Инновацияларды ынталандырудың қаржылық тұтқалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сапарова, А. А. Инновацияларды ынталандырудың қаржылық тұтқалары / А. А. Сапарова, А. Р. Калымбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 10.1 (248.1). — С. 51-53. — URL: https://moluch.ru/archive/248/57085/ (дата обращения: 25.04.2024).

Әлемдік тәжірибе білім мен инновация саласының отандық экономиканы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық білім экономикасына алмастыру жолымен әртараптандыруға қабілетті мықты әлеуетке ие сала екендігін көретуде. Бүгінде жаңа білімдер жекелеген мемлекеттердің, олардың табиғи ресурстарына қарағанда, бәсекелестік артықшылықтарын арттыруда.

Бүкіл әлемде ғылыми-техникалық прогресс (үдеріс) тұтастай мемлекеттің ғана емес, сондай-ақ кәсіпорын экономикасын дамытудың жетекші факторы ретінде танылады. Батыстық әдебиеттерде де, отандық әдебиеттерде де ғылыми-техниклық прогресс инновациялық прогресс және инвестициялаудың белсенді үрдісі түсініктерімен байланыстырылады.

Мемлекетте шаруашылық жүргізудің кез-келген моделі бір-қатар негізгі мақсаттарға бағынуы тиіс: инновациялық белсенділікті ынталандыру, ғылыми-техникалық әлеуетті, мемлекеттік экономикалық тәуелсіздігін дамыту, және ең бастысы, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау. Аталған мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін факторладың бірі болып инвестициялық-инновациялық қызметті макро және микро деңгейде жүргізу табылады.

Инвестициялар — лизинг келісім шартын жасасқан сәттен бастап пайда болатын лизинг нысандарын, сонымен қатар, инвестордың заңды тұлғаның жарғылық капиталына салатын аталған лизингтерге құқықтарын немесе тіркелген активтер көлемінің ұлғаюын қоса алғандағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда пайдаланылатын барлық мүліктер (жеке пайдалануға арналған тауарлардан басқа).

Инновациялар — жаңа немесе жетілдірілген өнім (қызмет, жұмыс) түрінде, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс іске асырылатын инновациялық қызметтің нәтижесі, сондай-ақ, түрлі өндіріс және қоғамды басқару салаларына прогрессивті әсер беретін ұйымдастырушылық-техникалық, қаржылық-экономикалық және басқа да шешімдер.

Осылайша, «инвестициялар» және «инновациялар» түсініктері өзара тығыз байланысты. Көбінесе материалды және интеллектуалды құндылықтар инновация рөлін атқарады, бұл инновацияның түпкі мәнімен байланыстырылады.

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан өте төменгі инновациялық белсенділік сипатына ие, тауарлар мен қызметтер өндірісі саласындағы және тұтас ел экономикасында инновациялық дамуды тежеуші негізгі себептер ретінде келемілерді атап көрсетуге болады:

Біріншіден, нақты сұраныстың жоқтығы, инновацияларға деген сұраныстың болмау, себебі қазақстандқ экономика ғылыми зерттеулер нәтижесін қажет етпейді немесе пайдалануға қабілетсіз, ал сұраныстың жоқтығы инновациялық дамуды қабылдау алмауымен, экономиканың монополиялануы, бәсекелестік механизмдерінің әлсіздігімен түсіндіріледі. Негізгі әсер етуші факторлардыңбірі еңбек ақы көлемінің төмен деңгейі (дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен) болып табылады. Еңбектің арзандығы салыстырмалы түрде төмен шығындар мен бағаны қамтамасыз ете отырып, бір мезгілде еңбек сыйымдылығы жоғары өндірістердің дамуына бағыттайды және өндірісті автоматтандыратын және біліктілігі төмен/жоқ қол еңбегін пайдалануды азайту есебінен шығындарды төмендететін жоғары технологиялық үрдістердіпайдалануды тежейді.

Екіншіден, халықтың басым бөлігінің шынайы табысының төмендігімен және сапалы өнім үшін жоғары баға төлеу қабілеттілігінің болмауы, сондай-ақ кәсіпорындардың жоғары сапалы машиналар мен құрылғыларды сатып алу мүмкіндігінің жоқтығымен байланысты тапсырыс берушілердің төлемқабілеттілігінің төмендігі.

Үшіншіден, экономиканың инвестициялық белсенділігінің төмендігі, нәтижесінде ішкі және әлемдік нарыққа шығаруға арналған бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруді қамтамасыз ете алмауы.

Төртіншіден, инновация саласында жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті мамандар санының жетіспеушілігі.

Бесіншіден, инновациялық қызметке қаражат салудың коммерциялық жоғары тәуекелінің болуы. Бұл тәуекел келесілермен байланысты:

Ірі қаржылық шығындар қажеттілігі мен олардың өтелу мерзімінің ұзақтығы;

Ұйымдастырушылық қағидалардың және инновациялық процесстерді қаржылай-несиелік қамтамасыздандыру әдістерінің жетілмегендігі;

Инновациялық қызметті қаржылай қамсыздандырудың нормативті-құқықтық базасының артта қалуы.

Алтыншыдан, қазіргі заманғы шынайы әлемдік өзгерістерді ескеретін және өмір сапасын арттырудың өзгермейтін императивтеріне, білімдерге (ғылымдарға), қоғамдағы барлық түрлендірулердің қозғаушы күші және басты алғышарты болып табылатын адами әлеуетке сүйенетін тиімді мемлекеттік инновациялық саясатының болмауы.

Мемлекеттік инновациялық саясаттың бүгінгі басты бағыттарының бірі қаржы құралдарын инновациялық салаларда тиімді пайдалану және салымдар көздерін іздеуге, яғни инновацилық үрдістерді қаржылық қамтамасыз етуге, қолайлы шарттар мен мотивациялар жасау болып табылады.

Батыстың өндірістік дамыған елдерінде инновациялық қызметтерді қаржыландыру негізінде мемлекеттік емес көздерден жүзеге асырылады. Алдыңғы қатарлы технологиялар мен өндірістік жаңалықтарға деген Қазақстанның ішкі нарығында төлемқабілетті сұраныстың жоқтығы жағдайында мемлекет ҒЗЖ орындауға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға тапсырыстарды орналастырудың демеушісі әрі үйлестірушісі болуы тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, аталған мақсаттарда коммерциялық нәтижелерге қол жеткізу арқылы немесе теріс нәтиже орын алған жағдайда орталықтандырылған қорлардан өтелетін шартты-қайтарымды несиелер немесе кәсіпорындарға мақсатты пайдалануға, яғни ҒЗЖ қаржыландыру және инновациялық қызметті жүзеге асыруға берілетін қайтарымсыз субсидиялар беретін бюджеттен тыс мамандандырылған қорлар жүйесі құрылады. Отандық инновациялық қызметтер және ғылым сыйымдылығы жоғары өнімдер нарығының жетік дамымауы жағдайында мамандандырылған қорлар инновациялық қызметті қаржыландыру механизмдерін шаруашылық жүргізудің нарықтағы жағдайына барынша теңестіреді. Халық шаруашылығы салалары бойынша мұндай қорларды құру инновациялық қызметті қаржыландыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды орталықсыздандыруға және соның нәтижесінде қатысушылар арасында бөлу арқылы тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ инновациялар нарыған тағы бір нарық түріне айналдыруға мүмкіндік береді.

Инвестициялық салада экономиканың маңызды құрылымдық байланыстары құрылады:

− Жинақтар, тұтыну және инвестициялау арасында;

− Инвестициялау мен капиталды меншіктің өсімі арасында;

− Шығындар мен инвестициялар қайтарымы (тиімділігі).

Инновациялық қызметтің объектілері негізгі және айналым құралдары, бағалы қағаздар, несиелер, ғылыми-техникалық өнімдер болып табылады.

Негізгі қаржыландыру көздері меншік қаражаттары (табыс, амортизациялық аударымдар), мемлекеттік бюджет, аралас инвестициялар (мемлекеттік — жеке меншік), халықтық, отандық және шетелдік компаниялар, коммерциялық банктер инвестициялары болуы мүмкін.

Кәсіпорынның инновациялық қызметке бағытталған меншік қаражаттарының пайда болу көздері акционерлер арасында бөлінбеген табыстың бір бөлігі, амортизациялық аударымдар, акционерлік капитал болып табылады.

Ірі кәсіпорындарда конструкторлық және технологиялық жаңалықтар өздерінің өндірісті дамыту қорларында және амортизациялық аударымдар қорларынада жинақталған меншік қаражаттары есебінен игеріледі. Өндірісті дамыту қорларының қаражаттары өндірісті кеңейту және жаңартуға, бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін игерудің ғылыми-зерттеу,тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға, сонымен қатар кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік бретін басқа да мақсаттарға бағытталады.

Кейбір елдерде, мысалы Жапонияда, қосымша салықтық жеңілдктерді қарастыралытын арнайы амортизациялар әдісін қолданылады. Мұндай әдістерге бастапқы жеңілдіктер әдісін және әдеттегі әдіспен есептелінген амортизация мөлшеріне белгілі бір пайызды қосу әдісін жатқызуға болады.

Шетелдік компаниялардың тәжірибелерден акционерлік капиталдың да жаңа өнім түрлерін шығарумен немесе техникалық қайта қаруланумен байланысты ірі және орта инновациялық жобаларды қаржыландырудың тиімді көзі бола алатынын көре аламыз. Ашық және жабық акционерлік қоғам нысанында ұйымдастырылған қазақстандық кәсіпорындар инновациялық қызметті жүзеге асыруға меншікті капиталы жетпеген жағдайларда, инверсторлардың шексіз көлемі есебінен қаржы ресурстарын жинақтауға мүмкіндік беретін, бағалы қағаздарды қосымша эмиссиялау әдісіне жүгінулеріне болады.

Инновациялық жобаларды қаржыландыруды қажет ететін отандық кәсіпорындар көбінесе инвесторларға қажетті табыстылық деңгейін, өз акцияларының сенімділіг мен өтімділігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл көптеген акционерлік қоғамдар үшін инновациялық қызметті қаржыландыру мақсатында акционерлік капиталды пайдалануды айтарлықтай қиындатады және оларды сырттан тартылған ресурстарды пайдалануға мәжбүрлейді.

Қазақстандағы 2017 жылда жүзеге асырылған зерттеулер мен инновацияларға жұмсалған ішкі шығындар көлемін қарастырсақ. АуЗЖ-на жұмсалған ішкі шығындар көлемі 68 884,2 млн. теңге, іргелі зерттеулерге 10 785 921,6 мың теңге, қолданбалы зерттелер 40 909 557,5 мың теңгені, сондай-ақ, жобалық-құрастыру және технологиялық жұмыстарға 14 817 732,4 мың теңгені құраған. Статистика комитетінің мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, инновациялық қызметтің дамуына бөлінетін қаражаттардың басым бөлігі қолданбалы зерттеулерге бөлінген. Яғни, қолданбалы зерттеулер құрамына нақты тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдерді алуға бағытталған бірегей жұмыстар кіреді және бұл зерттеулер іргелі зерттеулерден алынған нәтижелерді іске қолдану жолдарын, алдын пайда болған мәселелерді шешудің жаңа әдістерін анықтайды.

Инновациялық қызметті қолдаудың шет елдік тәжірибесін айта кетсек, 2017 жылы ғылыми зерттеулер мен жаңалықтар құрастыруға жұмсалған мемлекеттік шығындар көлемі келесідей болған: АҚШ-та 246,2 млрд.долларды (ЖІӨ-нің 2,9 %), Жапонияда — 94,2 млрд.долларды (ЖІӨ-нің 3,0 %), Германияда — 45,8 млрд. долларды (ЖІӨ-нің 2,35 %), Францияда — 28,0 млрд. долларды (ЖІӨ-нің 2,25 %), Швецияда — 7,6 млрд.долларды (ЖІӨ-нің 4,0 %) құраған. Еуроодақ өзіне мүше елдерге ғылымға салынатын қаражаттар көлемін ЖІӨ-нің 2,5 %-на дейін жеткізуді ұсынады.

Қазақстандағы инновация саласындағы белсенділік деңгейі 2017 жылы 9,6 % — 2 974 кәсіпорынды құраған.

Осылайша, инновациялық қызметті ресурстық қамтамасыз етудің негізін инвестициялар құрайды. Ал, инвестициялардың болмауы жаңашылдықтарды жасау және енгізу үрдісін мүмкін емес етеді.

Әлемдік және жақын шет елдер нарығында орын алып отырған қолайсыз жағдайларға қарамастан ҚР Үкіметі мен Министрліктерге өндірістік кешендеріндегі инновациялық қызметтің ары қарайға дамуы үшін жеткілікті қаражат бөлінуін қамтамасыз етуі қажет, соның ішінде: өнеркәсіптік өндіріске инновацияларды игеру және енгізуге, инновацияларды игеруге қабілетті кадрлерді қалыптастыру және оқытуға, заманауи ғылыми-техникалық базаны құруға, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды құруға үлкен мән беру қажет.

Әдебиет:

  1. Матренков Н. Л. Инноватика. — Москва: КомКнига, 2005 г., с. 194
  2. Румянцев А. Возможности инновационного развития в регионе. — Экономист, 2014 г., № 11, с. 194
  3. Баймуратов У. Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. — Алматы: БИС, 2005 г., с.320
  4. Янсен Ф. Эпоха инноваций. — М.: ИНФРА-М, 2002 г.
  5. Леонтьев Л. И. Опыт стимулирования инновационной деятельности за рубежом. — М.: Инновации, 2003 г., № 4, с. 244
  6. Агентство Республики Казахстан по статистике, www.stat.kz
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Инновация, млрд, немес.

Похожие статьи

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития. Ключевые слова: теория инновационного развития, инновация, инновационные процессы.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, немес, оса. Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес, христианин. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

Күріш ауыспалы егістігінде суды пайдалану тиімділігін арттыру...

Өсімдіктер мен жануарлардың және егіншілік тіршілігіндегі ең маңызды роль атқаратын факторлардың бірі және еліміздегі баға жетпес табиғи байлығымыз тұщы су қоры. Оны суармалы егіншілікте тиімді, үнемді пайдалану жолдарын қарастыру қазіргі маңызды шаралардың бірі.

Егістік жерді тегістеудің заманауи технологиялары мен тегістеу...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер...

К вопросу о формировании рынка инноваций на современном...

Россия, инновационное развитие, инновационный процесс, млрд, США, Япония, рубль, инновация, инновационная деятельность

инновационный продукт, инновационная деятельность, научно-техническая продукция, рынок инноваций, коммерческий обмен, рынок...

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес...

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... немес, салат. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес...

Анализ мирового опыта поддержки инновационной деятельности

В статье раскрыта суть понятия «инновационная деятельность» и выявлена закономерность, что в большей степени государство оказывает стимулирующее воздействие на инновационную активность.

Инновационное развитие российской экономики | Молодой ученый

Инновация (нововведение, инновационный продукт) - результат инновационной деятельности, получивший воплощение в виде нового продукта, услуги и технологии или новой организационно-экономической формы, обладающий явными качественными преимуществами...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Основные термины (генерируются автоматически): немес, мена. Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов... ...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті.

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

Задать вопрос