Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Оразов, Ш. Б. Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру / Ш. Б. Оразов, Разия Ережепова Бердимуратова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 10.1 (248.1). — С. 41-44. — URL: https://moluch.ru/archive/248/57093/ (дата обращения: 16.11.2024).



Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру жүйесі болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындау мақсатында жауап береді. Ол мақсат кәсіби қызмет шеңберінде студенттердің жеке кәсіби қабілеттерін ашу, дамыту болашақ мамандықтарына деген жағымды көзқарас қалыптастыру үшін жағдайлар туғызу болып табылады.

Университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды жүзеге асыруда белгілі бір кезеңдер болуы қажеттілігіне байланысты негізгі үш кезеңге тоқталып өтеміз: жоспарлау, негізгі, болашақ кәсіпке мамандану.

Жоспарлау кезеңінде оқу материалдары мазмұны мен мақсатты жүзеге асыру мәселелеріндегі жалпы бағдарды ұсынады. Мұндағы негізгі мақсат болашақ мұғалімдерге жалпы білімді қабылдаумен байланысты мәселелерге тұрақты қатынас қалыптастыру болып табылады. Ол көп деңгейлі білім беру жүйесінің базалық деңгейінде жүзеге асады.

Негізгі кезеңде, кәсіптік білім мен біліктің базалық жүйесі қалыптасады. Кәсіби мамандану кезеңі болашақ мұғалімдердің университетте меңгерген білімі және дағдылары мен жоғары оқу орындарында игерген білімі мен біліктерін қолдану, кәсіби мамандануға бейімделу жүзеге асады.

Бүгінгі студент — ертеңгі маман болғандықтан, ол өзінің тұлғалық қасиеттерін: білімі мен мәдениеттілігін, алған білімін әдістемелік шеберлікпен ұштастыра білуі, рухани дүниесі кең және ақыл-ой өрісі жоғары, ғылыми-диалектикалық ойлай білуі және кәсіби мамандануға дайындығын, құштарлығын дамыта білуінің ерекше мәні бар.

Жоғары оқу орындарының оқытушылары нақты оқыту ақпаратын беріп, оны студенттердің меңгерулерін ұйымдастырып және сол қаншалықты меңгергендігі нәтижелерін бағалаушы ғана емес, ол болашақ маман болатын студентке көмектесіп, өзінің білім беру қызметінің суъектісі болу керек. Бұл оқытушының оқу процесін ұйымдастыруда жаңа ұстаным, түрлі формалар қолдануымен сипатталады. Болашақ мұғалімге мамандандырудың жаңа жағдайында студенттің басты ұстанымы оның оқу үрдісінде субъектіге айналуы болып табылады. Ол дегеніміз: жас маман өзінің дайындығының барлық бағдарламасын түйсінуге, оны жүзеге асыра білуде өзіне сәйкес жолдарын таңдауға мүмкіншілік туады, ол білім беру нәтижесі үшін жауапкершілік студент пен оқушыға тепе-тең деңгейде таратылады, яғни қорытынды нәтижелерге болашақ маман да, оқытушы да жауапты.

Университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярау жүйесіндегі оқу-танымдық процесті ұйымдастыруда практикалық оқыту, дағдыландыру, үйрету ерекше орын алады. Дене тәрбиесі сабағындағы практикалық қызмет туралы айтқанда, оның жекелеген элементтеріне байланысты дағдыны қалыптастыру процесін ұйымдастыру қызметін айтамыз.

Сондықтан болашақ мұғалімдерді дайындау жүйесінде дене тәрбиесін оқыту процесін ұйымдастырғанда маңызды орын практикалық сабақтарға және түрлі практикаларға берілуі қажет [1].

Жоғары оқу орындарының болашақ мұғалімдерді оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мақсаттардың, жоспарлардың және дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасы негізінде қалыптасады және оның басты өлшемдері: көлемі, ұзақтығы, деңгейі т.б. анықталады.

Дене тәрбиесі пәнін жетілдірудегі оқыту және практикалық психологиясының негізгі белгілері:

— жаңалық ендіру — дене тәрбиесі бағдарламасындағы жаңартуларды қолдану, яғни заман талабына сай теория мен практика арасындағы алшақтықты жүйелі түрде азайтуға ұмтылыс жасау.

— оңтайластыру — оқу-практикалық меңгеру мақсаттарына бір мезгілде уақытты үнемдеу, дағдыны қалыптастыруға мүмкіндігінше қол жеткізуге ұмтылыс;

— ықпалдастыру — түрлі жаңалықтар, жетістіктерді үлгі ету нәтижесінде оқу- практика процесін жетілдіруге ықпал ету;

— ғылыми негіздеу — дене тәрбиесі пәнінің мазмұнын, жаттығу формалары мен орындалу әдістерін, оның ағзаға тиімділігін, практикада және өмірде қолдану мүмкіндіктерін көрсетіп беру;

— оқыту материалдарын және практикада қолданылатын құралдарды дайындау — пән бойынша қажетті құралдар мен оқу материалдарын, сондай-ақ болашақ мамандардың белсенділігін жетілдіретін әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Жоғары оқу орындарының алдында тұрған жаңа талаптарды жүзеге асыру мақсатында, үнемі дамыту әдістерін іздестіру жұмыстары жалғасып отыру керек. Дене тәрбиесі пәнін оқыту әдіс-тәсілдерін түрлендіріп жетілдіру арқылы, университет қабырғасында жүрген кезінде, студенттердің білім деңгейін, дене мәдениетін жоғарылатып, таным деңгейін арттыру, пәнге қызықтыру әрбір оқытушының басты міндеті болуы тиіс. Дене тәрбиесі пәнін тиімді оқыту әдісі студенттерді алғырлыққа, байқампаздыққа, шыдамдыққа, икемділікке баулиды. Олардың ойлау қабілеттірінің жетілуіне, ең бастысы ғылым негізіне құштарлығын дамытып, пәннің теориялық және негізгі талап етілетін — практикалық жағын толық игеруін қамтамасыз етілуі қажет. Болашақ маман бұл міндеттерді өз кәсібінде толық жүзеге асыра білуі үшін оның ізденуін, білімді болуын және көп еңбектенуін талап етеді.

Сабақтың қызықты өтуі оқытушының білім қорының байлығына, кәсіби мамандануына, әр сабақққа тиянақты әзірленуіне байланысты екендігі сөзсіз. Бұл жөнінде ғалымдарымыз: «Егер оқытушы ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгере және сүйе білмесе, онда шәкірттерін де ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жемісті болмақ емес», -деген [2,3]. Соған байланысты студенттерді терең теориялық білімдермен ғана қаруландырып қоймай, оларды тәжірибе жүзінде қолдана білу, білгендерін ұмытпай, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, дағдысын, білімге құштарлығын, дене мәдениетіне деген көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын т. б. қасиеттерін жетілдіру, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие және педагогикалық жұмыстың негізгі шарты.

Жоғары білім беру жүйесінде студенттерді дене тәрбиесі пәніне қажетті ұжымдық және танымдық іс-әрекетке бейімдеуге қажетті төмендегі белгілерді көрсетуге болады:

— бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, студенттің кәсіби бейімделу мақсатына жету үшін ұжым мүшелерінің бағдарының, күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

— ұжымдағы әр студенттің білімді, білікті және дене тәрбиесі жаттығуларын дұрыс орындай білу дағдыларын меңгерулерін қамтамасыз ету бағытында жұмыстардың үнемі жүріп отыруы;

— іс-әрекеттер барысында студенттер арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;

— жұптасып немесе бірігіп жұмыс істеу барысында студенттердің іс-әрекеттерін басқарудың және болашақ маман ретінде өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

— бірыңғай білім кеңістігінің болуы және болашақ маманның жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

— жалпы және жеке нәтижелердің болуы [4].

Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалім үшін дене шынықтыру бағытын денсаулығы мен тән сұлулығы тәрбиесімен ұштастырып, кешенді тәрбие жүйесін ұйымдастыру арқылы кәсіби дайындау міндеттері жүйеленеді. Олар:

1) Денені шынықтыру — дене жаттығуларын үйреткен кезде оқытушы мынадай қағидаларды басшылыққа алуы керек: үйренудегі саналылық, теория мен практиканың өзара тығыз байланысы, көрнекілік, жүйелілік және дәйектілік, әр қимыл жаттығуларды берік меңгерту, түсініктілік, студенттер мен жеке жұмыс жасау, салауаттылыққа дағдыландыру.

2) Спорт — дене тәрбиесі білімдерін меңгертудегі жарыстар, арнайы жаттығулар, спортшылар, төрешілерді іріктейді. Жарыс мақсаттарына байланыста спорттық функционалды құрылымын негіздеп, онда төмендегі бөліктерді ашып көрсетеді: спорттық жарыстар, жарыстың ережесі, күнтізбелер, төрешілер, ұйымдастырушылар, жаттығулар, спортшыларды іркітеу және резерв дайындау, ғылыми-әдістемелік қамту, материалдық-техникалық жабдықтау, жарыстың өткізілуі барысы, оны қамтитын қызметтер саласын басқару және ұйымдастыру.

3) Қозғалыс дағдылары мен біліктерін меңгерту — қимылды меңгертудің бірінші деңгейі — үйрету, одан соң дағдыға өту деңгейінің ұзақтығы студенттердің қабілеттілігіне, оқытушының үйрету әдістеріне, қимыл-қозғалыстың күрделілігіне байланысты болғандықтан дидактикалық принциптерді сақтай отырып, дене жаттығуларын үздіксіз орындату, физиологиялық жағынан қабілеттілігін арттыру негізінде қажетті қозғалыстар, қолайлы күшпен, тиімді ырғақпен орындалады, нәтижесінде қозғалыс дағдылары мен біліктерін толық меңгеру мақсатында үйрету-меңгертуі қатесіз болуы керек, яғни қателердің пайда болу себептерін біліп, оларды түзету және алдын-алу шараларын қолдану.

4) Қозғалыс сапаларын дамыту — «қайталау — оқу анасы». Қозғалыстың сапасын дамытудың негізгі көп қайтара қайталауда екендігін сабақты ұйымдастырушы әрқашан да есіне ұстауы қажет. Қозғалыс сапаларын дамыту — күрделі қозалыстарлы үйлесімді түрде игеру және оларды өзгермелі түрде пайдалану, техникалық жағынан кемелдену. Оқытушы ынтамен қарап, көріп, талдай, түсіндіре, көмектесе білу, студент ізденісіне кедергі келтірмеу.

5) Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу — адамгершілік сезімін, белсенді өмірлік позициясын, саналы көзқарасын, сөзі мен ісінің бірлігін, ар-ұяты, адамгершілік еркі, қоғамдық бағалы қасиеттерінің бір-бірімен байланысты тұтас адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу. Ұлы Абайдың пікірінше, үш қасиет: «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» иесін қалыптастыру.

6) Эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу — оның негізгі мақсаты өмірге эстетикалық қатынасқа баулу: еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, өнерге эстетикалық түсінік беру, баға, талқы, таңдау және қабілетті дамыту, әсемдікті сезіндіру, өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылдыру. Табиғатқа, әдебиетке, музыкаға, поэзияға, көркем сурет, театрға, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Дене тәрбиесі әсемдіктің көп элементтеріне арқау болады, ол: дене дамуының сұлу үйлесімі, жүріс-тұрыс әсемдігі, адам мінезінің сұлулыққа ұмтылуы, ойлау мәнерінің жақсы жағына өзгеруі.

7) Сендіру, жаттықтыру, ынталандыру әдістерін қолдану — сенімін қалыптастыруға әсер ететін сөз арқылы ықпал ету, тәртіп ережесі мен нормасына сәйкес іс істеуге мәжбүр ететіндей жағдай туғызу, студенттердің әрекеттерін мадақтау арқылы қимыл-қозғалыс жаттығуларын белсенді жасауға жағдай жасау, жағымды бағалау.

8) Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру — өз денесін жетілдіру және денсаулығын нығайту үшін, жеке қызығушылығын қанағаттандыру және белсенді демалысты қамтамасыз етуін, бос уақытын пайдалы ұйымдастыруға әдеттену, дене дайындығын арттыру, әлеуметтік белсенділікті тәрбиелеу, нұсқаушылық-әдістемелік және төрешілік білімдер мен дағдыларды жетілдіру үшін дене жаттығуларымен жүйелі айналысу.

9) Гигеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру — организмнің бейімділік қасиетін арттыру, оның төзімділігінің ептілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, дене гигиенасын сақтау және жоғары жүйкелік-эмоциялық қабілеттілікті дамыту арқылы дағды мен ептілікті қалыптастыру.

10) Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру — ішкі дүние байлығы мен моральдық жағынан таза, денесі шыныққан, өзінің психологиялық адамгершілік қасиеттерін шыңдай білуге, мәселелер мен қиындықтарды жеңе білуге ықпал ету.

11) Беріктілік қағидасын қолдану — пән бойынша материалды толық, берік меңгерту, студенттер ойша еске түсіре алатындай, қайта жаңғыртатындай, оқу және өмірде, іс-тәжірибелік мақсаттарда пайдалана алатындай дәрежеде игерту.

12) Жоғары білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда жоғары оқу орындарының негізгі мәселелерінің бірі — студенттердің денсаулығын сақтап, нығайту болып отыр. Салауаттандырудың мақсаты — студенттерді салауатты өмір сүруге баулу [5].

Дене тәрбиесі жүйесі дене мәдениеті элементтердің мақсаттары арқылы жүзеге асырылады. Дене тәрбиесі жүйесінің құрамына дене мәдениетінің әр қилы элементтері кіруі мүмкін. Әрбір жүйенің құрылу деректері болып оның атқаратын қызметі есептеледі. Дене тәрбиесі жүйесінің ғылыми негізін түсіну үшін бір-біріне байланысты екі тенденциясын түсіну керек, дифференциялау және интеграция. Қазіргі кезде дене тәрбиесі жөнінде жаңа бірқатар ғылымдар қалыптасты: кибернетикалық, антропологиялық, морфо-физиологиялық, психолого-гигиеналық т.б. Бұл ғылымдардың маңыздылығы оларды әр тарапта түсіндіретін біртұтас концепция жасауға байланысты. Біздің дене тәрбиесі жүйемізде бағдарлама мазмұны адамдардың жас және жеке өзгешелігін, дене дайындығын есепке алып жүргізіледі. Сонымен бірге екі бағдарда жалпы және арнаулы дайындықтың бір-бірімен байланыстылығы ескеріледі. Жалпы дайындық бағдары дене дайындығын дамытуды мен әрекет ұғымының көндігуін және дене даму көрсеткішін бағдарлайды.

Арнаулы дайындық бағдары бұл спортқа шынықтыру, кәсіпке және әскери жұмыс үшін жүргізілетін дайындық, жалпы дайындық негізінде таңдап алған спорт түрі бойынша жетілдіру және қосымша жұмысты бағдарлайды.

Өзін-өзі жаттықтыру, шынығу арқылы тәрбиелеу адам тұлғасын, жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Жастардың жаттығу арқылы өзін-өзі тәрбелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды тұрмыстағы, өмірдегі тәрбие мәнін, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы рөлі жөнінде хабардар етіп отыруы қажет.

Әдебиет:

  1. Таубаева Ш. Научные основы формирования исследовательской культуры учителя общеобразовательный школы. Дисс…д.п.н.: 28.11.01. — Алматы, 2001. — 370 с.
  2. Кеңесбаев С. М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс....-Түркістан, 2006, 312 б.
  3. Қасымбекова С. И. Научно-педагогические основы формирования физической культуры учащихся молодежи. Дисс. д.п.н.: 13.00.04. -Алматы, 2002.-306 с.
  4. Оңалбек Ж. К. Болашақ мұғалімдерді денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Пед.ғыл.докт. дисс. –Түркістан, 2007. -316 б.
  5. Егізбаев Ж. Жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды оқыту. Оқу-әдістемелік құралы. –Алматы, 2003. -45 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, маман.


Похожие статьи

Жаңа дәуір ойшылдары қауіпсіздік түсініктері жөнінде

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Дереккөздермен жұмыс бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту құралы ретінде

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Кірме сөздердің лингвомәдени сипаты және оны аудармада қолданылуы

Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру

Сюжеттік–рөлді ойындар және оны ұйымдастыру әдістемесі

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Похожие статьи

Жаңа дәуір ойшылдары қауіпсіздік түсініктері жөнінде

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Дереккөздермен жұмыс бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту құралы ретінде

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Кірме сөздердің лингвомәдени сипаты және оны аудармада қолданылуы

Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру

Сюжеттік–рөлді ойындар және оны ұйымдастыру әдістемесі

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Задать вопрос