Педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №42 (280) октябрь 2019 г.

Дата публикации: 16.10.2019

Статья просмотрена: 8045 раз

Библиографическое описание:

Абилдаева, А. С. Педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздері / А. С. Абилдаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 42 (280). — С. 317-319. — URL: https://moluch.ru/archive/280/63129/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада автор педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздеріне қысқаша шолу жасаған.

Кілт сөздер: қолдау, педагогикалық қолдау, білім беру жүйесі.

В данной статье автором сделан краткий обзор теоретических основ технологии педагогической поддержки.

Ключевые слова: поддержка, педагогическая поддержка, система образования.

С. И. Ожеговтің түсіндірме сөздігінде: «Қолдау (поддержка) — көмек, ықпал ету» деген анықтама берілсе [1], ал уикипедияда «Қолдау — ықпалды адамның әлдебіреудің ісін (мысалы, қызмет бабы бойынша көтеру) ыңғайластыруға көрсететін қолдауы, қорғауы, қолтығының астына алуы» деген анықтама берілген [2].

Соңғы уақытта «қолдау» сөзі балаларға білім берумен байланысты проблемалар төңірегінде жиі қолданылып жүр: әлеуметтік-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау, медициналық-педагогикалық қолдау, медициналық-психологиялық қолдау және т. б.

Бұл жерде әңгіме түрлі мекемелердің белгілі бір практикалық әрекеті жайлы болып отыр. Мекеме атауындағы «қолдау» сөзі барлығына түсінікті дабылдың функциясын атқарады: «бұл жерде қиын жағдаятқа тап болған адамдарға көмек көрсетіледі». Әдетте әлеуметтік қолдау қамқоршылық және құрылтайшылық проблемаларымен, үйсіздерге көмекпен айналысады. Психологиялық қолдау эмоционалдық проблемалары бар адамға көрсетіледі; медициналық қолдау физикалық денсаулықпен байланысты проблемаларға шоғырландырылған және т. б. Дегенмен педагогикалық қолдаудың мәнін бөліп көрсету оңай емес.

Педагогикалық қолдау тұжырымдама, модель және практикалық тәжірибе, тұтас инновациялық білім берудегі құбылыс ретінде қарастырылады.

Кез келген инновация сияқты, педагогикалық қолдаудың өз авторлары, өзінің қалыптасу тарихы бар. Оны теориялық зерттеу және тәжірибеде іске асыру Олег Семенович Газман басқарған ғылыми қызметкерлеріне бұйырды. Зерттеу жұмысы Ресей білім беру Академиясының «Тәрбиеде инновацияларды жобалау» педагогикалық зерттеулер институтында орындалды. Олег Семенович Газман қайтыс болғаннан кейін жұмысты «Білім беруде баланы педагогикалық қолдау» лабораториясында оның шәкірттері және ізбасарлары жалғастырды.

Дайындалған тұжырымдама және модель негізінде сынып тәрбиешілерін даярлау жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық қолдау технологиясын меңгере отырып, педагогтар әлеуметтік-педагогикалық жобалау принциптерін игереді.

Білім берудегі педагогикалық қолдаудың әдіснамалық және мәдени негіздері бірінші кезекте педагогикалық білім мен тәжірибені құрудағы гуманистік дәстүрлер және антропологиялық тұғырлармен байланысты [3].

Адамзат мәдениетіндегі құбылыс ретінде гуманизмнің пайда болуы Қайта өрлеу дәуіріне — XVI-XVII ғ. басындағы Еуропа тарихының жарқын кезеңіне жатады. Оны мәдениет дамуындағы басқа кезеңдерден адамға деген үлкен қызығушылық ерекшелендіреді. Қайта өрлеу адамзат ойының, мәдени өмірдің барлық саласындағы — философия, әдебиет, өнер, ғылымдағы ұшан-теңіз жұмыспен байланысты. Адамға деген шексіз қызығушылық Қайта өрлеу дәуірінің жетекші идеялық бағытына — гуманизмге ат берді (лат. homo, humanus — адам, адами).

Түрлі міндеттерге байланысты баланы қолдау идеясы қандай да бір формада гуманистік құндылықтардың артықшылықтарын паш еткен көптеген білім беру жүйелерінде орын алды. Білім берудің гуманистік жүйелерінде баланың бүкіл даму үдерісі оның табиғи мүмкіндіктерін қолдау болып саналады.

Егер білім беру жүйелерін гуманистік және авторитарлық деп бөлетін болсақ, онда ең қатаң, оқушыларды педагогикалық қолдаудың қажеттігін тудыратын сынып-сабақтық жүйе болып табылады. Осындай салдары болатынын біле отырып, Я. А. Коменский өзі эмоционалдық, интеллектуалдық және психикалық күйзелісті болдырмаудың ішкі және сыртқы механизмдерін ұсынған болатын.

Бүгінде жаңа педагогикалық технологияның дамуы және кеңінен қолданылуы нәтижесінде (Е. А. Александрова, М. В. Алешина, О. М. Кодатенко және т. б.) педагогикалық қолдау идеясы оқу орнына, оның мақсатына, оқытудың міндеттері мен шарттарына байланысты көшіріледі және нақтыланады [3].

Педагогикалық қолдау ұғымының ғалымдар берген түрлі түсініктемелері бар. Мәселен, Австралияда — бұл ұнамды өзгерістерде тұлғаға көмек және ықпал жасау; Ұлыбританияда — қамқоршылық, пасторлық көмек, таңдау жағдаятындағы көмек; Голландияда — бұл балаға оқу үдерісінде және кәсіби таңдауда психологиялық-педагогикалық көмек; АҚШ-та — мектептік психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Ресей ғалымдары педагогикалық қолдауды гуманистік парадигма бағытында қарастырады «ересек адам мен баланың тұлғалық өзара әрекетін ұйымдастыру технологиясы, педагогикалық сүйемелдеуші, тұлғалық даму үшін психологиялық қолайлы жағдай жасау үдерісі, тәрбиелік технология ретінде сипаттайды.

Педагогикалық қолдауды жүзеге асыра отырып, шектеу сезімін сақтау, педагогикалық такт мәселелерін басшылыққа алу маңызды.

Тәрбиенің гуманистік парадигмасының негізгі идеяларының бірі — педагогтың тәрбиелік позициясының негізі тәрбиеленушіге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету идеясы болып табылады. Әрбір баланың өмірінде күрделі мәселелер мен қиын міндеттер туындайды, демек, проблемасыз бала болмайды. Педагогикалық қолдау баланың өмірінде проблема туындаған кезде қажет. Проблема деген не? С. И. Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде проблема — шешуді, зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе делінген. Педагогикалық қолдау деп балалардың дене және психикалық денсаулығына, қарым-қатынасына, оқуда табысты алға жылжуына, сондай-ақ өмірлік және кәсіби болашағын таңдап ала білуге байланысты жеке басының проблемаларын шешуде кәсіби педагогтардың бірінші болып жедел көмек көрсету әрекетін айтамыз. Педагогикалық қолдау көрсетудің мәні: басқа біреуге сенімділік дарыту; оның бойында бар оң қасиеттерді бекіте түсу; дамуына кедергі келтіретін, ауырлық, жүк болып жүргендерінен арылуға жәрдемдесу [3].

Педагогикалық қолдау әсіресе қорғансыз әрі жараланғыш балаға қиын-қыстау жағдайда көмекке келу үшін қажет. Бұл қолайсыз әлеуметтік жағдайлар мен психологиялық күйзелістен ашық түрде және моральдық қорғау, жамандыққа өз бетінше қарсы тұра білуіне жағдай жасау. Бұл баланың денсаулығына, оқуда алға жылжуына, қарым-қатынастары мен өмірде өзін-өзі таба білуіне байланысты жеке басының проблемаларын шешуге бағытталған алдын алушылық және жедел көмектер. Педагогикалық әрекеттің мәні — оқушыға жеке басындағы кедергілерді жоюға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар оны өзінің проблемаларын тани білуге және оны шеше білу әдістерін меңгеруіне көмектесу. Педагогикалық қолдауды жүзеге асыруда өсіп келе жатқан адам бұл қолдауды қабылдауы үшін оны неге үйрету қажеттігін нақты білу өте маңызды.

Әдебиет:

  1. Ожегов С. И. Толковый словарь русского языка. — М.: Мир и Образование, Оникс, 2011. — 736 с.
  2. kk.wikipedia.org
  3. Михайлова Н. Н. Педагогика поддержки: Учебно-методическое пособие. — М.: МИРОС, 2011. — 208 с.
Основные термины (генерируются автоматически): XVI-XVII, мена, педагогическая поддержка.

Ключевые слова

қолдау, педагогикалық қолдау, білім беру жүйесі

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері

Аталмыш мақалада автор биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды дайындау кезеңдерін, оны қолданудың негізгі талаптарын және дидактикалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында қолдануға қолайлы бағдарламаларды ұсынады.

Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту

Берілген мақалада көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселелері қарастырылады.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы

Мақалада көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Медицина қызметкерлері ұжымын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлі

Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.

Райымжан Мәрсековтың өмірі мен шығармашылығы

Мақалада Қазастан Республикасының XX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихына үлес қосқан ұлы тұлға заңгер Райымжан Мәрсеков туралы деректер берілген.

Задать вопрос