Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік дамуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №15 (253) апрель 2019 г.

Дата публикации: 17.04.2019

Статья просмотрена: 2443 раза

Библиографическое описание:

Омарова, Н. М. Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік дамуы / Н. М. Омарова, А. Ж. Аяганова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 15.1 (253.1). — С. 12-14. — URL: https://moluch.ru/archive/253/58196/ (дата обращения: 19.12.2024).



Қоғам дамуының қазіргі кезеңі когнитивтік мүмкіндіктері жоғары тұлғаны талап етіп отыр. Когнитивтік мүмкіндіктер адамзат ақыл әрекетінің қайнар көзі болары сөзсіз. Психологиялық сөздіктерде когнитивтік ұғымы «білім, таным» деген мағынаны білдіреді. Когнитивтік процесс дегеніміз қандай да бір материалмен абстрактілі айла шарғы жасауға мүмкіндік беретін ақылды «мінез-құлық» аспектілері болып табылады [1].

Когнитивтік процестер әлемнен ақпараттарды алуға, қабылдауға, есте сақтауға, оны білімге айналдыруға көмектеседі. Сонымен қатар осы алынған ақпараттардың зейін мен мінез-құлыққа әсерін түсінуге ықпал жасайды. Қазіргі кездегі ақпарат легі толассыз ағылып жатқан уақытта дүниетанымы ғылыми сипатта қалыптаса бастаған балалардың когнитивтік процестерінің ерекшеліктерін зерттеу және оны дамыту өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеулерді талдай келе, когнитивтік процестердің төмендегідей түрлерін көрсетеміз [2].

Сурет 1. Когнитивтік процестер

Когнитивтік әлеуеті жоғары тұлғаны қалыптастыру мектеп кезеңінен бастау алатыны белгілі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді талдайтын болсақ, когнитивтік даму ең алдымен оқу пәндерінің мазмұны мен баяндалу қисынына тәуелді болып келеді. Мектептегі педагогикалық үдеріс білім жүйесін берумен және ғылыми таным әдістерімен қаруландырумен сипатталатын танымдықпен қатар, дамытушылық функцияны да жүзеге асыруы тиіс.

Оқу әрекеті жетекші іс-әрекетке айналудың қарқынды кезеңі болып саналатын бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік дамуын қарастыратын зерттеулер баршылық [3, 4]. Зерттеулерде көрсетілгендей когнитивтік, яғни танымдық процестер баланың психикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар ақыл-ой қабілеті қалыптасуының негізі ретінде алға шығады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың жетекші оқу әрекеті арқылы теориялық ойлау және әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жас кезеңінің соңына қарай шындыққа теориялық, когнитивтік қатынас танытатын, танымдық міндеттерді шешетін, ең болмағанда білгіліден белгісізді ажырата алатын жеке оқу әрекеті қалыптасуы тиіс.

Жалпы бастауыш сынып жасындағы балаларды жаппай оқыту оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталады, ал когнитивтік даму өз деңгейіне жетпей қалып жататыны белгілі. Бүгінгі білім беру мазмұнының басты сипаттарының бірі баланы оқыту арқылы өзбетінше оқу әрекетіне қарай бағыттау болып табылады. Айта кететін жайт, дәстүрлі білім беру жүйесінде мұғалім оқушы әрекетінің жалпы тәсілдерінде қалыптасатын жеке оқу әрекетін орындауға жиі назар аударады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардыңпсихикалық процестерінің жоғары деңгейге өтуімен когнитивтік аймақ дамуының ерекшеліктері байланысты болып табылады. Бұл ең алдымен көптеген психикалық процестер (қабылдау, зейін, ес) өтуінде, сонымен қатар ойлаудың абстрактілі-логикалық формасы мен оны жазу тіліне үйретуде көрінеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік процестерінің даму ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтеміз. Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей алғашындабастауыш сынып жасындағы балаларда көрнекі-әрекеттік, кейіннен (2,3 сыныптарда) абстрактілі-логикалық ойлауы басым болады [5, 6]. Осы жас кезеңінде баланың ырықсыз есте сақтау естің негізгі түріне айналады, мнемикалық процестердің құрылымы өзгереді.

Баланың интеллектік дамуындағы бетбұрысты кезең психологиялық мазмұны бойынша бастауыш сынып жасы болып табылады. Бұл жас кезеңінде логикалық ойлау дамиды. Баланың ақыл операциялары дамуға қол жеткізеді, яғни түрлі ұғымдарды қалыптастыра бастайды.

Когнитивтік процестердің ішінде қабылдаудың дамуы білім қорын жинақтаудың қайнар көздерінің бірі болып табылады. Бастауыш сынып жасында бала әріптерді, олардан күрделі құрылымдарды біріктіретін сөзді, сөйлемнен нақты мағыналарды қабылдайды.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың зейінінің дамуы ырықты бола бастайды. Дегенмен әсіресе, бастауыш сынып жасындағы балалар зейінінің ырықтыға ұзақ уақыт бойы ырықсыз түрі бәсекелес болып қала береді. Бала зейінінің белгілі бір қасиеттері, ауыспалылығы және шоғырлануы, сонымен қатар ырықты түрінің дамуы жүзеге асады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың ырықты зейінінің дамуында мектеп пен оқу үдерісі маңызды рөлге ие.

Ерекше айта кететін жайттардың бірі баланың жаңа білімді игеруінде естің рөлі зор. Мектепке келгеннен кейін бала тек өзі есте сақтағысы келетіні мен қызығатындарын ғана емес, мектеп бағдарламасы талап ететіндерді жадта ұстауына тура келеді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтікерекшеліктерінің бірі механикалық ес тез, ал сөздік-логикалық баяу дамитындығы болып табылады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивті аймағының негізгі ерекшелігі психикалық танымдық процестерінің жоғары деңгейге өтуі болып табылады. Бұл ең алдымен жоғарыда атап кеткендей көптеген психикалық процестер (қабылдау, зейін, ес, елестету) ағымының еріктілік сипатында, сонымен қатар ойлаудың абстрактілік логикалық формасы мен жазбаша сөйлеу қалыптасуында көрініс береді. Бұл жас кезеңінде балалар біршама қарапайым ой қорытындысын жасай алады. Дегенмен бастауыш сынып жасындағы балалардың қолданатын ақыл операциялары ересектердің формальді тәсілдерінен әлдеқайда алыс болары сөзсіз. Айта кететін жайт бастауыш сынып жасындағы балалар әрекеттің ішкі жоспары, «ақыл» әрекетіне бағдарлана алу қабілетіне ие.

Әрекеттің ішкі жоспарының қалыптасуы және ырықтылықтың дамуы бастауыш сынып жасындағы балалардың барлық психикалық процестерінің қызмет етуіне әсер етеді. Мұның бәрі баланың өзін қадағалауына және интеллектік дамуына мүмкіндік береді. Қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, О. Саңғылбаевтың еңбектерінде интеллект ақпаратты мақсатты бағытты қайта өндеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті ретінде тұжырымдалады [7]. Интеллект функциялары мынадай: а) оқуға деген қабілеттілік; б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.

Әрбір жас кезеңінде интеллект іс-әрекеттің жанама тәжірибесінің функциясы бола отырып, тұлғаның когнитивтік дамуына әсері [8].

Бастауыш сынып жасындағы балалардың қабылдауы, есі және зейіні саналы мақсатқа бағытталады және оны жүзеге асыруға сәйкес тәсілдер таңдалады. Басқалай айтқанда ес, зейін және қабылдау ырықты жанамаланған үдеріс болады.

Бастауыш сынып жасындағы бала мәтіннен мұғалім сұрап тұрған мәселені ажыратып бөледі және қабылдай алады. Балалар мұғалімнің нұсқауын қадағалай отырып, нысан мен құбылыстарды жүйелі түрде бақылауды үйренеді, содан кейін қойылған мақсатты ұстанады. Күрделі оқу тапсырмаларын орындау барысында ересектер тарапынан бақылау біртіндеп әлсіреген сайын бала өзінің әрекетін өзі қадағалауға үйренеді. Осы әрекеттердің негізінде баланың зейіні қалыптасады.

Қорытындылай келе, қазіргі білім мазмұны жаңартылу жағдайында бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік процестерінің дамуын оқу пәндері арқылы зерттеулерді жаңа сипатта жүргізу қоғамның маңызды сұраныстарының бірі болып табылады.

Әдебиет:

  1. Психология. А-Я. Словарь-справочник / Пер. с англ. К. С. Ткаченко. -М.: ФАИР-ПРЕСС, Майк Кордуэлл, 2000.
  2. Лысак И. В., Белов Д. П. Влияние информационно-коммуникационных технологий на особенности когнитивных процессов // Известия ЮФУ. Технические науки. — 2013. — № 5. — С. 256–264.
  3. Зверева А. С. Развитие когнитивных процессов младших школьников как субъектов образовательной среды // Научно-методический электронный журнал «Концепт». — 2015. — Т. 10. — С. 351–355.
  4. Долгова В. И., Аркаева Н. И., Капитанец Е. Г. Инновационные психолого-педагогические технологии в начальной школе. — М.: Издательство Перо, 2015. — С. 200.
  5. Харченова И. С. Развитие мышления детей младшего школьного возраста в процессе индивидуально-ориентированного обучения: диссертация кандидата психологических наук: 19.00.13. — Красноярск, 2006. — С. 220.
  6. Блонский П. Память и мышление. — СПб.: Питер, 2001. — С. 288.
  7. Жарықбаев Қ.Б., Саңғылбаев О. С. Психология: Энциклопедиялық сөздік / Бас ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 624 б.
  8. Аяғанова А. Ж. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері: диссертация психология ғылымдарының кандидаты: 19.00.01. — Алматы, 2009. — 137 б.
Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена.


Задать вопрос