Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №44 (282) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 04.11.2019

Статья просмотрена: 404 раза

Библиографическое описание:

Сарбалаева, А. Ш. Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру / А. Ш. Сарбалаева, Ж. Т. Шалкыбекова, М. Е. Ескуниева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 44 (282). — С. 376-378. — URL: https://moluch.ru/archive/282/63663/ (дата обращения: 23.04.2024).

Мақалада оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Кілт сөздер: білім, оқушы, құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбие.

В данной статье рассматриваются формирование правовой культуры и правовой осведомленности учащихся.

Ключевые слова: образование, ученик, правовая культура, правовое воспитание.

Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің ішінде оқушыларға құқықтық тәрбие беруді жетілдіру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы сапалық деңгейін көтеру. Қазіргі таңда, біздің басты міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азаматын тәрбиелеу.

Құқықтық білім мен құқықтық сананың қалыптасуы — қазір адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан — құқықтық мемлекет ретінде орнықтырылған біздің қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматтарды тәлім тәрбие беретін, кәсіби баыт-бағдар беретін оқу орындары, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Құқықтық мәдениет — белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Ал, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда әрбір ұстаз оқушыларға білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді басшылыққа ала отырып, олардың өмірлік тәжірибелерін, сенімдерін қалыптастырып, олардың адамгершілік, ізгілік, демократияшыл, патриот, достық, ынтымақтастық, ұлтжандылық мұраттарына дұрыс бағыт-бағдар беріп, нағыз Қазақстан Республикасының азаматын тәрбилеуге көмектесу керек. Сондай-ақ, елімізге өз құқын қорғай алатын, міндеттерін, жауапкершіліктерін жоғары меңгеретін, Конституция, Декларация баптарына бағынатын, заң талаптарын орындап, ешқандай құқық бұзушылыққа бармайтын азаматтар қажет.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың қоғамдағы демократиялық жолы тікелей құқықтық тәрбиеге байланысты. Ұлы ойшыл Платонның көзқарасы бойынша, өркениетті мемлекет ақыл-ойдың ұштасуынан дамиды. Ол белгілі тәжірибенің нәтижесінде жүзеге асады. Перикл де мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруде құқықтың алатын орнын айрықша атап көрсеткен. Әйгілі ұстаз Аристотель адамдардың құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру — құқықтық мемлекеттің негізгі нысаны екендігіне өзіндік бағыт-бағдар береді. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон мелекет барлық еркін адамдардың келісімінен және құқықтық қатынастан тұрады деп түсіндіреді. Ежелгі дәуір ойшылдарының осындай тұжырымдарынан олардың азаматтардың құқықтық жағдайларын жақсартуға әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына көз жеткізуге болады. Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажет. Азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасуы керек. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасыр басында құқықтық тәлім-тәрбие саласында көзге түскен көрнекті заңгер А. Ф. Кони шынайы гуманизм мен психологизм, істі қарауға философиялық тұрғыдан келу, адамға деген ізет пен құрмет, мінсіз тіл шеберлігімен ерекшеленеді. Осындай тәсілдері арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуды, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруды жан-жақты талдайды. Ежелгі, орта ғасыр, жаңа дәуір кезеңдеріндегі ұлы ойшылдардың құқықтық, демократикалық мемлекет құру мақсатында жасаған тұжырыимдамалары мен пікірлерін қорытындылай келе, оқушылардың құқықтық тәртібін қалыптастыру әрқашан өзекті мәселенің бірі екеніне көзіміз жетті.

Қазақ даласында сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттерімен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазбек би, Әйтеке би көптеген даулы істерді әділ шешуге мұрындық болды. Қазақ халқында би — көп жағдайда талқыға салып, демократиялық түрде шешім шығарушы болып есептелген. Би соныменқатар адам жан-дүниесін, мінез құлқын бір көргеннен танып, білетін психолог болғаны белгілі. Билер — тәрбиешілер, көкірегінде сәулесі, көзінде оты бар жастарды қия биіктен танып тәрбиелеген. Сондықтан да, оқушылардың құқықтық мәдениетін, құқықтық хабардарлығын тәрбиелеуде, билер өнегесінің маңызы зор. Әсіресе, бүгінгі таңда жастар арасында өріс алған қылмыс пен бұзақылыққа тұсау болар құқықтық тәрбиені күшейту үшін сан ғасырлық тарихы бар билер тәлім-тәрбиесін оқу-тәрбие ісінде қолдану керек. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы жүздің атақты биі және заң шығарушысы Төле Әлібекұлының есімі қазақ тарихында мәңгі қалды. Ру аралық жанжал мен дауларға қарсы болған Төле би: «Халық ынтымақты болса, өзгеге өнеге бола алады. Билеуші халық қамы мен бірлігін ойласа ғана өз орнында отырғаны» деген толғамды пікір айтады. Орта жүз биі Қаз Дауысты Қазыбек елші және әділ қазы ретінде белгілі.

Ол: Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт берекең — атаң қымбат.

Аймалайтын апаң қымбат

Асқар тауың — әкең қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат — деген сөздері арқылы жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке баулуға шақырады.

«Жеті жарғы» заңында тәрбиеге көп көңіл бөлінген. Онда ес біліп, ақыл тоқтатқаннан кейін адамдық парызды өтеу, көңіл мен ниет тазалығы, дене пәктігі, тәубаға келу, жомарттық пен қайырымдылық, үлгілі отбасын құру, обал мен сауапты айыру, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, еңбек ету, жаман әдеттерден тиылу, жетім-жесірлерге жәрдемдесу, ұстамды болу, білім іздеу, білгенін басқаға үйрету дәріптеледі.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі — халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді және олардың негізгі қағидаларын басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасы Баланың құқықтары туралы заңында: «Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп танитындығын» атап көрсетеді.

Заңның негізгі мазмұны балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың мақсаттары, баланың негізгі құқықтары мен міндеттері, мүгедек баланың құқықтары, бала және қоғам, баланың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, бала жауапкершілігінің және мінез-құлқына әсер етудің ерекшеліктері деп аталатын тараулардан тұрады. Заңның негізгі мазмұнын меңгертудің жолдары:

– интeгрaциялық caбaқтaр ұйымдacтырғaндa;

– тәрбиeлiк ic-шaрaлaрды жүзeгe acырғaндa;

– құқыққa бaйлaныcты қocымшa caбaқтaрды жүргiзгeндe бacшылыққa aлынyы тиic.

Құқықтaр мeн мiндeттeрiнiң тұтacтығынa бaлaлaрдың көзiн жeткiзiп, мiндeттeрдi oрындay жәнe жeкe тұлғaның игiлiгiнe, қoғaмғa қaжeттi eкeнiн түciндiрy кeрeк.

Aтa-aнaлaр дa oқyшылaрғa құқықтық бiлiм бeрyдiң бeлceндi cyбъeктici бoлyы үшiн oлaрдың aзaмaттық құқықтық бiлiм aлyынa ic-жүзiндe жaғдaй жacayы кeрeк.

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі факторлар ішінде ерекше тоқталып өтуді қажет ететіндері, біздің ойымызша, жастардың қазіргі еліміздегі саясатқа, реформаға, билік басындағыларға сенімі қандай және діни ұстамдары қандай деген мәселелер. Себебі, аталған факторлар жалпы құқықтық сананың дұрыс қалыптасуына, оның жоғарғы құқықтық мәдениетпен ұштасуына үлкен ықпал етеді. Елін, жерін, оның басқарушы тұлғалардың іс әрекетінің заңдылығына деген құрмет жас тұлғаның бойында тұрақты ой-тұжырым сезімін орнатады.

Қазіргі кездегі жағдайлар құқықтық мемлекеттіліктің негіздерін орнықтыру, қоғам ішінде қажетті шеңберде қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті жаңғырту және жандандыру, моральдық құндылықтарды күшейту, заңдарымыз бен қоғамдық тәртібіміз жұртты қорқытып — үркітпейтін, күштемейтін, қайта қоғам мүшелері өздері түсіне отырып, ол заңдылықтарды қолдап қуаттап отыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі таңда, жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басына төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Сондықтан, қорыта айтқанда, Тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, парасатты, құқықтық мәдениеті жетілген парасатты ұрпақ тәрбиелеу — ұлы парызымыз деп білейік.

Әдебиет:

  1. Никитин А. Ф. Что такое правовая культура? — Москва: Просвещение, 1988. — 112 с.
  2. Өсерұлы Н. Қазақтың үкім кесімдері. — Алматы: Ана тілі, 1994. — 104 б.
  3. // Қазақстан тарихы. — 2006. — № 10–11.
  4. // Тәрбие құралы. — 2003. — № 5.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, правовая культура.

Ключевые слова

білім, оқушы, құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбие

Похожие статьи

Российская правовая культура на современном этапе

Правовая культура – это весь правовой космос

Становление правовой культуры российского общества в современных условиях представляет собой достаточно пеструю картину.

Правовая культура государственного служащего как один из...

Построение гражданского общества — это одна из важнейших задач нашего государства, достижение которой в значительной степени зависит от уровня правовой культуры...

Профессиональная правовая культура - состояние правовой...

В статье автор раскрывает профессионально-правовую культуру и ее значение в современном обществе. In the article, the author reveals the vocational and legal culture and its significance in...

Правовая культура населения | Статья в журнале...

После обретения независимости Республики Узбекистан, быстрыми темпами осуществляется работа по повышению правовой культуры и улучшению правового воспитания населения как...

Формирование правовой культуры в Российской Федерации

Правовая культура влияет на различные стороны правовой действительности, способствуя достижению цели правоприменительной политики...

Ценностные аспекты правовой культуры и правовой идеологии...

Для каждого общества свойственна своя история формирования и развития системы права и общественной правовой культуры.

Правовая культура современной молодежи: актуальное...

Прежде чем говорить о правовой культуре современной молодежи, необходимо определить, что такое культура вообще. Культу́ра (от лат. cultura — возделывание, позднее — воспитание...

правовая культура, процесс обучения, правовая...

Для правовой культуры Китая в целом характерно преобладание норм морали над нормами права, что вытекает

Вопленко Н. Н. Правосознание и правовая культура: Учебное пособие.

Правовая культура как педагогический феномен

Правовая культура личности как уже отмечалось, включает знание и понимание права и действие согласно предписаниям, проявляемая в объеме и глубине теоретических знаний...

Правовая культура как «правовой иммунитет» общества

Одной из основополагающих задач в процессе модернизации правовой системы в современной России является обеспечение верховенства и уважения права во всех структурах...

Задать вопрос