Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №44 (282) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 04.11.2019

Статья просмотрена: 2078 раз

Библиографическое описание:

Абдыкадыров, А. О. Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу / А. О. Абдыкадыров, Айкенже Токсанбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 44 (282). — С. 363-365. — URL: https://moluch.ru/archive/282/63664/ (дата обращения: 19.04.2024).

Мақалада бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың маңызы мен жолдары қарастырылады.

Кілт сөздер: жаңартылған білім мазмұны, бастауыш сыныптар, көркем еңбек, ұлттық қолөнер.

В статье рассматриваются значение и пути обучения учащихся начальных классов народному промыслу на уроках художественного труда.

Ключевые слова: содержание обновленного образования, начальные классы, художественный труд, народные промыслы.

Жаңартылған білім беру аясында дүниеге келген «Көркем еңбек» пәнін оқытуда білім беру ұйымдары оқушылардың қалай «білім алуды үйрену» керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі, дамыған шығармашыл тұлға болу қағидасын ұстанады.

«Технология және өнер» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелерінде «бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын; қазақ халқының мәдениеті мен басқа да халықтардың мәдениеттеріндегі өнер туындыларының маңызын түсінеді» делінген [1]. Осы саладағы «Көркем еңбек» пәнінің басты міндеттерінің бірі оқушыларды ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы олардың құндылық бағыттарын қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетке сәйкес көркем еңбек сабақтарында оқушылар ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын, олар арқылы берілген идеялар мен құндылықтарды зерделейді және талдайды.

«Көркем еңбек» пәнінің мазмұнында халықтың қолөнері, ою-өрнектер түрлерін салу тәсілдері, сонымен жаңа заман талабына сай дизайн, витраж, мозайка өнерлері енгізілген. «Көркем еңбек» оқулығы «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізгі қағидаларын сақтап, шынайы өмірмен тікелей байланысқа бағыттап, екеуінің де мазмұнын тереңдете отырып құрылған. Оқулықта бағдарламадағы ортақ тақырыптар бойынша жалпы материалдар, түстану, сурет, композиция, сәндік-қолданбалы өнер, сонымен қатар көркем бұйымдар жасау тәсілдері мен жолдары қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған материалдар бар. О. К. Жеделов «Балалардың шығармашылық ерекшелігінің композиция, симметрия, ритм, тепе-теңдік, түсті шешімде ою-өрнекті сала отырып, сәндік-қолданбалы өнерде нақты байқалатынын айтып кеткен. Бұдан өнердің басқа түрлерін шешуде осындағы ою-өрнек сюжетінің басқа түрлі болатынын айта отырып, шығармашылықты балалармен осы ою-өрнек шығармашылығымен бастау керек» деген ұсыныс жасаған [2].

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді. Сол себептен қазақ халқының ою-өрнектерінің түпкі төркіні қошқар мүйіз болса, оқушыларға бұл оюдың өрбуі, үйлесімділігі, орналасуы, мән мағынасы туралы мағлұматтар берілуі тиіс. Ою-өрнек жөнінде тарихи деректерге жүгінсек, ертеректе адамдар өз ойын, тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені оя кесіп алу немесе екі затты оя кесіп алып қиюластыра білу, және бір нерсенің бетіне бедер түсіру деген мағына береді. Әрбір оюдың мағынасы, мазмұны және өзіндік сипаты болады. Ою-өрнекті зерттеушілердің еңбектерінен түсініктеме беретін болсақ ою-өрнек, басты белгілеріне қарай ою-өрнекті таспа (лента) гүлдік өрнек, торлы өрнек болып бөлінеді. Бейнелеу белгілеріне қарай ою-өрнектер көгерістік өрнек, геометриялық пішіндік өрнек, зооморфтық өрнек, қиял-ғажайып өрнек деп те жіктеледі. Кейбір өнер танушылар басқаша топтарын ұсынады. Ою-өрнексіз орындалған қолөнер бұйымдарының онша әсем, көрнекті болмайтыны белгілі.

«Көркем еңбек» оқулығы терең білім алуға негізделген. Оқушылар әрбір тақырып бойынша тек білім алып қана қоймай, жаңа материалды талдауды үйренеді. Ол үшін материалды мұқият түсінуі керек. Мысалы, оқушыларға халқымыздың киізден жасалған төсеніштері, кілемдері үйімізге жылылық беретіні, сонымен бірге үйдің сәнін келтіретіні айтылады. «Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер» тақырыбында қазақтың тұрмыстық заттарының ою-өрнектермен әшекейленуін, ою-өрнектердің ерекшеліктерін талдайды. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар оқушыларды ойланып, сұрақтарға өз беттерінше жауап іздеуге ынталандырады. Мұғалім жаңа матералды түсіндіргенде, оқушылардың жұмыстарын таныстыру барысында, тақырып бойынша қорытынды жасағанда да бұған ерекше мән беруі тиіс. Сонымен қатар оқулықта практикалық білік пен дағдыларға көп көңіл бөлініп, әрбір тақырып қорытынды жұмыс жасауды түсіндірумен аяқталады.

Жұмыс дәптерлерiндеберілген тапсырмалар оқулықтың теориялық материалдарына сәйкес практикалық жұмыстарды орындауға бағытталған. Жұмыс дәптерлерi оқулықтың практикалық және логикалық жалғасы болып табылады. Ол оқушылармен бейнелеу өнерi бөлiмi бойынша практикалық сабақтарды жүргiзуге арналған. Сәндік-қолданбалы өнер бойынша көркемдік (сәндік) жалсырмалау жұмыстары қарастырылған, оларға: геометриялық фигуралардан орындалған өрнектік жұмыстар, жапырақ, гүлдерді орналастыру арқылы орындалған өрнектік жұмыстар, қазақтың т.б. ұлттардың ою-өрнектік жұмыстары жатады. Мысалы: текемет, сырмақ, кілем, алаша, қоржын, аяққап үлгілерінің ою-өрнектері жатады.

Ою-өрнектік жапсырмалау жұмыстарын орындауда қазақ ою-өрнектерінің атаулары, мағынасы туралы әрбір ою-өрнектердің бір-бірімен үйлесімділігін айыра білуге үйренеді. Оқушылар геометриялық фигураларды, гүлдерді, жапырақтарды қолданып, өрнектік жұмыстарды орындауды үйренеді. Жапсырмалау жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес беріліп бірте-бірте күрделене түседі. Жапсырмалау жұмысы кезінде ең бірінші фондық түсті сәйкес ала отырып, орындайтын жұмыстың түр-түсін сәйкестендіріп, орындай білуге қалыптасу керек. Сабақ барысында оқушылар композиция, колорит, ырғак, симметрия деген сөз мағынасын айыра білу үшін түсініктемелер беріледі.

Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау түрлі материалдармен орындалатын болғандықтан, олар туралы тапсырмалар жұмыс дәптерiнде берiлмеген. Бұйым жасау үшiн тапсырмалар оқулықта берiлген, оларды сабақта нақты материалдармен орындайды.

К.І. Құдабаева «сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, ою-өрнегін оқушылардың дұрыс қабылдауын тәрбиелеп, дамытып отыру болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін өте қажет. Оқушылардың салатын ою-өрнектерін кіріспе әңгімеде қол өнер туындыларынан көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіріп, композициялық шешімін тауып, оның келешекте қолданудағы маңызды жақтарына зейін аударып отыру қажет», — деп көрсетеді [3, 28 б.].

Сонымен, қолөнер бастауышта табиғи заңдылықтарды: симметрия, ырғақ, тепе-теңдікті танып білуге, өзін қоршаған орта туралы түсінігінің қалыптасуына ықпал етеді. Сол сияқты, геометриялық фигураларды, түс, өң т.б. тануда, бастауыш мектеп оқушысына өнер, ғылым, білім негіздерінің бәрінен бағдар беруге мүмкіндігі мол. Балалардың қолөнер туындыларынан қабылдауы толық болуы үшін оған тиісті даярлық жүргізіп, толық қабылдауға жеткілікті уақыт беріліп, олардың жаңа қабылдауы бұрынғы қабылдауымен байланыстырылып отырылғаны жөн.

Әдебиет:

1. Көркем еңбек. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. — Астана, «Назарбаев зияткерлік мектептер» ДББҰ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру Академиясы, 2017. — 58 б.

2. Жеделов О.Қ. Балалардың шығармашылық ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. — 1996. — № 6. — 32 б.

3. Құдабаева К.І. Сәндік-қолданбалы өнерді оқыту теориясы мен технологиясы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығындағы студенттерге арналған оқу құралы. — Қарағанды, 2005. — 115 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, художественный труд.

Ключевые слова

жаңартылған білім мазмұны, бастауыш сыныптар, көркем еңбек, ұлттық қолөнер

Похожие статьи

Художественный труд в ДОУ | Статья в журнале «Молодой...»

Художественный труд в ДОУ. (на основе личного опыта работы). В Концепции модернизации дошкольного образования подчеркивается первостепенность решения задач...

Художественный ручной труд в ДОУ | Статья в сборнике...

Художественный ручной труд это труд ребенка с различными материалами, с целью создания полезных и художественно — эстетически значимых предметов и изделий для украшения...

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре, был исследователем и...

Трудовое воспитание детей дошкольного возраста

«Воспитание не только должно развивать ум, вооружить знаниями, Но и зажечь в человеке жажду серьезного труда, Без которой жизнь его не может быть ни достойной, ни счастливой».

Научный журнал «Молодой ученый» №2 (61) февраль 2014 г.

Значение художественной культуры и народного искусства для творческой активности личности в художественном

Жастарды тәрбиелеу мен білім берудегі гуманитарлық технологиялар.

Художественный ручной труд в системе дополнительного...

Развитие и формирование творческих способностей детей — актуальная проблема современной педагогики, решение которой имеет исключительное значение для воспитания...

Художественное воспитание детей дошкольного возраста

Художественное воспитание предполагает воспитание средствами искусства.

Художественный ручной труд в системе дополнительного...

Развитие художественно-творческих способностейна основе...

Требования сегодняшнего времени — развивать художественно-творческие способности дошкольников и ребёнка. Многие способности и чувства, которыми наделяет нас природа...

Научный журнал «Молодой ученый» №1 (60) январь 2014 г.

Совершенствование организации оплаты труда работников предприятия.

Труд как фактор социальной реабилитации детей с особыми образовательными потребностями.

Научный журнал «Молодой ученый» №3 (107) февраль-1 2016 г.

GPRS технологиясының құрылымдық схемасы мен құрамы.

Теоретические аспекты межличностных взаимоотношений в трудах отечественных исследователей.

Задать вопрос