Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Изатуллаева Б. С., Алимжанов Н. Ж. Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру бағыттары // Молодой ученый. — 2019. — №10.1. — С. 25-27. — URL https://moluch.ru/archive/248/57090/ (дата обращения: 23.04.2019).



Еңбек нарығында қалыптасып жатқан жағдай мемлекеттің, бизнестің және жалпы қоғамның үнемі назарында. Ол елдің экономикалық дамуына, әлеуметтік саясатқа, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ жеке адамның әл-ауқатына да әсер етеді. Сонымен бірге, еңбек нарығының өзіне демографиялық, экономикалық, технологиялық және саяси трендтер тарапынан үлкен ықпал жасалынады. Нәтижесінде, әр мемлекеттің еңбек нарығы бірегей болып келеді. Бұл жаһандық және ұлттық деңгейде жан-жақты талдау жүргізу қажеттілігіне алып келеді.

Қазіргі уақытта әлемде 192 млн. аса адам жұмыссыз болып табылады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5 млн. адамға аз. Әлемде жұмыссыздық деңгейі 5,6 % құрайды (2016 жылмен салыстырғанда 0,1 п.т. кеміген) және ХЕҰ болжамы бойынша 2019 ж. аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалып, жұмыссыздар саны 1,3 млн. адамға артады. Бұл экономикалық өсудің шамалы қарқынымен және жұмыс орны санынан жұмыс күшінің басымдылығымен түсіндіріледі [1]. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін шешу әлеуметтік саясаттық экономикалық өсу механизміне енгізілу дәрежесінен тәуелді, бұл объективті түрде әлеуметтік саясаттык басты мәселелерінің дихотомия (екі жақтылық) идеясына қосылу қажеттілігін тудырады. Өзінің халықтық ахуалын жақсарту мен әлеуметтік әділдік проблемаларын шешу сияқты негізгі қызметтерінен тыс экономикалық өсу, оны тұрақтану және шапшаңдатуға тікелей қызмет ететін механизмдерді әрекеттендіру қажет.

Саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жүйенің түбегейлі өзгерістерінің нәтижесін шығаруга негіз болатын және осыған мүмкіндік беретін Қазақстандагы нарық реформалық 12 жылдық кезеңін алсақ, ол еңбек сферасындагы өзгерістер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және өндірістің техникалық деңгейін жоғалатумен, ішкі және сыртқы нарыққа инновациялық өніммен жоғаы технологиянық шығуын қамтумен, импорт тауарларын ауыстыру және осынық негізінде белсенді инновациялық өндірісті тұрақты өсу сатысына көшірумен байланысты екенін дәлелдейді.

Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мен дамытудың тиімді жүйесін құру мәселелерін шешу әлеуметтік саясаттық экономикалық өсу механизміне енгізілу дәрежесінен тәуелді, бұл объективті түрде әлеуметтік саясаттың басты мәселелерінің екі жақтылық идеясына қосылу қажеттілігін тудырады. Өзінің халықтық ахуалын жақсарту мен әлеуметтік әділдік проблемаларын шешу сияқты негізгі қызметтерінен тыс экономикалық өсу, оны тұрақтану және шапшаңдатуға тікелей қызмет ететін механизмдерді әрекеттендіру қажет.

Дамыған елдерде өндіріс көлемінің жоғаы өсу қарқыны басымды түрде бесінші технологиялық құрылыспен байланысты, сондықтан да олардың өнімі әлемдік нарықта көптеген бағыттар бойынша бәсекеге қабілетті болып отыр. Осыган байланысты Қазақстандагы инновациялық саясаттық стратегиялық мақсаты ретінде ғылыми ойлар мен шығармаларды халықаралық деқгейдегі нарық өніміне айналуын қамтамасыз ететін қолайлы инновациялық ортаны құру, осы өнімдерді экономиканық мақызды салаларына енгізу болып табылады. Бұл жағдайда тауарды ойдан түтынушыға жеткізудегі технологиялық тізбектегі ғылыми-ағартушылык кешеннің орны едәуір анықтала бастайды. Осы тұрғыда инновациялық саясатты кадрлық, ақпараттық және қаржылық қамтудың ішіндегі ең маңыздысы кадрлық, немесе еңбектік, болып табылады. Өзгерістерге дайын болу инновациялық экономикалық мінез-құлықпен ойдық өзегі болып табылады. Қолайлы инновациялық ауа райының шынайы қалыптасуы инновациялық процесстер туралы базалық білімдердің кеңінен таралуымен байланысты. Бәсекелестік ортада еңбек ресурстарына, бірінші кезекте инновациялық менеджерлерге, қойылган белгілі талаптардың орындалуы жәй ғана құнды жоғалатудың қайнары емес, экономикалық тұрақты дамуының басты құралы болып табылады. Ортаның өзгеруіне сәйкес жауап бере алмаған компаниялар нарықтың дамыған басқарушылар командаларынан өнімділік деңгейі бойынша, қызмет көрсету көлемі бойынша, жаңа технологияларды енгізіп пайдалануы бойынша артта қала бастайды, нәтижесінде олардың нарықтағы үлесі азайып, олар бірте -бірте нарықтан ығыстырылады. Бұл менеджерлердің ынталылық және жасампаздық, нарық заңын игеріп оларды пайдалану, сыртқы ортаның өзгеруіне икемделу, ескі қағидалардан бас тартып нарық ыңғайына қарай базалық құндылықтарды өзгерту, логистикадан, менеджмент пен маркетингтен экономикалық білімдерді жаңарту, басқарудың психологиялық әдістерін игеру, ұйымдастырушылық қызметті құрып, оны қайта құруда шебер болу сияқты нарықтық талаптарға сай болмағаны [2].

Қазіргі заманғы ғылымисыйымды өндірістер еңбек ресурстарымен ясақа қарым-қатынастарды талап етеді. Қазақстанда қалыптасып келе жатқан еңбек ресурстарының нарығы жалпы экономикалық проблемалар мен әлеуметтік құрылымдық өзгермелігіне байланысты көптеген бұрмалануга тап болды. Жұмысбастылық сферасында еңбек ресурстарының бірте-бірте квалификациялық деңгейі төмендеп келетін еңбекті қолданатын салаларға қарай, көп жағдайда экономикалық жағынан ақталмайтын қозғалыс орын алып отыр. Жоғары кәсіпқой мамандарының (инженер, технолог, конструктор, оқытушы) еңбек потенциалы өзіне сай келмейтін көптеген іс-әрекеттерде, көп жағдайда — қызмет көрсету сферасында, тұрақсыз ұсақ бизнесте орын тауып отыр.

Бақыланып отырған өсудің факторлары мен тұрақсыздығын сипаттайтын экономикада қарама-қайшы тенденциялар байқалады. Зерттеудің осы тұрғысынан еңбек ресурстарын пайдалануды жетілдіру бағыттары туралы мәселе тұруда.

Қазіргі кезеңдегі еңбек ресурстарын пайдалануды жақсарту бойынша негізгі шаралар: жалпы үлттық көлемде жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының талаптары туралы халыққа ыңғайлы ақпараттық жүйе құру; болашақтағы еңбек нарығының сұранысына сай еңбек ресурстарын қайта даярлау; еліміздің барлық аудандарында соның ішінде ауылды жерлерде еңбекке сұраныс пен ұсынысты ұштастыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту; кәсіпқой еңбек кадрларындағы тапшылықты толықтыру мақсатында кәсіби білім алудың орта деңгейін басқару және қаржыландыру кешенін қайта жандандыру және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай оған қол жеткізу; еңбек ресурстарын салааралық және мамандық бойынша қайта бөлуге, еңбек миграциясының реттелуіне жәрдемдесетін шараларын жасау және қабылдау; сұранысы тұрақты және асып түсетін мамандықтар мен кәсіптер бойынша жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді қайта даярлау жүйесі мен кәсіби білім беру мониторингін жасау.

Бұл мәселелер кәсіби білім беру жүйесін реформалауда, экономика құрылымын қайта құру багдарламаларында, салалық және аймақтық жұмысбастылықты қамту бағдарламаларында басты орынды алуы қажет. Салық салу шаралар мен жеңілдіктер жүйесі көмегімен еңбек ресурстарының ағымын реттеу механизмдерін терең талқылаудың ерекше мақызы бар. Мысалы, оқуын бітірген жастардық барлық топтары үшін салық жеңілдіктері қарастырылуы мүмкін. Тәжірибесі жоқ жастар үшін арналған жұмыс орындарына ерекше статус берілуі мүмкін.

Жаһандану және технологиялық өзгерістер еңбекке икемділік сұранысының өсуіне ықпал етті. Нәтижесінде, бүгінгі күні еңбек нарығында тағы бір жаһандық тренд бар — «дәстүрлі» жұмыспен қамтылудан стандартты емес жұмысқа ауысу(ішінара,уақытша,тәуелсіз жұмыс). Толымсыз жұмыс істейтіндердің саны жылына 11 миллионға артып келеді. Бұған жұмыс берушілердің шығындарды азайту жөніндегі бастамалары мен қызметкерлердің мобильді және тәуелсіз болуды — фрилансер болуды қалауы мүмкіндік туғызады.

Бүгінде дамыған елдерде көптеген мамандықтар үшін қашықтан жұмыс істеу және фриланс қалыпты жағдайға айналды және олардың үлесі өсуде. Аймақтық шекаралар жойылуда, Интернет-технологияның дамуы тек жергілікті ғана емес, сонымен қатар жаһандық еңбек нарығында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бағалау бойынша, 2020 жылы АҚШ-да әрбір екінші адам фрилансер болады.

АҚШ-та50млн.адам(жұмыс күшінің45 %-ы)кем дегенде мезгіл-мезгіл үйден жұмыс істеуге мүмкіндік алады, ал 2,9 млн адам қашықтан жұмыс істейді. Мысалға, IBM компаниясында бүкіл әлем бойынша 128 мың маман (29 %) қашықтан жұмыс істейді. Жұмыс беруші бір қызметкерді қашықтан жұмысқа ауыстырған кезде жылына $10,000 үнемдейді. Болжам бойынша 2020 жылға қарай АҚШ-та әрбір екінші адам фрилансер болады18.

ҰлыбританиядағыMWL Systemsкомпаниясының деректерібойынша, компаниялардың 62 % қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлері бар, ал қызметкерлердің 34 %-ы кеңседен тыс жұмыс істейді.

Соңғы онжылдықтың белсенді талқыланып жатқан тақырыбы төртінші өнеркәсіптік революция (роботты техника, нанотехнология, 3D-баспа, биотехнология және т. б.) және ол жақын болашақта еңбек нарығына қалай әсер ететіндігі болып табылады.

Бір жағынан инновация кәсіпорын өнімділігін жоғарылатуға көмектеседі, ол еңбек ресурсына сұранысты төмендетеді. Басқа жағынан өнімділікті жоғарылату кәсіпорын шығынын азайтуға және сәйкесінше өнім бағасын төмендетуге алып келеді, ол сұраныстың артуына, өндірісті кеңейтуге және нәтижесінде қосымша жұмыс орындарының құрылуына алып келуі мүмкін.

Жаһандануды үшінші мыңжылдықтық қазіргі шешетін ұраны ретінде сипаттай отырып жаһандану тенденциясы әкелетін ерекше әлем шаруашылығының қайшылықтарын атап көрсету қажет. Жаһандану нәтижелерін бөлу тең болмайды екен, және де дамыған және дамып келе жатқан елдер арасындағы едәуір айырмашылықтардың қысқаруына тікелей бөгет болады [3].

Жұмысты кәсіби қағида бойынша құру арқылы еңбекпен қамту қызметінің іс-әрекетін қайта бағыттау — ел ішіндегі еңбек ресурстарын жетілдірудің маңызды бағыттары болуы қажет, яғни, жұмыскерлерді жұмыссыздықтық түрлеріне байланысты мамандандыру, олардың өзара ауыстырылуын есепке алу, бос жұмыс орнын беретін жұмыс берушілердің еңбек нәтижесіне жауапкершілігін жоғарлату, кәсіпорындармен және басқа да шаруашылық және қоғамдық құрылымдармен іскерлік қатынастар құру. Еңбекпен қамту қызметтері жұмыссыздарды есепке алудан ғөрі кәсіпорындар, ұйымдар және басқа құрылымдық топтармен жұмыс істеуге күш салып назарын аударуы қажет.

Еңбек ресурстарының жағдайына және пайдаланылуына әсер ететін мақызды бағыты — келесі факторларды есепке алу болып табылады: экономикалық күйзеліс, жұмыс орнын ашу үшін ресурстар тапшылығы, еңбек ресурстарынық кәсіби деңгейі, өндірістің техникалық қамтылу деңгейінің өсуі, өндірістің салалық құрылымындағы өзгерістер. Бұл факторлар әр түрлі елдерде өздерін әр түрлі айқындайды. Сондықтан елдік әлеуметтік-экономикалық саясаты елдің еңбек ресурстарын пайдалануда басымды тәсілдер есепке алынып жасалынуы қажет.

Әдебиет:

  1. Меликьян Т. Г., Колосова Р. П. Экономика и социально-трудовые отношения М., 2006

2. Қазақстанда еңбек нарығын мемлекеттік реттеу бағдарламасы / Егеменді Қазақстан, 26.02. 2010

  1. Зубкова А., Суетина Л. Концептуальные основы нормирования труда в рыночной экономике. // Труд в Казахстане. 2000, № 8
Основные термины (генерируются автоматически): мена, IBM.


Похожие статьи

Моделирование бизнес-процессов в условиях антикризисного...

В данной статье представлены и проанализированы современные методы и подходы создания новых бизнес-процессов в условиях антикризисного управления. Даны характеристики и...

Начало работы с IBM Data Studio | Статья в журнале...

IBM Data Studio входит во все сборки DB2. IBM Data Studio предоставляет единую интегрированную среду для администрирования баз данных и разработки приложений.

BigData: анализ больших данных сегодня | Статья в журнале...

Ниже представлены результаты опроса IBM Institute, о направлениях использования BigData в компаниях. Как видно из диаграммы, большинство компаний используют BigData в сфере...

Термин Big Data и способы его применения | Статья в журнале...

Суперкомпьютер Watson компании IBM анализирует в реальном времени поток данных по денежным транзакциям. По данным IBM, Watson на 15 % увеличил количество выявленных...

Введение в Big Data | Статья в журнале «Молодой ученый»

Начало работы с IBM Data Studio. Технологии обработки больших данных | Статья в

Обзор надежности систем загрузки журнальных записей в Big Data. Начало работы с IBM Data Studio.

BIG Data как инновационный путь развития компании

Состояние рынка на сегодняшний момент можно охарактеризовать как высоко конкурентное, количество сфер деятельности, где компании чувствуют себя комфортно в гордом одиночестве...

К вопросу научного подхода к построению аутсорсинговой...

В работе проанализированы различные подходы к определению бизнес -модели развития предпринимательских структур. Автор обосновывает необходимость аутсорсинговой...

Клиентский опыт (Customer Experience) как инструмент обратной...

Построение бизнес модели, ориентированной на клиентов и создание уникального клиентского опыта находится в центре внимания длительный период времени, особенно в банковском...

Определение метода управления проектами на основе модели...

В статье рассмотрена проблематика выбора метода управления проектами в зависимости от нахождения организации в одной из областей модели Кеневин, определенных...

Применение реинжиниринга бизнес-процессов на предприятиях

Статья посвящена изучению реинжиниринга бизнес-процессов, его истории развития и применения на российских предприятиях. Речь пойдет о компаниях использующих данный...

Похожие статьи

Моделирование бизнес-процессов в условиях антикризисного...

В данной статье представлены и проанализированы современные методы и подходы создания новых бизнес-процессов в условиях антикризисного управления. Даны характеристики и...

Начало работы с IBM Data Studio | Статья в журнале...

IBM Data Studio входит во все сборки DB2. IBM Data Studio предоставляет единую интегрированную среду для администрирования баз данных и разработки приложений.

BigData: анализ больших данных сегодня | Статья в журнале...

Ниже представлены результаты опроса IBM Institute, о направлениях использования BigData в компаниях. Как видно из диаграммы, большинство компаний используют BigData в сфере...

Термин Big Data и способы его применения | Статья в журнале...

Суперкомпьютер Watson компании IBM анализирует в реальном времени поток данных по денежным транзакциям. По данным IBM, Watson на 15 % увеличил количество выявленных...

Введение в Big Data | Статья в журнале «Молодой ученый»

Начало работы с IBM Data Studio. Технологии обработки больших данных | Статья в

Обзор надежности систем загрузки журнальных записей в Big Data. Начало работы с IBM Data Studio.

BIG Data как инновационный путь развития компании

Состояние рынка на сегодняшний момент можно охарактеризовать как высоко конкурентное, количество сфер деятельности, где компании чувствуют себя комфортно в гордом одиночестве...

К вопросу научного подхода к построению аутсорсинговой...

В работе проанализированы различные подходы к определению бизнес -модели развития предпринимательских структур. Автор обосновывает необходимость аутсорсинговой...

Клиентский опыт (Customer Experience) как инструмент обратной...

Построение бизнес модели, ориентированной на клиентов и создание уникального клиентского опыта находится в центре внимания длительный период времени, особенно в банковском...

Определение метода управления проектами на основе модели...

В статье рассмотрена проблематика выбора метода управления проектами в зависимости от нахождения организации в одной из областей модели Кеневин, определенных...

Применение реинжиниринга бизнес-процессов на предприятиях

Статья посвящена изучению реинжиниринга бизнес-процессов, его истории развития и применения на российских предприятиях. Речь пойдет о компаниях использующих данный...

Задать вопрос