ЕАЭО жағдайында ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калтаева, С. А. ЕАЭО жағдайында ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдау / С. А. Калтаева, А. М. Самаликова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 17.1 (255.1). — С. 8-10. — URL: https://moluch.ru/archive/255/58602/ (дата обращения: 20.04.2024).

ЕАЭО елдері арасында бірыңғай бәсекелік жағдайларды құру үшін ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне қолдаудың бірыңғай ережелері қажет. Сондықтан ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне бәсекелік жағдайлардың айырмашылығын қысқарту мақсатында негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті өнім түрі мен мөлшерінің оңтайлы көлемін, әрбір ауыл шаруашылық тауары бойынша өнімнің техникалық сипаттамаларын біртекті жағдайға келтіру маңызды.

Объективті себептер бойынша ауыл шаруашылық тауарөндірушілері рентабельділікті ұстап тұра алмайды. Осыған байланысты мемлекеттің қолдауы азық-түлік саясатының қажетті элементі болып табылады. Экономикалық дамыған мемлекеттердің көпшілігі дотация, субсидия, ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне берілетін жеңілдіктер түрінде ынталандырушы аграрлық саясатты жүргізеді. ДСҰ-на мүше елдердің ауыл шаруашылығына жұмсалатын шығындардың жартысы өндіріс пен сауданы бұрмалайтын («сары корзина») шараларға жатады — энгергоресурстарға кететін шығындарды бюджеттік өтеу (Қазақстанда — 29,1 %), тыңайтқыш, тұқым, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға шығындарды бюджеттік өтеу (Беларусияда — 9,3 %, Ресейде — 8,1 %, Қазақстанда — 17,5 %), бұл әлемдік ауыл шаруашылық нарығына келеңсіз ықпал етеді, артық тауар өндірісіне, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуіне алып келеді [1,2].

Ауыл шаруашылығын жалпы қолдауға жиынтық мемлекеттік қолдаудың деңгейі Беларусияда 14,2 %, оның ішінде тікелей — 10,9 %, Ресейде — 6,9 %, оның ішінде тікелей — 4,7 %, Қазақстанда — 7,4 %, оның ішінде тікелей — 4,4 % құрайды [3].

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатудың ең жоғарғы жиынтық деңгейі Ресейде, несие ресурстарының максимальды құны мен салық ауыртпалығы — Беларусияда, экономикалық ресурстарға бағаның төмен деңгейі — Қазақстанда. Нәтижесінде ЕАЭО елдерінде мемлекеттік қолдаудың көлемі мен бағыттары елеулі ерекшеленеді. Жалпы мемлекеттік қолдауға қатысты бекітілген нормалардың кешені ауыл шаруашылық өнімдерін сату үшін қолайлы жағдайлар құруға мүмкіндік береді, ал қолдаудың жекелеген түрлерін шектеу мен қысқарту — бәсекені дамыту үшін жағдайлар құрады. Ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан жағдайға әлемдік азық-түлік нарығында болып жатқан процестер елеулі ықпал етеді. Тауар тапшылығы есебінен тағам өнімдерінің бағасы әлемдік бағадан артатынын атап кеткен жөн, бағаның арту жағына қысым көрсететін сатып алушылардың бәсекесі туындайды. Мысалы, Қазақстанда негізгі маңызды өнімдердің бағасы Беларусияға қарағанда 42 %-ға, Ресейге қарағанда — 29 %-ға жоғары [4].

АӨК-де баға белгілеудің негізі ауыл шаруашылық өнімдеріне сатып алу бағаларын оны өндіру мен сатуға кететін қоғамдық қажетті шығындарға келтіру болып табылады, бұл кезде әлемдік бағалардың деңгейі мен қарқыны ескерілуі керек. Бағаның маңызды қызметі саланы одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығының табысын реттеу болып табылады. Баға белгілеу жүйесі өндіріс құралдарына баға қарқынын, ауыл шаруашылығындағы табыстар мен шығындарды, АӨК-нің соңғы өнімдері мен қызметтеріне бағаны жедел бақылауды қарастырады.

Мемлекет жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау, салықтық жеңілдіктер механизмі арқылы ауыл шаруашылық өндірушілерінің табысын қолдау үшін қаржы бөле отырып, өндірілген өнімнің белгілі бір көлемін орталықтандырылған түрде сатып алуы тиіс. Осылайша, баға белгілеу саласында ЕАЭО елдерінде ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны бірегейлеу бойынша кезеңді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру мен ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында АӨК-де бағалық қатынастарды оңтайландыруға қол жеткізуге бағдарланған механизм жасау қажет. Бұл кезде келесідей шараларды қарастырған жөн: негізделген интервенциялық бағалар бойынша ұзақ сақталатын өнімдердің (бидай, ет, сүтті қайта өңдеу өнімдері) сатып алу және тауар интервенцияларын қолдану, олардың деңгейін анықтауда ауыл шаруашылық ұйымдарының өткізілген өнімдерінің нарықтық бағасы мен өзіндік құнының мониторингін анықтау. Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру мен баға теңсіздігі мәселесін шешудің маңызды факторы шығындарды азайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын кезекті модернизациялау болып табылады [5].

Несиелеу сферасындағы ЕАЭО мемлекеттерінің аграрлық саясаты әлі де жеткілікті біріздендірілмеген және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, Ресейде несиелендіру ауыл шаруашылығында әрекет етуші экономикалық механизмнің басты элементі болып табылады және аграрлық салаға қаржылық капитал ағынын ынталандырудың жалғыз бағыты — несиелер мен займдар бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау. Ресейде несиелеуді қолдау механизмінің кемшіліктерінің бірі пайыз төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге берілетін субсидия Орталық банктің қайта қаржыландыру ставкасына байланысты болып табылады, ал қайта қаржыландыру ставкасы несиелер бойынша орташа өлшемді ставкалардан 3 есе төмен. Осылайша, жүз пайыз өтеуге берілетін субсидиялардың өзі ауыл шаруашылық тауарөндірушілері келтіретін шығынның тек бір бөлігін ғана жабады.

Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірісін жеңілдетілген несиелеу жүйесі реттелінетін пайыздық ставкалар бойынша мемлекеттік несиелік ресурстарды бөлуге негізделген және толығымен мемлекетпен әкімшіліктендірілген. Экономиканың барлық сферасына ұсынылған несиелердің көлемі ЕАЭО елдері бойынша 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 45,4 %-ға қысқарып, 728,6 млрд. долларды құрады, оның ішінде Беларусияда — 28,5 %, Ресейде — 46,8 %, Қазақстанда — 28,7 %.

Қайта қаржыландырудың ең жоғары ставкасы Беларусия бойынша 25 %, бұл Ресейдегі көрсеткіштен 2,2 есе жоғары. Қысқа мерзімді несиелер бойынша жеке тұлғаларға берілетін орташа өлшемді пайыздық ставкалар (ұлттық валютада) Беларусия бойынша -26,3 %, Қазақстанда — 18 %, Ресейде — 24,2 %, ұзақмерзімді несиелер бойынша: Беларусияда — 19,3 %, Қазақстанда — 17,2 %, Ресейде — 17,5 % құрады.

Қысқа мерзімді несиелер бойынша заңды тұлғаларға берілетін несиенің орташа өлшемді пайыздық ставкасы (ұлттық валютада) Беларусияда — 32,8 %, Қазақстанда — 17,2 %, Ресейде — 13,8 % құрады, ал ұзақ мерзімді несиелер бойынша Беларусияда — 23,2 %, Қазақстанда — 12 %, Ресейде — 13 % құрады. Қысқа мерзімді несиелер бойынша жеке тұлғаларға берілетін орташа өлшемді пайыздық ставкалар (шетелдік валютада) Қазақстанда — 7,0 %, Ресейде — 13,2 %, ұзақмерзімді несиелер бойынша Қазақстанда — 11,1 %, Ресейде — 11,2 % құрады [6].

Интеграция жағдайында ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қаржылық қолдауды зерттеу мына жағдайлардың маңыздылығын көрсетті: өндірушілердің ортақ азық-түлік нарығына қолжетімдігінің тең жағдайларын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түліктің айналымымен байланысты талаптарды біріздендіру, өндіріс пен ауыл шаруашылық өнімдері нарығының теңгерімді дамуы, сыртқы нарықтарда өндірушілердің мүддесін қорғау, экспорт көлемін ұлғайту мен оның атауын кеңейту, тұрғындардың сұранысын қанағаттандырудың басымдығы мен өзара тиімді сауданың мүдделерін есепке алу мен теңдік принципі негізінде келісілген агроөнеркәсіптік саясат. Бұл мемлекетаралық ықпалдасу механизмдерін, оның ішінде өндірісті мемлекеттік қолдау, азық-түлік нарығын реттеу, өнім өндіру мен айналыс сферасында, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу сферасында бірыңғай талаптар, ветеринарлық және санитарлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімі мен азық-түлік экспортын дамыту, инвестициялық даму, бірлескен ақпараттық қамтамасыз ету механизмдерін ендіруді талап етеді.

ЕАЭО елдерінде мемлекеттік басқарудың біріздендірілген механизмін ендіру ауыл шаруашылық тауарөндірушілері үшін бірдей экономикалық жағдайлар құруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. Маслова В. В. Экономические аспекты формирования Евразийского экономического союза в аграрной сфере // Экономика сельского хозйяства России.-2015, № 7. С.89–95
  2. Глотова И. С. Развитие экономической интеграции в аграрном секторе Евразийского экономического союза: автореф. дис. канд.экон. наук.-М., 2014.-26с.
  3. Сигарев М. И., Нарынбаева А. С. Совершенствование государственной поддержки сельскохозяйственного производства в условиях интеграции стран ЕАЭС // Вестник Омского университета. Серия «Экономика», 2017-№ 2 (58)
  4. Россия в цифрах — 2015 год: краткий статистический сборник / Росстат.-М., 2015–543с.
  1. Nevmatulina Z. Development of Agrobusiness in Kazakhstan im the Conditions of the EAEC (on materials of the Food Industry)// Biosciences biotechnology research Asia.- Deli,2015.-Vol.12(1).C.77–86
  2. Государства — члены Таможенного союза и Единого экономического пространства в цифрах // Краткий статистический сборник: Евразийская экономическая комиссия.-Москва, 2015.-180с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, EAEC, Евразийский экономический союз, Краткий статистический сборник, россия.

Похожие статьи

Экономико-статистический анализ внешнеторгового оборота...

В статье рассматриваются теоретические и практические аспекты состояния внешней торговли Евразийского экономического союза. Авторами изучена методология ведения статистики внешней торговли ЕАЭС...

Роль Российской Федерации в ЕАЭС | Статья в журнале...

В статье подчеркнута значимость развития Евразийского экономического союза для усиления международных позиций России в условиях геополитической турбулентности; выделены основные проблемы, риски и угрозы...

Евразийский экономический союз: социально-экономический...

Цель научной работы — рассмотреть Евразийский экономический союз и оценить социально-экономический потенциал государств-членов ЕАЭС. Для достижения поставленной цели были определены следующие задачи: Рассмотреть состав участников ЕАЭС...

Иностранные инвестиции в страны Евразийского...

Евразийский экономический союз — молодое интеграционное объединение государств Евроазиатского региона — России, Казахстана, Киргизии, Белоруссии и Армении. В режиме таможенного союза он действует с 2011 года, а в режиме экономического союза — с 2015го.

Итоги существования Евразийского экономического сообщества

В связи с созданием Евразийского экономического союза, Евразийское экономическое сообщество упразднено в январе 2014 года. В данной статье рассматриваются цели, задачи и результаты деятельности ЕврАзЭС.

Особенности таможенного оформления в условиях...

Евразийский экономический союз (далее ЕАЭС), начал функционировать с 1. – страны ВТО и ЕАЭС воспринимают Россию как субъект экономических отношений с неограниченной емкостью рынка сельскохозяйственной техники, запасных частей и сервисных услуг.

Правовой статус суда Евразийского экономического союза

В статье рассматривается правовой статус Суда Евразийского экономического союза в качестве одного из наиболее авторитетных и эффективных органов правосудия в системе наднационального права стран СНГ.

Вступление в Евразийский экономический союз: влияет ли это...

Евразийский экономический союз был создан на базе Таможенного союза Евразийского экономического сообщества между Россией, Беларусью и Казахстаном для укрепления экономик стран-участниц, распад хозяйственных и экономических связей которых произошел...

Некоторые проблемы и перспективы Евразийского...

Материал статьи посвящен актуальной научно-практической задаче — анализу некоторых проблем интеграции Евразийского экономического союза (ЕАЭС) и их решению. Статья вводит в научный обиход новые термины: пакетное решение ЕАЭС...

Интеграция как инструмент обеспечения роста экономик стран...

Статистические показатели государств- участниц Евразийского Экономического Союза

Россия, Казахстан, Евразийский экономический союз, Армения, Беларусь, внутренний

Решение исходных проблем интеграции Евразийского экономического союза (ЕАЭС)...

Задать вопрос