В статье рассматриваются возможности интеграции некоторых разделов математики с дисциплинами естественноеаучного цикла с целью повышения качества экологического образования в Казахстане.
Ключевые слова: окружающая среда, экологическое образование, Казахстан, учебный материал, экологическая безопасность Республики Казахстан.
Сабақ беру — жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж. Аймауытов.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді.
Елбасының № 1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама (ҚР Конституциясы, “Білім туралы”Заңы, ҚР “Қазақстан 2050” даму стратегиясы; ҚР “Білім” мемлекеттік бағдарламасы; “ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы”; “ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау’; “Экологиялық білім бағдарламасы”; “Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы”; “Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң және т. б. қаулы қаралар, баяндамалар және т.б бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды
Мектептегі білім мазмұнын құрылымына қойылатын қазіргі заман талаптарының бірі — дүние мен адам жөніндегі тұтас білімді жан-жақты қайта жасаумен сипатталады.
Білімге жаңа көзқарас, оның құнды мағынасын заманға лайықты түсінуден шығатын әлемдік тәрбиенің тұтас контекстімен арақатынасын белгілейді, білім мазмұны құрылымының нәтижесі ретінде білімнің жаңа формаларын жасауға бағыттайды. Бұл проблеманы шешудің тәсілдерінің бірі оқу материалының мазмұнын ұйымдастыру формасы ретіндегі интеграциясымен байланысты. Интеграция (латын тіліндегі қайта құру, толықтыру деген сөзден шыққан) кез келген элементтер мен бөліктерді тұтас біріктіруді көрсетеді. Интеграцияның диалектикалық аспектісі контексте оқу материалы мен ғылымның арақатынасын анықтау проблемасын қарастырады.Болашақ биология мамандықтарына экологиялық білім мен экологиялық тәрбие беру, оларды әлеуметтік жағынан дайындаудың негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, жастарды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру т. б. мәселелерді шешу мақсатын көздеп отырБүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты тәрбиелеу мен оқытудың жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және оны жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Биологияны жаратылыстану пәндерімен байланысында берілетін білім жүйесі материалды дүниенің бірлігі мен бүтіндігін көрсете отырып, мұндағы кез келген байланыстың үзілуі немесе түзілуі табиғаттағы тіршілік жүйесіне белгілі бір түбегейлі өзгеріс әкелетінін түсіндіріп, әрбір оқушының жаратылыстану пәндерінен білім деңгейін көтеріп қана қоймай, экологиялық білім мен тәрбиенің қалыптасуына да зор мүмкіндік ашады.
Физика пәніндегі атом құрылысы, химиялық байланыстар, химиялық реакциялардың жылдамдығы мен олардың жүру заңдылықтары, биологиялық тепе-теңдік ерітінділер және оның табиғаты, элоктролиттік диссоциация және оның теориясы, тотығу-тотықсыздану процестері, биогенді элементтер т. б. тақырыптардың қай-қайсысы болмасын, оларда қоршаған ортадағы заттардың айналымы, олардың биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттері мен құрылымдары, табиғаттағы кездесетін биологиялық-физикалық үрдістер мен оның заңдылықтары, заттардың тіршіліктегі рөлі, олардың өзара бір-бірімен байланысы т. б. сабақтастықта қарастырылады. Биологиядан пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім беру ісі оқушыларға қоғам мен табиғаттың тұтастығы, атмосфераның жер бетіндегі тіршіліктегі маңызы, атмосфераны ластаушылардың негізгі көздері мен олардың қоршаған орта мен тірі ағза тіршілігіндегі үрдістерге әсері, қоршаған ортаға әсер ететін биологиялық, физикалық, химиялық факторлар жайы, айналамыздағы заттар зиянды қоспалардан тазартудың жолдары мен әдістері, ол тазартулар бүгінгі күндегі жаңа технологиясы жайлы т. б. түсінік қалыптастырылады. Материалдық денелердің бүкіл әлемдік тартылыс заңы (гравитация заңы); электр зарядтарының өзара әсерлесу заңы; тогы бар өткізгіштердің әрекеттесу заңы т. б. табиғат заңдары да объективті заңдарға жататындықтан, ол биологияның, физиканың, яғни жаратылыстану ғылымдарының заңдарымен өзара тығыз байланыста болады. Қоршаған ортадағы барлық материалдық денелер — бүкіл әлемдік тартылыс заңына зарядталған денелер — Кулон заңына магнит өрісінде қозғалыста болатын өткізгіштер — Фарадей заңына бағынады. Ал, Ньютон заңының тек күн жүйесінде ғана емес, галактикадағы жұлдыздар жиынтығы үшін де, заттардың ең ұсақ бөлшегі — атом үшін де қолданылатыны физика курсынан белгілі. Энергияның сақталу заңы (Гельмголц, Майер, Д.Джоуль); табиғат құбылыстарының барлығында да әрқашан энергияның бір түрі басқа түрге айналып отырады; энергия бір денеден екінші денеге беріліп отырады. Мысалы, өсімдіктер тіршілігінде маңызды қызмет атқаратын фотосинтез үрдісі барлық тірі ағзаның өмір сүруіне қажетті көмірсулардың көзі болып саналады Күн сәулесі энергиясының 42 %-ы жер бетінің ашық кеңістігіне таралса, 58 %-ы атмосфераға және топыраққа сіңеді. Осы сіңірілген энергияның 20 %- жер бетінен шағылысатын болса, 10 %-ы мұхиттар мен теңіздердің суларының булануына жұмсалады. Жер бетіндегі жасыл өсімдіктер жылына кДж энергия қоры жинақталған 100 млрд. тонна органикалық заттар түзеді. Осы жерде энергияның жоқтан бар болмайтыны және оның бір түрден екінші түрге айналып, өзгеріп отыратынына оқушылардың көзі жетеді.Температура — тірі ағзалардың дамуы және таралуы үшін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып саналады. Жалпы тірі ағзалардың температурасы қоршаған ортаның температурасының өзгерісіне тәуелді. Демек, зат алмасуды құрайтын барлық реакциялардың жылдамдығы да температураға тәуелді. Қоршаған ортаның температурасының өзгерісі ағзадағы зат алмасу үрдісіне, егер ол өзгеріс әртекті болса қоршаған ортаның экологиялық проблемасын ұшықтырады. Жылуды сақтау және оны қажетіне қолдану үрдісін агрономдар үшін қарды тежеу жұмыстары негізінде түсіндіруге болады. Бұл жұмыс тек өсімдіктердің тамыр жүйесін жылумен қамтамасыз етіп қана қоймай, топыраққа ылғал қорының жинақталуына және оны сақтауына бағытталатыны белгілі. Энергияның сақталу және айналу заңының тек физикалық емес, оның табиғат заңдарына да жататынын байқаймыз.
Сонымен Жаратылыстану пәндері арасындағы үздіксіз өзара байланыс нәтижесінде ондағы биологиялық, физикалық, химиялық, экологиялық ұғымдардың байланысын өзара сабақтастыра отырып, бүгінгі экологиялық мәселелерді оларға қатыстыра, берілетін материалдар негізінде экологиялық білім жүйесін мамандықтарына сәйкес маңыздылығына қарай бағыттап қарастырудың мүмкіндігі мол.
Әдебиеттер:
- ИФМ журналы 97-№ 2 Қазақбаева Д. «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру»
- ИФМ журналы 94-№ 6 Б.Айтуллина, В.Павловская «Пәнаралық байланыс»
- «Қазақстан-2050» дейінгі «Қазақстанның даму шараларын іске асыру стратегиясы туралы» Президент жарлығы 28.01.2014ж.
- Қазақстан Республикасында 2014–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау туралы тұжырымдамасы. Астана 2003
- Шілдебаев Ж. Б. Экологиялық білім қалыптастырудың пәндік жүйесі. Бастауыш мектеп, № 4, Алматы., 2004 [15–24 б.]