Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 21 декабря, печатный экземпляр отправим 25 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калтаева, С. А. Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері / С. А. Калтаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 17.1 (255.1). — С. 10-12. — URL: https://moluch.ru/archive/255/58580/ (дата обращения: 10.12.2024).



Экономиканың жаһандануы бүкіл адамзаттың өзекті мәселелерінің қатарына азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шығарды. Бұл ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап дамушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық процестермен байланысты әлемдік қауымдастықтың белсенді қарастырылатын және талқыланатын мәселесіне айналды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — бұл төтенше азық-түліктік жағдайларды ескертуге бағытталған экономикалық, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық, құқықтық және басқа да сипаттағы шараларды жасау мен жүзеге асыру. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша егер тұрғындар екі және одан да көп ұрпақ ағымында ашығатын болса, онда гендік деңгейде физиологиялық және интеллектуалдық деградация процестері орын басады [1].

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді әрбір нақты мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік жағдайының негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын оның жаһандық деңгейін қарастырудан бастаған жөн. Әлемдік азық-түлік кешені қазіргі уақытта келесі негізгі тенденциялардың өршуі жағдайында қызмет етеді: экономикасы жылдам қарқынмен дамып келе жатқан Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде тағам өнімдеріне сұраныстың өсуі, әлемде ашығу ауқымының үздіксіз кеңеюі мен ашығушылар санының өсуі, тағам өнімдеріне баға деңгейінің артуы, әлемдік ауыл шаруашылығына инвестиция деңгейінің жеткіліксіздігі. Соңғы онжылдықтағы заманауи ауыл шаруашылық технологиясы саласындағы жағымды өзгерістердің болуына қарамастан әлемдік азық-түлік нарығының жоғарыда аталған тенденциялары әлемде азық-түлік өндірісі өсімінің жоғарғы қарқынын болжауға мүмкіндік бермейді.

Әлемде 2015 жылдың басына 805 миллионнан аса немесе әрбір тоғызыншы адам ашыққан. Бүгінгі күні 63 дамушы мемлекеттерде 1992 мен 2015 жылдар аралығында ашығушылардың үлесі екі есе қысқарды. 2014 жылы Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының негізгі донорлары АҚШ (1,9 млрд. долл.), Ұлыбритания (364 млн.), Канада (320 млн.), ЕО (306 млн.), Германия (225 млн.), Сауд Аравиясы (164 млн.) болып табылды [2].

Тағам өнімдерінің тапшылығын азайту үшін көптеген елдер олардың импортына жүгінеді. Бұл кезде азық-түлік импортына бағдарлану елдің ішінде тағам өнімдерінің өндірісіне теріс ықпал етуі мүмкін, өйткені импорт мемлекеттік азық-түлік ресурстарының едәуір бөлігін қамтамасыз ете отырып, тауарлы азық-түлік нарығының үлкен бөлігін қалыптастырған жағдайда отандық тауарөндірушілердің өнімдеріне ішкі нарық бағалары күшті күйзелісті ықпалды бастан өткізеді. Бұл жағдайда мемлекет ауыл шаруашылық өндірісі отандық өндірушілер үшін экономикалық тиімді болу үшін протекционистік шараларды қолдануға мәжбүр болады. Алайда бұл шаралар халықаралық ұйымдар, оның ішінде ДСҰ тарапынан қарсылық көріп жатады.

Дамушы елдердегі азық-түлік мәселесінің шиеленісуі тұрғындардың ағымдық азық-түлік қажеттіліктерінің өсу қарқыны мен ұлттық өндірістің өсу қарқыны арасындағы айырмашылықтың кеңеюінен туындаған. Бұл сәйкессіздік Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму теңгерімсіздігінің бірін құрайды.

Азық-түлікке деген қажеттіліктердің ұлғаюы ең алдымен қалған елдердегі тұрғындардың өсу қарқынымен салыстырғанда дамушы елдердегі тұрғындардың табиғи өсу қарқынының күшеюі салдарынан болып отыр. Бұл елдердегі тұрғындардың табиғи өсімінің орташа жылдық қарқыны азық-түлікті тұтынудың қазіргі төмен деңгейін қолдауға кететін қаржының деңгейін анықтайды. Дамушы елдердегі азық-түлік мәселесінің тереңдігі одан әрі күшеймес үшін азық-түлік өндірісі тұрғындар санының өсуі сияқты деңгейде ұлғаюы тиіс. Тағам рационын жақсарту үшін өндіріс қарқынын арттыру қажет. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аграрлық сектор мен қосалқы салаларды жедел қалпына келтіру стратегиясын жүргізуді көздейді [3].

Тұрғындар санының тұрақты өсу тенденциясы, қалпына келмейтін ресурстардың сарқылуы мен қымбаттауы, жер ресурстарының сарқылуымен, ауыл шаруашылық жерлерінің деградациясымен байланысты әлемдік жан басына шаққандағы тұтыну деңгейінің қысқаруы мен негізгі тағам өнімдеріне әлемдік бағалардың тұрақты өсуі байқалады.

Қазақстан жер ресурстарының үлкен әлеуетіне ие. Еуропалық экономикалық кеңістікке кіретін мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан жермен қамтамасыз етілген елдерге жатады. Қазақстан тұрғындарының тұтыну құрылымында мал шаруашылығы өнімдерінің жеткіліксіздігі байқалады. Жалпы тұтынылатын өнімдердің энергетикалық құндылығы ғылыми негізделген нормативтерге жақын келгенімен тұрғындар ет және ет өнімдері, сүт пен сүт өнімдері, картоп, көкөністер мен жемістерге тапшылықты сезініп отыр. Бұл теңгерімсіздікті ауыл шаруашылық жерлерін пайдалануды жақсарту, сондай-ақ қосымша жер ресурстарын тарту есебінен жою мүмкін болады. Ғалымдар Қазақстанның жер ресурстарының әлеуеті жақын болашақта 30 млн. тұрғындар санын азық-түлікпен қамтамасыз ете алатындығын айтып жүр. Бұл азық-түлік ресурстарының өндірісін бидай бойынша 1,8 есе, еттің барлық түрін- 3есе, сүтті-3,6 есе, жұмыртқаны-2,7 есе арттыру қажеттігін талап етеді [4].

Азық-түлік импортын қысқарту үшін Қазақстанға шетелдік тәжірибені басшылыққа алуға болады. Еуропалық одақ елдерінің көпшілігінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінің негізгі тұтқасы тұтынушылардың құқығын қорғау, азық-түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны сақтау болып табылады. Германияда заңды тұрғыда азық-түлік құқығының үш негізгі мақсаттары бекітілген: денсаулықты қорғау (тек қауіпсіз тағам өнімдері ғана сатылады); тұтынушыларды алдаудан сақтау; қоғамды ақпараттандырудың жолға қойылуы [5]. Германияның кәсіпорындары мөлшері белгілі бір федералды жерлерге тиесілілігіне тәуелді түрленетін арнайы жәрдемақыларды қолдануға құқығы бар. Әрбір өндірушінің жаңа өндіріс тәсілдерін сақтау бойынша жәрдемақы алуға мүмкіндіктері бар. Мұнда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың тармақталған жүйесі қалыптасқан және тиімді қызмет етеді. Бұл жүйе ұлттық, сондай-ақ жалпы еуропалық деңгейде бұл елдердің азық-түлік қауіпсіздігін жеткілікті тиімді қорғайды, тұтынушылардың құқығы мен еркіндігін, қоршаған табиғи орта мен тұрғындардың денсаулығын сақтайды.

Сонымен қатар Канаданың да тәжірибесін алып қарауға болады. Мұнда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспар құрылған. Азық-түлік қауіпсіздігінің іс-әрекет жоспары — бұл мазмұнында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында әлемдік қауымдастық қызметінде үкіметтік органдар мен қоғамдық ұйымдардың нақты іс-әрекеттері көрсетілген Канада үкіметінің бағдарламасы. Бұл жоспармен 1996 жылғы әлемдік саммит міндеттерінің шеңберінде шаралар анықталады. Тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне көмек көрсету бойынша Канаданың моделінің жағымды тұсы бұл айына 900 доллардан аз мөлшерде табыс алатындар үшін салық салудың жоқтығы болып табылады [6].

Қазақстандағы үлкен жер әлеуеті мен тұрғындардың төмен тығыздығын ескере отырып, органикалық егін шаруашылығын дамытудағы Германияның тәжірибесін зерттеп, қолдануға болады. Бұл жердің ландшафты мен ауылдық аймақтардың экологиясын қолдауға ықпал ететін болады.

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жасау үшін белгілі бір міндеттерді кезекті түрде шешу қажет:

− азық-түлік өнімдеріне сұранысты зерттеу негізінде нарықтық тепе-теңдік бағаларда медициналық негізделген нормалар бойынша тұрғындардың азық-түлкке қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті табыс пен баға арақатынасын анықтау қажет;

− АӨК талдау мәліметтерін ескере отырып, маңызды өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу процестерінің өзіндік құнын анықтау, сондай-ақ АӨК салаларының рентабельді жұмысын қамтамасыз ететін минимальды мүмкін болатын өткізу бағаларының деңгейін анықтау қажет;

− импорттық азық-түлік өнімдерінің жеткілікті бәсекелік қабілеттілігі мен аграрлық протекционизмнің ұтымды деңгейі қамтамасыз етілетін кедендік тарифтер мен квоталарды анықтау;

− ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, сатып алу, алғашқы және терең қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және сату процесінде экономикалық қарым-қатынастар жүйесін жетілдіру қажет;

− ұсақ тауарлы өндірістерді ірі өндірістерге айналдыруды ынталандырып, өсімдік және мал шаруашылығы өнім өндірісін өнеркәсіптік негізге көшіру қажет;

− ішкі сондай-ақ сыртқы нарықтарда отандық тағам өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру мен тұрғындардың төлем қабілетті сұранысын жандандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттік және нарықтық реттеудің оңтайллы үйлесіміне қол жеткізу қажет.

Әдебиет:

  1. Котова Л.Г, Сафонова О. Н. Продовольственная безопасность страны // Аграрная наука. — Москва. — № 12. — 2012. — С. 2–4
  2. Ушачев И. Г. Проблемы продовольственной безопасности. Международный бизнес-форум по вопросам глобальной продовольственной безопасности. Милан, 3 июня 2015 года.
  3. S. S. Ospanov, A.Ye. Kalieva, R. T. Dulambaeva, Zh.Ya.Aubakirova, T. P. Tabeev. Competitiveness of the Agricultural Sector as a Factor in Improving Food Security in the Conditions of Globalization // Review of European Studies.-Vol.7, No 7, 2015.-307–316p.
  4. Чеботарева М. С. Продовольственная безопасность в России и мире: сущность и проблемы // Молодой ученый. — 2012. — № 8. — С. 149–151.
  5. Крылатых Э. Н., Мазлоев В. З., Межонова Н. В. Национальная экономика: обеспечение продовольственной безопасности в условиях интеграции: монография. — М.: НИЦ ИНФРА-М, 2016. — 238 с.
  6. Строков С. Н. Механизмы обеспечения внутренней продовольственной безопасности Канады // Никоновские чтения. — 2014. — № 19. — С. 331–332
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Канада, продовольственная безопасность, Азия.


Похожие статьи

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Похожие статьи

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Задать вопрос