Тарихи тақырыпқа түсірілген фильмдердің көркемдік ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №44 (282) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 02.11.2019

Статья просмотрена: 1062 раза

Библиографическое описание:

Салморбек кызы, Бегимай. Тарихи тақырыпқа түсірілген фильмдердің көркемдік ерекшеліктері / Бегимай Салморбек кызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 44 (282). — С. 374-376. — URL: https://moluch.ru/archive/282/63571/ (дата обращения: 17.12.2024).



Бұл мақалада тарихи тақырыпқа түсірілген ұлттық фильмдердің көркемдік ерекшеліктері талданған. Кино режиссерлердің шығармашылық ізденістері қарастырылған.

Кілт сөздер: кинематография, фильм, тарихи тақырып, кино режиссер, өнер.

В данной статье анализируются художественные особенности отечественных фильмов, снятых на историческую тему. Рассматривается творческие поиски кинорежиссеров.

Ключевые слова: кинематография, фильм, историческая тема, кинорежиссер, искусство.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысынан басталған ұлттық кино өнерінің тарихынан түрлі жанрға, түрлі тақырыптарға арналған, адамзаттың сан алуан тағдырын суреттеген көркем фильмдер түсіріліп келеді. Ғасырға жуық уақыттың ішінде өзінің негізгі бағытын қалыптастырып, түрлі режиссерлік ізденістерді паш еткен қазақ кино өнерінің шығармашылық даму жолында тарихи тақырыпқа түсірілген фильмдердің алар орны айрықша.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет — ұлттың генетикалық коды... Қазақстан мәдениетінің дамуына жаңа импульстар беру керек екендігін» атап көрсеткен [1]. Яғни, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды дәріптеу, халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы — мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.

Мәдениет пен өнер — кез-келген халықтың ұлттық идеологиялары мен ұстанымдарын қалыптастырудың мықты құралы болып отыр. Ендеше мәдениет пен өнердің әлемдік өркениетте алатын орны мен атқаратын ролі, перспективалық даму платформаларының барлығы да бүгінгі өнер туындыларымен тығыз байланысты. Соның ішінде киноөнерінің атқарар ролі зор. Себебі, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды киноөнері арқылы насихаттаудың орны ерекше.

Бүгінгі қазақ киносында тарихи жанрдағы фильмдердің көркемдік ерекшеліктері әрқилы. Қазақ киносының даму үрдісінде жылына бір-екі тарихи фильм түсіріліп келеді. 2000 жылдардан кейін жарық көрген тарихи фильмдердің қатарында «Көшпенділер» (режиссерлері: И. Пассер, С.Бодров, Т.Теменов, 2005), «Мұстафа Шоқай» (С.Нарымбетов, 2008), «Біржан сал» 2009), «Жау жүрек мың бала» (2012) сияқты т. б. кинокартиналар жарыққа шықты.

«Көшпенділер» фильмінің басты кейіпкері Абылай хан XVIII — ші ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының басын біріктіріп, Қалден Серен бастаған жоңғар басқыншыларына күйрете соққы берген ерекше тұлға.

Ер жүрек батырлығымен, саяси көрегендігімен, айбынды қолбасшылығымен ел есінде қалған Абылай ханның кинематографиялық бейнесі голливудтық блокбастерлердің сұлбасымен жасалды. Фильмде қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалған қилы кезең Абылайдың басынан кешкен оқиғалармен тығыз бірлікте көрсетілген.

Фильмнің негізгі ойы даналық, толеранттық, жоғары деңгейдегі патриоттық сезім, туған жеріне деген сүйспеншілік, жаугершілік уақыттағы ерлік, саяси көрегенділік бұлардың барлығы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан дара қасиеттер деген ұғымды меңзейді. Мұнда көшпенді халықтың тұрмыстық ерекшелігі, өмір сүру дағдысы, ел қорғау жолындағы ұстанған саяси-қоғамдық ұстанымы, дұшпанмен айқастағы ерлік мінездері боямасыз көрсетілген.

Алайда мемлекет тарапынан қыруар қаржы жұмсалған «Көшпенділер» мега-жобасы ұлттық, халықтық, кассалық өзін-өзі ақтаған фильм дәрежесіне көтеріле алмады. Бұған Абылай ханның экрандағы бейнесінің ойдағыдай шықпауынан болды. Ұлы Абылайды сомдауға АҚШ — тан Куно Беккер есімді актер арнайы шақырылды. Оның сыртқы түрінің Абылай ханға мүлде ұқсамауын көрермендер қабылдай алмады. Біздіңше, басты рөлді өзіміздің қазақ актерлерінің біріне ойнатқанда фильмнің көркемдік сапасы көтеріле түсер еді. Ал, К.Беккер ойынында Абылайдың ішкі сезімдері, ел мен жер тағдыры үшін жанын қиюға дайын адамның буырқанған қызу әрекеттері болған жоқ.

Ал, С.Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» (2008) кинокартинасының бас кейіпкері Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, саясаткер, мәдениет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай. Түркі тілдес халықтардың басын қосып Түркістан (Түркі халықтарының елі) мемлекетін құру туралы идеясы үшін кеңес үкіметінің қудалауына түскен М.Шоқай кейін ұлы Отан соғысы жылдары Гитлерлік Германияның қудалуына түседі.

Фильмде Мұстафа рөлін қырғыз актері Азиз Бейшеналиев ойнады. Алайда, соңғы демі таусылғанша тәуелсіздік үшін арпалысқан М.Шоқай бұл фильмде биік тұғырдан көрінбеді. Актер сомдауында ол ұлы тұлға ретінде емес, саясат құрбаны болған қарапайым адам ретінде бейнеленіп кетті.

Мұнда кейіпкердің жеке өмірлеріне баса мән берілген. Атап айтқанда, Қазан төңкерісі, Азаматтық соғыс пен екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысымен қатар Мұстафа мен Марияның махаббаттары көрсетілген. Фильмдегі Мария ролін әнші Карина Абдуллина ойнады.

Бұл фильмде де басты кейіпкерлерді бейнелеген актерлердің сыртқы келбеттері Мұстафа мен Марияға мүлде ұқсамады. Елі үшін еңіреп, сырт жақта жүріп тәуелсіздік жолында күресін тоқтатпаған Мұстафа Шоқайдың бейнесі солғын шықты. Барша қазақ көрермендері Түркістан тәуелсіз автономиясын құрғысы келген батыл, зиялы адамды көре алмады. Әлем кино тарихын парақтаған кезде, тарихта болған адамдар туралы фильм түсірген кезде, міндетті түрде сол адамның сыртқы түр-тұрпатына келетін актерлер іздеу бірінші кезекке қойылады. Болашақта, біздің кино режиссерлеріміз де осы заңдылықты ескерулері қажет тәрізді.

2009 жылы екі бірдей тарихи фильм тұсауын кесті. Бірі Д.Жолжақсыновтың «Біржан сал», екіншісі С.Тәуекелдің «Жерұйық» фильмі.

Біржан Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін белгілі театр және кино актері Досхан Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмі оның кинодағы алғашқы жұмысы болып табылады. Аталған фильмде ХІХ ғасырда өмір сүрген әнші, композитор Біржан салдың қиын тағдыры, оның ру және ағайын арасындағы тартыстан туындаған психологиялық күйзелісі ашып көрсетілген. Күміс көмей әншінің шығармашылығын жан-жақты зерттеген сценарий авторы Таласбек Әсемқұлов Біржан салдың осы күнге дейін беймәлім болып келген туындыларының жарыққа шығуына мүмкіндік жасапты. Фильмде ақындардың, салдар мен серілердің өмірі әдемі суреттелген. Олардың қимыл-әрекеттерінен халықтың еркін рухы, суырыпсалмалық өнер дәстүрі айқын бейнеленген. Қазақ даласының сұлулығы, теп-тегіс жазық дала, көгілдір аспан, көл бетінде қалықтаған сұлу аққулар, табын-табын жылқылардың шабысы, т.б. кескіндемелік көріністер фильмдегі Біржан салдың әндерімен астасып, әншінің сом бейнесінің жасалуына мүмкіндік туғызған.

Д.Жолжақсынов қазақ халқының өткен ғасырдағы әсем табиғатын толыққанды көрсетуге тырысқан. Фильмдегі суретшінің жұмысы, оның сызған киім эскиздері, реквизит-бутафориялардың қисынды орналасуы, актерлердің шынайы әрі шебер ойыны, Біржанның әндері мен сырлы музыкасы, т.б. кинокартинаның жетістіктері көрерменді өткен уақыттың ғажап әлеміне саяхат жасатып, қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетімен танысуына мүмкіндік берді. Д.Жолжақсыновтың шығармашылығы туралы мақала жазған белгілі театр сыншысы, өнертану докторы, профессор Б.Нұрпейіс былай деген: «Бүгінгі таңда ұлттық өнер арқылы ғана әлемдік мәдениетке иек арта алатынымыз баршаға мәлім. Осы тұрғыдан қарасақ Д.Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмі ұлттық салт-дәстүрімізбен мінездерімізді айнытпай беруімен құнды. Біржан сынды үлкен суреткердің болмысын ашуға деген режиссердің талпынысы оң нәтижесін берді. Фильмде билік пен тұлға, билік пен суреткердің арасындағы тартыс, шығармашылық адамның сезіміндегі арпалыс, туған-туыспен түсініспеушілік тәрізді мәселелер қозғалған. Актердің ойынында Біржандай ақынның жан-дүниесіндегі алай-түлей арпалыстар мен өксікке толы психологиялық көңіл күйлер керемет сыршылдықпен суреттелген. Біржан әнші, сал, сазгер ғана емес, ел тағдырын ойлайтын кемеңгерлігімен тәнті етеді» — деп [2, 232–233бб.], тура сипаттаған.

Біздің пікірімізше де, Д.Жолжақсыновтың бұл фильмі ұлттық салт-дәстүрлерді терең бейнелеуімен құнды демекпіз. Ұлттық тарихты, халықтық болмысты айқындайтын мұндай шығармалардың өркениетке барар жолдағы маңызы зор.

Тарихи тақырыпта түсірілген фильмдердің бірқатары ел тарихының аласапыран күндерін бейнелеуге арналды. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары біздің халқымыздың тарихындағы ауыр кезең болғанын баршамыз жақсы білеміз. Әсіресе, кеңестік дәуірдің солақай саясатымен елімізге зорлықпен жер аударылған басқа ұлт өкілдерінің өмірін тарихымыздан бөліп қарай алмаймыз. Сондай зорлық-зобалаңды бейнелейтін фильмдердің бірі С.Тәуекелдің «Жерұйық» (сценарий авторы Сон Лаврентий) туындысы. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Бұл көркемфильм 1937 жылы Қиыр Шығыстан жер аударылған кәрістердің Қазақстанға келуін баяндайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген фильмнің оқиғасы қасіретті жылдардың ауыртпалығын көрсетумен бірге, халқымыздың ізгілігі мен адамгершілігін және мейірімділігін дәріптеген. Азып-тозып бөтен жерге келіп, қалай өмір сүрерлерін білмеген өзге ұлт өкілдерін біздің бабаларымыз жатсынған жоқ. Өздері аштықтан қырылып жатса да, соңғы дәндерін солармен бөлісті. Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, тектілігін жоғалтпаған, адал адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне табан тіреп, ұрпақтарын өсірді. Бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір уыс бидайын бөліп береді.

Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм сол кездегі кеңес өкіметінің саясатын аямай әшкерелеп берді. Сталиннің әмірімен өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстары бүкпесіз бейнеленді. Белгілі актер Болат Әбділманов сомдаған Орынбай көптің есінен кетпейтіндей бейне болып қалды. Кейіпкер бойындағы достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлығы актердің шеберлігімен нанымды шықты. Түйіндеп айтқанда, тарихи тақырыпта түсірілген тарихи фильмдердің бүгінгі ұрпаққа берері мол.

Әдебиеттер:

  1. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. — 2014, қаңтар — 17. // www.akorda.kz.
  2. Нұрпейіс Б. К. Сахна шеберлері. — Алматы, «ТОО Universal Print Media», — 2018 ж.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, кино, пена, сало, фильм.


Ключевые слова

фильм, кинематография, тарихи тақырып, кино режиссер, өнер

Похожие статьи

Көркем мәтін аудармасының ерекшеліктері және аудармашының рөлі

Мақалада көркем аударма, оның тәсілдері және көркем шығарманы аударатын мамандарға қойылатын талаптар қарастырылады.

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері

Берілген мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері талданады.

Қазақы жылқылардың ет және сүт өнімділігі

Шығыс Қазақстан облысы «Шөптіқақ» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, 12-айлық жылқылардың ет және сүт өнімділігінің көрсеткіштері мақалада келтірілген.

Аударма эквиваленттілігінің тарихи тұжырымдамалары, түрлері және әмбебап модельдері

Мақалада аударманың эквиваленттілігіне шолу берілген. Аударма эквиваленттілігінің түрлері мен әмбебап үлгілері көрсетілген, олардың әрқайсысы жеке қарастырылған.

Құс фабрикаларының электрмен жабдықталу сенімділігінің төмендеу себептерін талдау

Мақалада авторлар сараптамалық бағалау әдісін қолдана отырып, құс фабрикаларын электрмен жабдықтау сенімділігінің төмендеуінің мүмкін себептерін анықтайды.

Саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы

Мақалада саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы талданады.

Сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру

Берілген мақалада сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру туралы мәселелер қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Похожие статьи

Көркем мәтін аудармасының ерекшеліктері және аудармашының рөлі

Мақалада көркем аударма, оның тәсілдері және көркем шығарманы аударатын мамандарға қойылатын талаптар қарастырылады.

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері

Берілген мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Туған ел» концептісінің лингвомәдени аспектілері және аударма мәселелері талданады.

Қазақы жылқылардың ет және сүт өнімділігі

Шығыс Қазақстан облысы «Шөптіқақ» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, 12-айлық жылқылардың ет және сүт өнімділігінің көрсеткіштері мақалада келтірілген.

Аударма эквиваленттілігінің тарихи тұжырымдамалары, түрлері және әмбебап модельдері

Мақалада аударманың эквиваленттілігіне шолу берілген. Аударма эквиваленттілігінің түрлері мен әмбебап үлгілері көрсетілген, олардың әрқайсысы жеке қарастырылған.

Құс фабрикаларының электрмен жабдықталу сенімділігінің төмендеу себептерін талдау

Мақалада авторлар сараптамалық бағалау әдісін қолдана отырып, құс фабрикаларын электрмен жабдықтау сенімділігінің төмендеуінің мүмкін себептерін анықтайды.

Саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы

Мақалада саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы талданады.

Сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру

Берілген мақалада сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру туралы мәселелер қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Задать вопрос