Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №39 (277) сентябрь 2019 г.

Дата публикации: 27.09.2019

Статья просмотрена: 572 раза

Библиографическое описание:

Жайлауова, М. К. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері / М. К. Жайлауова, Айнагуль Абуова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 39 (277). — С. 282-284. — URL: https://moluch.ru/archive/277/62652/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Кілт сөздер: оқушы, кітап, оқырман.

В данной статье авторами рассмотрены приемы формирования читательского интереса у младших школьников.

Ключевые слова: ученик, книга, читатель.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі — бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.

Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

– сабақтың және сыныптан тыс әрекеттің сан алуан формаларын пайдалану арқылы оқуға деген қажеттілікті (өз бетінше, бастамашыл) дамыту;

– әдеби ойындар, шығармашылық конкурстар, театрландыру элементтері бар сабақтарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын дамыту;

– балалардың шығармашылығын ынталандыру.

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын дамыту бойынша жұмысты төмендегі бағытта ұйымдастыруға болады:

– әдебиеттік оқу сабағы;

– сыныптан тыс сабақтар;

– кітапханамен бірлескен жұмыс;

– ата-аналармен жұмыс.

Бастауыш мектепте «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі — дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру [1].

Оқырмандық қызығушылықты дамыту бойынша тәсілдер сан түрлі.

А. В. Хуторской өз кітабында солардың негізгілерімен таныстырады: әдеби мереке, әдеби ойын, әдеби қонақжай, театр фестивалі, пікірсайыс, концерт, сұхбат, эссе, үйірме, олимпиадалар, конкурстар, викториналар, топсаяхттар, пікірталастар, мәнерлеп оқушылардың сайысы және т. б. [2].

Бастауыш мектепте оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру бойынша жоғарыда аталған ұйымдастыру формалары мен әрекет түрлерінен басқа С. А. Смирнов мыналарды ұсынады:

– Балалар ойнайтын кітаптың эпизодынан сахналық көрініс.

– Әркім өз бетінше оқитын кітапқа суреттер мен плакаттар.

– Кітаптың мәтіні бойынша мектептік спектакль.

– Әдеби шығарма бойынша театр спектакліне бару.

– Кітапханашының кітапхана ішінде кеңес беруі.

– Сыныптың шағын кітапханасын жасау.

– Өз бетінше оқуға ұсынылған кітаптың плакаттық формасы.

– Топтағы «тыныш оқу» (барлығы өзінің сүйікті кітабын оқиды) [3].

Е. С. Антонова бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын дамыту бойынша жұмыста басты нәрсе әдеби ойындар мен әдеби мерекелерді ұйымдастыру деп есептейді [2]. Ойын әрекеті кіші мектеп жасындағы балалардың жетекші әрекеттерінің бірі болып қала береді.

Әдеби ойындар бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты және пайдалы. Әдеби ойындар негізінде жекелеген үзінділер бойынша көркем шығармаларды тану, берілген сөздер бойынша ұйқасты немесе өлең жолын қайта жаңғырту, оқылған шығармалар бойынша сұрақтар қою және оған жауап беру (викториналар, кроссвордтар), әдеби кейіпкерлердің аттарын, авторлардың тегін, сұрақтар топтамасы бойынша кітаптар мен шығармалардың атауларын (шарадалар) шешу, кейіпкерлер мен кітаптарды сипаттамасы бойынша қайта жаңғырту және т. б. жатады.

Әдебиеттік ойындар — сөздік ойынмен салыстырғанда, пәні жеке сөздер немесе құрылымдар болып табылатын, сюжеті немесе мағыналық негізі болмайтын бар нәрсені өзгерту немесе жаңаны құру мақсатындағы мәтінмен ойын [3].

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен дер кезінде байланыс жасау балалардың оқырмандық қызығушылығын тереңдететін қажетті және сенімді көмекшілер табуға мүмкіндік береді.

Ауызша журнал — 45 минутқа есептелген театралды қойылым, онда журналдың барлық сыртқы белгілері сақталады: балалардың өздері ойлап табатын «мұқаба», атауы, эмблема.

Сабақ-ертеңгіліктер берілген оқу кезеңінде мұғалім мен оқушылардың жетістіктерін қорытынды ашық көру болып табылады. Сабақ-ертеңгіліктерді мерекелер деп атауға болады. Мектеп кітапханашысы мен мұғалім ертеңгіліктерге прозалық шығарма, өлең, әндер, жұмбақтар, қойылымдар іздейді. Бұл сабақтарды бастауыш сынып оқушылары үшін жүргізген дұрыс.

Күнделікті оқу әрекетінде сабақ-есептер өте маңызды. Бұл мектептен тыс бағдарлама бойынша кітап оқу (сыныптан тыс оқу) жайлы есептің бір түрі іспеттес. Аптасына екі рет жүргізіледі. Сабақ-есептерге оқырман күнделігін жүргізу қажет. Онда оқушылар қызықты сәттерді, эпизодтарды көрсетеді, суреттер салады. Оқушыларға оқырмандық күнделікті қалай жүргізу керектігін түсіндіру қажет.

Кітапхана сабағын мектеп кітапханашысы мен бастауыш сынып мұғалімі өткізеді. Ол кез келген тақырыпта бүкіл оқу жылы бойына өткізілуі мүмкін. Тақырыптар мектеп кітапханашысының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына жазылады.

Құрастыру — бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін шығармашылық жұмыстың қызықты формасы. Құрастыру бір мезгілде оқушылардың оқырмандық және танымдық қызығушылықтарын дамытуға көмектеседі. Бастауыш сынып оқушылары кез келген тақырыпта құрастыра және қиялдай алады. Дегенмен мұғалім басшылықты жүзеге асыруы, тақырыптар ұсынуы, белгілі бір жоспар құруы қажет [2].

Кітаптың жарнамасыдәл осы кезеңде оқылып жатқан шығарма жайлы әңгіме.

Бастауыш сынып оқушыларының үлкен қызығушылығын тудыратын тәсілдердің бірі — мәнерлеп оқу конкурсы. Әдеби шығармалардың театралды инсценировкалары, театралды қойылымдары да білім алушыларды қолына кітап алуға шақырады.

Мәтінмен мұндай жұмыс мәтінді талдай білу, жекелеген элементтердің байланысын анықтай білу білігін (тақырыптың, кейіпкерлердің, авторлық ұстанымды көрсету тәсілдерін), өз ойын жеткізе білу білігін дамытады, түсінуге және ұғынуға үйретеді.

Cонымен, қазіргі және инновациялық әдістерге негізделген әдебиеттік оқу сабақтары оқырмандық қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді. Ол, өз кезегінде, бастауыш сынып оқушыларының одан әрі дамуына және табысты оқуына оң әсер етеді; оқу бағдарламасынан тыс отандық және шетелдік әдебиеттің ең үздік шығармаларын оқып үйрену оқырмандық талғамды қалыптастыруға ықпал ететін болады; оқуға мотивацияның артуы оқуға тұрақты қызығушылықтың қалыптасуына бастайтын саты болады.

Әдебиет:

  1. 2019–2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. — Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. — 384 б.
  2. Антонова Е. С. Как я воспитываю интерес к книге // Начальная школа плюс до и после. — 2006. — № 12. — С. 27–28.
  3. Жесткова Е. А. Творческие задания как средство формирования читательской компетенции младших школьников // Современные фундаментальные и прикладные исследования. — 2013.- № 3. — С. 17–20.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Ключевые слова

оқушы, кітап, оқырман

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Аталмыш мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасын қарастырады.

Абай даналығы, шығармашылығы, ұрпақ сабақтастығы

Берілген мақалада авторлар Абай Құнанбаевтың ұрпақтарын қарастырады.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Қашықтықтан оқыту дарынды балалармен жұмыс жасау құралы ретінде

Жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дарынды балаларды оқыту мәселесі талданған.

Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру

Мақалада оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары

Берілген мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту

Берілген мақалада көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселелері қарастырылады.

Задать вопрос