Инновациялық ортаны қалыптастыру негізінде инновациялық қызметті ұйымдастырудың және басқарудың жүйелік тәсілі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ерманкулова, Р. И. Инновациялық ортаны қалыптастыру негізінде инновациялық қызметті ұйымдастырудың және басқарудың жүйелік тәсілі / Р. И. Ерманкулова, Б. Ж. Альмухамбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 10.1 (248.1). — С. 21-23. — URL: https://moluch.ru/archive/248/57089/ (дата обращения: 16.11.2024).



Инновацияларды дамыту жөніндегі саясат инновациялық-технологиялық дамытуды басқару жүйесін құру, салалар мен өңірлерді инновациялық дамыту есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйелерді құруға бағытталатын болады. Сондай-ақ жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту және еліміздің ғылыми және инжинирингтiк әлеуетін арттыру үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, инновацияны енгізетін жұмысын жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерді қолдау жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады. Жаңа білімді жасау және өзгерту процестеріне байланысты барынша толық анықталған мүдделердің инновациялық қызметіне уәжделетін нақты экономикалық субъектілер жүзеге асырылады. Инновациялық процестегі субъектінің өзінің қанша екендігінде емес, олардың арасындағы қарым-қатынастың саны мен сипатының қанша екендігінде ерекше маңыз жатыр. Және, соған орай инновациялық қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі нақты экономикалық жүйедегі ережелер мен заңдар көмегімен осы қарым-қатынастарды бірегей реттеу деңгейімен анықталады.

Инновациялық жүйе дәл осы әрекет етуші заңдылық базасына тәуелділікте ұлттық сипатты иеленеді.Сонымен бірге, жаңа білім инновациялық қызметтің кез келген сатысында пайда болуы мүмкін екенін есте сақтаған абзал. Яғни, инновациялық циклдегі жаңа білімнің «сызықтық модель» қозғалысы циклдың кез келген сатысында субъектіге сәйкес жаңа білім жасалуы мүмкін болатын неғұрлым күрделі «желілік модельге» өзгертіледі. Практикалық жоспардағы ұлттық жүйенің нарықтық типі экономиканың ашықтығын, оның әлемдік шаруашылықта біріктірілгендігін, жеке меншіктің, оның ішінде интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің құқықтарының заңды бекітілуін, экономикалық қызметтегі барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің тең құқықтылығын, өндірісшілердің тұтынушылар мүдделеріне бағдарланған және инновацияны үздіксіз жасауға ынталандыратын бәсекелестік ортаның заңды түрде қамтамасыз етілуін болжамдайды.

Нарық жағдайында инновацияларды тарату механизмдерін іске асыру оларды өндіретін және тұтынатын меншік формаларының және субъектілер типінің өзгерулеріне байланысты өзі арқылы институционалдық жағдайлар мен ұйымдық құрылымдар жиынтығын білдіретін аймақтың инновациялық ортасын қалыптастыруды талап етеді [1]. Жаңа идеяларды, өнімдерді өндіру, жаңа өндіріс пен жаңа нарықты дамыту үшін аймақтағы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және жергілікті деңгейде инвестициялық тартымдылық факторы ретінде шығатын инновациялық ортада жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.

Аймақтың инновациялық ортасын оны құрайтын элементтерді айқындаудан, ортадағы процестрдің мазмұнын құрайтын осы элементтердің өзара байланысы ережелері мен заңдылықтарын анықтаудан, сондай-ақ, бұл ортадан тыс болатын объектілер қызметіне ықпалын бағалаудан шығатын жүйелік зерттеу талап етіледі. Сонымен қатар көптеген зерттеушілер үшін бұл жүйедегі қандай да бір жеке құрайтын бөлініс тән және басқалар құрайтын есептің жоқтығы инновациялық ортаны зерттеудің жүйелік тәсілін ұсынумен сәйкестікте оны жасайтын элементтердің құрамына төмендегі субъектілер кірігеді:

- интеллектуалды өнімді өндірушілер (ҒЗИ, ЖОО, бастамашы топтар, жеке зерттеуші);

- жаңа техниканы дайындаушы-кәсіпорын;

- басқарудың мемлекеттік органдары;

- жаңаенгізілімге тапсырыс берушілер;

- жаңалықты тұтынушылар;

- инновациялық процестерді ақпараттық жағынан алып жүруді жүзеге асыратын делдалдар (жасалым банкілері, тапсырыс беру банкілері, патенттер мен лицензиялар банкілері);

- нарықтық инновациялық инфрақұрылымдар ұйымдары (интеллектуалды еңбек және өнідер биржасы, көрмелер, жәрмеңкелер, инновация маркетингін жүзеге асырушы ұйымдар);

- ұйымдар — инвесторлар (инновациялық банкілер, инновациялық қорлар және т. б.);

- инновациялық менеджментті және инновациялық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар, еңбек биржасы, интеллектуалдық меншік жөніндегі агенттік.

Инновациялық ортаның субъектілері арасындағы өзара әрекеттесу заңдылық нормалар, формальді және формальді емес ережелер жиынтығымен реттеледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер инновациялық ортаның қоршауында өмір сүреді және жұмыс істейді, олар, инновациялық процестерге тікелей қатыса отырып, өзараәрекеттесу жағдайы кезінде оның субъектілеріне, оның элементтеріне айналады. Инновациялық процестерге қатысушылардың өзараәрекеттесу шарты инновациялық өнімдерге сұраныс пен ұсыныстың бірдей болуына, олардың бәсекелестікте, нарықтық және кеңістіктік экономикада бірін-бірі табуына негізделіп шығады [2].

Мұндай өзара әрекеттестіктің болжап болмайтындығына байланысты инновациялық процеске динамикалық және белгісіздік тән. Инновациялық процестің мұндай белгілері өнімді табысты коммерциялануын аяқтайтын қатысушылардың кездейсоқ байланысының жетістігіне және ұзақ ұйымдастырылған, нарық қайтарған ғылыми жасалымның сәтсіздігіне шарттастырылады. Инновациялық ортаның біршама ерекшеліктері оның синергияны генерациялайтын қабілетінен, яғни оның элементтерін құрайтын өазаәрекеттесу негізінде үстемеленген бағаны алуды қамтамасыз етуден тұрады. Тәжірибе көрсеткеніндей, инновациялық ортаның ақпараттық дәуірінде өнеркәсіптік өндіріс процесіндегі инновациялар мен үстемеленген бағаның іргелі дереккөзі ретінде шығады.

Аймақта инновациялық ортаны қалыптастыру оларға тән функцияларды орындайтын үкіметттік құрылымдардың, жергілікті өкімет билігінің, кәсіпкерлер мен тұрғындардың қатысуы мен өзараәрекеттесуін болжамдайды. Жекелеген аймақ үшін инновациялық ортаны қалыптастыру концепциясы инновациялық (ғылымисыйымды) экономиканы жасау процесіндегі субъектілердің өз арасындағы және аймақтың шаруашылық жүргізуші субъектілерімен арадағы өзараәрекеттерін реттейтін шаруашылық механизмдері негізінде іске асырылады. Ол инновациялық ортаның қайта жасалуының бағыттары мен нақты формаларын мазмұндауы тиіс [3].

Әдебиет:

  1. Касымов С. Структурные контуры национальных инновационных систем //Транзитная экономика.-2005.-N2. –85–95 б.
  2. Унтура Г. А. Проблемы создания инновационной среды региона в рыночных условиях //Регионы: экономика и социология. –2012. -N4. –5–29 б.
  3. Коканов С. От идеи до инновационного продукта.//Наука и образования Казахстана.- № 2–2010
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізуде әр түрлі әдістерді қолдану мәселелері

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың жетілдіру жолдары

Похожие статьи

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізуде әр түрлі әдістерді қолдану мәселелері

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың жетілдіру жолдары

Задать вопрос