Сөздіктерді пайдалануда бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту мүмкіндіктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Омарова, Г. Ж. Сөздіктерді пайдалануда бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту мүмкіндіктері / Г. Ж. Омарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 18.1 (256.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/256/58712/ (дата обращения: 25.04.2024).

Қaзaқ тiлi сaбaқтaрындa лексикогрaфиялық дереккөздердi пaйдaлaну оқушылaрғa тiл турaлы өз бiлiмдерiн толықтыруғa, қaрым-қaтынaстa лексикaлық қиындықтaрды еңсеруге мүмкiндiк бередi. Cөздiктермен жұмыс оқушылaрдың сөздiк қорынa келiп қосылғaн ұғымдaрғa қозғaу сaлып, олaрды үнемi жaңғыртып, толықтырып отырaды. Ендеше оқушылaрды бaстaуыш мектептен бaстaп сөздiктi пaйдaлaнa бiлуге үйрету – кезек күттiрмес мәселелердiң бiрi.

Бастауыш сынып оқушысының сөйлеу әрекетінің белсенділігі оның сөз байлығына тікелей қатысты. Әдістемеші-ғалым С. Рахметова оқушылардың сөздік қорын дамытудың төмендегідей бағыттарын көрсетіп берді:

а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;

ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;

б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс;

в) антонимдермен жұмыс;

г) көп мағыналы сөздермен жұмыс;

д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;

е) мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету;

ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру [1, 25 б.].

Ғалым көрсеткен бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстарда лингвистикалық сөздіктер басты құрал болып табылады.

Т. Әбдікәрімованың «Бастауыш класта текст арқылы тіл дамыту» диссертациялық еңбегінде оқушылардың сөздік қорын байыту текстегі түсініксіз сөздерді түсіндіру арқылы жүргізілетіндігін қарастырды. «Әр текст оқушыны оның сан алуан саласымен ғана таныстырып, білім беріп қоймайды. Сонымен байланысты сөздермен де таныстырады. Ол сөздердің біразы оқушыға таныс емес. Сөздерді оқушының сөздік қорына қосу, сөз байлығына айналдыру – жұмыстың негізгі міндеттерінің бірі», – деп атай отырып, оқушыларда бірінші сыныптан бастап сөздік жұмысын жүргізу керектігін, сонда олар жоғары сыныпқа барғанда өздерінің сөз байлығын молайтуға саналы қарай алатынын, сонымен қатар мектепте сөздік жұмысын жүргізу өте жақсы қалыптасса, ол адам кейінгі жоғары сыныптарда да сөздік жұмысын өздігінен жүргізе алатындығын, бұл оқушының сөз байлығын толықтырып, санасын қалыптастыратыны туралы ой қозғайды [2].

Бастауыш сынып мұғалімі сөздік жұмысын жүргізгенде бұл сөздердің активті не пассивті сөздікке енетіндігін есепке алуы қажет.

Оқушылардың көптеген сөздердің мағыналарын, жұмсалу аясын жақсы түсініп, сөйлеген сөзінде, жазған жазуында еркін пайдалануын актив қор дейміз. Ал бірқатарымыз сөздерді пайдаланып тұрғанда мағынасын түсінеміз, бірақ ол сөздерді еркін пайдаланбаймыз, өйткені оларды жақсы білмейміз. Сондай еміс-еміс естілетін, жадыңа әбден ұяламаған, бірақ өзің шала білетін сөздерді пассив сөздік қор деп атаймыз [3, 98 б.].

Демек пассив сөздік қор қатысым әрекетінде сөздерді түсіну негізінде пайда болса, актив сөздік қор сол жинақталған сөздер көмегімен ойыңды, сезіміңді жеткізу негізінде құралған сөздер жиынтығы. Баланың белсенді сөздік қоры оның күнбе-күн пайдаланып жүрген сөздер есебінен құралады. Ал белсенді емес сөздік қорын белсенді қордың қоймасы деуге болады. Алайда, оқушының сөздігін үнемі толықтырып отырумен бірге, ол сөздік қордың оқушылардың сөйлеуінде атқаратын қызметіне де көңіл бөлу керек.

Сөздіктермен жұмыс тек оқулықтағы жаттығуларда берілген мағынасы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді, сонымен қатар ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиетін табу, жаңа көріністерді байқату сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойын, тілін байытады, эстетикалық талғамын арттырады.

Мұндағы мұғалімнің мақсаты – оқушылардың сөздіктерден сөздің мағынасын біліп қана қоюға емес, сол сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту бағытында жұмыс жүргізу, сөйлеу әрекетінде белсенді пайдалануына жағдай жасау керек.

Әдіскер-ғалым С. Рахметова: «Сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады, ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес», – деп көрсетеді [1, 25 б.].

Сондықтaн дa қaзaқ тiлi сaбaқтaрындa сөздіктермен жұмыс бaлaның сөздiк қорының көлемiн ұлғaйтуды ғaнa емес, бaлaның ұғынуынa қиындық келтiретiн сөздi сөйлеу әрекетiнде белсендi пaйдaлaнуынa бaғыттaлып жүргiзiлгенi дұрыс. Сөздіктерден aлғaн бiлiмдерi iс жүзiнде оқушылaрдың өзiндiк жұмыстaрындa және қaрым-қaтынaсындa пaйдaлaнылaды. Сөздiктердi пaйдaлaнa отырып, сөздiң бiрнеше мaғынaсы болaтындығын, бiр мaғынaны бiрнеше сөз aрқылы беруге болaтындығын сөздердiң қaрaмa-қaрсы мaғынaлы болып келетiндiгiн т.с.с. бaйқaтылып, ондa қaлыптaсқaн бiлiктер мен дaғдылaрын, лексикa ғылымының теориялық зaңдылықтaрынa сaй күнделiктi қaрым-қaтынaс кезiнде қолдaну нәтижесiнде жүзеге aсырылaды. Сонымен лингвистикалық сөздіктермен жұмыс бaлaның сөздік қорының молaйып, оның сөйлеу мәдениетiнiң, оқу бiлiктерi мен дaғдылaрының қaлыптaсуынa және оны күнделiктi сөйлеу әрекетiнде қолдaнулaрынa ықпaл етедi.

Әдебиет:

  1. Рaхметқызы С. Бaстaуыш сыныптaрдa оқушылaрдың тілін ұстaрту. -A.: Рaуaн, 1997. – 141 б.
  2. Әбдікәрімовa Т. Бaстaуыш клaстaрдa текст aрқылы aуызшa тіл дaмыту // Пед. ғыл. кaнд. дисс. – Aлмaты, 1993. – 165 б.
  3. Бaлaқaев М., Серғaлиев М. Қaзaқ тілінің мәдениеті. – Aлмaты: ZИЯТ PRESS, 2006. – 140 б.
Основные термины (генерируются автоматически): PRESS.

Похожие статьи

Исследование ценностей в современной психологии

Modernization and postmodernization: Cultural, economic, and political change in 43 societies. Princeton, NJ: Princeton University Press.

Особенности английского быта как отражение национального...

В статье рассматриваются особенности английского быта с точки зрения их влияния на национальный менталитет англичан. Также большое внимание уделяется становлению данных...

Коммуникативное обучение иностранному языку и его...

— New York: Oxford University Press, 1983.

Cambridge: Cambridge University Press, 2001–171 p. Savignon, Sandra J. «Communicative language teaching».

Распространение английского языка в Китае | Статья в журнале...

Beijing: Foreign Language Teaching and Research Press. 3. Xie Bangxiu. (2013) English in China Today.

Совладающее поведение: аналитический обзор зарубежных...

7. Frydenberg E. Beyond Coping. Meeting goals, visions and challenges. — Oxford University Press, 2002.

Proper Names in Translation | Статья в журнале «Молодой ученый»

Essays in Honour of Professor Peter King on the Occasion of his Retirement. London/Atlantic Highlands: The Athlone Press. 6. Hervey, S. and Higgins, I. (1992). Thinking Translation.

Инновационные кадровые технологии в системе государственного...

Режим доступа: http://www.mos.ru/press-center/smi/index.php?id_14=12062. Тартыгашева Г. В. Механизмы регулирования кадровых процессов и отклонений в органах государственной...

Как оформить библиографический список по ГОСТ

Публикация научных статей в журнале...

Коммуникативная компетенция: сущность и компонентный состав

В данной статье рассматривается коммуникативная компетенция, ее сущность и компонентный состав, в который входит ряд таких компетенций как лингвистическая, стратегическая...

Концепция VBM в управлении современной компанией

The Free Press, New York, 1986. Copeland T., Koller T., Murrin J. Valuation: Measuring and Managing the Value of Companies. JohnWiley&Sons: N. Y., 1995.

Задать вопрос