Қызылорда облысында қауын дақылын өсірудің проблемалары мен келешегі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калмаганбетова, А. С. Қызылорда облысында қауын дақылын өсірудің проблемалары мен келешегі / А. С. Калмаганбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 8.1 (246.1). — С. 11-12. — URL: https://moluch.ru/archive/246/56714/ (дата обращения: 24.04.2024).



Республика бойынша бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бақша дақылдарының отаны болып келсе, қазір бұл шешімін таппай тұрған мәселеледің біріне айналды. Сондықтанда біз өз жұмысымызды осындай үлкен өзектілігі бар жұмысқа арнадық. Қызылорда облысының қауындарының өте ежелгі тарихы бар. Алғаш бұл жерде ХІІ ғасырдан бастап беріле бастаған. Қауын адамдардың сүйікті тағамына айналған. Бір адам үшін орта есеппен жылына медициналық норма бойынша 13 кг қауын, 25 кг қарбыз тұтыну керек. Ол құрамындағы жеңіл сіңімді қантымен, А,С және В2 витаминдерімен, органикалық қышқылдарымен, микроэлементтерімен, әсіресе мырыш және темірмен бағалы. Қауын халық медицинасында бүйрек аурауларына, асқазан ауруларына, жүректің жұмысын жақсартуға, қан аздыққа кеңінен қолданылады. Қауын құрамында қанның құрлыуында маңызды ролі бар фолий қышқылы және ішек флорасына жағымды әсері бар клетчатка кіреді. Сонымен қатар организмнен холистериннің шығарылуына қатысып, ас қорыту процесін жақсартады. Қауынды тек жасаң күйінде ғана емес, өңделген түрінде де қолданады. Қауын жұмсағынан тосап, қайнатпа, қауын қақтар жасайды және бекмез балын қайнатады, күнге кептіріп, жоғары сапалы өнімдер алады. Кезінде Қызылорданың қауыны құрамындағы қанттылығы, тасымалдауға төзімділігі жөнінен алдыңғы қатарда болған. Бұны осы салада еңбек етіп жүрген республикамыздың белгілі маман-ғалымдары да мойындап отыр. Қазіргі кезде тұқым шаруашылығының дұрыс ұйымдастырылмауына, дұрыс жолға қойылмауына байланысты бұл сорттар жойылып кету қаупінде тұр. Қазір республика бойынша бақша шаруашылығымен айналысатын негізгі облыстар: Оңтүстік Қазақстан 25,0 мың га, Қызылорда облысы 8,1 мың га, Оңтүстік-Шығыс 4,5 мың га, Шығыс-Қазақстан 4,3 мың га, Атырау 10,0 мың га шамасында екен. Оның ішінде қауын шаруашылығы негізінен Қызылорда облысында кең тараған, ал қалған облыстарда қарбыз өсірумен көбірек айналысады. Қазіргі кезде мұнда қауынның ерте пісетін түрлерінен Ангелек, жаздық түрлері Әміре, күздік сорттардан Торлама және Кара Куляби және Калайсан егіледі. Қазіргі таңда бұл аймақ атақ даңқын жоғалтып барады. Жергілікті сорттармен жұмыс аз жүргізіледі.

Қызылордалық қауындарға сұраныс төмендеп кетті. Облыста қауын-қарбыз егетін жердің көлемінің тарылуы, қауынның фузариозды аурулармен зақымдануы үлкен экономикалық шығын әкеледі. Сонымен қатар қауын өсіретін шаруалар қанатты зиянкестерден де зардап шегіп отыр. Соңғы жылдары «қауын шыбыны» таралып кетті. Бұл зиянды аурулармен күрес нашар, жеткіліксіз жүргізіледі. Бұл аурулармен зиянкестердің пайда болуының бір себебі дақылды өсіру технологиясы бұзылып барады. Қызылордалық қауындардың тәттілік және тауарлық сапасының төмендеуі, негізінен тұқым шаруашылығының әлсіреп кеткенімен түсіндіріледі. Ең жақсы өнімдер негізінен сатылуға кетеді, ал тұқымға сапасыз, толық піспеген жемістер қолданылады. Қауынның өндірістік тауарлық өсіміне және жоғарғы сапалы тұқым өндірісінің көлемін арттыруға тұқым өндіргеннен кейін қалған қалдығынан тосап, қайнатпа жасау жолымен жетуге болады. Халықты жасаң жоғары сапалы өніммен ұзақ уақыт қамтамасыз ету сияқты маңызды сұрақтың шешімі — күздік-қыстық сорттардың сақталуын ұйымдастыру болып табылады. Жемістің сапасы мен ұзақ уақытқа сақталуының жоғарылауы үшін оларды сәйкес жағдайлар жасап өндіріс орнында сақтаған жөн. Тасымалдаған кезде шығынды болдырмау, өнімнің сапасын сақтау үшін жемісті жәшікте, контейнерлерге орап салу керек.

Қауынның пайдалану мерзімін ұзарту үшін ерте пісетін қауын сорттарының селекциясына көңіл аударып, оларды жергілікті жағдайларға бейімдеп егу керек. Жергілікті тұтынуға және республикадан тыс аймақтарда қолданылуын ұйымдастырып, қауын егетін жерлердің структурасын қайта қарау қажет. Бұл дақыл өсімдік шаруашылығында жетекші орынды иемденуі тиіс. Қызылорда облысының қауын шаруашылығын өркендетудегі үлкен келешегі облыстың басқа орта Азия аймақтарымен салыстырғанда тиімді географиялық жағдайда орналасқандығымен ерекшеленеді.

Әдебиет:

  1. Гуцалюк Т. Г., Мамырбеков Ж. Ж., Тайжибаева Э. У. Актуальные проблемы бахчеводства в Казахстане // Современное состояние картофелеводства и овощеводства и их научное обеспечение. Сборник Международной научно практической конференции. — Алматы: Алепрон, 2006.
  2. Гуцалюк Т. Г., Мамырбеков Ж. Ж. Тематический сборник научных трудов по картофелеводству, овощеводству и бахчеводству», с.Кайнар, НИИКОХ, 2004.
Основные термины (генерируются автоматически): экономический дискурс, английский экономический дискурс, изучение метафоры, USA, английский язык, выпускная квалификационная работа, современный английский экономический дискурс, функциональная особенность метафоры, экономическая тематика, языковая личность.


Похожие статьи

Задать вопрос