Көпбалалы oтбacында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №24 (262) июнь 2019 г.

Дата публикации: 14.06.2019

Статья просмотрена: 322 раза

Библиографическое описание:

Агбаева, У. Б. Көпбалалы oтбacында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері / У. Б. Агбаева, З. З. Уразова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 24 (262). — С. 517-519. — URL: https://moluch.ru/archive/262/60587/ (дата обращения: 16.12.2024).

В статье рассматривается актуальная проблема многодетной семьи как малой социальной группы. В частности, анализируются особенности формирования личности ребенка как члена многодетной семьи с точки зрения психологии развития.

Ключевые слова: семья, ребенок, член семьи, малые социальные группы, многодетная семья, социальные институты, воспитание детей.

Әлеуметтік институт ретіндегі oтбacы қызметтерін анықтау көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда oтбacы — бұл шағын әлеуметтік топ, ерлі-зайыптылық одаққа және туыстық байланыстарға, яғни бірге тұрып, ортақ шаруашылықты жүргізіп жатқан ер мен әйелге, ата-ана мен балаларға негізделген жеке тұрмыс құрудың маңызды формасы. Психологиялық-педагогикалық тұрғыда oтбacы — бұл ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да oтбacы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи жүйесі болып табылады.

Oтбacы, біріншіден, шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырылады және оның қызметі тиімділігі топ ішіндегі коммуникация, яғни oтбacы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, билік және көшбасшылық мәселелеріне, жанжалдарды шешуге, әлеуметтік орталармен топаралық өзара әрекеттесулерге байланысты.

Екіншіден, шағын әлеуметтік топ ретіндегі oтбacының ерекше сипаты — жоғары аффективті қарқындылықпен және oтбacы мүшелері арасындағы қатынастардың эмоциялық «қанықтылығымен», бір жағынан — махаббатпен, сүйіспеншілікпен, басқа жағынан алғанда — өшпенділікпен, жек көрушілікпен, шеттетілумен байланысты [1].

Қазіргі oтбacы психологиясы мен oтбacылық психотерапияда oтбacын талдауға қатысты екі теориялық ұстанымды бөлуге болады. Бірінші ұстаным бойынша oтбacы — ортақ және әртүрлі қызығушылықтары бар индивидтер тобы, oтбacылық контекст тұлғаны әлеуметтендіру және дамыту ортасы ретінде түсіндіріледі. Oтбacын осылайша түсіндіру — oтбacы психологиясының дербес сала ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңіне тән және ол белгілі бір дәрежеде мінез-құлықтық тәсілдемеде және психоанализде көрініс табады. Екінші ұстаным бойынша oтбacы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады және талдау «бірлігі» oтбacы болып табылады. Бұл ұстаным жүйелі oтбacылық терапияға және oтбacының аддитивті емес сипатына баса назар аударатын психологтарға тән [2].

Oтбacына жоғарыда берілген анықтамада oтбacы құрылымының екі жүйесі — ерлі-зайыптылық және бала-ата-аналық жүйесі нұсқалған. Екі ұрпақ қазіргі нуклеарлы oтбacы құрамын анықтайды: «oтбacы архитекторлары» ретіндегі ерлі-зайыптылар және олардың балалары, яғни ата-аналар сияқты oтбacының тең құқылы мүшелері және oтбacының «құрылысшылары» [3].

Қазіргі уақытта бала тәрбиелеу oтбacыныңмаңызды әлеуметтік қызметі ретінде қарастырылады. Тәрбие — бала құқығын құрметтеуге, әсіресе оның өмір жолын өз бетінше таңдау құқығын мойындауға негізделген ата-аналар мен балалардың тең құқылық ынтымақтастығы сипатымен ерекшеленеді.

ХІХ ғ. ең алғаш Фредерих Лепле еңбектерінде oтбacының эмоциялық өрісін, оның мүшелерінің құштарлықтары мен қажеттіліктерін эмпирикалық зерттеулер пайда болды. Oтбacы өмірлік циклдері, пайда болу тарихы бар шағын топ ретінде зерттелді. Oтбacы типологиясының өлшемдері:

− oтбacы құрамы;

− ерлі-зайыптылық өмір өтілімі;

− балалар саны;

− мекен-жай орны және түрі;

− рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты;

− кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы;

− әлеуметтік біртектілік;

− oтбacының құндылық бағыттылығы;

oтбacылық өмірдің айрықша жағдайлары [4].

Қазіргі таңда oтбacылар балалар санына қарай баласыз, бір балалы, аз балалы және көпбалалы oтбacына бөлінеді. Некеге түскеннен кейін 8–10 жыл бала көрмеген ерлі-зайыптылар баласыз oтбacы болып саналады. Oтбacында бала болмау себептері медико-биологиялық факторлар, ерлі-зайыптының баланы қаламауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда баласыз oтбacылардың әлеуметтік және психологиялық себептерінің басым екендігін айтуға болады.

Бір балалы және аз балалы oтбacылар қазіргі, әсіресе қалалық oтбacылардың демографиясында кең таралған. Төрт және одан көпбалалары бар oтбacы көпбалалы oтбacына жатады. Көпбалалы oтбacы статистика бойынша ажырасуға тұрақты болып келеді.

Соңғы кездері көпбалалы oтбacы санының азаюы және әр oтбacында қанша бала болу керек деген мәселе жайлы баспасөз беттерінде пікірталастар көптеп жариялануда. Демографтар oтбacында кем дегенде екі-үш балалы oтбacы болуы қажет деп есептейді.

Сондықтан, біздің қоғамымыз әр oтбacында үш баладан кем болмауына айрықша назар аударуда. Бірақ, қалада тұратын жастар мен жас ата-аналардың көпшілігі бұл мәселеге әлі де толық мән бермей келеді. Кейбір жастар oтбacын құруға жеңіл-желпі қарайды, өзінің және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезбейді. Осының нәтижесінде ойланбай өзара некелеседі. Көп ұзамай-ақ ерлі-зайыпты екі жастың арасында дау-жанжал көбейіп, oтбacы азады, бірте-бірте оның беделі төмендейді, ақырында ажырасады. Ал, кейбір жас ата-аналар көпбалалы oтбacы болуға онша құштар емес.

Олар үшін жалғыз баланы тәрбиелеп өсірудің өзі де жеткілікті. Қазіргі қазақ oтбacы ерекшелігінің бірі оның репродуктивтік қызметіне тікелей байланысты. 80–90-жылдардан бастап сәбилердің дүниеге келуі едәуір төмендей бастады. Кейбір қоғамтанушылар мұндай жағдайды oтбacы үшін балалардың пайдалылығының төмендеуімен түсіндіреді.

Балалар oтбacының жұмысшы күші және еңбек қоры ретінде мағынасын жойды, көп жағдайда қарттықта тірек ретінде қажетсіз екендігін көрсетті. Одан басқа, қазіргі өмірлік үлгінің деңгейінде ата-ананың көбісі өз балаларын материалдық қамтамасыз етіп, жақсы білім бере алмайды.

Ал, егер oтбacы көпбалалы болса, ол өзінің ұжым болып қалыптасуына табиғи жағдай жасайды. Ата-бабаларымыз әр бала өз несібесімен туылады деген, сөзді тегін айтпаған. Oтбacы мүшелерінің өзара түсінушілігі, қарым-қатынасы, достық, адамгершілік қасиеттері қалыптасып, туысқандық байланысы нығаяды. Oтбacында бірін-бірі сыйлау, балаларды тәрбиелеу қамқорлығы және oтбacы бірлігі арта түседі.

Oтбacын тұрақсыздық пен күйзеліске алып баратын жағымсыз үдерістер қоғамның өзімен тікелей байланысты. Oтбacы мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынып, онымен тығыз қарым-қатынас орнатылмаса, мемлекет oтбacын әлеуметтік институт ретінде қолдап отырмаса, айтылған үрдістер апатты сипат алады.

Сонымен, қазіргі кездегі демографиялық міндеттердің бірі — халықтың өсу заңдылығын зерттеу негізінде демографиялық немесе халық саясатын жасап, оны іске асыру. Ұлттық саясат халық санының өзгеруіне, сонымен бірге бүкіл демографиялық процеске тікелей және жанама ықпал жасауы тиіс.

Тікелей әсер ету үшін заң жолымен халықтың бір елден бір елге дәлелсіз ауысуына шек қою, еркек пен әйелдің некелесуіне, бала тууға жағдай жасау, мамандар даярлау мәселесін жоспарлау керек. Жанама жолмен ықпал жасау үшін халықты халық шаруашылығының ең басты салаларына пайдалану, оның мәдени және тұрмыс дәрежесін жақсарту, әрбір oтбacына бала санының өсуіне қажетті жағдай жасау қажет.

Асырауында үш немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар oтбacы. Бір өкініштісі, көпбалалы oтбacыларының көпшілігінің күрделі қаржылық қиындықтарының барлығын, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бағып-қағу үшін тұрғын үй, материалдық және әлеуметтік-экономикалық ахуалдары сын көтермейтіндігі рас екендігін мойындауымыз керек.

Кейбір көпбалалы oтбacылардың балаларында ассоциалды және аддиктивті мінез-құлық байқалады, себебі ата-аналары тіршілік ету үшін қажеттіні табамын деп ізденуде болады, ал балалардың өмірі мен тәрбиесі екінші кезекке ысырылады. Нәтижесінде ата-аналар балаларының тәрбиесімен айналысуды мүлдем қояды, oтбacы жайсызға айналады [5].

Алайда, көпбалалы oтбacындағы балалар өздерін үнемі бақытсыз сезініп, моралдық тұрғыдан қиналмайды. Көп жағдайда осындай oтбacылар үлкен балалардың өзінен кіші бауырлары мен қарындастарына, яғни бір oтбacы мүшелерінің oтбacындағы екінші oтбacы мүшесі үшін жауапкершілігі артады. Жақын адамдарға деген өзара түсіністік пен сүйіспеншілік көпбалалы oтбacыларда тәрбиеленген адамдардың қалыптасқан өмірлік сапалары болып табылады.

«Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу — ең маңызды міндет екенін естен шығармауымыз қажет.

Әдебиет:

  1. Ибраимова Л. Қазақ халқының oтбacылық тәрбиесі. Оқу-әдістемелік құрал.— Алматы: Нұрлы әлем, 2005.— 56 б.
  2. Куликова, Т. А. Преимущества многодетной семьи / Т. А. Куликова. — — М.: Инфра-М, 2009. — 320 с.
  3. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі.— Алматы: Рауан, 1990.— 136 б.
  4. Силина, Е. А. Какие они, дети из многодетных семей? (Психологический очерк индивидуальности детей из многодетных семей): монография / Е. А. Силина, Л. Л. Баландина. — Пермь, Перм. гос. пед. ун-т. — 2009. -170 с.
  5. Юнин, А. Г. Комплексный подход к исследованию влияния семейной структуры на систему представлений о будущем / А. Г. Юнин // Мат. III Всероссийской научно-практической (заочной) конф. Санкт-Петербург, 3–4 апр. 2013 г.- М.: изд-во СВИВТ, 2013. — 130–133 с.
Основные термины (генерируются автоматически): многодетная семья, бал, III, ата-ана мен, мена, топ.

Похожие статьи

Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды балаларды тәрбиелеу мүмкіндіктері

Зоофразеологизмдерді оқытудағы АКТ-ның рөлі

Мақалада зоофразеологизмдерді ақпараттық коомуникациялық технологиялар арқылы оқытудың прогрессивті жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, ғылыми тұжырымдамалар негізінде ақпараттық кооммуникациялық технологиялар түрлеріне анықтама берілді.

Мәтінді оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері

Мақалада бастауыш мектепте көркем мәтінді оқытудың бастаулары сөз болады. Өткен ғасырлардағы ағартушы-педагогтардың озық идеялары бүгінгі жаңартылған білім мазмұнында жалғасып жатқанына мән береді.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы

Мақаланың авторы ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс тәсілдерді қарастырып, олардың маңыздылығы мен қажеттілігін сипаттап, айғақтайды.

Қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбы

Мақалада қазақ драматургиясындағы ұлт-азаттық көтерілісі тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту бойынша е-ресурстар

Мақалада Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту бойынша Е — ресурстарды дамытуға қойылатын талаптар баяндалған, бұл оқушылардың білімін жақсартуға ықпал етеді. Әлемдік қоғам жаңа өркениеттік кезеңге көшуде, ол қоғамдық өмірдің барлық салаларында ақпарат...

Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар...

Задать вопрос