Рахат Наурызбаева – балалар ақыны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тайманова, С. Т. Рахат Наурызбаева – балалар ақыны / С. Т. Тайманова, Н. М. Акышева, Н. А. Тунгатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 15.1 (253.1). — С. 15-17. — URL: https://moluch.ru/archive/253/58211/ (дата обращения: 18.04.2024).

Қазақ балалар поэзиясы – қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықты жазылған әдебиеттің бір саласы. Оның қайнар көзі − қазақ ауыз әдебиеті. Қазақ балалар поэзиясының алғашқы үлгілерін ХІХ ғасырда Ы. Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этикалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгіме жазды. Ал, қазақ балалар фольклоры – ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиесіне арналған халықтық педагогиканың өмірлік тәжірибесінен алынған шығармалар жиынтығы. Қазақ балалар фольклоры балалардың психологиясына, олардың жас ерекшелігіне қарай қалыптасып, оларды адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал болып келді. Негізгі салалары – бесік жыры, жаңылтпаш,аңыз-әңгіме, батырлық жырлар т.б.

Бата-тілек өлеңдері де халықтың ерте заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткен ауыз әдебиетінің де негізін құрайды. Қазақ халқы жаңа туған жас балаға арнап «шілдехана», қаз тұрып жүргенде «тұсау кесер», алғаш рет жолға шықса «тоқым қағар» деген секілді ырымдар жасаған. Ана бөбегін әсем әуезді бесік жырымен тербеткен. Бөбек өскен сайын әннің де мазмұнын тереңдетіп, ертегі айтып қызықтырып, жаңылтпаш айтып тілін ұстартып, жұмбақ айтып ойлау қабілетін жетілдіруге үйреткен. Осындай танымдық, тәрбиелік бағыттағы балалар әдебиеті қазір де әлем әдебиетінде жалғасын табуда. Соның бірі – қазіргі қазақ әдебиетінің бір үлкен саласы балалар әдебиеті.

Қазіргі қазақ балалар әдебиетіне қалам тартып, келе жатқан қаламгерлердің бірі, бірнеше кітаптарын шығарған Сыр бойының белгілі ақыны, ұстаз, ғалым Рахат Наурызбаева. Ол - «Бастау», «Аққозы», «Сергек», «Жан жайлауы» жыр жинақтарының авторы. Бұл жыр жинақтарында автор халықтық тәрбие мен көркемсөз өнеріндегі ұрпақтар сабақтастығын дамытып келеді. Сонымен қатар бұл жыр жинақтары мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға білім мен тәрбие беруде мұғалімдер мен тәрбиешілердің қажеттілігін өтеп келе жатқан кітаптар. Сол кітаптардың бірегейі Рахат Наурызбаеваның 2012 жылы «Білім» баспасынан шыққан «Ақ батам өс, балам» деп аталатын жыр жинағы десек болады. Кітапбірнеше бөлімнен тұрады. Олар: «Балаларым −балапандарым», «Наурыз нақыштары» «Жұмбақтар», «Әңгімелер», «Сахналық қойылымдар», «Тереңнен ойды аршыдым», «Тағдыр туралы толғаныстар, «Әндер» деп аталады. Бұл әр бөлімнің өзі зерттеуді, зерделеуді қажет етеді.

Алғашқы «Балаларым − балапандарым» деп аталатын бөлім «Ақ батамды ал, балам» деген өлеңінен басталған. Ауыз әдебиетінде белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата (тілек) сөздерді шешендік арнауға жатқызамыз. «Жақсы сөз − жарым ырыс» деп тілектестік сөзді жоғары бағалаған халқымыздың бата-тілегін бейнелейтін өлеңдер де халықпен бірге жасасып келе жатқан құндылықтарымыздың бірі. Қазақ халқында «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», «Батаменен ел көгерер, жыңбырменен жер көгерер» деген мақал бар. Олай болса, бата беру салты фольклордан бастау алады. Бата беру салты тек қазақ халқына ғана тән емес, барша халыққа да ортақ. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Қазақтардың түсінінігі бойынша, адамның тілі сөз арқылы үлкен әсер еткіш күшке ие. «Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп мақалдауының себебі сонда», - дейді [1, 58-59 бб.].

Жинақтың алғашқы бетіндегі ақын Рахат Наурызбаеваның «Ақ батамды ал, балам» деп басталатын өлеңі қарияның сәбиге арнап айтқан ақ тілеуі секілді.

Ақ батамды ал, балам!

Айға да ұшып бар, балам!

Апаң көріп қуансын,

Наурызда ек тал, балам!

Ақ батамды ал, бала,

Шоқтай болып жан, бала!

Атаң менен әжеңнің

Мейіріміне қан, бала!

Азамат бол ардақты,

Болсын сөзің салмақты.

Түзу болсын жүрісің,

Мығым болсын өрісің, -

дей отырып, «атаңның – бұлағы, әжеңнің – құрағы, анаңның – шырағы, көкеңнің – пырағы бол» деген тілек айтады [2, 6 б.]. Осы ақ тілекте баланы аялай отырып еңбекке, мейірімділікке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелейді. Сондай-ақ, біздіңше, өлеңнің ой қазығы «атаң менен әжеңнің мейіріне қан» деген өлең жолдарында болса керек. Себебі ұлттық тәрбиенің, танымының бұлағы осы ата мен әже тәрбиесінде жатыр.

Сәбидің тәрбиелі, өнегелі азамат болып өсуі бата-тілек өлеңдерінің мазмұнын құрайды. Онда баланың дені сау, ұзақ ғұмыр кешуін тілейді. Сөздің рухтандырушылық, дем берушілік күшіне кәміл сенген халық бата беруі негізінде халықтың оптимистік ой-арманы, болашақтан күткен үміті жатады. Үміт – талаптың жетекшісі, талап − табыс кілті. Мысалы, ақын «Ақ батамен өс, балам!» - деген өлеңінде «бұлақтарым, құрақтарым, пырақтарым» деген көркемдегіш сөз арқылы мейірімін төге отырып, «еккендерің тал, табынғаның төзім, сүйенгенің сезім, іздегенің білім, кіршіксіз арың, шығатын тауың, жеңетін жауың болсын» деп ақ батасын береді. Баланың тәрбиелі азамат болып өсуі тек ата-ананың ғана емес барша жұрттың тілеуі.

Сәбидің даму кезеңдеріне сай ақын Рахат Наурызбава енді тілек өлеңдеріне кезек береді. «Ақ тілек» өлеңінде:

Аунап-қунап ал, бала.

Саяхатқа бар, бала.

Тақымыңды жаз, бала.

Ойдың кенін қаз, бала.

Тайға мініп шап, бала,

Қозы-лақты бақ, бала.

Ойынға да қан, бала,

Шоқтай болып жан, бала, -

дейді [2, 8 б.]. Ақын өлеңді ауыз әдебиеті үлгісінде, қазіргі бала танымына лайықты жазып, балаға дұрыс жолды таңда деген тілекті айтады. Фольклорлық туындаларға тән стиль өзгешеліктерін, әбден қалыптасқан сөз қолдану, баяндау, бейнелеу тәсілдерін сақтай отырып, олардың негізгі сипат белгілерін айнытпай келтіреді.ҰстазРахат Наурызбаева шығармаларында өз оқырмандарының шығарманы қалай қабылдап, зейінге алатынын сезінеді. Өзіне таныс бала психологиясын жақсы түсінеді. Өлеңдері оқуға жеңіл мазмұнға бай болып келеді. Ұлттық, этнопедагогикалық сипаты басым, өлеңдері балғындар ойына оралымды, тіліне түсінікті, мазмұны айқын болып келген. Көркем сөзбен сурет салады. Жаттауға жеңіл. Танымдық, тәрбиелік мәні зор.

Әдебиет:

  1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. Т.1. - Алматы, 1984. – 432 б.
  2. Наурызбаева Р. Ақ батамен өс, балам. – Алматы, Білім, 2012. - 320 б.
Основные термины (генерируются автоматически): бал, бат.

Похожие статьи

Сценарий праздника «Карусель детства», посвящённого...

Все это вам, выпускники, Сегодня ваш последний бал. Ребенок: Ты нас принял малышами, Детский сад, наш дом родной. Нетрадиционные праздники в детском саду (из опыта работы).

Образовательная деятельность с детьми подготовительной...

Образовательная деятельность с детьми подготовительной к школе группы по развитию творческих способностей через танцевально-ритмические движения «Приглашение на бал».

Возрождение балов XIX века в городе Ижевске

Моя работа посвящена необычному виду досуга и неотъемлемой части русской культуры — Великосветскому балу. Эта тема заинтересовала меня давно.

Хечиев Бата Баатрович — Информация об авторе

Хечиев Бата Баатрович. Саратовская государственная юридическая академия, студент

Авторы: Хечиев Бата Баатрович. Рубрика: Государство и право. Страницы: 70-73.

Тело — разум (Т. Нагель. «Что значит быть летучей мышью?»)

Проблема самосознания остается волнующей темой для философов на протяжении многих столетий. Объективность плодов познания редко вызывает у людей сомнения.

Современный взгляд на монгольское нашествие...

Монгольское нашествие — тема, изучаемая историками разных стран на протяжении многих веков. Представители различных исторических школ вносили свой вклад в освещение данного...

Бат-Эрдэнэ Ариунсанаа — Информация об авторе

Бат-Эрдэнэ Ариунсанаа. Монгольский государственный университет, преподаватель.

Библиографическое описание: Бат-Эрдэнэ А., Чулуундалай Н. Оценка шумового загрязнения...

Отбасындағы бала еңбегін ұйымдастырудағы негізгі талаптар

Бала тәрбиесі қай уақытта болса да өзекті мәселе болып келе жатыр. Нұр Отан партиясының XIII съезінде ел басымыз президент Н.Ә.Назарбаев «Баланың бас ұстазы ата-ана» дей келе бала...

Бала бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ең басты міндеттердің бірі салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Салауатты саналы ұрпақ тәрбиесінде басты рөл атқаратын отбасы...

Отражение явления коррупции в русской художественной...

Проблемы противодействия коррупции в России. Автор: Хечиев Бата Баатрович. Рубрика: 16. Правоохранительные органы.

Задать вопрос