Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық теориялар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Байсеит, Султан Ерланулы. Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық теориялар / Султан Ерланулы Байсеит. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 10.1 (248.1). — С. 15-18. — URL: https://moluch.ru/archive/248/57074/ (дата обращения: 22.12.2024).



Қазіргі әлемнің өзгерісі, оның жаһандануы, технологиялардың пайда болуы адам алдында жаңа мәселелерді шығаруда. Дәстүрлі өмірдің бұзылып, адамдардың қалаға көшіп, қазіргі өмір қысымымен адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгерісі адамның этикалық түсінігінің өзгеруіне де алып келуде.

Этика адамзаттың ойлау тарихындағы ең маңызды орынды алатын тақырыптардың бірі болып тыбылады. Ертеден бері әртүрлі ойшылдар, философтар дұрыс өмір деген не?, мен қалай өмір сүруім тиіс? Жақсылық деген не? Тәрізді сұрақтарға жауап іздеген еді. Бұл тәрізді сұрақтар ең алдымен философия тарихында орын алады. Сократтан бастап қазіргі күнге дейін философтар әлі осы сауалға жауап іздеуде. Солардың нәтижесі ретінде көптеген этикалық теориялардың пайда болуы болды. Ізгілік теориясы, алтын орта, утилитаризм, деонтология, релятивизм, эгоизм тәрізді теориялар әртүрлі адамдардың, әртүрлі уақытта өздерінің шешімі ретінде ұсынған идеялары болып табылады.

Көп жағдайда аталмыш теориялар адамның ойлау жүйесінің, оның этиканың түсінуі салдарына пайда болған көзқарастар болып табыласа, басқа жағынан діни түсінікке, тәңірлік заңға негізделген діни этика бар. Осы тұрғыда мен ислам этикасы мен аталмыш теорияларды салыстырмалы тұрғыда қарастырғым келіп тұр. Басты сұрақ: Қаншалықты ислам аталмыш теорияларға сәйкес келеді? олардың бірін-біріне ұқсас қырлары бар ма? қайсы бағыт тиімді болып табылады? Тәрізді сұрақтар мақаланың басты мәселелерінің бірі.

Ислам басқа әлемдік діндемен салыстырғанда айтарлықтай кеш пайда болғанымен, олармен салыстырғанда айтарлықтай жүйелі, адам өмірінің дерлік барлық саласын қамтитындығына күмән жоқ. Отбасы, мирас, адам өлімі, қылмыс, отбасы, ажырасу және т.б адам өмірінде жиі кездесетін мәселерді шешеуге де бағытталған.

Егер де төбеде аталып кеткен теориялардың басым бөлігі батыстық ойлау жүйесінің өнімі ретінде қарастырсақ, ислам осы аяда шығыстық феномен ретінде алдымызға шығады. Біздің қызықтыратын басты сұрағамыз ол екі этикалық ілімдердің өзара байланысы, айрықша исламмен оның сәйкесітілігі. Қаншалықты Ислам осы ілімдерге ұқсас, қай нүктелерді бәлкім басым, пайдалы. Осы іспеттес сауалдар біздің назарымызда.

Релятивизм, утилитаризм, эгоизм, деонтология, тәңірлік бұйрық теориясы және де ізгілік теориясы — бұның барлығы батыстың этиканың ұғынуы мен оны адамға қолдануының көрінісі деп те айтсақ болады. Келесі абзацтарда біз екі этикалық бөлшектерді салыстыра олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай, олардың қайсысы қолдану, пайдалығы тұрғысынан алда тұратындығына талпыныс жасауға тырысамыз.

Ілкі кезекте кішкене осы сөздің төркіні жайлы сөз етсек. Аталмыш термин гректің «этос» сөзінен келіп «мінез», «құлық» дегенді білдіреді. Бриттанникаға сәйкес «Этика — моральдік тұрғыда ненің жақсы, жаман, және де дұрыс, жаңсақ екендігін зерттейтін сала» [1].

Исламдық тұрғыда этика араб тілінен шыққан бірнеше сөздермен байланысты келеді. Оларға: мағрұф (мақұлданатын), бирр (жақсылық) және де қазақ тілінде орын алатын қайыр, хақ, әділ мен тақуаны сөздерін жатқызуға болады. Жақсы әрекет салихат деп те аталады. Әйтсе де, еуропалық бұл терминнің исламдағы эквиваленті ол — ахлақ сөзі.

Моральдік релятивизм — бұл теория ахлақтық қағидалардың барлығы қатынасты деген нүктеден қайнар алады. Яғни, абсолютті ешнәрсе жоқ, жақсылық немесе жамандық деген сөздердің барлығы адамға, қоғамға байланысты әртүрлі болып келеді деген қағиданы ұстанады. Бұл теорияны ұстанушылар оған дәлел ретінде әртүрлі мәдениеттердегі, қоғамдардағы ахлақтық қағидалардың түрленуін алға жылжытады. Бұл дегеніміз келесіні білдіреді: а) әртүрлі мемлекеттер мен қоғамдар әртүрлі этикалық кодттарға ие болуы ықтимал; ә) бір қоғамның моральдік дәрежесін басқасынан жоғары немесе төмен деп санайтын белгілі бір стандар немесе қағида жоқ; б) қандай да болмасын қоғамның белгілі бір анықталған орны жоқ, ол көптің бірі; барлық адамдарды барлық уақытта бағалауға мүмкіндік беретін әмбебап моральдік/ахлақтық ақиқат жоқ; белгілі бір елдің немесе қоғамның моральдік коды белгілі бір іс-әрекетті дұрыс деп таныса, ол әрекет сол қоғамның аясында дұрыс саналады [2].

Алайда менің ойымша бұл теорияның кемшілігі оның дәлелдігінен асып түседі. Бұны біз этнографиялық, мәдени дәлелдермен тұжырымдай аламыз. Және оған қарсы басты аргумент, әрбір қоғам өзінің өмірін жалғасытуы үшін, оның әрбір мүшесі ұстануы керек өзгермес моральдік құндылықтар бар. Мәселен қандай-да болмасын қоғам өзінің мүшесін жәйден жәй өлтіруге немесе оның мүлігін себептен себепсіз ұрлауға, пара алуға және т.б қарсы нормалды ұстанады.

Исламдық тұрғыдан да бұл көзқарас проблематикалы болып келеді. Исламға сәйкес адам көп жағдайда ненің бұрыс, ненің дұрыс екендігін өзінің қалауына, ығайына сәйкестендіретін әлсіздігі бар. Сондықтан да Мұсылмандар өздерінің әрекеттерін Алланың сөзіне негіздейді. Осылайша Ислам қатынастық теорияны мойындамайды. Алайда Ислам егер де ол исламның ахлаққа қатысты қағидаларына қарсы келмесе, әрбір қоғамның мәдениетін құрмететейді (Құран 7:199). Мәселен Мұхаммед пайғамбар шындықты айту сынды әрекеттерді моральдік тұрғыда дұрыс деп тапса (Құран 9:119), жаңада туылған сәби қыздарды өлтіру (Құран 81:8/9) тәрізді әрекеттерді бұрыс деп табатын.

Тәңірлік бұйрық немесе уахи теориясы дұрыс пен бұрыстың табиғаты діни сенімге негізделеді деп тұжырымдайды, оның қайнары сол консекстте Иудазим мен Христиандық. Бұл теорияға сәйкес Иудазим мен Христиандық ол Тәңір бұйрығына негізделгендіктен этикалық тұрғыда «дұрыс» деп анықтала, ахлақтық тұрғыда «дұрыс емес» болуы оның Тәңірмен рұқсат етілмеуіне байланысты болып келеді. Басқаша сөзбен айтсақ, Ахлақ пен дін әрдайым бірге жүреді. Бұл жерде ахлақтық заңды, қағидаларды негіздеуші Тәңір болып табылады. Дегенмен кейбір зерттеушілер оның мақсатына қатысты кейбір қиындықтар туу ықтимал деп атап кетеді. Атеисттердің Құдайға сенбеуіне байланысты олар бұл теорияны мүлдем мойындамайды. Басқа жағынан сенушілер үшін бұл теорияның өзінің этиологиялық себебіне байланысты да себептері де бар. Олар мұнда бұйрық оны Құдай бұйырған соң дұрыс па, жоқ Құдай ол дұрыс болған соң бұйырады ма белгісіз деп пайымдайды.

Ислам адамзат өмірінің мақсатын нақты анықтап қойған. Адам Тәңірге жақсы істер арқылы сыйынып, жаман істерден аулақ жүру үшін жаратылған (Құран 51:56). Сәйкесінше мұсылмандар үшін ненің дұрыс, ненің жаңсақ екендігі Алланың сөзі мен Пайғамбардың суннасы арқылы белгілі. Осы екі маңызды негізге тіреле, мұсылмандар олар Жаратушы мен пайғамбардың бұйырғандығынан дұрыс деп сенеді. Мұсылмандар Алланың ненің жақсы, ненің жаман екендігіне қатысты әмірлеріне, сонымен қатар адамдар үшін ненің дұрыс екендігіне сеніп, оны қабылдайды.

Нәтиже теориялары деп атауға болатын утилитаризм мен эгоизм теориялары да ізгілік ретінде, ахлақ ретінде бірінші кезекте оның дұрыс немесе дұрыс еместігіне қарамастан іс-әрекеттің салдарына мән береді. Утилитаризм (utility — пайда) аты айтып тұрғандай адамгершіліктің көрінісі ретінде ең көп адамға ең көп мөлшерде тигізілетін бақытты көреді. Іс-әрекет көп мөлшерде бақыт алып келіп, аз мөлшерде зиян тигізу қажет [2,508] Оған қарама-қарсы позицияда тұратын эгоизм теориясында да ең үлкен мөлшердегі бақыт тезисі орын алса да, ол дегенмен бір адам үшін арналған, менің ойымша оның аты да оның мақсатын ең жақсы формада көрсетіп тұр.

ЭГОИЗМДЕ ең басты критерия ретінде адамның өзі, оның жеке мүдделері алынады. Қандай-да жағдай болмасын ол әрнәрседе өзінің пайдасын іздеуі тиіс. Бұл дегеніміз дерлік ахлақ деген сөзді сызып тастайды. Себебі біз білетіндей ахлақ адамның басқа адамға әрекетінде бейнеленетін әрекет. Осылайша көп жағдайда бұл теория көп адаммен қабылданбайды. Көрініп тұрғандай, ол альтуризм теориясын мойындамайды [3].

Исламның позициясына келетіне болсақ Ислам бұл теориясы үзілді-кесілді келіспейді себебі ол Исламның басқаларға жәрдемдесу, альтуризм сынды қағидаларына қайшы келеді. Белгілі хадиске сәйкес мұсылман өзі үшін қалағанды басқа мұсылманға қаламағанша иман еткен болып есептелмейді [4]. Мұсылмандар басқаларға олардан ешқандай материялдық көмек сұрамай жәремдесуге ынталандырылған.

Утилитаризм де кейбір жақтарында өзіне тарта алуы мүмкін. Алайда оның да көзге қатты түсетін кемшіліктері бар [5]. Мәселен оған сәйкес кедей адамдарды бақытты қылу үшін банк тонау дұрыс таңдау. Себебі ол аталмыш теорияның қағидаларына жауап береді. Алайда оның там әрекеттің салдарына қадалып қалуы, оған аса назар аударуы менің ойымша оның дәл сол уақытта басты кемшілігі. Ислам үшін әлбетте көпшіліктің пайдасына тиетін нәрсе жақсы болып табылады. Әйтсе де, ол оның жалғыз қағида деп алуын қабылдамайды. Себебі кейбір әрекеттер көп адам үшін пайдалы болып табылса да, кейбір қалған адамдар үшін зиянды болуы да ықтимал. Ислам осы тұрғыда әрбір адамның қызығушылықтарын қорғайды, әрбір бақытты болуға құқылы.

Утилитаримзге қарағанда бұл теория әрекеттен туатын нәтижеге мән бермей, әрекеттің міндетте формада іске асуына мән береді. Деонтология (гр. деон — міндет, парыз, логос — ілім) этика аясында міндеттің рөлін зерттейтін сала [5]. Бұл теорияның жарқын қолдаушысы атақты неміс филсофы Иммануил Кант болған еді, оның ойынша әрбір адамда оның қалауы, тілегіне қарамастан басқа адамға деген міндеттері бар [6]. Алайда бұл теорияның да өзіне тән кемшіліктері бар, бірінші кезекте ол дәл істің нәтижесіне қатысты. Мәселен келесі жағдайды елестетейік, мен біреуге оның сырын ашпауға сөз бердім, ал біреу менен сол жайлы сұрап жатыр. Бұл теорияға сәйкес мен екеуін де жасамауым керек те, және де дәл сол уақытта оларды іске асыруымн тиіс. Бұл осы сынды кейбір парадокстар туғызуы мүмкін. Бұл теория Исламмен толық қабылданбайды. Себебі бұл теорияны ұстанушылар оны универсалды қағида ретінде алғысы келген уақытта ислам тек Алланың заңдарына мойынсұнады.

Келесі теория көп жағдайда Аристотельдің ықпалымен пайда болған ізгілік теориясы. Ол адам белгілі бір жағдайда не істеу лазым деген сұрақтан гөрі, ол қандай адам болу керек деген сұраққа аса маңыз береді. Бұл теорияның темірқазағы ерте ғасырлардан бері әртүрлі халықтарда әртүрлі аттармен белгілі, алайда оны орта жол деп атасақ болады. Оның негізі әрнәрседе орта жолды ұстану керек, аса қатты да тырыспау керек, аса аз талпыныс та жасамау керек. Осы аяда мұнда әдет аса маңызды орынға ие [6]. Адам өзін жақсы әдеттерге үйретсе, уақыт өте келе ол оның табиғатының бір бөлгіне айналады. Байқап тұрғанымыздай, бұл ілім ахлақтың қайнары ретінде дерлік адамның өзін көрсетеді.

Сонымен қатар бұл теория әрбір нәрсене өзінің нормасынан шықпау керек дейді, мәселен алаңғасарлық пен қорқақтықтың ортасында батылдық тұрады. Батылдық деген Аристотельдің пікірінде ол бәрін тастап соғысқа, төбелес ортасына атылу деген емес. Оның түсінігінде батылдық деген өз қабілетінің мүмкіндігін біле іс атқару. Келесі жағдайда елестетейік. Түнде көшеде кетіп бата жатқаныңызда бір әйелді тонап жатыр, сезің келесі әрекетіңіз қандай болады. Аристотельге сәйкес егер де сіздің габаритіңіз тонаушыдан үлкен болса, батыл әрекет болып мұнда, барып тонаушының тоқтату болатын еді. Ал егер де сіздің габаритіңіз одан кіші болса дұрысы тел арқылы полиция шақыру болатын еді. Осылайша оның ойынша егер де әрнәрсенің шегінен шықпаса ахлақты, адамгершілікті өмір сүруге болады деп есептейді. Алайда зерделей қарайтын болсақ оның тартымды көрінгенімен кейбір жағдайларда ол мәселелерді шеше алмайтындай көрінеді. Мәселен сөзде тұруға қатысты бізде орта жол деген түсінік жоқ. Не сен сөзіңде тұрасы не тұра алмайсы. Бұл да жоғарда атап кеткен әділдікке де қатысты. Не сен шындықты айтасың не айтпайсың, басқа жол жоқ.

Көріп отырғанымыздай релятивизм, утилитаризм, ізгілік теориясы, деонтология тәрізді теориялар батыстық философияның өнімі, және олардың оны қалай түсінуінің көрінісі деп айтсақ болады. Алайда қазіргі таңда олардың барлығын біріктіретін, аталмыш теориялардың практикалық түрде іске асырушы талпыныс жоқ.

Ислам мысалында біз аталмыш этикалық ілімдердің оның жүйесіне үйлесімді түрде өрілгендігін аңғара аламыз. Еуропалық этиканы жалпы нормалардың этикасы деп атасақ, исламның этикасын нақты нормалардың ахлағы деп атауға болады [7]. Исламның мұндай сипатқа ие екендігін жоғарыда атап кеткен мысалдардан да байқай аламыз. Мәселен деонтологияның, жалпы ахлақтың өзіңе қалағанда басқаға да қала деген алтын заңы да исламда орын алған, Аристотельдің ұстамдылық қағидасы да исламда өзінің «уасыт», яғни орта жол қағидасында көрініс тапқан. Исламда утилитаризмнің кейбір қырлары да көрініс тапқан деп айтсақ болады, себебі Исламда қоғамға, адам өміріне пайда тигізетін әрбір нәрсе әрдайым ынталандырылып отырады, алайда оның толығымен қабылдау жайлы сөз жоқ. Осылайша біз осы арада Исламның аталмыш теорияларға қарағанда оларды тиімді түрде қазірге таңда қолданып келе жатқанын көре аламыз. Бұл менің ойымша Ислам ахлағының жүйелілігі, оның ішкі тірегінің мығым екендігінің дәлелі. Міне дәл сондықтан қазіргі жылам технологиялық, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер заманында дінді дамыту, одан бас тартпай, өміріміздің маңызды бөлігі ретінде алып жүру біздің болашағымызды анықтайды деп есептеймін.

Әдебиет:

  1. https://www.britannica.com/topic/ethics-philosophy
  2. Этика: Энциклопедический словарь / Под ред. Р.г. Апресяна и А. А. Гусейнова. — М.: Гардарики, 2001. — С. 9
  3. https://www.iep.utm.edu/egoism/#SH2b
  4. Imam Nevevi. — 40 Hadis. — Tercüme ve Açıklama. — Halil Günenç. — İstanbul. — 2010. — С. 51
  5. Словарь по этике/Под ред. А. А. Гусейнова и И. С. Кона.- 6-е изд.-+ М.: Политиздат, 1989. — С. 362–363, 69–70
  6. Философия. Вводный курс: Учебник/ Под общ. редакцией И. Н. Сиренко. — М.: Серебряные нити, 1998. — С. 68–69
  7. Философия. Вводный курс: Учебник/ Под общ. редакцией И. Н. Сиренко. — М.: Серебряные нити, 1998. — С. 26–27
  8. Гусейнов А. А., Апресян Р. Г. Этика: Учебник. — М.: Гардарики, 2000. — С. 83
Основные термины (генерируются автоматически): Ислам, мена, ислам осы, оса, бар, вводный курс, немес, теория, утилитаризм, Этика.


Задать вопрос