Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №25 (263) июнь 2019 г.

Дата публикации: 22.06.2019

Статья просмотрена: 14209 раз

Библиографическое описание:

Сулейменова, М. М. Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады? / М. М. Сулейменова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 25 (263). — С. 461-465. — URL: https://moluch.ru/archive/263/60151/ (дата обращения: 16.12.2024).



Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға қатысты оқушылармен жүргізілген бірнеше жазбаша сауалнама және ауызша жүргізілген кері байланыстармен таныстырып, зерттеудің нәтижесін көрсетеді.

Түйін сөздер: критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі және өзара бағалау, бағалау критерийлері, сауалнама, кері байланыс, ынтымақтастық

В представленной статье учитель делится опытом использования самооценки и взаимооценки в преодолении трудностей и барьеров, с которыми сталкиваются учащиеся при изучении казахского языка. Приведен анализ анкетирования учащихся.

Ключевые слова: критериальное оценивание, формирующее оценивание, самооценка и взаимное оценивание, критерии оценивания, анкета, обратная связь, сотрудничество.

Критериалды бағалау моделі 7-сынып оқушыларына қиындық туғызғандықтан, сабақтарымда ұсынылатын тапсырмаларға бағалау критерийлерін құрастыруды да, бағалауды да өзім жүргізіп келдім.

Қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы қажет дегенмен, осы процеске оқушылардың басқа сыныптың оқушыларындай белсенділік, қызығушылық танытпайтындарына көзім жетті. [4,3-бет]Меніңше, бұл жастағы балаларда «бағаны үнемі тек мұғалім ғана қояды» деген санаға сіңіп қалған қағида бар сияқты. Өйткені осы уақытқа дейін оқушылар тарапынан менің қойған бағаммен келіспейтін, бағасына қатысты дау айтқан бірде-бір оқушы болмады.

Бұл мәселе оқушының оқу нәтижелеріне, оқыту бағдарламасына, оқу үдерісіне тікелей қатысты. Жоғарыда аталған мәселелерді шешудің бір жолы- сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыру деп ойладым. Оқушыларды өзін-өзі және өзара бағалау негізінде ынтымақтаса жұмыс жасауға жетелеу соңғы нәтиже пәндік білім сапасының да артуына септігін тигізері анық.

Сондықтан да зерттеу жұмысымда оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын неғұрлым жиі жүргізсем, сол арқылы олардың ынтымақтаса жұмыс жасай алуларына да, бағалау үрдісіндегі белсенділіктеріне де, олардың бағалауға қатысты пікірлеріне өзгеріс енгізем деген мақсатым болды.

Зерттеу жүргізілген сәттен бастап, аяқталғанға дейінгі кезең аралығында жүргізілген жұмыс түрлері олардың тоқсан соңындағы жиынтық бағалау нәтижесіне қаншалықты әсер ететінін анықтауды да ескердім.

Бағалау критерийлері арқылы өзін–өзі және өзара бағалауды тиімді жүргізу зерттеу әрекетімнің мақсаты болса, зерттеу міндеттері оқушыны төмендегідей нәтижелерге жеткізеді деп болжадым:

− Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін болжай алады;

− Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау арқылы өзіндік белсенді оқуға ынталары артады;

− Өзін-өзі және өзара бағалау оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына ықпал етеді;

− Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылайды;

− Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артады;

− Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасады;

− Алған дағдылары мен білімдерін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларда қолдана алады.

Тақырып пен мақсат-міндеті анықталған іс-әрекеттегі зерттеуді енді қалай бастасам болады?

Бұрынғы тәжірибе бойынша бағалауды оқыту мен оқудан кейін болатын үдеріс ретінде қарастырып келдік. Сабақ үрдісіндегі жүргізілген бағалау оқушылардың оқуына ықпал ететіндей деңгейде ойластырылу керек. Ақпарат беру арқылы оқушының оқуына көмек көрсете алатын әрі ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады. [1,108-бет]

Сыныптағы оқушылардың қалыптастырушы бағалауға қатысты пікірлерін анықтау, зерттеу жұмысын жоспарлау мақсатында сауалнама алдым.

«Қалыптастырушы бағалауды кімнің бағалағаны дұрыс?» деген сауалға сыныптағы 20 оқушының 19-ы мұғалімнің бағалағанын дұрыс деп санайды екен. Олардың ойынша, «оқушылар бірі-бірін әділ бағаламайды», «мұғалім адал, сондықтан барлығына әділ бағалау жүргізеді», «мұғалім оқу бағдарламасын толық біледі», «балаға қарағанда бағалау туралы көбірек біледі». Сыныптағы Төре деген бір оқушы ғана «кей кезде мұғалім сыныптағы балаларға қарап үлгермейді, ал жұптағы оқушылар бірін-бірі жақсы бағалайды» деп жауап берген екен. Мені 19 оқушының пікірлерінің бірдей болғаны емес, осы оқушының пікірі ойландырды. Сыныптағы 20 оқушының барлығын бір уақытта бақылап, тыңдау мүмкін емес қой. Шынында да, мұғалімнің дұрыс бақылай алмағандығынан да кей кездерде әділ бағалау болмай қалатынымен тәжірибеде кездесіп жатамыз. Сондықтан да алғашқы «Қалыптастырушы бағалауды қалай ұйымдастырған дұрыс?» деген сұрақтың жауабының нәтижесі де оқушылардың бағалауды топтық және жұптық жұмыс арқылы жүзеге асуларын қалауы.

Оқу үшін бағалаудың оқушы үшін маңыздылығын білім алушылардың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму қажет екендігін анықтау қажеттігімен түсіндіреді. [2,58-бет]

Сондықтан зерттеудің алғашқы сабағында сынып болып құрған бағалау критерийлері арқылы топтар бір-бірін өзара бағалау арқылы бағалады. Оған дәлел, 1-топтың өнімін бағалаған Ерасыл әр критерийге дәлелдер келтіре отырып, әділ бағалау жүргізді. «Ұсынылған материалдарды орынды қолдану» критерийі бойынша оқушылардың берілген суреттерді «соғыс», «жеңіс» сияқты тақырыпшаларға бөліп қолданғандығын ерекше атап айтып, топтың өніміне «жетті» деген баға қойды. [3] Оқушылардың алғашқы өзара бағалау түрі өнімді бағалау болғандығынан болар, алғашқыда өзге топты бағалау сәті келгенде, топтағы оқушылардың бір-біріне жалтақтап, сенімсіздік танытып отырғанын аңғардым. Дегенмен әр топтан бір-бір оқушы өз еріктерімен тұрып бағалау жүргізді. Тіпті жетістік критерийлері арқылы бағалап қана қоймай, ұсыныс-тілектерін де білдірді. Оқушыларым алғашқы күні бағалау үрдісіне жоғары белсенділік танытпаса да, өзімнің бақылауым арқылы әр оқушының топтық жұмысқа аса жауапкершілік танытып, ынтымақтаса жұмыс жасағандары көңіліме қуаныш ұялатты.

Одан әрі зерттеу әрекетінде әр топтан бағалаушы оқушының өзге оқушыларды бағалауына қатысты өзгертуді жоспарладым. Бағалаушы міндетіне ие болған оқушының міндеті — дайын критерийлер бойынша топтағы баяндаушы екі оқушының мәтіндегі маңызды ақпараттарды жеткізе алуын, жұбының мәтіні негізінде екі ашық сұрақ қоя алуын және қойылған сұраққа өзіндік көзқарас таныта отырып, жауап бере алуын, сонымен қатар қорытындылаушының екі оқушының мәтініндегі маңызды ақпараттарды анықтай алуын, айтылған ақпараттар негізінде тақырыпқа қатысты көркем сөз қолданыстарын қолдана отырып, тұжырым жасай алуын бағалау.

Жоғарыда аталған тапсырмада баяндаушы оқушылар алғашқыда тапсырманы жеке орындағанымен, жетістік критерийлеріне негізделген тапсырмаларға кезек келгенде, топтағы қорытындылаушы оқушының да, бағалаушы оқушының да, баяндаушылардың да назарларын тек бір-бірін тыңдауға аудару қажеттігін бірден түсінді. Себебі алдын-ала таныстырылған жетістік критерийлері бойынша «жетті» бағасын топтағы баяндаушы оқушыларды мұқият тыңдау арқылы ғана алатындарын түсінді. Сол себепті төрт оқушыдан құралған бес топ та бір-бірін мұқият тыңдауға ұмтылды. Тапсырма соңында бағалаушы оқушылар бағалау парағы негізінде дәлелдер ұсына отырып, тобындағы оқушыларға өте жақсы бағалау жүргізді. Оның себебі, бағалаушы оқушыларға бағалау критерийлерінің өте түсінікті, бағалау жүргізуге қолжетімді болғандығы деп ойлаймын. Бағалаушы ұсынған дәлелдерді тыңдап-ақ, топтағы оқушылардың жақсы баға алуы үшін бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс жасау қажеттіліктерін түсінгендеріне көзім жетті.

Жоғарыда «бағалаушы» міндетін таңдаған оқушылардың тапсырмамен таныспай тұрғандағы қуанышты көңіл күйлері туралы айтып кеткен болатынмын. Себебі олар бағалаушының рөлі аса жауапкершілікті қажет етпейтін, тапсырма орындауға араласпайтын «сәтті түскен» міндет деп қабылдады. Алайда тапсырма бойынша топтағы ең маңызды да жауапты міндет бағалаушыныікі екенін, олардың топтағы әр оқушыны мұқият тыңдау қажеттігін, мұғалім ұсынған критерийлер бойынша дәлелдер айта отырып, әділ бағалау қажеттілігін білгенде, міндеттерінің өздері ойлағандай жеңіл еместігін түсінді. Бағалаушы оқушылардан алынған сауалнамадағы: «Сыныптастарыңызды бағалау міндеті жүктелгенде қандай сезімде болыңыз?» деген сауалыма Төре: «Бұл ең жеңіл жұмыс деп ойладым, бірақ олай болмай шықты» деп жауап берсе, сыныптағы үздік оқушы Үміт: «Әрбір бала қателік жібереді. Маған бағалау міндетін бергенде, мен егер де біздің топтағы балалардың біреуі қателік жіберіп, оны мұғалімге айтсам, балалар маған жаман қарап қалар деп ойладым. Бірақ біздің топтағы барлық бала өз жұмысын жақсы орындады» депті.

«Әділ бағалау үшін не маңызды болды?» деген сауалға Үміт: «топтағы балалаларды достарым деп санамай, басқа адам секілді көрудің» де әділ бағалау үшін маңызды екенін жазыпты.

Кезекті сабағымның бірінде жұптағы оқушылардың бір-бірін бағалауына қатысты тапсырма ұйымдастырдым. NIS program бағдарламасының оқу жопарындағы «Ұлы ерлікке тағзым» тарауына сай ұсынылған сөздердің ішінен тек 12 сөзді ғана таңдап алып, оларды мәтін құру үшін үш құрылымға бөліп жазу керек. Әр оқушы мәтінінің кіріспе бөлімін құрылымға қажетті сөздерді қолдана отырып өзі жазады. Белгілі бір уақыт өткен соң жұмысын жұбымен алмастырады. Жұбы құрылымдағы сөздердің барлығын қолдана отырып, мәтіннің негізгі және қорытынды бөлімін жазып аяқтайды. Жұптар жұмыстарымен кері алмасып, мәтінді оқып, жұбының жұмысына критерийлер бойынша бағалау жүргізді.

Оқушылардың жұбын бағалауына қатысты сыныптағы бірнеше оқушыларға ауызша бағалау жүргізуді ұсындым. Сондағы байқағаным, сыныптағы оқушылардың өз біліміне деген жауапкершіліктерінің артқаны, бір-бірінің кемшіліктерін көре алулары, бағалаудың үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін түсініп қалғандары. Алғашқы сабақтарыммен салыстырғанда, оқушылардың бағалауға еркін араласып, бойларында өздеріне деген сенімділіктің біршама қалыптаса бастағандарын байқадым.

Кейбір оқушылар сыныптастарына немесе мұғалімге баға бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды артық санайтындығы, өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытатындығы, оқушыдан көп жігерді талап ететіндігі тәжірибе барысында анықталған. [5]

Дегенмен, менің тәжірибемде өзін-өзі бағалау бірден оқушылардың көңілінен шықты дей алмаймын. «Өте қиын болды. Себебі өз-өзін бағалау әркімнің қолынан келмейді. Әрине, бұл маңызды, адам өз-өзіне баға беруі керек», «Әрине, өте қиын болды. Себебі сен өзіңе жақсы баға қойғың келеді, бірақ сен өзіңе әділ баға қоюға міндеттісің. Өз-өзіңе күмәнданасың әрі ренжисің». Бұл — сыныптағы Анар мен Әмірдің өзін -өзі бағалаудан кейінгі пікірлері.

Оқушылар қаншалықты өзін әділ бағалай алады, сыныптастарының пікірлерімен санасады ма? Осы сұрақтардың жауабын табу мақсатында тапсырманы өзгеше түрлендіріп ұсындым.

Тапсырма «Егер мен әлемді өзгерте алсам» тарауына қатысты болғандықтан, еліміздегі өзгерістерге қатысты оқушылар мәтіндер бойынша бірінші жеке тапсырма орындап, топта жазғандарымен бөлісуді тапсырдым. Оқушыларға әр оқушының жұмысын тыңдаған сайын ұсынылған критерийлер бойынша бағалау емес, тек ұсыныс-пікір айту тапсырылды. Тапсырмалар орындалып біткен соң, әр оқушы сыныптастарының айтқан ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, өзін-өзі бағалады.

Анар өзін «талпынды» деп бағалапты. Себебі, екі критерий бойынша тапсырмаларына толықтыру енгізу қажет екен. Топтағы өзге оқушылармен Анардың өзін-өзі бағалауына қатысты кері байланыс жүргізгенімде, ол оқушылар да Анардың өзін-өзі бағалауымен келісетіндіктерін жеткізді, себебін түсіндірді.

Екінші рет жүргізілген өзін-өзі бағалау оқушылардың өз білімдеріне, нәтижеге деген жауапкершіліктерінің артқанын аңғартты. Себебі сыныптастарының тарапынан айтылған пікірлерді топтық тапсырманы орындауда ғана емес, бағалауда да ескергендерін байқадым.

Менің болжаған нәтижелерімнің бірі оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын тиімді ұйымдастыру, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысына оң әсерін тигізеді. Күткен нәтиже орындалды ма?

ІІ және ІҮ тоқсандардағы тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысына 30 балдан 25 балға дейін алған оқушылар бойынша салыстыру жүргізгенімде, мынадай өзгерістерді байқадым: ІІ тоқсанда 25–30 балл алған оқушылар саны-10 болса, ІҮ тоқсанда- 16 оқушы. Тоқсандық қорытынды бойынша ІІ тоқсанда 20 оқушыдан 4 оқушы — «4», 16 оқушы-«5» деген бағамен қорытылса, ІҮ тоқсанда 19 оқушы-«5», 1 оқушы-«4» деген бағамен қорытылды.

Зерттеу кезеңінің соңғы күні өзін-өзі және өзара бағалауға қатысты оқушылардың пікіріндегі өзгерістерді анықтау әрі алғашқы сауалнамамен салыстыру мақсатында сауалнама алдым. «Сыныптасыңызды бағалауда сізге не қиын болды?» деген сауалға оқушылар «әділ бағалау, мұғалім секілді дұрыс, нақты қателерді табу, досыңды бағалау, критерий бойынша тыңдап бағалау,оларды тыңдау, не істегеніне қарау, қорытынды шығару, егер ол жұмысын ойдағыдай істемесе, мұғалімге соны айту қиын» деген қызықты да саналы пікірлер білдірген.

«Өзіңізді өзіңіз бағалау сізге қиындық туғызды ма?» деген сауалға оқушылардың көбі бұл бағалау түрінің қиын екендігін айтып, оның әр түрлі себептерін айтқан. Мысалы, Әмина:«Әрине, өзіңе бағаны асыра алмайсың, алайда бағаң төмен болғанын қаламайсың. Бірақ мен өз-өзімді әділ бағалай аламын» деген пікір айтса айтады.

«Бағалау критерийлерін тек мұғалімнің ғана құрастырғаны дұрыс па?» деген сұраққа оқушылардың барлығы да үнемі емес, кейде өздерінің де құрастырғанын қалайды екен. Оның себебін оқушылар «Оқушы мен мұғалім бірлесіп құрастыру керек, сонда әр оқушы түсініп есте сақтайды. Оқушылар өздері жете алатын критерийлерді құрады. Оқушылар алдарына мақсат қоя білулері керек. Оқушының да өз көзқарасы бар» деп түсіндіреді.

Зерттеу кезеңін бастағанда алғашқы сауалнамада оқушылардың барлығы «оқушы білімін тек мұғалімнің бағалағаны дұрыс» деген пікірде болған еді. «Алдыңғы айтқан пікірлері өзгерді ме екен?» деген мақсатпен «Оқушы білімін тек мұғалімнің бағалағаны дұрыс деген пікіріңізді өзгерттіңіз бе? Оны өзгертуге/өзгертпеуге не себеп болды?» деген сауалға сыныптағы 17 оқушы өзін-өзі және өзара бағалауды таңдаса, 3 оқушы бастапқы пікірлерін өзгертпеген. Олардың пікірінше, «Өзара бағалау арқылы сыныптасымыздың білім деңгейін анықтауға көмек береміз», «Өзіңді бағалау арқылы кемшілігіңді өзің көресің, дер кезінде түзете аласың».

Оқушыларым өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің білім деңгейін анықтай алып, оны қай бағытта дамыту қажеттігін түсіне бастады, сабақ үрдісіндегі белсенділіктері арта бастады, сыныптағы араласа бермейтін оқушылардың өзге оқушылармен қарым-қатынаса алу дағдыларын арттырды, қызығушылығы төмен оқушыларды өз біліміне жауапкершілікпен қарауға үйретті, өздеріне деген сенімділіктері орнай бастады, топтық, жұптық жұмыста ынтымақтаса жұмыс жасаудың маңыздылығын түсінді, пікірлерін еркін айта бастады, соңғы ішкі жиынтық бағалау жұмысының нәтижесі артты.

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі тәжірибемде осы уақытқа дейін мән бермеген «елеусіз» мәселелерге басқаша қарауымның қажеттілігін түсінуге себеп болды.Үнемі оқушының пікірімен санасуды, шыдамдылық пен сабырлылылықтың маңыздылығын түсіндім, бағалаудан кейін оқушылармен кері байланыс жүргізудің маңыздылығын, қажеттілігін түсіндім. Кері байланысқа келесі сабақты сәтті жоспарлауымның бір аспектісі ретінде қарайтын болдым. Оқушыларды бағалау үрдісіне белсенді араластыру сабақ процесінің белсенді, өнімді ұйымдастырылуының, нәтижеге жетудің, білім деңгейін арттырудың бір жолы деген ой түйдім.

Әдебиет:

  1. Екінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2015ж.
  2. Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж.
  3. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі. Оқу жоспары 7-сынып, 2018 ж.
  4. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау. Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар. 2017–2018 оқу жылы.
  5. Нурпеисова А. Б.«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі» —http://uzdikter.biz/ (4.06.2015ж)
Основные термины (генерируются автоматически): мена, NIS, оса.


Ключевые слова

критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі және өзара бағалау, бағалау критерийлері, сауалнама, кері байланыс, ынтымақтастық

Похожие статьи

Қызанақ жемістерінің өнімділігі мен сапасына өсу реттегішін қолдану әдісі мен түрінің әсері

Қызанақ өсімдігінің өсуі мен қалыптасуын қадағалау — көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи технологиясының негізгі көзі болып табылады. А. Борисов және О. Ганичкинның мәліметтері бойынша өсімдіктің қалыптасуы қызанақтың жеміс беруімен қатар, өсуін қад...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Оқу нәтижелерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру өлшемдері

Мектеп тарихында білімді қатаң жеке есепке алу жүзеге асырылған және осы мәселе бойынша алғашқы маңызды ғылыми жұмыстар пайда болған сәттен бастап білімді тексеру және бағалау үш негізгі функцияны атқаратыны анықталды: бақылау, оқыту және тәрбиелеу. ...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында»)

Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы қарастырылды. Өңірлік деңгейде экономикалық өсуге ықпал ететін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үрдістер мен мүмкіндіктер талданған. Дамыған шет елдер...

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті

Қазіргі заманда бір күнімізді әлеуметтік желілерінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметік желілерді пайдалану адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы үшін сөйлесудің ең қолайлы, тиімді, оңай және тез жолы болып табылады. Әлеуметтік желілер XXI ғасыр...

Похожие статьи

Қызанақ жемістерінің өнімділігі мен сапасына өсу реттегішін қолдану әдісі мен түрінің әсері

Қызанақ өсімдігінің өсуі мен қалыптасуын қадағалау — көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи технологиясының негізгі көзі болып табылады. А. Борисов және О. Ганичкинның мәліметтері бойынша өсімдіктің қалыптасуы қызанақтың жеміс беруімен қатар, өсуін қад...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Оқу нәтижелерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру өлшемдері

Мектеп тарихында білімді қатаң жеке есепке алу жүзеге асырылған және осы мәселе бойынша алғашқы маңызды ғылыми жұмыстар пайда болған сәттен бастап білімді тексеру және бағалау үш негізгі функцияны атқаратыны анықталды: бақылау, оқыту және тәрбиелеу. ...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында»)

Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы қарастырылды. Өңірлік деңгейде экономикалық өсуге ықпал ететін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үрдістер мен мүмкіндіктер талданған. Дамыған шет елдер...

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті

Қазіргі заманда бір күнімізді әлеуметтік желілерінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметік желілерді пайдалану адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы үшін сөйлесудің ең қолайлы, тиімді, оңай және тез жолы болып табылады. Әлеуметтік желілер XXI ғасыр...

Задать вопрос