Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №36 (274) сентябрь 2019 г.

Дата публикации: 08.09.2019

Статья просмотрена: 1474 раза

Библиографическое описание:

Аширхатова, М. А. Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелер / М. А. Аширхатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 36 (274). — С. 149-151. — URL: https://moluch.ru/archive/274/62312/ (дата обращения: 24.04.2024).

Мақалада мәдени таңбаланған сөздердің қатарына кіретін идиомалардың ерекшеліктері көрсетілген. Ағылшын тіліндегі идиомаларды қазақ тіліне аудару барысында туындайтын мәселелер қарастырылады және отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары кеңінен талданады. Сонымен қатар ағылшын және қазақ тіліндегі идиомалардың ұқсастықтарын салыстырмалы-салғастырмалы әдіс арқылы зерттей отырып, аударма мәселелерін шешуге арналған стратегиялар ұсынылады. Қорытынды бөлімде, идиомаларды аудару үшін мәдени және әлеуметтік-лингвистикалық аспектілердің маңызды екендігі, оған қоса кәсіби аудармашының қос тілде терең және жетік білімінің болуы үлкен рөл атқаратындығы айтылады.

Кілт сөздер: идиома, тұрақты сөз тіркестері, аударма теориясы, аударма әдістері, ұлттық ерекшелік.

В статье рассматриваются проблемы, возникающие при переводе идиом на английский язык, анализируются выводы отечественных и зарубежных ученых. Кроме того, предложены стратегии решения проблем перевода с примерами аналогии идиом на английском и казахском языках с использованием сравнительно-сопоставительного метода.

Ключевые слова: идиома, теория перевода, методы перевода, национальные особенности.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты ұлттар арасындағы кеңістіктер жақындасып, қашықтықтар қысқарды. Енді адамдар өз үйінен алысқа ұзамай-ақ бір-бірін біле бастады. Нəтижесінде ортақ мүдде мен бірегей мақсат пайда болды.Соның аясында халықтар достығының дəнекері ретінде аударма өнері жандана бастады.

Аударма араласпайтын, аударма қатыспайтын мəдени өмірдің бірде-бір саласы жоқ. Аударма сөзінің мағынасы кең. Бұл тек бір тілден екінші тілге әртүрлі іс-қағаздарды, әдеби шығармаларды, дипломатиялық және саяси құжаттарды аудару ғана емес, сонымен қатар екі елдің мәдениетін ұштастыру, дүние жүзі халықтарының бірлігі мен ынтымағының жаршысы болу.

Түрлі ұлт өкілдерінің санасында және мәдениетінде көрініс тапқан өзіндік тілдік айырмашылықтар мен ерекшеліктерді аудару белгілі бір аударма мәселелерін туғызады. Соның ішінде аударма тəжірибесінде идиомалардың екінші тілге баламасын беруде түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді. Өйткені əр тілдегі идиомалардың мағыналық жəне стилистикалық қызметі әртүрлі болады. Оның құрамына кірген сөздердің байланысы да əр тілде əрқилы. Міне, осыларды аудару кезінде әр тілдің өзіне ғана тəн сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді. Тиісінше, аталған ерекшелік идиомаларды аударудың өзекті мәселе қатарына енуіне себепші болады.

Идиома дегенміз бірнеше сөздерден құралған, өзара семантикалық байланысы берік біртұтас сөз тіркестері. Олар мәдени таңбаланған, ұлттық бояуы бар ерекше топқа жатады. Сөздердің орнын ауыстыруға, өзге сөзбен алмастыруға болмайтын сөз тіркестерінің жалпы біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының негізгі, номинативті мағынасынан мүлдем алшақ болып табылады. Лингвисттер мен ғалымдар бұл терминге түрлі анықтамалар берген. Мысалы идиома терминин қазақ тілінде І.Кеңесбаев фразеологиялық түйдектер деп атаса [1,4], Қ.Аханов пен Ә.Болғанбаев фразалық тұтастықтар немесе фразеологизмдер деп атаған. Филология ғылымдарының докторы Қ.Аханов тұрақты сөз тіркестерін зерттей келе, олардың мынадай ерекшеліктерін көрсетеді:

Біріншіден, “тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орны еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнына қарағанда əлдеқайда тұрақты, бекем болады” [2, 241].

Екіншіден, “тұрақты сөз тіркестерінен туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы сыңарлардың мағынасынан басым болады” [2, 241].

Үшіншіден, “тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші тілге аударуға икемсіз келеді, əсіресе оларды тікелей, сөзбе-сөз аударуға болмайды” [2, 242].

Бұдан шығатын қорытынды, идиомалар жаңадан тіркесуді қажет етпейтін, əркімнің өз қалауынша өзгертуін қаламайтын, бұрыннан дайын, берік және жинақы материал. Мысалы: қабырғаңмен кеңес (ойлан), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), сиыр құйымшаққа салу (бір нәрсені созып кету), беті бері қарады (айыға бастады).

Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты идиомаларға өте бай, көркем тіл. Атап өтетін ерекшеліктердің бірі, ағылшын тілінде идиомалар күнделікті тұрмыста ғана емес, ресми кездесулерде, саяси жиындарда, поэзия мен прозада да кеңінен қолданылады. Көптеген идиомалық тіркестер ағылшын тілінде тұрмыс-тіршілікпен, күнделікті тұрмыстық заттармен ұштасып жасалынылады. Мысалы: to be born with a silver spoon in one's mouth, to hit the nail on the head, to make a clean sweep of something, to eat humble pie, to be in the soup т. б. Осы тұста белгілі лингвист Ю. А. Шафрин: “идиома — это ряд слов, употребляемых совместно и сообщающих этому ряду значение, не совпадающее со значением каждого из слов идиомы, взятого поодиночке”,- деп анықтама береді [3, 19].

Аударма тəжірибесінде идиомаларды екінші тілге берудің неше түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырымдар жасалып жүр. Әр тілдегі фразеологизмдердің мағыналық жəне стилистикалық қызметі алуан түрлі болады. Оның құрамына кірген сөздердің байланысы да əр тілде əрқилы. Міне, осыларды аудару кезінде əр тілдің өзіне ғана тəн сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді. Осыған орай лингвист Balfaqeeh былай деп тұжырымдайы: “Идиомаларды аудару қиын. Кейде бірнеше сөзден құралып, бір ғана нақты мағына беретін сөз тіркесін аудармақ түгілі, бір сөздің дұрыс эквивалентін табу өте күрделі болып табылады”. [4]. Бұл дегеніміз идиомалардың тек өзіне тән мәдени және ұлттық бояуы бар, ерекше сөз тіркесі дегенді білдіреді.

Академик ғалым І. Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөзігі” атты еңбегінде идиомаларды аударуға байланысты өз тұжырымдарын айтқан. Идиома, фраза және мақалдың бір-бірімен өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдай отырып, аудару жолдарын қарастырады. Олардың екінші тілде баламасын беруге бола ма, жоқ па деген сұрақтарға ғалым жауапты аталған терминдердің өзіне тән қасиеттерінен іздейді. Терминдердің ерекшеліктерін жеке-жеке талдай отырып, сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін түйеді. Әрбір жеке тілге ғана тән болып табылатын идиомалардың баламасын «калька» әдісімен беруге болады деп түйіндеген [1, 5]

Ал профессор М.Қаратаев “Тынық Донның” қазақшаға аударылуы және көркем аударманың кейбір мәселелері» деген мақаласында тіл проблемасының, соның ішінде «орыс тілінде де бар, бейтарап идиома деп аталатындардың қалай шешілгенін сөз етеді. Автор жалпы идиома атаулының екі түрін бөліп алып, олардың аударылғыштық қасиетін тексереді. “Бейтарап идиомдар” және “ұлттық өз бояуы, ерекшелігі бар идиомдар” деп екі топқа бөліп қарастырады. Зерттеушінің пікірі бойынша, бұлардың алғашқыларын “дәлме-дәл, тіпті сөзбе-сөз дерліктей етіп аударуға мүмкіндік бар” [5, 21]. Ал ұлттық ерекшелігі бар идиомаларды дәл бұлай аударуға болмайды. Сөзбе-сөз аударғанда түпнұсқа мағынасын беру мүмкін емес.

Ал аударма саласына ауқымды үлес қосқан ағылшын профессоры М.Бэйкердің аударма қиыншылықтары мен әдістеріне жасаған классификациясына сүйенсек, идиомаларды дұрыс және адекватты аудару үшін тілдің көптеген факторларына баса назар аудару қажет. Олардың ең маңыздылары: мәдени фактор, лингвистикалық фактор, стилистикалық фактор және әлеуметтік-линвистикалық аспектілер.

Сәйкесінше автор идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелерді мынадай 4 топқа бөледі. Олар:

  1. Идиоманың екінші тілде яғни аударылатын тілде баламасының (эквивалентінің) болмауы;
  2. Идиоманың екінші тілде ұқсас баламасының болуы, алайда оның қолданылу аясының сәйкес келмеуі;
  3. Идиоманың бастапқы тілде тура мағынада және ауыспалы яғни идиомалық мағынада қатар қолданылуы;
  4. Бастапқы тіл мен екінші тілдегі идиомалардың тақырыптық аясы мен қолданылу жиілігінің әртүрлі болуы [6, 65–71].

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді жеке талдар болсақ, идиоманың екінші тілде баламасының болмауы жиі кездесетін және аударылмауға әсер ететін факторлардың бірі. Оның ең басты себебі қос тілдің әртүрлі типологиялық және генеологиялық топқа жатуы. Мысалы қазақ тілінен қырғыз тіліне немесе қазақ тілінен түрік тіліне аудару салыстырмалы түрде жеңіл. Өйткені олар туыстас түркі тілдері. Сәйкесінше бұл тілдердің ұқсас жақтары өте көп және семанткалық тұрғыдан мағыналас болып келеді. Ал түркі тілдер тобынан үндіеуропалық тілге аудару күрделірек, лексикалық және стилистиалық жағынан айырмашылықтар көп.

Екіншіден, түпнұсқа тіл мен аударылатын тілдердегі идиомалардың қолданылуы мен тақырыптық аясының үйлеспеуі. Идиомалар белгілі бір тарихи жағдайларға, күнделікті тұрмыс-тіршілік немесе діни түсініктермен ұштасып жасалынады. Тиісінше әр ұлттың мәдениеті мен тарихына байланысты оларды түсіну оған қоса өзге тілде баламасын және қолданылу салаларын анықтау қиындық туғызады.

Мысалы қазақ тіліндегі “екі қоянды бір оқпен атып алу” тұрақты сөз тіркесі ағылшын тілінде (to kill two birds with one stone) екі құсты бір таспен атып алу деп берілген, яғни қоян сөзінің орнына құстар сөзі берілген. “Ешкінің құйрығы көкке жеткенде, түйенің құйрығы жерге жетеді” деген тұрақты сөз тіркесінде ағылшындар (when pigs fly, when cow comes) ешкі, түйе сөздерінің орнына доңыз және сиыр сөздерін қолданған. Бұдан шығатын қорытынды қазақ және ағылшын идиомаларында жан-жануарларды қолдануы сол этностардың санасына қалыптасқан, әбден сіңген бейнесіне байланысты. Өз кезегегінде бұл өзгерістер аударма мәселелерін туғызады. Сол қиындықты шешу үшін кәсіби аудармашы тілдің ұлттық ерекшеліктерімен және тарихымен жете таныс болуы қажет.

Жоғарыда “идиома” терминін ғалымдар әртүрлі атағанын айтып өттік. М.Балақаев, Б.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтың “Қазақ тілінің стилистикасы” атты еңбегінде фразеологимдердің аудармасына арнайы тоқтаған. Олар фразеологизмдердің ерекшелігін былай көрсетеді:

  1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады.
  2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады.
  3. Мағына бірлігі сақталады.
  4. Екі сөзден кем болмайды. [7,107]

Мұнда авторлар мəселенің қиындығын айтып қана қоймай, фразеологизмдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударудың əртүрлі жолдарын қарастырады. Сәйкесінше үш түрлі тəсіл болуы ықтимал екенін дəлелдейді [7,107]. Олар:

Біріншіден, “фразеологизмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі”. Мысалы: “apple of discord” — егестің басы [7,108].

Екіншіден, “фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мəндес келетіндігі ескерілетінін” айтады. Мысалы: “cherish as the apple one's eye” — көздің қарашығындай сақтау, т.б [7, 107]. Тілдегі фразеологизмдердің өзара сəйкес, мəндес келуі, шынында да аударманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. Мұның аударма жұмысын едəуір жеңілдететіні сөзсіз.

Үшіншіден, “көптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударылады”. Мысалы “as like as two peas” — екі тамшы судай немесе судың қос тамшысындай. [7, 108]

Аталған кітаптың авторлары фразеологизмдерді аударудың бірнеше тəсілдерін талдай отырып, аудару процесінде кетіп жататын қателердің себебін анықтауға тырысады. Мұндай жағдайда, əр халықтың тілді қолдану дəстүрін мұқият ескере отыруы, əрбір тұрақты тіркестің шығу, жасалу төркінін зерттеп білу қажет екенін басты шарттың бірі есебінде ұсынады.

Қорытынды. Түйіндей келе, көркем аудармада идиомаларды аудару өте қиын әрі күрделі мәселелердің бірі саналады. Оны дұрыс шешудің жолы идиомалардың табиғатын терең түсінуде жатыр. Оның түрлерін, соған орай көркем туындыда атқаратын қызметін жете ұғып алмай тұрып, екінші тілге аудару қиын. Идиомдарды аударуға болады жəне аудару қажет. Тиісінше мынадай негізгі 3 аударма стратегияларын ұсындық: 1) аударма барысында жалпы мағынасын беру; 2) олардың өзара мəндес, ұқсас эквивалентін табу; 3) сөзбе-сөз аударма немесе калька әдісі арқылы аудару.

Сонымен қатар, тілдің мәдени және әлеуметтік-лингвистикалық ерекшеліктерін назарда ұстау — сәтті аударманың алғышарттарының бірі. Кәсіби аудармашының қос тілдегі терең және көпжақты білімі мен біліктілігі, ұлттық бірегейлілік пен мәдени айырмашылықтарды жетік білуі маңызды рөл атқарады.

Әдебиет:

1 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1977.-4–5 б.

2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 2-ші басылым.-Алматы: Мектеп, 1978.- 241 б.

3 Шафрин Ю. А. Идиомы английского языка.- Москва: Лаборатория знаний. 2003.-19 б.

4 Belfaqeeh, N. Strategies for translating idioms and culturally-bound expressions within the human development genre // M.A. dissertation, University of Birmingham, 2009

5 Қаратаев М.Қ. «Тынық Донның» қазақшаға аударылуы жəне көркем аударманың кейбір мəселелері. — Алматы, 1960.

6 Baker, M. In other words: A coursebook on translation. London and New York: Routledge, 1992.

7 Балақаев М. Жанпейісов Б. Томанов М. Манасбаевтың Б. Қазақ тілінің стилистикасы. 3-ші басылым.-Алматы: Дәуір, 2005.-107–108б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Идиом, английский язык, бар, немес.

Ключевые слова

идиома, тұрақты сөз тіркестері, аударма теориясы, аударма әдістері, ұлттық ерекшелік

Похожие статьи

Особенности перевода английских идиом, содержащих в своей...

В английском языке очень много идиом, имеющих морское происхождение. И это не случайно, ведь история Великобритании — островного государства — всегда была тесно связана с покорением морей. Некоторые из этих идиом особенно интересны и привлекли наше внимание

Использование идиом в обучении английскому языку в средней...

Данная статья посвящена использованию идиом при обучении английскому языку.

«Идиомы — это словосочетание, понимаемое в переносном значении и состоящее из двух или более слов, значение которого не определяется значением входящих в них слов.

Body Part Idioms in English and Uzbek: A Contrastive Analysis and...

To master language, learning idioms is an important way. They are a typical component of English, and spoken English in particular, and are used more and more widely in everyday conversations. The image of human body parts is contained a large portion of idioms.

Дефиниция идиом: некоторые особенности английского...

Вопросы непосредственого перевода с одного языка на другой, в нашем случае с английского языка на узбекский, особенно художественной литературы, закономерно ставят перед переводчиком передачи лингвистических и лексикологических особенностей одного языка в...

The difficulties in learning English idioms | Статья в журнале...

All languages have phrases or sentences that cannot be understood literally. Even if you know the meaning of all the words in a phrase and understand all the grammar of the phrase completely, the meaning of phrases may still be confused.

Библеизмы в английском языке | Статья в журнале...

Многие библеизмы так прочно вошли в английский язык, что их библейское происхождение

В английском языке библеизмы употребляются намного чаще, чем в русском языке.

Именно ономастический компонент с символической коннотацией формирует особенность этих идиом...

Фразеологизмы с компонентом «grey/серый» в английском...

Изучение значений слова тесно связано с фразеологией. «Очертания смысловых контуров слова нередко стираются в структуре фразеологического единства» [7]. А значения фразеологизмов, в свою очередь, тесно связаны со знаниями носителей языка...

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер...

Инвестициялардың құрылымын және оның... | Молодой ученый

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Данная статья посвящается изучению интернет-терминологии путем ее сопоставления на английском, русском и узбекском языках...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

мена, Базель, Банк, немес, Алматы. Похожие статьи. Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты... мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі.

Задать вопрос