Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №20 (258) май 2019 г.

Дата публикации: 17.05.2019

Статья просмотрена: 311 раз

Библиографическое описание:

Калменова, М. Г. Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары / М. Г. Калменова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 20 (258). — С. 592-594. — URL: https://moluch.ru/archive/258/59207/ (дата обращения: 17.12.2024).



В рыночной экономике конкуренция является важным фактором. Это оказывает существенное влияние на экономическую деятельность людей. Конкурентоспособность предприятия является предметом обширных исследований не только в отечественной, но и в мировой экономике. Конкурентоспособное предприятия — это предприятие, которое имеет реалистичное и своевременное планирование и подготовку потребителей с точки зрения ценовых и неценовых характеристик по сравнению с конкурентами. Конкурентоспособность предприятия — это возможность эффективно управлять собственными и заемными ресурсами в условиях конкурентного рынка, она характеризуется возможностью и динамикой его адаптации к рыночной конкуренции.

Ключевые слова: предприятие, конкурентоспособность, современное предприятие, рынок, производство, конкурентное преимущество

Нарықтық экономикада бәсекелестік маңызды фактор болып табылады. Ол адамдардың шаруашылық қызмет жүргізу түріне едәуір дәрежеде ықпал етеді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі отандық экономикада ғана емес әлемдік экономикада да кеңінен зерттелуді қажет ететін мәселе болып табылады. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі — бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын.

Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі — бәсекелік нарық жағдайында меншікті және қарыздық ресурстарды тиімді басқару мүмкіндігі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіші болып өнімнің бәсеке қабілеттілігі табылады.

М. Портердің пайымдауынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін анықтайтын бес бәсекелік күш бар:

− Бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;

− Ауыстырмалы тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;

− Салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;

− Тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;

− Тұтынушылардың саудаласу мүмкіндіктері.

Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар әсер ететін нақты факторларын анықтау керек. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне мынадай бірқатар факторлар әсер етеді: кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі; өндірілетін өнімдердің түрлері; нарықтың сиымдылығы; нарыққа кіру жеңілдігі; осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары; саланың бәсекеге қабілеттілігі; аймақтың және елдің бәсеке қабілеттілігі.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебінде, 125 мемлекеттің ішінен Қазақстан 51-ші орын алып, ТМД елдерінің барлығынан жоғары тұр [1].

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері (өлшемдері) мен көрсеткіштеріне баға беру керек. Келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші критерий кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі. Осы критерий бойынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалау мынадай көрсеткіштер тобын қарастырады: өндірістік үрдістерді басқару тиімділігі; өндірістік шығындардың үнемділігі; негізгі еңбекті ұйымдастыру; өнімді өндіру; технологияның жетілгендігі.

Кәсіпорынның бәсекеге қабелеттілігінің екінші критерийі кәсіпорынның қаржылық жағдайы, яғни: мүліктік жағдайды бағалау; кәсіпорынның өтімділік және қабілеттілік көрсеткіштері; қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері; іскерлік-белсенділік көрсеткіштері; кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиже көрсеткіштері.

Үшінші критерийіне тауар қозғалысы мен өткізуді ұйымдастырудың тиімділігі. Бұл критерий келесі көрсеткіштермен сипатталады: дайын өнімнің жиналып қалу коэффициенті; сату рентабельділігі; өндірістік қуаттарды жіктеу коэффициенті; жарамдылықтың тиімділігі.

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі келесідей көрсеткіштермен сипатталады: қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы; материал қайтарымдылығы және материал сыйымдылығы; еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығы.

Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс. Бұл факторлар өнімді зерттеуде өзіндік сипаттары бойынша 4 топқа бөліп қарастырылады:

Бірінші топ — өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру.

Екінші топ — өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын реттеу.

Үшінші топ — өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорын маркетингті жүйесін жеьілдіру.

Төртінші топ — өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.

Өндіріске инновациялық және ғылыми-техникалықжетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалды үнемді пайдалануға, сонымен қатар оның баға бәсекелесу жағдайындағы өтімділігін арттыруға да серпін береді.

Қазіргі экономиканың әлемдік бәсекелестікке шаруашылықтардың тәжірибесінде жалпы мемлекеттік жоспарлау бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті түрлерге бөлінуде. Соның ішінде экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, Қазақстанға стратегиялық және индикативті жоспарлаудың маңызы айтарлықтай болып отыр.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша дамудың магистралды бағытын тауып, экономиканың қолайлы тұстарын тиімді пайдаланып жағымсыз жақтарының әсерлерін бейтараптандыру.

2010 жылы аймақта өңдеуші өнеркәсіп орындарында жылдық өсу қарқыны 8–8,4 % мөлшерінде болса, ол 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде үш есеге арттыру және жалпы ішкі өнімге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету, өңдеуші өнеркәсіптердің негізгі қорларының өнімділігін арттыру белгіленген:

− кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды және жеке секторларды ынталандыратын, әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндіріске қосылған құндар тізбегіндегі элементтерді игеру;

− ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген өндірістерден өнім өндіру бәсекеге тартымды, оларды ынталандыру;

− мемлекеттің экспорттық әлеуметтік қосылған құны, жоғарғы тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай әртараптану;

− сапаның әлемдік стандартына көшуі;

− дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және әлемдік экономикамен ықпалдасуды күшейту қарастырылған. Контроллинг — кәсіпорын экономикасын талдау мен болашақта күтілетін әрекеттерге қатысты басқарушылық қызметті үйлестіру бағытындағы кәсіби қызметтің заманауи жаңа тұжырымдамасы. Контроллингтің міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда контроллингтің негізгі мақсаты ретінде қызметті басқару, төтеп беру және күшейту бағытындағы іс-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.

Контроллинг — кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі. Инновацияларға шаруашылық механизмнің әсері ерекше басқару стратегиясы мен белгілі бір әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Әдіс-тәсілдер мен стратегиялардың жиынтығы инновацияларды басқарудың өзіндік механизмі, басқару үдерісін басқару жүйесі — контроллинг қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Республикадағы өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыттары болып қала бермек.

Әдебиет:

  1. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
  2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: оқу құралы / Е. Әмірбекұлы. — Алматы: Экономика, 2009–120б.
  3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:ы оқу құралы. — Алматы: Экономика. 2009–218 б.
  4. Жилқайдарова Г. Б. «Кәсіпорынның нәтижелі жетістігі — бәсеке қабілеттілігі» // ҚазЭУ хабаршысы — 2009 № 5 б 117–121
  5. Жолдасбаев К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Алматы: Экономика — 2002, 63 бет
Основные термины (генерируются автоматически): мена, конкурентоспособность предприятия.


Задать вопрос