Ерте балалық кезеңдегі психикалық даму | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Нагымаш, Г. С. Ерте балалық кезеңдегі психикалық даму / Г. С. Нагымаш. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 18.1 (256.1). — С. 11-12. — URL: https://moluch.ru/archive/256/58662/ (дата обращения: 19.12.2024).



Ш. Сатиеваның еңбегінде көрсетілгендей: «Балалық шақты зерттеу тарихы өте күрделі. Себебі, бұл салада бақылау, тәжірибе өткізу, тексеру мүмкін емес. Этнографтардың мәлімдеуі бойынша, археологиялық қазба байлықтарында балалар ойыншықтары, балаларға байланысты мәліметтер аз кездеседі. Теория экспериментальды фактілерге әсерін тигізеді. Балалық шақ туралы тарихи теориялық сұрақтарды П.П. Белинский, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин еңбектерінен кездестіруге болады. Л.С. Выготский бойынша, бала психикасының дамуы табиғаттың, ағзаның пісіп жетілу заңдылығына бағынбайды. Таптық қоғамда балалық шақтың дамуы топтық сипатқа ие. Сондықтан ол мәңгілік балалық жоқ тарихи ғана болады дейді» [1, 6 б.].

Ерте балалық кезең бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші бір аты мектеп жасына дейінгі кезең. Кезеңнің басталуы бір жастағы дағдарыстан басталады. Ерте кезеңнің дамуының негізгі ерекшелігінің мақсаты – баланың анасынан психологиялық бөлектенуі. Бала бұл кезеңде кеңістікте еркін қозғала алады. Сөзді меңгергендіктен, бала өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Баланың заттарды меңгеруі ойын мінездемесіне ие. Д.Б. Элькониннің айтуынша, бір жастың соңында баланың әлеуметтік жағдаяттарға ересек адамдармен бірігуі ішкі себептерге байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ерекшелігі – заттық – манипулияциялық әрекеттер. Оның дамуына заттармен жасалатын әртүрлі кубиктер, пирамидкалар т.б ойыншықтар әсерін тигізеді. Ерте балалық кезеңдегі балалардың жалпы дамуына тән – жүйелі, ақырын өсу [1, 93 б.].

Бала бір жастан бастап дүниені танып білуде белсенділік танытады. Бала бір жастан екі жас аралығында бір әрекетті орындау үшін әр түрлі нұсқауларды пайдаланады, ал бір жарым жастан екі жас аралығында балада инсайт, аяқ асты шешім табуда жол табады. Балада екі жаста қабылдау өзгереді. Бала затпен әрекет ету барысында жағдаяттарды шешуді табандылықты танытады. Қабылдаудың дамуына байланысты балада ойлау үрдісі қалыптаса бастайды. Д.Б. Элькониннің қарастыруынша, бұл үрдісті бала былайша қарастырады: зат физикалық мінездемеге ие. Балаға бұл мінездеме белгілі, алайда заттың қоғамдық қызметі балаға белгісіз, ол тек қана ересек адамға белгілі. Балада заттармен манипуляция жасауға деген қажеттілік пайда болады. Алайда, заттармен қарым-қатынас жасау ересек адамдармен бірлескен іс-әрекеттер арқасында жүзеге асады. Ересек адамның нұсқауымен заттық әрекеттер баланы қарым-қатынас жағдаятына қояды. Бала ересек адамға әртүрлі өтініш, тілек айтып, ересек адамның нұсқауымен заттық тапсырманың шешімін табады. Тіпті, кей жағдайда бала интеллектуалды тапсырманы да шеше алады. Бұл жағдайлар баланың қарым – қатынас аймағының дамуына және тілдің дамуына әсерін тигізеді. Л.С. Выготскийдің айтуынша, ерте балалық кезеңнің негізгі ерекшелігі – қабылдаудың дамуына. Қабылдау нәрестелік кезеңде қалыптасқан түйсік негізінде дамиды [1, 96 б.]. Бала нәресте кезеңнен бастап әрбір көрген заттарына мән беріп, өз түйсігімен қабылдайды. Бала санасындағы сан сұрақтар туындап, айналасынан жауап іздеуге талпынады.

Балалар психологиясы – жас баланың өз мүмкіндігіне қарай жақсы білім алуына жасалынатын баспалдақ. Сондықтан ғылыми принципке сүйенсек, оқулыққа деген оқушының қызығушылығын арттыру қажет-ақ. Мұнда терең білім алуға ұмтылдыру, жалықтырып алмау қағидаларын сақтаудың маңызды екендігі ашылады. Оқушыға білім беруде мынадай негізгі оқыту қағидаларын ескеру қажет: ғылыми, көрнекілік, бірізділік, жас шамаға лайықтылық, беріктілік, нақтылық.

Құлекеұлы Шал ақынның ой пайымдаулары даму психологиясымен астарласып жатқанын мына толғауында анық көрсеткен:

Он бесте тартып міндім аттың жалын,

Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын.

Құрдым мен он сегізінде жігіт салтын,

Байқамай еш нәрсенің алды – артын.

Жиырмаға келген соң,

Жын қуалап ақтадым.

Жиырма беске келген соң,

Жақсыларды жақтадым [2, 22 б.].

Бұл мақаламды, Абай атамыздың жетінші қара сөзімен қорытындылағым келеді [2, 431 б.]: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр – жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай – керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетінкірегендерге ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, үйренсем екен деген».

Әдебиет:

  1. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). – Астана: Фолиант, 2012. – 232 б.
  2. Бапаева М.К. Даму психологиясы. – Алматы, 2014. – 440 б.
Основные термины (генерируются автоматически): бал.


Задать вопрос