Әлем және Қазақстан ауыл шаруашылығындағы үдерістер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кенешбаев, Б. Ж. Әлем және Қазақстан ауыл шаруашылығындағы үдерістер / Б. Ж. Кенешбаев, Б. М. Дандаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 10.1 (248.1). — С. 36-39. — URL: https://moluch.ru/archive/248/57092/ (дата обращения: 22.12.2024).



Әлемдік экономика — бұл әр түрлі элементтерді қамтитын күрделі жүйе. Ол әртүрлі ұлттық өндірістермен, оларды бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы қалыптасады. Бұл ретте ауыл шаруашылығындағы әлемдік үдерістер жекелеген мемлекеттердің ондағы орнын, мүмкіндікерін және тұтастай алғанда әлемдік үлесін көрсетеді. Әлемдік үлесі жоғары мемлекеттер бүкіл әлемдік экономикалық жүйенің жұмысына әсер етеді. Алайда әлемдік экономика да нарықтық экономиканың объективті заңдарына бағынып, халықаралық келісімдердің өсуі және сәйкесінше күрделі өзара тәуелділікке ие тұрақты динамикада болады. Қазіргі әлемдік экономика біртекті емес. Олардың құрамына әлеуметтік құрылымы, саяси құрылымы, өндірістік күштердің даму деңгейі және өндірістік қатынастары, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастары, табиғаты, жер көлемі жағынан ерекшеленетін мемлекеттер кіреді.

Әлемдік экономиканың маңызды мәселелерінің қатарында — мемлекеттердің даму деңгейі, оның ішінде маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша әлемдік рейтингтегі орнына көп көңіл бөлінуде. Бұл ретте, Елбасы бастамасымен Қазақстанның стратегиялық алға қойған мақсаты — 2050 жылға қарай әлемдегі ең озық дамыған елдер қатарынан көріну болып табылады [1]. Сондықтан, еліміздің дамыған елдер қатарына қосылу барысында қазіргі Қазақстан ауыл шаруашылығының орны мен даму жағдайы және оның болашағына әлемдік тенденцияларға сүйене отырып талдау жасау маңызды.

Соңғы кездегі әлемдегі дамыған және дамушы елдерінің даму топтары бойынша ауыл шаруашылығының үлесіне қарайтын болсақ, Дүниежүзілік банктің деректеріне сүйенсек 1960–2007 жылдар аралығынада ЖІӨ-де ауыл шаруашылығының үлесі динамикасы төмендеу тенденциясын байқалуда. Ол бойынша соңғы 50 жылда салыстырмалы түрде табысы жоғары және табысы төмен, дамыған және дамушы әлемнің барлық елдерінде дерлік ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен екі есеге төмендеген (Сурет 1) [2].

Сурет 1. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша 1960–2007 жылдар аралығынада мемлекеттердің топтары бойынша ЖІӨ-де ауыл шаруашылығының үлесінің динамикасы, пайызбен [2].

Қазақстан ауыл шаруашылығының осындай әлемдік трендке қаншалықты сәйкес келетіндігін білу үшін статистикалық көрсеткіштердің динамикасын қарастырамыз. Қажетті мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтынын алуға болады. Ресми статистикалық деректер бойынша 1993–2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ЖІӨ көлемі өндіріс әдісімен есептегенде 29,4 млрд. теңгеден 53 101,3 млрд. теңгеге дейін өскен немесе осы жылдар аралығында шамамен 1800 есе артқан [3].

Сурет 2. 1993–2017 жылдар аралығында Қазақстан ЖІӨ-де ауыл шаруашылығының үлесінің өзгеру динамикасы, пайызбен [3]

Ал осы кезең аралығындағы ауыл шаруашылығы өнім көлемі 6,1 млрд. теңгеден 4 070,9 млрд. теңгеге дейін өсіп немесе осы жылдар аралығында шамамен 673 есе артқан. Байқағанымыздай 1993–2017 жылдар аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылығы өнім көлемінің өсу динамикасы ЖІӨ өсу динамикасынан шамамен 3 есе кем болған. Атап айтқанда 1994 жылы Қазақстан ЖІӨ-де ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 26,8 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 2017 жылы 7,7 пайызға дейін түсіп кеткен (сурет 2).

Демек, Қазақстан ауыл шаруашылығындағы өзгерістер, әлемдегі ауыл шаруашылығы өнім көлемінің үлесінің төмендеу үдерісі мен өзгерістерінде елеулі үлес алуда. Бұндай өзгерістердің негізгі бір себептері ретінде кейбір зерттеулерде, 1992 жылдардан 2017 жылдарға дейінгі аралықтағы Қазақстан және көршілес Кырғыстан, Тәжікістан, Түркменістан мен Өзбекстан мемлекеттеріндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде, ауыл шаруашылығы жер пайдаланушылары үлкен кәсіпорындардың үлесінің төмендеп, шағын шаруа қожалықтар мен үй шаруашылығы үлесі көбейгенін көрсеткен. Бұл деректер бойынша Қазақстан және көршілес Кырғыстан, Тәжікістан, Түркменістан мен Өзбекстан мемлекеттерінде 1990 жылдары үлкен ауыл шаруашылығы кәсіпорындар жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70 пайзға жуығын шығарса, ал ауыл шаруашылығы жерлердің 90 пайызына жуығын иеленген [4].

Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне байланысты фермерлердің табиғаттағы өзгерістерге бейімделуі негізінен табиғатты қорғау шараларын қабылдап, нарықтық экономка талаптарына сай болу үшін, өнім түрлерін алмастыру арқылы өз өнімдерін әртараптандыруда, яғни бұрынғыдай үлкен көлемде бір өндірістің орнына, аз көлемде көп түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде, сол арқылы нарық талаптарына бейімделуде. Кейбір зерттеулерде әлемдік климатта болып жатқан өзгерістердің, ауыл шаруашылығына, соның ішінде егіс алқаптарына, олардың өнімділігіне кері әсері бары көрсетілген [5]. Демек, климаттық өзгерістердің де белгілі бір әсері бар.

Дегенімен, Қазақстанның ауыл шаруашылығы еліміздің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылғандықтан оның даму қарқынын арттыруға көп көңіл бөлінуде. Себебі, оның болашағы мен дамуы елдегі азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуді, еңбек өнімділігін арттыруды және халықтың негізгі бөлігінің өмір деңгейінің жақсартуға бағытталған. Оның дәлелі ретінде елімізде 2021 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылып жатқандығын атап айтса болады. Бағдарлама бойынша түсетін жоспарлы тиімділік келесілерді қамтиды:

− ауыл шаруашылығындағы бір жұмысбастының еңбек өнімділігін 4,0 млн теңгеге дейін 2,5 есеге ұлғайту;

− қайта өңделген өнім экспортын 2,7 млрд. АҚШ долларына дейін 2,5 есе ұлғайту; ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есеге дейін ұлғайту;

− саланың негізгі капиталына инвестициялар түсімін 3 есе ұлғайту;

− тартымды несие қаржыларының көлемі 2021 жылға қарай 2017 жыл деңгейіне қарағанда 9 есе көбейту жоспарланған.

Бұл ретте көңіл аударатын міндеттер: азық-түлік қауіпсіздігі және өткізу нарығына қолжетімділік және экспорттық әлеуетті дамыту; жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру; аграрлық ғылымды дамыту, технологиялар трансферті, техникалық жарақтандырылу және сандық технологиялар арқылы сапалы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілген [6].

Сонымен, Қазақстан ауыл шаруашылығындағы өзгерістер, әлемдегі ауыл шаруашылығы өзгерістерінде өз үлесін алуда. Бұл өзгерістер әлемде де, Қазақстанда да объективті факторлардың әсерінен болып жатқандығы белгілі. Ендігі кезектегі міндет соңғы жылдардағы осы факторлардың кері әсерін мүмкіндігінше азайтып, еліміздің әрбір азаматының азық-түлікке қажеттілгін мұқтаж деңгейінде емес, жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын ауыл шаруашылығының даму қарқынын қамтамасыз ету қажет.

Әдебиет:

  1. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». 2018 жылғы 5 қазан. Дерек көзі: https://strategy2050.kz/page/message_text20171/
  2. Основные тенденции развития сельского хозяйства в мировой экономике. Дерек көзі: http://finuni.ru/osnovnye-tendencii-razvitiya-selskogo-hozyaystva-v-mirovoy-ekonomike/
  3. ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ресми сайты дерегі: http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeDinamika.pokazateli?_afrLoop=1863085728730251# %40 %3F_afrLoop %3D1863085728730251 %26_adf.ctrl-state %3Drzo881mmn_42
  4. Zvi Lerman and David Sedik. Transition to Smallholder Agriculture in Central Asia // Journal of Agrarian Change. -2017. DOI:10.1111/joac.12282
  5. Supit I., C. A. Van Diepen., Allard De Wit., Fulco Ludwig. Assessing climate change effects on European crop yields using the Crop Growth Monitoring System and a weather generator // Agricultural and Forest Meteorology. — 2012. 164: 96–111 DOI: 10.1016/j.agrformet.2012.05.005
  6. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінінің ресми сайты мәліметері. Дерек көзі: https://moa.gov.kz/documents/1
Основные термины (генерируются автоматически): DOI, дама, мена, млрд, немес осы, Экономика.


Задать вопрос