Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №39 (277) сентябрь 2019 г.

Дата публикации: 27.09.2019

Статья просмотрена: 1387 раз

Библиографическое описание:

Жайлауова, М. К. Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру / М. К. Жайлауова, Т. Т. Мейрамова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 39 (277). — С. 284-285. — URL: https://moluch.ru/archive/277/62653/ (дата обращения: 24.04.2024).



Аталмыш мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасын қарастырады.

Кілт сөздер: метапәндік құзіреттілік, оқушы, әмбебап оқу әрекеті.

В данной статье авторами рассмотрена проблема формирования метапредметных компетенций младших школьников.

Ключевые слова: метапредметная компетенция, ученик, универсальные учебные действия.

Метапәндік құзыреттіліктер білім алушылар игеруі тиіс оқытудың негізгі нәтижелері тізіміне енгізілген. Метапәндік құзыреттілік түйінді және әмбебап оқу әрекетін жүзеге асыруда бағыттаушы болып табылады. Оқушылардың әмбебап оқу әрекетін жүзеге асыру қабілеті мен оған дайындығы бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып мұғалімінің негізгі міндеттерінің бірі — әр сабақта және сыныптан тыс іс-шараларда оқушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушысы әмбебап оқу әрекетін қолдана отырып, алынған ақпаратқа бағдарлануды, оны толықтыруды және алға жылжуды үйренеді. Метапәндік қатынас оқушының тұтас тұлғасын қалыптастыруға, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [1].

Метапәндік құзыреттілікті қалыптастыру оның тұлғалық өсуіне жағдай жасай отырып, әрбір оқушыны әрекеттің сан алуан түрлеріне тартуды қарастырады.

Бастауыш сынып оқушыларында төмендегі біліктерді қалыптастыру маңызды: талдамалық біліктер; оқу-ақпараттық біліктер; түрлі дереккөздерден ақпарат алу білігі; жоспар құра білу білігі; берілген тақырып бойынша материал іріктей білу білігі; жазбаша тезистер құра білу білігі; дәйексөздер таңдап алу білігі; кесте, сызба, графиктер құра алу білігі.

Коммуникативті-тілдік метапәндік біліктер: ауызша байланыстырып сөйлей алу білігі; орфоэпиялық және грамматикалық нормаларды сақтай білу білігі; ойдың интонациялы-мағыналық бөлігін бөле білу білігі; эмоционалдық паузаларды сақтай білу білігі; хабарламалар мен баяндамаларда сөйлеудің белгілі бір стилін сақтай білу білігі; көрнекіліктің түрлі құралдарын қолдана алу білігі; өз пікірін білдіре алу және оны дәләлдей алу білігі; ғылыми-зерттеу жұмыстарын безендіре білу білігі; мәтіннің мазмұнын айтып бере білу білігі (толық, ішінара, қысқа); пікірталас жүргізе білу білігі [2].

Аталмыш білім беру нәтижесіне қол жеткізу үшін оқушылардың топтық жұмысы мен тірек сызбаларды құруға ерекше көңіл бөлген жөн.

Бұл әдістеме жаңа емес, бірақ дәл осы тірек сызбалар ақпараттың үлкен көлемін кодтауға, талқылау үшін логикалық тізбектер құруға, яғни білім берудің қазіргі, ақпараттық кеңістігінде әрекеттің жаңа тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.

Біз тірек сызбаларды ереже бойынша (мысалдарды талдау), сондай-ақ бүкіл тақырыптық блок бойынша да(оқушылардың дайын жұмыстары) құрастырдық.

Өз бетінше ізденіс-зерттеу ұйымдастыра отырып, оқушы өзі үшін оқылған нәрсені жаңадан ашады. Мәтінді талдау кезінде түсіндірмелі оқу, әңгімелесу тәсілдері қолданылды.

Тірек сызбаларды құрастыру ғана емес, сонымен бірге оларды таныстыру да маңызды.

Бұл жұмысты оқушылармен бірге талдау қажет. Бағалаудың түйінді критерийлері ретінде қарастырылады: 1) жауаптың толықтығы және дұрыстығы; 2) оқып үйренгеннің саналылығы, түсіну деңгейі; 3) жауаптың тілдік безендірілуі [1].

Тәжірибе бұл әдістемені қолдану белгілі бір нәтиже беретінін көрсетті. Біріншіден, сабақта оқып-үйренетін материалдың көлемі біршама артады, өз бетінше жұмыс дағдысы қалыптасады, оқушылар пән бойынша неғұрлым берік білім көрсетеді.

Екіншіден, бұл технологияны пайдалану оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, олардың тілін, ойлауын, шешендік өнерін дамытуға ықпал етеді.

Әрбір оқушы метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру барысында төмендегі жолдардан өтеді: 1) бастапқыда түрлі оқу пәндерін оқып үйрену барысында оқушыда әмбебап оқу әрекетін орындаудың алғашқы тәжірибесі және оны өз бетінше орындауға мотивация қалыптасады; 2) алынған тәжірибеге сүйене отырып, оқушы осы әмбебап оқу әрекетін орындаудың жалпы тәсілі жайлы білімдерді меңгереді; 3) одан соң әмбебап оқу әрекеті түрлі оқу пәндерінің мазмұнын оқыту тәжірибесіне ендіріледі, өзіндік бақылау, қажет болған жағдайда оны орындауды түзету, қарастырылады; 4) соңында осы әмбебап оқу әрекетінің қалыптасқандық деңгейін бақылау және оны білім беру тәжірибесінде жүйелі қолдану ұйымдастырылады.

Әдебиет:

  1. Пляскина С. А. Формирование метапредметных компетенций у младших школьников // Молодой ученый. — 2016. — № 28. — С. 937–939.
  2. Болтаева Г. С. Возможности реализации метапредметного подхода в начальной школе // Молодой ученый. — 2013. — № 12. — С. 406–409.


Ключевые слова

оқушы, метапәндік құзіреттілік, әмбебап оқу әрекеті
Задать вопрос