Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №44 (282) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 04.11.2019

Статья просмотрена: 594 раза

Библиографическое описание:

Сарбалаева, А. Ш. Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру / А. Ш. Сарбалаева, Ж. Т. Шалкыбекова, М. Е. Ескуниева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 44 (282). — С. 376-378. — URL: https://moluch.ru/archive/282/63663/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мақалада оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Кілт сөздер: білім, оқушы, құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбие.

В данной статье рассматриваются формирование правовой культуры и правовой осведомленности учащихся.

Ключевые слова: образование, ученик, правовая культура, правовое воспитание.

Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің ішінде оқушыларға құқықтық тәрбие беруді жетілдіру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы сапалық деңгейін көтеру. Қазіргі таңда, біздің басты міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азаматын тәрбиелеу.

Құқықтық білім мен құқықтық сананың қалыптасуы — қазір адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан — құқықтық мемлекет ретінде орнықтырылған біздің қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматтарды тәлім тәрбие беретін, кәсіби баыт-бағдар беретін оқу орындары, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Құқықтық мәдениет — белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Ал, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда әрбір ұстаз оқушыларға білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді басшылыққа ала отырып, олардың өмірлік тәжірибелерін, сенімдерін қалыптастырып, олардың адамгершілік, ізгілік, демократияшыл, патриот, достық, ынтымақтастық, ұлтжандылық мұраттарына дұрыс бағыт-бағдар беріп, нағыз Қазақстан Республикасының азаматын тәрбилеуге көмектесу керек. Сондай-ақ, елімізге өз құқын қорғай алатын, міндеттерін, жауапкершіліктерін жоғары меңгеретін, Конституция, Декларация баптарына бағынатын, заң талаптарын орындап, ешқандай құқық бұзушылыққа бармайтын азаматтар қажет.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың қоғамдағы демократиялық жолы тікелей құқықтық тәрбиеге байланысты. Ұлы ойшыл Платонның көзқарасы бойынша, өркениетті мемлекет ақыл-ойдың ұштасуынан дамиды. Ол белгілі тәжірибенің нәтижесінде жүзеге асады. Перикл де мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруде құқықтың алатын орнын айрықша атап көрсеткен. Әйгілі ұстаз Аристотель адамдардың құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру — құқықтық мемлекеттің негізгі нысаны екендігіне өзіндік бағыт-бағдар береді. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон мелекет барлық еркін адамдардың келісімінен және құқықтық қатынастан тұрады деп түсіндіреді. Ежелгі дәуір ойшылдарының осындай тұжырымдарынан олардың азаматтардың құқықтық жағдайларын жақсартуға әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына көз жеткізуге болады. Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажет. Азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасуы керек. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасыр басында құқықтық тәлім-тәрбие саласында көзге түскен көрнекті заңгер А. Ф. Кони шынайы гуманизм мен психологизм, істі қарауға философиялық тұрғыдан келу, адамға деген ізет пен құрмет, мінсіз тіл шеберлігімен ерекшеленеді. Осындай тәсілдері арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуды, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруды жан-жақты талдайды. Ежелгі, орта ғасыр, жаңа дәуір кезеңдеріндегі ұлы ойшылдардың құқықтық, демократикалық мемлекет құру мақсатында жасаған тұжырыимдамалары мен пікірлерін қорытындылай келе, оқушылардың құқықтық тәртібін қалыптастыру әрқашан өзекті мәселенің бірі екеніне көзіміз жетті.

Қазақ даласында сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттерімен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазбек би, Әйтеке би көптеген даулы істерді әділ шешуге мұрындық болды. Қазақ халқында би — көп жағдайда талқыға салып, демократиялық түрде шешім шығарушы болып есептелген. Би соныменқатар адам жан-дүниесін, мінез құлқын бір көргеннен танып, білетін психолог болғаны белгілі. Билер — тәрбиешілер, көкірегінде сәулесі, көзінде оты бар жастарды қия биіктен танып тәрбиелеген. Сондықтан да, оқушылардың құқықтық мәдениетін, құқықтық хабардарлығын тәрбиелеуде, билер өнегесінің маңызы зор. Әсіресе, бүгінгі таңда жастар арасында өріс алған қылмыс пен бұзақылыққа тұсау болар құқықтық тәрбиені күшейту үшін сан ғасырлық тарихы бар билер тәлім-тәрбиесін оқу-тәрбие ісінде қолдану керек. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы жүздің атақты биі және заң шығарушысы Төле Әлібекұлының есімі қазақ тарихында мәңгі қалды. Ру аралық жанжал мен дауларға қарсы болған Төле би: «Халық ынтымақты болса, өзгеге өнеге бола алады. Билеуші халық қамы мен бірлігін ойласа ғана өз орнында отырғаны» деген толғамды пікір айтады. Орта жүз биі Қаз Дауысты Қазыбек елші және әділ қазы ретінде белгілі.

Ол: Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт берекең — атаң қымбат.

Аймалайтын апаң қымбат

Асқар тауың — әкең қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат — деген сөздері арқылы жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке баулуға шақырады.

«Жеті жарғы» заңында тәрбиеге көп көңіл бөлінген. Онда ес біліп, ақыл тоқтатқаннан кейін адамдық парызды өтеу, көңіл мен ниет тазалығы, дене пәктігі, тәубаға келу, жомарттық пен қайырымдылық, үлгілі отбасын құру, обал мен сауапты айыру, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, еңбек ету, жаман әдеттерден тиылу, жетім-жесірлерге жәрдемдесу, ұстамды болу, білім іздеу, білгенін басқаға үйрету дәріптеледі.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі — халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді және олардың негізгі қағидаларын басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасы Баланың құқықтары туралы заңында: «Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп танитындығын» атап көрсетеді.

Заңның негізгі мазмұны балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың мақсаттары, баланың негізгі құқықтары мен міндеттері, мүгедек баланың құқықтары, бала және қоғам, баланың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, бала жауапкершілігінің және мінез-құлқына әсер етудің ерекшеліктері деп аталатын тараулардан тұрады. Заңның негізгі мазмұнын меңгертудің жолдары:

– интeгрaциялық caбaқтaр ұйымдacтырғaндa;

– тәрбиeлiк ic-шaрaлaрды жүзeгe acырғaндa;

– құқыққa бaйлaныcты қocымшa caбaқтaрды жүргiзгeндe бacшылыққa aлынyы тиic.

Құқықтaр мeн мiндeттeрiнiң тұтacтығынa бaлaлaрдың көзiн жeткiзiп, мiндeттeрдi oрындay жәнe жeкe тұлғaның игiлiгiнe, қoғaмғa қaжeттi eкeнiн түciндiрy кeрeк.

Aтa-aнaлaр дa oқyшылaрғa құқықтық бiлiм бeрyдiң бeлceндi cyбъeктici бoлyы үшiн oлaрдың aзaмaттық құқықтық бiлiм aлyынa ic-жүзiндe жaғдaй жacayы кeрeк.

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі факторлар ішінде ерекше тоқталып өтуді қажет ететіндері, біздің ойымызша, жастардың қазіргі еліміздегі саясатқа, реформаға, билік басындағыларға сенімі қандай және діни ұстамдары қандай деген мәселелер. Себебі, аталған факторлар жалпы құқықтық сананың дұрыс қалыптасуына, оның жоғарғы құқықтық мәдениетпен ұштасуына үлкен ықпал етеді. Елін, жерін, оның басқарушы тұлғалардың іс әрекетінің заңдылығына деген құрмет жас тұлғаның бойында тұрақты ой-тұжырым сезімін орнатады.

Қазіргі кездегі жағдайлар құқықтық мемлекеттіліктің негіздерін орнықтыру, қоғам ішінде қажетті шеңберде қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті жаңғырту және жандандыру, моральдық құндылықтарды күшейту, заңдарымыз бен қоғамдық тәртібіміз жұртты қорқытып — үркітпейтін, күштемейтін, қайта қоғам мүшелері өздері түсіне отырып, ол заңдылықтарды қолдап қуаттап отыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі таңда, жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басына төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Сондықтан, қорыта айтқанда, Тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, парасатты, құқықтық мәдениеті жетілген парасатты ұрпақ тәрбиелеу — ұлы парызымыз деп білейік.

Әдебиет:

  1. Никитин А. Ф. Что такое правовая культура? — Москва: Просвещение, 1988. — 112 с.
  2. Өсерұлы Н. Қазақтың үкім кесімдері. — Алматы: Ана тілі, 1994. — 104 б.
  3. // Қазақстан тарихы. — 2006. — № 10–11.
  4. // Тәрбие құралы. — 2003. — № 5.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, правовая культура.

Ключевые слова

білім, оқушы, құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбие

Похожие статьи

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Құқықтық мәдениет — Қазақстанның құқықтық саясатының маңызды факторы

Мақалада құқықтық мәдениет мәселесі — қазақстандықтардың дүниетанымына құндылық мән беретін және халықтың құқықтық санасын қалыптастыру үшін негіз жасайтын «мінсіз құбылыс» ретінде қарастырылады. Мақалада құқықтық, азаматтық қоғамның жалпыұлттық мәні...

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өзіндік жұмыстың рөлі

Бұл мақалада студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және оларды дамыту мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ, студенттердің шығармашылық қызғушылықтың функциялары, теориялық және практикалық проблемаларды шешу үшін студенттерге қажетті шыға...

Университеттің қашықтықтан оқыту порталының қауіпсіздігі

Бұл мақалада қашықтықтан оқытудың негізгі тұжырымдамалары, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Қашықтықтан оқытудың негізгі осалдықтары сипатталған. Талдау негізінде құпиялылықты, тұтастықты және қ...

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Жалға алудың Халықаралық қаржылық есептілік стандарты және Қазақстандағы тәжірибесінің салыстырмалы сипаттамасы

Берілген мақалада жалға алудың Халықаралық қаржылық есептілік стандарты және Қазақстандағы тәжірибесінің салыстырмалы сипаттамасы қарастырылады.

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Зияты зақымдалған балаларды денсаулығын жақсартуға педагогикалық ынталандыру

Мақалада зияты зақымдалған балалардың денсаулығын жақсартуға арналған жұмыстады арнайы (түзету) мектеп-интернаттың пәндеріне енгізу жайында айтылған.

Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу

Мақалада бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың маңызы мен жолдары қарастырылады.

Психикалық дамуы тежелген оқушыларды кәсіби бағытын анықтада ата-аналардың рөлі

Мақалада психикалық дамуы тежелген оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауындағы ата-аналардың рөлі сипатталған.

Задать вопрос