Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (242) январь 2019 г.

Дата публикации: 31.01.2019

Статья просмотрена: 498 раз

Библиографическое описание:

Сартаева, Н. Т. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру / Н. Т. Сартаева, А. Т. Сартаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 4.1 (242.1). — С. 18-20. — URL: https://moluch.ru/archive/242/56173/ (дата обращения: 18.04.2024).

Қазіргі қоғам дамуының өзекті мәселелерінің бірі балаларды түгелдей көркем әдебиет оқуға дағдыландыру болып табылады. Бала тұлғасының рухани сезімі мен сапаларын қалыптастыру және жүзеге асырудың көпшілік қолдаған күмәнсіз құралы ̶ олардың көркем әдебиетті іштей оқуға, кітап мазмұны жөнінде ойлануға дағдыландыру. Осыған орай, оқушының оқырмандық әрекетін мақсат көздей отырып ұйымдастыру мектептің, нақтырақ айтқанда, бастауыш сатыдағы білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті болуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушы тұлғасы ол оқыған кітаптардың әсерінен қалыптасады, өйткені әдебиет арқылы ұрпақтан-ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтар тасымалданады. Оқырмандық әрекет ақыл-ой мен жүректің қызметін, шыдамдылықты талап ететін бала мен кітап арасындағы диалогты орнатушы рөлін атқарады. С.Маршактың пікірінше, бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу сабақтарының негізгі міндеті кіші жастағы оқушы тұлғасынан «талантты оқырман» қалыптастыру. Ал З. В. Тумова «кітап тұлға қалыптастырады, оны дамыта түседі, ал бұл әдебиеттің жетекші идеясы» деп жазған [1, 87 б.].

Көптеген ғалымдар мен педагог-практиктер қазіргі оқушыларда оқуға қызығушылық төмендеген деген пікірде. Бұл құбылыстың маңызды себебі кітаптан бөлек өзге де ақпарат көздері, ғаламтор желісі, бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуы. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығының төмендеуі оқу үдерісінің толыққанды жүзеге аспауы деген пікір қалыптасқан, ол бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастырудың неғұрлым тиімді технологияларын іздеуді қажет етеді.

«Оқырмандық қызығушылық» ұғымын алғаш рет Х. Д. Алчевский, Н. А. Рубакин қарастырса, бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру Г. И. Богин, Л. Г. Жабицкая, В. А. Левин және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан. Психологиялық-педагогикалық еңбектерде «оқырмандық қызығушылық» ұғымына бірнеше анықтамалар берілген. Е. П. Климова «тар мағынада оқырмандық қызығушылық ̶ оқуға қызығушылық ретінде, яғни жазбаша формада берілген өзгенің сөйлеу әрекетінің мәнін түсінуге ұмтылысы және қажеттілігі» деп жазған. Бұл қызығушылық түрі оқу үдерісіне енді ғана қосылған балаға қатысты айтылады. Мұнда мәтіндегі сөздердің негізгі мағынасын түсінуге ұмтылыс байқалады, ол көп жағдайда өз білігін қоршаған ортаға көрсетуге талпынумен қатар жүреді [2, 117–118 бб.].

Егер оқырмандық қызығушылықты неғұрлым кең мағынада қарастыратын болсақ, онда ол кітаптарда берілген жинақталған адамзат тәжірибесіне оқырманның белсенді қатынасының байқалуын білдіреді. Бұл қызығушылық жинақталған тәжірибені әдебиет көздерінен өзбетінше алуға ұмтылыста пайда болады. Оқырман кітапқа барынша назар аударуы үшін, мақсат қоя отырып бағдарлануы үшін міндетті түрде сезімдік және ақыл-ой белсенділігі көрініс табуы қажет.

Оқырмандық қызығушылық баланы қолына кітап алып, ондағы жазылғанды оқып, одан жағымды сезімге бөленіп, ләззат алуы және оқылған мазмұннан алған әсерін жеткізе алуы тиіс болатындай қозғаушы күш болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығының даму дәрежесін зерттеу нәтижесінде ғалымдар төмендегідей үш категорияны анықтаған:

— енжар даму (білім алушы қолына кітап алып, ондағы суреттерді бей-жай, мақсат қоймастан көреді, қызығушылығы, белсенділік болмайды, оқығанынан алған әсері еш байқалмайды);

— белсенді даму (білім алушы оқуға ұмтылады, бірақ еш мақсат көздемейді, кейде өз әсерін көрнекі түрде көрсетеді);

— мақсат көздеу (білім алушы үнемі кітап оқуға ұмытылысын білдіреді, суреттерді қарайды, өзбетінше оқуға тырысады).

Бастауыш сынып оқушысының оқырмандық қызығушылығы — бұл феномен, ол оқушының танымдық белсенділігімен, танымдық қызығушылығымен байланысты болады және сезімге бай болуы мен шығармаға қатысты алғанда өзіндік оқуға деген көзқарасымен, оқырмандық әрекетті жүзеге асыруға ішкі мотивацияның тұрақты болуымен сипатталады.

Бүгінгі күні бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын тиімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі педагогикалық құралдар қолдануда. Барлығы да мұғалімнің мүмкіндіктері мен қабілетіне, оның тәжірибесі мен құзыреттілігіне, сондай-ақ білім беру ұйымының мүмкіндіктеріне байланысты.

Әдебиеттерде берілген бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастырудың бірнеше құралын қарастырайық. Мысалы, Е. П. Климованың еңбегінде оқушының саналы түрде кітап оқуына мүмкіндік беретін түрлі тапсырмаларды қолдану қажеттігін айтқан [2, 119 б.]. Олар:

  1. Сөзбен лексикалық жұмыс жүргізілетін тапсырмалар. Бұл тапсырмалар сөздің мағынасын барынша кең, оңтайлы түсінуге мүмкіндік береді.
  2. Оқылған мәтіннің мазмұнын, жанрлық ерекшеліктерін, сезімдік сипаттамасын болжай алу білігін қалыптастыратын мағынаны тануға бағытталған тәсілдер қолданылатын тапсырмалар.
  3. Шығарманы саналы қабылдай отырып, өңдеуге, таратуға бағытталған әдістемелік тәсілдерді қамтитын тапсырмалар.

И. Г. Жукова өз зерттеуінде бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей педагогикалық құралдар тиімді екенін айтады: сурет, музыкамен сүйемелденетін кіріктірілген сабақтар өткізу; ертегіге негізделген мәтіндерді қамтитын жаттығулар қолдану; әдебиет кейіпкерлерін қолдана отырып, ойын, топтық, жұптық жұмыстар, диалогтар ұйымдастыру; шығарма жазу [3].

Аталған құралдар әдебиеттік оқу сабақтарында тиімді. Ал сыныптан тыс жұмыстар ретінде кітаптың құндылығын түсіндіру мақсатындағы әңгімелесу, дөңгелек үстел, кітапханаға саяхат сабағын, ақын-жазушылармен кездесу, «Белсенді оқырман» сайысын т. б. шараларды ұйымдастыру тиімді болмақ.

Бастауыш сынып оқушысының оқуға деген ұмтылысын, оқырмандық қызығушылық қалыптастыратын қай әдісті алып қарасақ та, барлығын дұрыс ұйымдастыра алу, мақсатқа қол жеткізу ұстаздың педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Әдебиет:

  1. Тумова З. В. Формирование читательских интересов у младших школьников // Наука и современность. — 2014. — № 30. — С. 87–91.
  2. Климова Е. П. Формирование читательских интересов младших школьников через технологию осознанного чтения // Обучение и воспитание: методика и практика. — 2013. — № 7. — С. 117–119.
  3. Жукова И. Г. Педагогическая система развития читательского интереса младших школьников средствами этнопедагогики: автореф. дис. … канд. пед. наук: 13.00.01. — Саратов, 2004. — 24 с. — С. 18.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

Статья 567. Договор мены. 1. По договору мены каждая из сторон обязуется передать в собственность другой стороны один товар в обмен на другой.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало.

В 1976 году в том же издательстве появилась на свет книга «Одо из Мена “О свойствах трав”», с...

Правовое обеспечение политической деятельности президента...

Победа Ли Мен Бака на президентских выборах оказалась весьма внушительной.

Ли Мен Бак стал первым в истории Кореи главой государства из делового мира.

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше.

Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру | Статья в журнале...

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Көркем тілдің құдыреті | Статья в журнале «Молодой ученый»

мена. Похожие статьи. Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый.

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі...

«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзінен бастайық. Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады.

«Болашақ» университетінің халықаралық ынтымақтастық...

Ресейдің «Молодой ученый» баспасымен келісім-шартына сәйкес, екі тарап бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру...

Задать вопрос