Болашақ педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттыру негізі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Касымбекова, М. Д. Болашақ педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттыру негізі / М. Д. Касымбекова, А. Е. Абилкасым. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 18.1 (256.1). — С. 9-10. — URL: https://moluch.ru/archive/256/58654/ (дата обращения: 17.12.2024).



Қазіргі қоғамда шығармашылық белсенділік және қабілет деңгейіне, кәсіби іс-әрекет барысында туындаған әр түрлі міндеттерді шешуге бағытталған өзіндік біліміне, тұлғаның қабілеттеріне талаптар күшейтілуде. Болашақ педагогтардың индивидуалдық кәсіби қалыптасуы және оның рухани, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілет мәселесі қазіргі уақытта өзекті екені белгілі. Педагог шығармашылығының индивидуалды стилі – бұл тұлғаның өзіндік индивидуалдылығы мен бүкіл тіршілік әрекеті жағдайларымен үйлесімде даму жүйесі, өмір іс-әрекетінде тұлғаның өзін өзі жүзеге асыру құралдарының жүйесі, белсенді шығармашылықтың нәтижесі. Осылайша педагогтың өзіндік стилінің болуы – бұл біріншіден міндеттелген кәсіби іс-әрекет құрылымына обьективті тұрғыдан бейімделуі, екінші жағынан өзіндік индивидуалдылығын барынша ашу мүмкіндігі.

Қазіргі кезде заман ағымына сай, білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатқаны анық. Сонымен қатар болашақ педагог тұлғасына қойылатын талаптар да күшейтілуде. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі ол білім алушылардың дамуына, жетілуіне, рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне қолайлы жағдайлар жасау, балалардың ерекшелігін есепке ала отырып білім беру мен тәрбиелеу дағдыларына тікелей байланысты болып келеді. Шебер педагог, өзінің алдына көптеген міндеттер қоя отырып, ең алдымен өз шығармашылығын заманауи білім беру кеңістігіне бейімдей бастайды. Педагог тек оқу пәніне қатысты акдемиялық білімдерді тасымалдаушы ғана емес, ол алдымен, әлем, дүние тылсым сырларын, экономикалық, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінез-құлықтарын, кәсіби іс-әрекеттерін, өнердің, мәдениеттің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Мұғалім алдымен өзінің сабағында осы аталған үштікті бірден ала жүру үшін, өзініңң кәсіби тұрғыдан белсенді шығармашылық іс-әрекет жасауы тиіс.

Қазақ даласының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев, адамның «толық», «кемел» болып қалыптасуы өзін-өзі жетілдіруіне байланысты екенін айтады. «Толық», «кемел» деген сөзінің астарында терең ұғым жатқаны анық. «Толық адам» деп өзінің жетінші қара сөзінде адамның мінезі, екі түрлі болып туатындығын, бірі тек тән үшін өмір сүрсе, екіншісі жанның құмарын қанағаттандыру үшін өмір сүреді екен, бұл екеуіде адам баласына қажет деп санайды Абай [1].

Абай өз шығармаларында жетілудің жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілудің жолдарынан өте отырып, өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.

Әлемге әйгілі психолог-ғалым Л.С. Выготский өзінің зерттеулерінде тұлғаның шығармашылық белсенділігін айта келе, оның ойынша заттық әлем, қоғамдағы қарым-қатынас және тағы да физиологогиялық, психологиялық сыртқы факторлар – адамның ішкі белсенділігінің қайнар көздері болып табылады. Сонымен қатар бала өзімен-өзі қайсібір мәдениет құралдарды және ғылыми түсініктерді ашып, меңгере алмайды. Сондықтан бала психикасының дамуы ересек адамдармен өзара әрекеттесу негізінде ғана пайда болады деген ой-пікірлер айтты [2].

В.А. Кан-Калик мұғалімнің шығармашылық әрекетінің логикалық-педагогикалық аспектісін және субьективті-эмоционалды жағдайларымен қатар, ситуативті міндеттерді шешуде көрінетін коммуникативті іскерліктерді нақтылайды. Бұндай іскерліктердің алдыңғы қатарына өзінің психикалық және эмоционалды жағдайын басқару, әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып назарды өзіңе қарата білу жатады. Шығармашылық адамды жеке бастық іскер сапалар, яғни оның креативтілігін сипаттайтын сапалар көрсетеді [3].

Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында, «шығармашылық» бұл өте кең және ауқымды ұғым, және ғылыми білімдердің тек бір саласын қамтымайтындығы анықтады. Шығармашылық мәселесі бұл бірнеше ғылым түрлерінің түйіскен жерлерінде, олардың қисынында орналасқан. Философтар шығармашылықты зерттей келе бұл «... жаңашыл, өзіндік ерекшелікке ие, өзгеше, қоғамдық-тарихи уникалды құбылыстың өмірге келуі» деп анықтады.

Балалармен жұмыс жасау барысында ең маңыздысы, бұл тек педагог тарапынан шығармашылықты тудырту емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекет жасауына итермелеу болып табылады.

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Ал мұндай іс-әрекетке итермелеу үшін, педагог тұлғасының белсенді шығармашылығы мол болуы тиіс [4].

Әдебиет:

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2010.
  2. Выготский Л.С. Психология искусства. – Москва: Искусство, 1986. – 574 с.
  3. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990. – 250 с.
  4. Бегалиева С.Б. Педагогика және психология. – Алматы, 2016. – 20 б.
Основные термины (генерируются автоматически): абай, педагог.


Задать вопрос