Мәтінді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №45 (283) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 07.11.2019

Статья просмотрена: 1045 раз

Библиографическое описание:

Тайманова, С. Т. Мәтінді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері / С. Т. Тайманова, У. А. Амандык. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 45 (283). — С. 395-398. — URL: https://moluch.ru/archive/283/63807/ (дата обращения: 23.12.2024).

Мақалада бастауыш мектепте көркем мәтінді оқытудың бастаулары сөз болады. Өткен ғасырлардағы ағартушы-педагогтардың озық идеялары бүгінгі жаңартылған білім мазмұнында жалғасып жатқанына мән береді.

Кілт сөздер: түсініп оқу, жаңартылған білім мазмұны, бастауыш мектеп, көркем мәтін.

В статье рассматривается истоки художественного текстового воспитания в начальной школе. Передовые идеи педагогов-просветителей прошлого века придают значение обновленному содержанию образования.

Ключевые слова: понимание прочитанного, начальное образование, начальная школа, художественный текст.

Ел экономикасының, мәдениетінің дамуы білім мен ғылымның дамуымен тікелей байланысты. Бұл қай қоғамда да баса назар аударылып келе жатқан үрдіс. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында да «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстаннның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының да негізгі мақсаты осы болса керек. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ол білім біздің рухани байлығымыз — кітапта.

Қазіргі жаңартылған білім мазмұнының да мақсаты — әлем стандартына сай білім беру, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Ол үшін бастауыш сыныптарда білім беруде мектеп ақпараттар берумен шектелмей жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда, ойлау, сөйлеу жұмыс қабілеті, тіршілік дағдыларына яғни қоғамның дамуына сай бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ дайындауды көздейді. Бұл пікірдің бастауы ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейдегі білім беру жүйесін жақсартуға қатысты тың әрі кереғар идеялардан өріс алады. Ол кезде қалың бұқараның мүддесін көздеген озат педагогикалық идеялардың бір бұлағы Я. А. Коменский жүйесі болды. Екінші бұлағы орыстың озат ойшылдары В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ілімі болатын. Бұл кездерде барлық ғылым салаларында, сонымен қатар педагогика мен әдебиетте оқыту жүйесінде идеялизмге қарсы жаңа методика ұсынды. Олар К. Д. Ушинский, В. И. Водовозов, В. Я. Стоюнин, В. П. Шереметовский, Д. И. Тихомиров т. б. болған еді. Кейін бұл бағыт өріс ала бастады. Олар көркем мәтін оқу дағдыларына айрықша мән берді. Осы мақсатты көздеген педагогтар бастауыш мектепке арналған оқу құралдарын хрестоматиялық сипатта жазды. Әсіресе В. Г. Белинский көркем әдебиеттің білімдік, өмір танытушылық және тәрбиелік мәнін ерекше бағалады. В. Я. Стоюнин: «Мәтінді оқыту — әрі еңбек, әрі білім, әрі тәрбие. «Тәрбие ісінде еңбектің орнын елемеу — кешірімсіз қате» деп ұғынды [1, 55 б.]. Сонымен қатар әдеби талдауға байланысты «Орыс әдебиетін оқыту туралы» деген әдістемелік еңбегінде В. Я. Стоюнин: «Біз үшін сөз өнері ғылым емес, әдебиет, оның материалы — оқылып үйретілетін және талданатын әдеби шығармалар болуға тиіс» [1, 56 б.], — деп осы идеясын дәлелдеу мақсатында Гогольдің «Шинель» повесіне, Жуковский мен Пушкиннің «Теңіз» өлеңіне арнайы талдау берген. Онда ол мәтінді баланың өзіне оқытып, оларды сол шығарманың мазмұнын, образдарын, идеясын, тілін танытарлық дәрежеге жеткізу мақсатын көздеген. Мәтінді түсіндіруден бұрын оны баланың өзіне оқыту — методикадағы классикалық үлгі десек болады. Ол өміршеңдігін әлі жойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы педагоготардың пікірлер осы күнге дейін елімізде болып жатқан түрлі білім беру реформаларында жалғасын тауып келеді. Бастауыш мектептегі жаңартылған бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі осы болса керек.

Бастауыш сыныпта бала мәтін мазмұнын, сөз мағынасын ұғынып, саналы түрде жүрдек, көркем оқуға дағдыланады. Сонан соң оқығанын мазмұндай бастайды. Мысалы, 3 сыныптың жаңа оқулығында Несіпбек Айтұлының «Алтын сөз» өлеңі мен Марк Твеннің «Батылдық» әңгімесі берілген. Оқулықта берілген тапсырмада алдымен мәтінді түсініп оқуға баса назар аударады. Әдебиет оқулығында осы идеяларды қазақ мектептеріне тұңғыш енгізген Ыбырай Алтынсарин болды.

Ы. Алтынсарин өз оқулығында [2] балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат тұтпай, ол кiтапты әлемдiк әдебиет үлгiлерiмен қамтамасыз етудi ойластырған. Жоғарыдағы мысалдан бұл үрдістің де жалғасып келе жатқанын аңғарамыз. Әдебиет оқулығында балалар тек төл әдебиетіміздің үлгілерін ғана емес әлемдік әдебиет үлгілерімін бастауыш сыныптың өзінде танысады.

Міне, әлемдік білімге, мәдениетке ұмтылу, үлгі алу өткен ғасырларда бар игі істер. Олай болса, бүгінгі жаңартылған білім бағдарламасын іске асыруда батыл қадам жасап, өткен тарихымызды зерделей, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып білім беру − педагогтердің міндеті болса керек.

Әдіскер ғалым Ә. Қоңыратбаевтың пайымынша, Ыбырайдың методикалық пікірлері мен хрестоматиясынан көрінетін бастауыш оқу «оқу, айту, талдап оқу» жүйесіне негізделген. Ал жаңартылған білім мазмұнын «оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымды» қамтиды да спиральді білім беру бағдарламасының (Джером Брунер) моделіне негізделген.

Оқу мазмұнын іске асырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерінде де Ыбырай мәтінді алдымен оқудан өткізіп алуды талап етті. Бұл оқытудың қазіргі жаңа технологиясы үшін де маңызды. Өйткені мәтіннің негізінде балаға білім беру, эстетикалық әсер беру, шығарманы қабылдауды, оған деген қызығушылықты қалыптастыру мәтінді түсініп оқудан басталады. Білім берудің жаңа мазмұнында жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген. Оның бастаулары да мәтінді талдап оқуда жатса керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ойлау өрісін кеңейту, «менін» қалыптастыруда отандық және әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы педагогикалық, методикалық идеяларын басшылыққа алу, оны жетілдіру біздің міндетіміз. Ахмет Байтұрсынұлы да өз заманындағы батыс, шығыс, орыс әдіскерлерінің озық әдістемелік еңбектерімен таныс болған. Оларды өнеге тұтып, ұтымды тұстарын ескере отырып, халқымыздың ұлттық тілді оқыту әдістемесінің негізін қалаған.

Қазіргі кезде белең алған дамыта оқыту теориясы Г. Пестолоцкий, А. Дистервек, К. Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л. С. Выготский болса, кейіннен Л. В. Занков, В. В. Эльконин, В. В. Давыдов, И. А. Менчинский т. б. тәжірибелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты. Дамыта оқыту мәселесі дидактиканың негізгі талабы ретінде ертеден-ақ зерттеуші ғалымдар назарында болып келеді. Дамыту мақсатында шәкіртті ойландыру, іздендіруді мұғалім үнемі алдына қою керектігін, соған орай әдіс-тәсілді тиімді пайдаланудың жолдарын табу қажеттігін кезінді Ә. Қоңыратбаев, А. Көшімбаев, Т. Ақшолақов сияқты ғалымдар нақты дәлелдеп көрсете білді.

Бүгінде дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіріп шыңдауда Мағжан Жұмабаевтың баланың ойын ұштауға байланысты айтқан қағидаларының мәні зор. «Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, оның бөлімдерін, мөлшерін білеміз», — деп [3, 104 б.] бала сезіміне жол табу керектігін баса назар аударады. Олай болса, қоғамның ілгері дамуына сай білім мазмұнын жетілдіру мәселесін күн тәртібіне әрқашан әр қырынан қайталап қойылып, білімнің ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарындағы тұрақты әрі негізгі бағыттардың бірі болып отырды.

Кез-келген қоғамдағы ұрпақ сабақтастығын қалыптастыратын, тіршілік етудің өміршең құралы, халықтың өзіне тән «менін», ұлттық салт-дәстүрінің, ділінің арқауы — көркем өнерде, соның бірі әдебиет. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақтың бойына өткен ғасырларда айтқан әлем халықтарының ағартушы-педагогтары айтқан озық ой-пікірлердің бүгінгі таныммен жалғасып жатқанын мойындауымыз керек. Қай ғылымның болсын өзінің даму жолдары бар, оны дамытуда ерекше қызмет атқарған — белгілі тұлғалар бар. Олардың өміршең идеяларын білу, еңбегін бағалау да маңызды.

Әдебиет:

  1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. — Алматы, 2005. — 520 б.
  2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар жинағы. — Алматы: Рауан, 1991. — 200 б.
  3. Жұмабаев М. Шығармалар. Т. 2. — Алматы, 2013. — 376 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, начальная школа, оса.

Похожие статьи

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Ойыншықтардың балалар әдебиетінде алар рөлі мен маңызы

Мақалада ойыншықтардың балалар әдебиетіндегі алар рөлі мен маңызы катаристік идеялар негізінде қарастырылды. Балалар әдебиетін дамытудың эврикалық жолы ұсынылды. Балалар әдебиеті мен ойыншықтардың әлеуметтік қоғамда прогрессивті қызмет атқаратындығы ...

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Жобалық-модульдік әдістемесін информатика пәнін оқытуда қолдану тәжірибелері

Мақалада өмірлік мәселелерді шешуді оңтайландыру құралы ретінде мектеп оқушыларының жобалық ойлауын мақсатты түрде қалыптастыру және дамыту қажеттілігі қарастырылады. Мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша жеке жобаларды жобалау мен іске асыруд...

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды кәсіби бағытын анықтада ата-аналардың рөлі

Мақалада психикалық дамуы тежелген оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауындағы ата-аналардың рөлі сипатталған.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Дәурен Қуаттың «Аспан таулар аясында» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

Мақалада жазушы Дәурен Қуат әңгімесінің көркемдік ерекшелігі талданады. Шығармада қазақтың байырғы әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін жаңғырту арқылы жазушы пәлсапалық көркем ой түйеді. Қаһарманын қайсарлыққа, табандылыққа, батырлыққа ел тарихын, жер қадірі...

Задать вопрос