Сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет саясатының негізі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (242) январь 2019 г.

Дата публикации: 31.01.2019

Статья просмотрена: 85 раз

Библиографическое описание:

Нурманов, Нурбек. Сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет саясатының негізі / Нурбек Нурманов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 4.1 (242.1). — С. 16-18. — URL: https://moluch.ru/archive/242/56168/ (дата обращения: 16.12.2024).



Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье «...ғасырлар тәжірибесінен белгілі, бұл билікке ие әрбір адам оны теріс пайдалануға бейім және бұл шекке жеткенше ол осы бағытта жүреді» дегендей, сыбайлас жемқорлық бұрыннан келе жатқан және қоғамды бұзатын дерт. Жемқорлық (латын тілінде corruptio — сатып алу) яғни лауазымы үлкен адамдардың өзіне тапсырылған қызмет мүмкіндігін шеттен тыс пайдаланып, өзінің пайдасы үшін қоғамға жасалған қауіпті іс-қимыл әрекеті. Жемқорлықтың бір көрінісі пара болып табылады. Пара ақшалай немесе зат ретінде беріледі.

Сыбайлас жемқорлық дәл қазіргі уақытта қоғамның ең басты проблемасы, заман ағысымен бірге өсіп — өркендеп, қанат жайып келе жатқан бәсекеге қабілетті қоғамда тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай тұрған кеселдің бір түрі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің қарыштап дамып келе жатқан жас мемлекетімізге де орасан зор кесірін тигізіп жатқан жайы бар.

«Транспаренси Интернешнл» ұйымының 2017 жылғы сыбайлас жемқорлықты анықтау индексі бойынша Қазақстан 180 елінің арасында 122 орында тұр. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткішін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты [1]. Бұл көрсеткіш мемлекетте жүргізіліп жатқан реформаның нәтижесі деуге болады.

Осы мәселеге байланысты мемлекетте бірнеше құқықтық актілер қабылданған. Олардың кейбіреуін атап айтатын болсақ: ҚР Президентінің 26 желтоқсан 2014 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығы және ҚР 18 қараша 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы. Стратегияның негізгі мақсаты — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады [2]. Стратегияның индикаторларының бірі — халықтың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру болып табылады. Біз бұны дұрыс деп есептейміз. Себебі, жалпы құқықтық мәдениет пен сананы көтермей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы көтеру мүмкін емес. Стратегияның бір бағыты қоғамдық бақылау институттарын еңгізу болып табылатын. Осыған байланысты біздің университетте де қоғамдық комиссия құрылып, бірнеше жылдар бойы жұмысын жүргізіп келеді. Бұл да сыбайлас жемқорлық мәселесін болдырмайтын және алдын алатын бір бағыт деуге болады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында «сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» — деп белгіленген. Ал, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» — деп көрсетілген [3]. Осы тұста елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, мемлекеттік қызметке орналасу үшін емтихан тапсыру бұрын 2–3 айда бір рет болса, қазір 1 айда бір рет тапсыруға мүмкіндік берілген. Ол да болса мемлекет тарапынан жастарға жасалған жағдай деп білуге болады. Егер тапсыратын Заңдар бойынша дайындалсан, әрине тест тапсырып шығуға мүмкіндік бар.

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазанындағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында келесі жылды «Жастар жылы» етіп белгілегеннің өзінде үлкен мән жатыр. Болашақ біздің жастардың қолында. Осындай індеттерді жоюды қазірден өзімізден бастасақ, болашағы жарқын жемқорлықсыз қоғам құра аламыз деп сенемін.

Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Көбіне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы медицина, білім беру салаларында және мемлекеттік қызмет көрсетуде кездеседі. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып әрбіріміз белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа бой алдыруының басты себептерін ашып қарасақ ең алдымен құқықтық білім деңгейінің және әдептілік ұстанымының төмен болуынан. Жеке басының қамын ойлап оңай ақша табу, жеңіл пайда көзіне оңай әрі тез жету жолдарын қарастырып, өзіне және өзгеге тиер кесірін ойламай әрекет етуінен. Сондай — ақ кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де парақорлықтың үдеуіне септігін тигізуде. Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда немқұрайлық танытып, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Әрине, сыбайлас жемқорлық қандайда бір дәрі беріп емдейтін ауру емес. Айналасындағы салауатты, сауатты және таза ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, басшылардың, кәсіпкерлердің, денсаулық сақтау саласының, қандайда бір лауазымды азаматтардың адал қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дерттің алдын алып, болдырмаудың басты тетігі халықтың мына өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке сенде, менде, сізде, бәріміз де қоғам болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атсалысып, қарсы тұруымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосып және болашақтың ірге тасын берік етіп қалаймыз. Мемлекетіміздің әрбір азаматы өзін құқықтық жағынан сауатты тұлға ретінде сезініп, әрекет етсе, жемқорлыққа қарсы тұрып, қандайда бір тосқауылдар қойып, арыз — шағымдар жие жазып, алдын орап отса парақорлық азаяры анық.

Елбасы үнемі жастар — біздің болашағымыз, олардың қолында келешегіміз деп пікір айтады. Әрине, болашақ біздің жастардың қолында. Қазірден бастап әр біріміз өзімізді саяси сауатты етіп тәрбиелеп, білім алсақ алдағы басар баспалдақтарымыз келешек бізден кейінгі ұрпаққа нық етіп қаланады. Анық қаланған баспалдақтан тек биікке өрлеп, мемлекетімізді өркендету міндетіміз. Осыны сенде, менде жүрекпен сезініп ақылға салып қарасақ бізден тұлға қалыптасады. Әр тұлғаның еліне адал қызмет етуі кейінгі ұрпаққа үлгі. Сондықтан аянбай еңбек етіп, білім алып мемлекетімізді жемқорлықсыз ел ету мағанда, сағанда берілген бүгінгі міндет.

Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде жастарды заңды құрметтеуге, оңы бұлжытпай орындауды жас кезінен үйретуіміз керек. Ол үшін құқықтық мәдениетті көтеріп, қоғамның әр бір мүшесінің жауаптылығын арттыру қажет деп есептейміз.

Әдебиет:

  1. Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша әлемде 122-орында тұр // https://qazaquni.kz/2018/03/03/82115.html
  2. ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1400000986
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410
Основные термины (генерируются автоматически): микшерный пульт, безотказная работа, интенсивность отказов, тип корпуса, Требование, URL, курсовая работа, печатная плата, приложение А, ряд, учет паек, элемент.


Задать вопрос