Кәсіпшілік құбырлардың қазіргі жағдайы және пайдаланылуын талдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Жумагулов Т. Ж., Сейилбекова Ж. С., Байжанулы А., Байзунов Б. М. Кәсіпшілік құбырлардың қазіргі жағдайы және пайдаланылуын талдау // Молодой ученый. — 2019. — №8.1. — С. 9-11. — URL https://moluch.ru/archive/246/56719/ (дата обращения: 24.03.2019).



Мұнай кәсіпшілік құбырларындағы апаттардың негізгі себебі, негізінен айдалатын сұйықтықтың сулылығының жоғары деңгейлігі, құбырларды пайдалану мерзімінің өтіп кетуі, коррозия ингибиторының қажетті деңгейінің жоқтығы себебінен болатын темірдің тоттануы болып табылады [1].

Қазіргі кезде мұнай құбырларының қолданыстағы 60 %-ы — 20 жыл, ал 30 % — 30 жылды құрайды. Сыртқы қаптама жабынының жарамдылық мерзімі 15–20 жылды құрайды, сондықтан апаттардың негізгі себептерінің бірі коррозия болып табылады және жуық жылдары ескірген құбырлардың желісі бөлігінде апаттардың көбеюі ықтимал. Мұнай құбырларын пайдалану кезінде су қорғау обьектілерін қорғауға аса назар аударылуы тиіс, өйткені олардың мұнай өнімдерімен ластану салдары 20 жыл бойы байқалады.

Қазіргі таңда «Торғай-Петролеум» АҚ қарасты Құмкөл кен орнында қолданыста шамамен 5093,4 км мұнай кәсіпшілік құбырлары тартылған, оның 2511,3 км мұнай жинау желісінің, 2162,5 км су тасымалдау желісінің, 419,6 км газ тасымалдау құбырлары құрайды екен [2, 3].

«Торғай-Петролеум» АҚ құбырларында апаттың алдын алу үшін апатты-қауіпті аймақтарды тексеру, оларды уақытылы және сапалы жөндеу, коррозияның ингибиторларын айдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

2009 жылы 1200 км құбыр жолдары және 58 РВС тексеруден өткізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 250 км құбыр жолын жөндеу қажеттігі анықталды және 37 бірлік РВС жөндеу қажеттігі туралы қорытынды берілді, яғни құбыр желісінің көп бөлігінде жөндеу жұмыстарының қажеттігі анықталған. Жөндеу операциялары бұл біріншіден, экономикалық шығындар, екіншіден, құбыр жолдарындағы апаттар қоршаған ортаны ластайды, өйткені мұнай төгіліп, топырақты ластайды.

Кәсіпшілік құбырларды пайдаланудың кешенді тексеру және олардың жұмысының қауіпсіздігін бағалау талап етілетін шекті мерзімі пайдалану жағдайына қарай 5–15 жылды құрайды. Бірақ құбыр болаттарын дұрыс таңдамау жағдайында, құбырларды тоттан қорғау шаралары жеткіліксіз қарастырылған жағдайда, кәсіпшілік құбырларды қауіпсіз пайдалану мерзімі азаятын болады [4].

Өз кезегінде Оңтүстік Торғай ойпатының кен орындары үшін жергілікті сипатқа ие және төменгі түзуші құбыр бойынша дамитын коррозия себебінен құбырлардың істен шығуы тән.

1 сурет. Магистральды құбырлардағы апаттардың негізгі себептері

Жабдықты коррозиядан (тоттан) қорғаудың ең тиімді әдісі, ингибиторлық қорғау болып табылады.

Қолданыстағы құбырлардың тоттану жылдамдығын азайту үшін Петролайт KW-2086 (Ұлыбритания), СНПХ-630 КЗ (Казань), ХПК-002, ТХ-1153, DWAX 950 реагенттері қолданылады.

Тоттың пайда болуынан мұнай құбырларын қорғау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.

— төмен өнімді, сулылығы жоғары игерілетін ұңғымалардың құбырларына есептік көлемді айдау әдісі арқылы мұнай жинау құбырларын тоттан ингибиторлар арқылы қорғау.

2 сурет. Кәсіпішілік құбырлардағы апаттардың негізгі себептері

3 суретте Құмкөл кен орнында № 4031 ұңғыма мысалында коррозиялық-эрозиялық механизмі бойынша коррозиялық бүлінудердің түрлері берілген. 44-ші СКҚ 20Х15мм дейін тесік табылған, нәтижесінде кабелі бүлінген. Қозғалтқышы қалыпты. Кабель дұрыс оқшауланбаған. Кері клапанның ішкі құрылғысы жоқ.

А Б

А — құбырдың кабелінің бүлінуі, кабельдің қаптамасы нашар.

Б — 44-ші СКҚ тесік анықталған.

3 сурет. 4031 ұңғыма мысалында СКҚ ішкі және сыртқы бетіндегі коррозияның түрлері

3 суретте сорапты компрессорық құбырдың (СКҚ) ішкі және сыртқы бетінің коррозиялық бүлінуінің қарқындылығы және сипаты, бүлінулердің күшеюін туындататын коррозиялық-эрозиялық процестерді білдіреді.

2015 жылы кәсіпшілік мұнай құбырларының нәтижелері бойынша ұңғымадардың жер асты жабдықтарының тоттану мәселесі туындаған деп тұжырым жасауға болады.

Игерілетін ұңғымалардағы кәсіпшілік жабдықтарының арасындағы ең тез бұзылатыны сорап жабдығы болып табылады, ол коррозияға төзімді материалдарды қажет етеді.

94–98 % деңгейінде ұңғыма өнімінің жоғары сулылығы жағдайында, ұңғымалардың жер асты жабдықтарының коррозиялық эрозиясы процесі пайда болуы мүмкін.

Бұл жағдайда ұңғымалардың КЖ(ПО) қызмет ету мерзімі 3 айға дейін қысқаруы мүмкін.

Коррозиялық эрозия мәселелерін төмендетудің түбегейлі шешімі шыныпластикалық СКҚ лифт колонналарын құрастыруда қолдану бола алмайды, бұл осы мәселені шешуге мүмкіндік береді, себебі шыныпластик пен диэлектрик электрохимиялық коррозияға ұшырамайды.

Әдебиет:

  1. Методика определения опасности повреждений стенки труб магистральных нефтепроводов по данным обследования внутритрубными дефектоскопами. — М.: АК «Транснефть», 1994. — 32 с.
  2. Методика оценки работоспособности труб линейной части нефтепроводов на основе диагностической информации. РД 39–00147105001–91. Уфа: ВНИИСПТнефть, 1992. — 120 с.
  3. Томашов Н. Д., Чернова Д. П. Теория коррозии и коррозионностойкие сплавы. — М.: Металлургия, 1986.- С. 360–362.
  4. Жумагулов Т. Ж., Салединов Э. Р. және т. б. Анализ эксплуатации и современное состояние промысловых трубопроводов месторождения Кумколь. // Атырау мұнай және газ институтының жаршысы. — 2017. — № 2 (42). — 20–24 бб.
Основные термины (генерируются автоматически): DWAX.


Похожие статьи

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

Задать вопрос