Кластерлі ядролардың әрекеттесуі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №44 (282) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 02.11.2019

Статья просмотрена: 90 раз

Библиографическое описание:

Сайлаубеков, Ерназар Канатулы. Кластерлі ядролардың әрекеттесуі / Ерназар Канатулы Сайлаубеков, А. К. Морзабаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 44 (282). — С. 372-374. — URL: https://moluch.ru/archive/282/63570/ (дата обращения: 16.12.2024).

Соңғы онжылдықта ядролық физика саласында көптеген жаңалықтар ашылуда және ядролардың қасиеттері мен ядролық реакциялар механизмдерін зерттеуде әртүрлі бағыттар пайда болды. Барлық белгілі ядролар белгілі бір дәрежеде зерттелініп жатыр. Ядролық реакциялардың механизмдері мен ядролардың ішкі құрылымы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін үлкен тәжірибе материалы жинақталды, бірақ әліде болса, барлық байқалғанфизикалыққұбылыстар теориялық сипаттамасын алған жоқ. Зерттелініп жатқан қызықты тақырыптар ішінде кластерлі ядролардың альфа бөлшектермен өзара алмаса отырып, әрекеттесулері.

Кілт сөздер: альфа-бөлшектер, кластерлі ядролар, көміртек, литий гелий, нуклондар, ядро.

За последнее десятилетие было сделано много новых открытий в ядерной физике, и были разработаны различные направления для изучения свойств ядер и механизмов ядерных реакций. Все известные ядра исследованы в определенной степени. Накоплен большой опыт, позволяющий получить информацию о механизмах ядерных реакций и внутренней структуре ядер, но не все наблюдаемые физические явления получили теоретические описания. Интересными темами являются взаимодействия между кластерными ядрами при передаче альфа-частиц.

Ключевые слова: альфа-частицы, кластерные ядра, углерод, литий, гелий, нуклоны, ядро.

Ядролық физиканың дамуымен бірге ядролық күштердің табиғатының мәселесімен тығыз байланысты ядро құрылымына байланысты сұрақтар күн сайын маңызды бола түсуде. Осы саладағы білімдердің жинақталу деңгейі бойынша өзекті мәселелерді орналастыру идеясы барған сайын күрделеніп келеді. Кейбір фактілер нуклондардың өзара әрекеттесуі атом ядросының квазимолекулярлық құрылымына әкелетіндігін көрсетеді. Атап айтқанда, -бөлшектер құрылымы көптеген ядроларда бар. Мұндай ядро гелий(4He) ядроларынан тұратын жүйе болып табылады. Кластерлік құбылыстың механизмі мен ерекшеліктерін анықтау ядролық құбылыстарды зерттеудегі маңызды аспекттердің бірі.

Ядролардың кластерлену пайдасына бірнеше фактілерді жатқызуға болады. Біріншіден, APII (артқа қарай аномальды шашырау), яғни, аномальды түрде үлкен, бірақ қарапайым потенциалды шашырауға қарағанда, бөлшектердің үлкен бұрыштармен шашырау қимасы, 4-тен 30 МэВ дейінгі диапазонда, бөлшектердің энергиясында резонанстардың болуы. Екіншіден, үлкен бұрышты шашыраңқы электрондардың бұрыштық тәуелділіктерін талдау арқылы анықталған қабықшасының жеңіл ядролары үшін нақты зарядтардың таралуы. Үшіншіден, тікелей реакциялар және ауыр иондардың шашырауы.

Ядрода кластерлердің болуы тәжірибе жүзінде байқалатын құбылыстарға әкеледі: осы кластерлердің шығарылуымен ыдырау ықтималдығының жоғарылауы, осы кластерлердің берілуімен реакцияның қимасының жоғарылауы [1, 240 стр.]. Мынандай ядролық реакцияны қарастырайық:

12C + 6Li → 16O + 2H (1)

Бұл реакцияда 12C альфа-бөлшекті 6Li-дан қабылдап, 16O-ға түрленеді.

12C + 6Li→8Be+10B (2)

(2)-ші реакцияның шығу реакциясындағы элементтердің (1)-ші реакциядан мүлдем өзгеше болуының себебін анықтау үшін, 12C элементі тұтас тұрақты элемент болуы мүмкін, сол себепті (1)-ші теңдеуде көміртек басқа бөлшектерге ыдырамаған. Қарсы жағдай, көміртек екі элементтен құралса, және олар әлсіз байланысқан болса, ыдырайды. Мысалы, 12C көміртек 10B мен 2H сутек изотопынан құралған жағдайда, атқылаушы бөлшек әсерінен, осы екі элементке бөлінеді, оны біз (2)-ші теңдеуде көреміз. Литий сутек изотопын қосып алып, 8Be — ге айналғаны көрініп тұр.

Келесі суретте (2)-ші теңдеу көрсетілген.

Сурет 1. 12C + 6Li→8Be+10B реакциясының сызбалық нұсқасы

Әдетте, кластерлік күйлер ядролардың беткі қабаттарында пайда болады. Бұл ядроның барлық нуклондарынан түзілетін орташа ядролық өрістің немесе күштің ядроның бетінде әлсіреуіне байланысты. Нәтижесінде нуклондар арасындағы тартылу күші ядроның центрлік өрісінен қуаттырақ болады, және бұл нуклондардың топтасуына әкеледі. Алайда, бұл әсерлердің нақты сипаттамасы ең жеңіл ядролар жағдайында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, кластерлік ядро модельдері ең көп таралған негізгі қабықша моделі мен жалпыланған ядро моделіне қарағанда азырақ беріктік дәрежесіне ие.

Келесі әрекет «Nuclear Wallet Cards» есептеу прграмасын қолдана отырып, (1)-ші және (2)-ші теңдеулердегі элементтер жайлы кесте түрінде ақпараттарды көрсетемін.

Кесте 1

Көміртектің Eбайл байланыс, ε жеке энергияларын, және δ байланыс энергияларының айырмасын көрсететін кесте

Элем. Z

Z

N

A

Eбайл

Мэв

ε

Мэв

δ

Мэв

C

6

6

12

92.1633

7.6803

2.3526

Келесі кестеде 12С көміртектің 10В бор мен 2H сутек изотопына ыдыраған кездегі реакция шегі энергиясы, жалпы реакция энергиясы есептеліп, көрсетілген.

Кесте 2

Реакци шегі көрсетілген

Енгізілген параметрлер

Элемент

Z

A

Масса

А.е.м

Ядро-нысана

12С

6

12

12,0107

Ұшып шыққан бөлшек 1

2H

1

1

2,01416

Ұшып шыққан бөлшек 2

10B

5

5

10,811

Реакцияда пайда болған бөлшек

8Be

4

4

8,0212182

Реакция шегі, Мэв

27.44462

Реакция энергиясы, Мэв

-27.41102(38)

Ауыр кластерлері бар ядроларда бар. Мысалы, ықтималдығы жоғары кейбір қоздырылған күйлердегі 24Mg, ол 12С + 12С екі көміртектен тұруы мүмкін. Мұндай құрылымдар ядролық квазимолекулалар деп аталады [1, 241 стр.].

Бұл реакциялар ерекше механизмді көрсетеді. Бос құрылымы бар ядролармен синтезделу реакциясы кластерлердің әрекеттесуі. Қосылу реакциялары, біздің көзқарасымыз бойынша, өзара әрекеттесудің осындай ерекшеліктерімен байқалады, ол кластердің берілу реакцияларына арналған көлденең қиманың үлкендігінде, сонымен қатар синтездің толық реакцияларында көрінеді, және ол көптеген бос жұптасқан кластерлі ядроларға тән.

Әдебиеттер:

  1. Оглоблин А. А. КЛАСТЕРНАЯ МОДЕЛЬ ЯДРА // Большая российская энциклопедия. Том 14. Москва, 2009, стр. 240–241.
Основные термины (генерируются автоматически): ядро, APII, мена, реакция.

Ключевые слова

ядро, альфа-бөлшектер, кластерлі ядролар, көміртек, литий гелий, нуклондар

Похожие статьи

Өздігінен қалпына келетін бетондарды жасаудың теориялық алғышарттары

Жарықтарды өздігінен тарту — бұл бетонда ылғал болған кезде және созылу кернеуі болмаған кезде пайда болатын табиғи жою процесі. Өздігінен тартылудың арқасында су жарықтары арқылы енудің біртіндеп төмендеуі, ал шекті жағдайларда жарықтардың толық гер...

Ғимараттардың қабатаралық жабындарын дыбыс оқшаулау

Ғимараттардың дыбыс оқшаулауымен айналысатын ғалымдардың жұмыстарына шолу ұсынылған. Қабат ара жабындар үшін еден құрылымының астына дыбыс оқшаулағыш тығыздағышты қолдану керек, өткені олар қатты қабат немесе жолақты төсеу түрінде жасалған. Қабатты м...

Ақмола облысында вегетация кезеңіндегі метеорологиялық параметрлердің астық өнімділігіне әсерін зерттеу

Мақалада Солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысы бойынша соңғы 30 жылдағы, яғни 1986–2017 жылдар арасындағы вегетация кезеніңдегі ауа температурасы және атмосфералық жауын-шашынның уақыттық жүрісіне талдау жүргізіліп, Г.Т Селянинов критерийі бойынша ау...

Жамбыл облысының геоэкологиялық жағдайы

Жамбыл облысында шаруашылық қызметтің экологиялық жағдайға әсерінің қарқындылығы соншалық, көптеген келеңсіз процестер қайтымсыз болып, аймақ тұрғындарының тіршілік ету ортасы оның өмір сүруіне жарамсыз болуы мүмкін. Қарастырылып отырған аймақта экол...

Аграрлық секторда кіші бизнесті цифрландырудың басты бағыттары

Өңірлердің даму параметрлерін, олардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау кезінде аумақтың айтарлықтай мүмкіндіктері бар салалар, қызмет түрлері анықталатынын, аграрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты жоспарланған кеңейтуді іске асырудың нақты мақс...

Фибробетонның тиімділігін арттыру жолдары

Көлік құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу кезінде тиімділікті қамтамасыз етуге жоғары деформациялық қасиеттері бар фибробетонды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бұл мақалада жоғары деформациялық қасиеттері бар фибробетонның құрамын оңтайлан...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Ұлттық-аймақтық компонент шетел тілін оқытуда әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде

Мақала шет тілін оқыту үдерісіне ұлттық-өңірлік компонентті интеграциялау арқылы білім алушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне арналған. Автор көркем әдебиеттің аудармалары, мәдениет туралы шетелдік мақалалар,...

Топырақтың мұнаймен ластануы және оны тазартудың тиімді әдістері

Мұнай-газ өнеркәсібі қоршаған табиғи ортаға антропогенді әсер етудің ең қуатты факторларының бірі болып табылады. Мұнай-газ өнеркәсібінің іс-әрекетінің салдарынан ландшафттар механикалық зақымдануға ұшырайды, сондай-ақ атмосфера, литосфера және гидро...

Мұнай резервуарларын толтыруды автоматтандыру үрдісін анық емес логикалық алгоритмдерде құру

Мұнай өнеркәсібі жалпы, Қазақстан Республикасының маңызды салаларының бірі және мемлекетіміздің бүкіл экономикасының дамуына әсер етеді. Мұнай резервуарларын автоматтандырудың негізгі мақсаты — мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, тарату, өлшеу және есе...

Задать вопрос