Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 1-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы интербелсенді әдістің рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абильхасимова, А. Д. Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 1-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы интербелсенді әдістің рөлі / А. Д. Абильхасимова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 8.1 (246.1). — С. 1-3. — URL: https://moluch.ru/archive/246/56722/ (дата обращения: 16.12.2024).



Жаңартылған білім берудің маңыздылығы — оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады. Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты — оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту керек.Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер (inter — аралық, бiрнеше, action — әрекет дегендi бiлдiредi). Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады. Бірқатар ойын түрлерін айта кетер болсақ, олар:

«Talking volleyball» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша меңгерілген лексикалық бірліктерді қорытындылап бекіту.

Сипаттамасы: Әр топтан кезекпен үш оқушыдан ортадағы керме воллейбол торының екі жағына шығады. Воллейбол торының оң жағында тұрған топ оқушылары тақырып бойынша меңгерілген ағылшын лексикалық бірліктерін айта отырып допты қарсы топ оқушыларына лақтырады. Қарсы топ оқушылары айтылған ағылшын лексикалық бірлестіктерінің қазақша баламасын беруі тиіс.

Тақырып: «Transport».

Лексикалық бірліктер: plane, train, car, bike, ship, bus, van, motorbike, boat.

1-топ: car, ship, train → 2-топ: машина, кеме, подъезд.

«Body-art» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

Сипаттамасы: Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға айтады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Жағымды ахуал туады. Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.

Тақырып: «My body».

Лексикалық бірліктер: eyes, ears, a nose, a mouth, etc.

1-топ: mouth, eyes → 2-топ: ears, nose.

«Magic box» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

Сипаттамасы: Әр топ оқушылары кезекпен сиқырлы жәшіктен тақырыпқа қатысты заттарды алып, оны ағылшын тілінде қандай зат екенін айтуы тиіс. Әрбір дұрыс айтылған жауапқа ұпай беріледі.

Тақырып: «Toys».

Грамматикалық құрылым: «It’s a…»..

«Small toys»тобы: қуыршақты алып «It’s a…». сөйлем құрылымын қолдана отырып ағылшын тілінде қолындағы заттың атауын атайды.

«What’s on my head?» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

Сипаттамасы: Сынып ортасындағы үстел бетіне сурет беті төмен қаратылып қойылған флешкарталар қойылады. Кезекпен әр топтан бір оқушыдан флекартаны алып суретке қарамастан басына ұстап тұрып, «Is it a…?» сұраулы сөйлемді қолдана отырып суреттің дұрыс атауын табуға тырысады. Қалған топ мүшелері «Is it a…?» сұрағына «Yes, it is»/«No, it isn’t» жауабын бере отырып жасырылған суреттің дұрыс атауын табуға жәрдемдеседі.

Тақырып: «School things».

Грамматикалық құрылым: «Is it a…?», «Yes, it is»/«No, it isn’t».

I-топ: Жасырылған сурет мектеп сөмкесі/Schoolbag

- Is it a rubber?

Қалған топ мүшелері: — No, it isn’t.

— Is it a schoolbag?

— Yes, it is.

«Spider walking» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың коммуникативті қабілетін дамыту.

Сипаттамасы: еденге өрмекші жолының суреті салынады. Тақырыпқа байланысты флешкарталар өрмекші жолының бойымен еденге қойылады. Кезекпен әр топтан бір оқушыдан шығып өрмекші жолын бойлай жүре отырып флешкарталардағы суреттерді ағылшын тілінде сипатайды.

Тақырып: «Animals»

Грамматикалық құрылым: «It can../It can’t».

Wild animals топ мүшесі өрмекші жолының бойымен жүре отырып флешкартадағы аю суретін сипаттайды:

- It’s a bear. It’s big. It can walk but it can’t fly.

«Gold door» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың коммуникативті қабілетін дамыту.

Сипаттамасы: Қола, күміс және алтын қақпалар қойылады. Әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Әр топтан бір оқушыдан тапсырмаларды орындайды. Үш қақпаның тапсырмаларын орындаған топқа ұпай беріледі.

Iron door тапсырмасы: — Name the picture (Есік/Door).

Silver door тапсырмасы: — Make a statement using the word (Dance/I can dance).

Gold door тапсырмасы: -.

«Hot chair» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың коммуникативті қабілетін дамыту.

Сипаттамасы: Кезекпен әр топтан бір оқушыдан «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы — өз еркімен шығу. Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады.

Грамматикалық құрылым: «I can../She/He can../It can’t»...

Мұғалім:- What can you do? Оқушы: — I can dance.

Мұғалім:- What can rabbit do? Оқушы: — It can ran.

«The best translator» ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың коммуникативті қабілетін дамыту.

Сипаттамасы: Мұғалім әр топқа қазақша баламада жазылған төрт сөйлем береді. Әр топ шектеулі уақытта қазақша сөйлемдерді ағылшын тіліне аударып айтуы тиіс. Алғаш болып тапсырманы аяқтаған топтың ұпай саны көбірек беріледі.

Мұғалім: — Бұл мысық. Ол үлкен. Оның түсі ақ. Ол сүтті жақсы көреді.

I-топ: — It’s a cat. It’s big. It’s colour is white. It likes milk.

«A step forward.».. ойыны.

Ұйымдастыру: топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың есінде өтілген материалдарды қайта жаңғырту.

Сипаттамасы: Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

— How are you?

— How old are you?

— What colour is your pen?

— Is it your schoolbag?

— Do you have a grandma?

Жоғарыда айтылған әдістер жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес, ағылшын тілін үйрету барысында, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне сенемін. Өскелең ұрпақтың білікті де білімді, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына ізденімпаз, жаңашыл ұстаздардың зор ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан, әрбір ұстаз жаңашыл әдістерден хабардар болып, қолданысқа енгізіп отырса ғана білім беру сапасының жақсаруына үлкен үлес қосатынына сенемін.

Әдебиет:

  1. Акимова Т. А., Копжасарова Т. М., Кашкенова З. Т., Дарменова Г. У. Разминки для тренингов. — Астана: АОО НИШ ЦПМ, 2015.
  2. Әлімов А. Х. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. — Астана: «НЗМ» ДББҰ, 2014.
  3. Нұржанова А. Т. Формирование коммуникативных умений в контексте уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов. — Астана: АОО НИШ ЦПМ, 2015.
  4. Шимырбаева Ж. К., Идришева З. Е. Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды. — Астана: АОО НИШ ЦПМ, 2015.
  5. Ғаламтор материалдары.
Основные термины (генерируются автоматически): топ.


Похожие статьи

Болашақ мамандарға заманауи білім кеңістігін қалыптастырудағы деңгейлік бағдарламаның маңыздылығы

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Сыр бойы ақындарының қисса-дастандарындағы шығыстық дәстүрдің көрінісі

Биологиялық терминдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы есте сақтау әдістемесі

Похожие статьи

Болашақ мамандарға заманауи білім кеңістігін қалыптастырудағы деңгейлік бағдарламаның маңыздылығы

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Сыр бойы ақындарының қисса-дастандарындағы шығыстық дәстүрдің көрінісі

Биологиялық терминдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы есте сақтау әдістемесі

Задать вопрос