетеді, себебі барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысады. Олар осындай тақтада жауап бергенді, бірнеше рет түрту ғана жеткілікті құралдармен жұмыс жасағанды ұнатады. Қарапайым тақтамен жұмыс істегеннен гөрі, электрондық тақтаны қолдану кезінде оқушылар мұқият және айтарлықтай қызығушылық танытады. Ол сыныпта барлық адамдар қатысатын іс — шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді [4].

Оқу материалын түсіндіру барысында оқушыға материал түсініктірек болу үшін көрнекі түрде Power Point бағдарламасы арқылы жасалынатын презентациялармен жұмыстануға болады. Материалды көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіру — оның меңгерілуін күшейтеді. Сонымен қатар, оқушылардың жаңа материалды қабылдауын белсендіреді, есте сақтауды жеңілдетеді, зейінін арттырады және шаршағандықты азайтады. Бұл интерактивті және мультимедиялық презентациялардың мұғалімдер үшін де айтарлықтай көмегі зор. Ол мұғалімнің сабақ беру барысында өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік береді: дайын немесе ұқыпты сызылған сызбалар, сараланған тапсырмалар, арнайы дайындалған сұрақтар және т. с.с. Мұғалім сабаққа дайындалу уақытын қысқарту үшін, өзінің дайын презентацияларын сақтап қойып, келесі жылы басқа сыныппен жұмыстану барысында, сол сыныптың ерекшеліктерін ескере отырып түзетіп, пайдалана алады.

Аталған электрондық құралдардан басқа, математиканы оқытуда қолдануға болатын кейбір бағдарламалық жасақтамаларды атап кетуге болады. Мысалы, MATLAB, MathCad, кестелік бағдарлама MS Excel және т. б. Бұл бағдарламалар статистикалық есептеулер жүргізуде және компьютерлік модельдеуде, математикалық тапсырмаларды шешуде сәтті түрде қолдануға болады. Осы бағдарламалардың көрнекті мүмкіндіктерінің арқасында есептеулер кезінде:

– Уақыттың едәуір үнемделуі байқалады, соның арқасында стандартты әдіснамамен салыстырғанда бір тақырып бойынша көбірек тапсырмалар қарастырылуға;

– Көптеген оқу бағдарламаларының ерекшелігі — оқушыларға қателіктерін көруге, талдауға және түзету енгізуге;

– Оқушылардың болашақта қате жіберу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.

Математикада АКТ қолдану материалды студенттерге көрнекі түрде жеткізуге, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге және оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жетістіктерінің деңгейін жоғарылатуға, сонымен қатар материалды түсіндіруге бөлінетін уақытты қысқартып, білімін пысықтауға көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Электрондық оқыту құралдарын оқыту үдерісі кезінде қолдану оқу материалын ұсыну формалары мен әдістеріне, оқушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеттесу сипатына және, сәйкесінше, жалпы сабақты өткізу әдіснамасына айтарлықтай әсер ететінін айтып кеткен жөн. Сонымен қатар, ол оқытудың дәстүрлі тәсілдерін алмастыра алмайды, бірақ олардың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Мұғалім үшін ең маңыздысы және бастысы — оқыту процесі кезінде электрондық оқыту құралдарын пайдаланудың лайықты орнын табу болып табылады.

Сабақта ақпараттық технологияларды пайдалану инновация емес, қажеттілік болып табылады, себебі қоғам өте жылдам қарқынмен дамуда, сондықтан мұғалімдер заманауи қоғамның динамикалық сұранысына сәйкес болуы тиіс.

Әдебиет:

  1. Мартиросян Л. П. Информатизация математического образования: теоретические основания; научно-методическое обеспечение: монография. М.: ИИО РАО, 2009. 236 с.
  2. Сафонов В. И. Организация подготовки учителей математики к использованию информационных технологий // Казанский педагогический журнал, 2008. № 2. С. 98–104.
  3. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. 2-е изд., стер. М.:Издательский центр «Академия», 2005. 192 с.
  4. Барышникова, Г. Б. Психолого-педагогические теории и технологии начального образования. — Я.: ЯГПУ, 2009
Основные термины (генерируются автоматически): мена, MATLAB, урок математики, электронное средство обучения.

Ключевые слова

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық білім ортасы, оқыту, электрондық оқыту құралдары

Похожие статьи

Мультимедиа-технологии в преподавании математики в средней...

Использование электронных средств обучения на уроках математики в школе расширяет возможности учителя в устранении пробелов в знаниях у отстающих учащихся. А также учителя могут найти для себя множество удобных возможностей (тесты, анимации, мультимедиа...

Пути оптимизации преподавания высшей математики...

Средством оптимизации процесса обучения высшей математике может служить системное внедрение в преподавание курса высшей математики в вузах современных информационных технологий, в том числе компьютерных математических систем (Maple, MatLab, MатнCAD...

Использование ИКТ-технологий на уроках математики

Опыт использования ИКТ на уроках математики показал, что наиболее эффективно проходят уроки геометрии, стереометрии, уроки алгебры при изучении функций и графиков, а также занятия, посвящённые материалу, выходящему за рамки школьных учебников.

Применение информационно-коммуникационных технологий на...

Использование электронных средств обучения на уроках математики в школе расширяет возможности учителя в устранении пробелов в знаниях у

Основные термины (генерируются автоматически) : электронное средство обучения, компьютер, учебный процесс, учитель...

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

Главным средством компьютерной математики стали системы компьютерной математики (СКМ). Они дают возможность использовать математические методы без процедуры программирования и тем самым создают любому бухгалтеру, банковскому служащему...

Создание и обучение нейронных сетей в системе Matlab

В данной статье решается задача разработки шаблона, который позволяет познакомиться с процессом создания и обучения, а также прогнозирования результатов нейронных сетей в системе Matlab.

Научный журнал «Молодой ученый» №6 (86) март-2 2015 г.

Возможности электронного обучения в непрерывном образовании.

Пути повышения качества обучения математике студентов экономических специальностей.

Метод проектов как средство формирования коммуникативной мобильности студентов при обучении...

Сочетание традиционных и электронных средств обучения...

Современный образовательный процесс предполагает использование средств информационных и коммуникационных технологий (ИКТ) в профессиональной деятельности. В частности, применение ИКТ в вузе обусловлено рядом факторов: - применение информационных...

Анализ программных средств MathWorks MATLAB&Simulink для...

В рамках концепции сенсорных сетей [1,2,3,4], представляющих собой сеть интеллектуальных датчиков, объединённых посредством радиоканала, необходимо создать пакет расширений программных средств MathWorks MATLAB&Simulink [5] для синтеза поведенческих моделей...

О применении информационных технологий для формирования...

В этой статье рассматриваются некоторые особенности использования информационных технологий в процессе обучения математике как средства формирования у учащихся информационной культуры и компьютерной грамотности.

Задать вопрос