Қазақстандағы құс шаруашылығы кешенінің қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №50 (236) декабрь 2018 г.

Дата публикации: 21.12.2018

Статья просмотрена: 1599 раз

Библиографическое описание:

Тайжанов, Л. Т. Қазақстандағы құс шаруашылығы кешенінің қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері / Л. Т. Тайжанов, Ж. Т. Алмахан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 50.1 (236.1). — С. 16-19. — URL: https://moluch.ru/archive/236/55002/ (дата обращения: 19.04.2024).

Елімізде құс өсіру ауыл шаруашылығында маңызды орын алады және оның бір саласы ретінде халықтың сұранысын қажетті тұтынатын өніммен толық қамтамасыз етіп қанағаттандырады. Сонымен қатар, құс өндірісінің тиімді жұмыс жасауы үшін саланың бәсекеге қабілеттігін арттыратын бизнестерді жүзеге асыру механизімдерін енгізу мен қолданылатын ресурстардың ұтымды комбинациясын және оларды тиімді бөлу мен прогрессивті технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажет. Ал бәсеке өндірістік тиімділігін арттыра түсетіні анық [1, 2]. Сол себепті құс өнімі кешені шаруашылықтарын жалпы алғанда саланың толықтай бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Өз кезегінде бәсекелестіктің негізгі мақсаты тұтынушылар нарығына бәсекелесу және оның сұранысын барынша қанағаттандыру болып табылады. Нәтижесінде мемлекет құс өнімі кешенінің экономикалық тиімділігінің өсуіне қол жеткізу. Бұл жетістікке әрине өндіріске қарқынды ресурстарды үнемдеу өндіріс технологияларын енгізу негізінде бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы, республика тұрғындарын жұмыртқа мен құс етімен толық қамтамасыз ету. Сондай-ақ, әлемдік нарықты дамытудың нақты перспективаларын ескере отырып, экспортқа құс етінің өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту сынды жұмыстар арқылы қол жеткізуге болады.

1-суретте көрсетілгендей, 2003-2017 жылдар кезеңінде жұмыртқа өндірісінің 2 826,3 млн. данаға немесе 24 пайызға өскен қарқыны байқалады. Сонымен бірге айта кететін жағдай, елде 2017 жылы 39913,5мың бас саны саналған, бұл 2003 жылға қарағанда 19,2 пайызға немесе 6439,5 мың басқа артық болып отыр. Құс фабрикалары мен кәсiпорындарында құс етi мен жұмыртқа өндiрiсінің көлемінің 2003-2017 жылдар аралығында жоғарылауының негізгі себептері бұл - осы саланың шаруашылық иелеріне тартымдылығы мен еліміздегі осы бағыттағы жүргізілген экономикалық саясаттарының болуына байланысты.

Осы кезеңнің өндірісін дамытудағы жалпы экономикалық үрдістер Қазақстанда тікелей көрініс тапты және де онда екі арнайы қауымдастық құрылды: ет өндіру және жұмыртқа өндіру. Өндірістің ынтымақтастығы мен интеграциясы, шаруашылықаралық қатынастарды дамыту,әсіресе құс өндірісін өнеркәсіптік негізде қайта құру басталған кезеңде құс өндірісіндегі қарқынды дамудың маңызды факторлары болды. Құс өнеркәсібіндегі материалдық-техникалық базаны жаңарту, өндірістің шоғырлануымен қатар салалық мамандануды одан әрі дамыту инновацияның жетістіктерін кеңінен қолдануға және өндірісте өнім өндірудің қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді. Мұның бәрі, өз кезегінде, қысқа мерзім ішінде құсөндірісі кешенінің экономикалық тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берді, ол барлық деңгейлерде құс өндірісін бірыңғай басқару құрылымын ұсынды: республикалық, облыстық және құс өндірісін құру деңгейінде [4].

Сурет 1. 2003-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құс саны мен жұмыртқаны өндіру динамикасы

Ескерту: [3] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған

Экономиканың аграрлық секторын өнеркәсіптік негізге көшіру арқылы адамның биологиялық объектілерге әсер етуі, өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық факторлары артып, оның табиғи жағдайларға тәуелділігі азаяды. Көбіне бұл өнеркәсіптік өндірісте айқын көрінеді.

90-шы жылдарда реформалар басталып, елдегі құс өндірісінде өндіріс көлемінің тұрақты төмендеуі болған. 2000 жылы құс еті мен жұмыртқаларды өндіру көрсеткіштерін 1991 жылмен салыстырғанда, 2000 жылдары құс өнімдерін өндіру атап айтқанда арнайы құс фабрикаларында айтарлықтай төмендегенін көрсеткен, басқада шаруа қожалықтарындада жұмыртқа өндірісі айтарлықтай төмен болған [5]. Сондықтан жұмыртқаны өндіру үрдісі 1991 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы жұмыртқа өндірісі 116,2% -ға өскенін, ал 2003 жылдан 2017 жылға дейін тұрақты өсім - 1,7 есе екенін көрсетті. Алайда, экономикалық реформа басталған жылдары, елімізде өндірісті дамыту үшін қорлар жеткіліксіз еді, ал 1991 жылы тауықтардың жұмыртқа туу қабілеті тек 160 дана жұмыртқа болған.

Әлемдегі құс етін өндірудің өсуіне бірқатар факторлар әсер етіндігін айта кету керек және оларға келесілер жатады: өндірістің қарқынды өндіру тәсілдері, шоғырлануы мен өнеркәсіптік өндірістің тік интеграциясы, жоғары тиімділік және үнемі өсіп отыратын тұтынушылық сұранысы мен тағы басқа факторлары.

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің (USDA) есебіне сәйкес, 2013 жылы әлемдік құс етінің өндірісі 85,4 млн. тоннаны құрады. Құс етін жалпы тұтынудағы құс етінің әлемдік тұтыну үлесі 83,0 млн. тоннаны құрады [6].

Қазақстанның аумағында географиялық, әлеуметтік-экономикалық сипаттамалар мен экономикалық дамудың экономикалық ерекшеліктері негізінде бірнеше аймақты бөліп көрсетуге болады. Әр облыстың өзінің табиғи ерекшеліктері, ұйымдастырушылық және құрылымдық ерекшеліктері болады, олардың әрқайсысында аймақтың экономикалық бейінін анықтайтын ерекше экономикалық және әлеуметтік жағдайлар бар.

Қазақстан үшін өзінің кеңбайтақ ұлан ғасыр аумағында әртүрлі құс өнімдерін өндіретін және сату мүмкіндіктері жоғарылату мен ауыл шаруашылық секторларын ұтымды орналастыру және мамандандыру мәселелерін шешу аса маңызды. ҚР ҰЭМ статистикалық комитетінің деректері бойынша, 2017 жылы құс өндірісі шаруашылықтардың барлық санаттарында құс саны бойынша бірінші орынды Алматы облысы алады, қатысу үлесі 23,2% құрайды. Өз кезегінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тиісінше 14,4% және 10,8%-ды құрады. Астана және Алматы қалаларына келер болсақ, олардың қатысу үлесі ең аз (0,014-0,004%) болып табылады (Кесте-1).

Кесте 1

Қазақстан Республикасының аймақтарында құстың саны жыл аяғында; мың бас

2012 ж.

2017 ж.

2017 ж. – 2012 ж.

мың бас

%

мың бас

%

+-

%

Қазақстан Республикасы

33 474,0

100

39 913,5

100

6 439,5

119,2

Ақмола

3 129,2

9,3

5 746,4

14,4

2 617,2

5,0

Ақтөбе

1 293,8

3,9

1 346,5

3,4

52,7

-0,5

Алматы

9 585,6

28,6

9 246,3

23,2

-339,3

-5,5

Атырау

99,9

0,3

440,9

1,1

341,0

0,8

Батыс Қазақстан

866,2

2,6

1 378,8

3,5

512,6

0,9

Жамбыл

1 168,0

3,5

1 193,2

3,0

25,2

-0,5

Қарағанды

3 051,8

9,1

3 789,4

9,5

737,6

0,4

Қостанай

4 632,8

13,8

4 246,2

10,6

-386,6

-3,2

Қызылорда

119,7

0,4

114,9

0,3

-4,8

-0,1

Маңғыстау

11,0

0,0

41,2

0,1

30,2

0,1

Оңтүстік Қазақстан

2 431,7

7,3

2 783,2

7,0

351,5

-0,3

Павлодар

728,7

2,2

1 411,9

3,5

683,2

1,4

Солтүстік Қазақстан

3 373,3

10,1

4 295,3

10,8

922,0

0,7

Шығыс Қазақстан

2 954,3

8,8

3 872,1

9,7

917,8

0,9

Астана қаласы

6,3

0,0

1,6

0,004

-4,7

0,0

Алматы қаласы

21,7

0,1

5,5

0,014

-16,2

-0,1

Ескерту: [3] дерек көздері негізінде автормен құрастырылған

1 - кестеден 2017 жылы құс басының саны 2012 жылмен салыстырғанда Қазақстанның 11 аймағында өскенін көреміз. Елде құс бас санының үлкен шоғырлануы Алматы облысында - 9,2 млн. бас бар (республика бойынша құс санының- 23,2 пайызын құрайды.). Солтүстік Қазақстан облысында 4,3 млн. бас (10,8%), Қостанай облысында -4,2 млн. бас (10,6%), Шығыс Қазақстан облысында -3,9 млн. бас (9,7%). Ақмола облысында 5,7 млн. бас (14,4%), Қарағанды облысында - 3,7 млн. бас (9,5%), Қазақстанның басқа өңірлерінде бұл көрсеткіш одан да төмен. Құс басының өсуі Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында кәсіпорындары көрсетті. Сонымен бірге құс басының төмендеуіне негізінен Ақтөбе, Жамбыл және Павлодар облыстарында орын алған.

Қазіргі уақытта Алматы облысы жұмыртқа өндірісі бойынша алдыңғы қатарда тұр 2017 жылғы санақ бойыншы - 1082,9 млн. дана немесе жалпы көлемнің -21%.-ы. Одан кейін Ақмола облысы 16% (796,9 млн.дана), СҚО 13,7% (700 млн.дана), Қостанай облысы 12,7% (649,3 млн.дана) және Қарағанды облысы 12,3% (630,3 млн). Сонымен қатар, құс өсіру саласының дамуында өңірлік ерекшеліктер көрініс табады. Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы объективті болып, өңірлік жағдайлар негізінде өндіруші болып табылады. Осыған байланысты, оған өнімнің негізгі түрлеріне қатысты экспорттық саясатымен сипатталу тән. Ол, басқа өндіруші өңірлер сияқты, аймақаралық деңгейде де, мемлекеттік деңгейде де азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айқындайды. Халықтың азық-түліктің барлық түрлерімен, соның ішінде құс шаруашылығы өнімімен де қамтамасыз етілуі өңірлік деңгейдегі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей байланысты.

Нарық заңдарына сәйкес құс өнімдерін өндіруді сұранысқа сай анықталған белгілі бір лимиттерге дейін арттыру ұсынылады, себебі басқаша өндіріс әлеуетті сатып алушылардан сұраныстың болмауына әкелуі мүмкін [7].

Әдебиет:

  1. Кенжегузин М.Б. Концептуальные основы формирования казахстанской модели устойчивого экономичекского роста // В кн.: Казахстанская модель социально - экономического развития: научные основы построения и реализации. - Алматы: Атамұра, 2005. - 18 с.
  2. Сагадиев К.А Проблемы конкурентно способности национальной экономики // В кн.: Проблемы устойчивого экономического развития в условиях глобализации. – Алматы, 2003. - Т 1. - С. 89-90.
  3. Қазақстан 2018 жылы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика Комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика Комитетінің ресми сайты [Электрондық ресурс]. – Көру режимі: //http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/publicationsCompilations2015?_afrLoop=1733620236443177#%40%3F_afrLoop%3D1733620236443177%26_adf.ctrl-state%3D12voxxa30h_80.
  4. Утебаева А.Б. Анализ развития рынка мяса птицы (на материалах Павлодарской области). - Алматы: Саясат, 2013. - 123 с.
  5. Ibraimova S.S., Yesbolova A., Akhelova A.L. An analysis of opportunities and challenges in poultry sector in Kazakhstan perspectives // Сучаснi проблеми економіки та управління підприэмствами Украіни в умовах эвропейськоі інтеграціі: Збірник тез доповідей I Міжнародноі науково-практичноі конференціі. - Дніпропетровск: ДВНЗ УДХТУ, 2016. - С. 31-33.
  6. Агентство Маркетинговых и Социологических исследований «DAMU Reserch Group». - Алматы, 2013. - 120 с.
  7. Есболова А., Сабденова Ж., Ахелова А.Л. Қазакстандағы кұс шаруашылығы өнімдері нарығы дамуының ғылыми негіздері // Экономика стратегия и практика. - 2016. - №3 (39). - С. 93-99.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Алматы, бас, DAMU, USDA, Казахстанская модель, Павлодар.

Похожие статьи

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Алматы қаласында көше, Павлодар мен Жамбыл облысында екі мектеп Е. Бекмаханов атымен аталады. Қорыта айтқанда, Е. Бекмахановтың ғылым жолындағы тұлғалық қасиеті, шығармашылығы, ұлт тарихын зерттеудегі шыншылдығы мен тарихтың ақиқатын батылдықпен...

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

Мұнай алпауыты Атырау облысын, Алматы мегаполисін және елорда Астана қаласын есепке алмағанда, Қазақстанның барлық аймаөқтарында дерлік қалыптасқан жағдай

Қазақстан аймақтарының экономикалық даму деңгейінің әртараптануын 1-кестеден көруге болады. Кесте 1.

Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамыту...

Қазiргi уақытта дамудың бас бағыттарының бiрi Оңтүстік Қазақстан облысы қалыптастырылуды және мақта - тоқыма кластері экономикалық әлуеттi кеңейтуде. ЕЭА «Оңтүстік» жасауы жеке алғанда, барлық тоқыма өнеркәсiбіне дамуына бұрын бағытталған, даяр тоқыма өнiмдi өндiрiс...

Аймақтардың инновациялық даму механизмдерін жетілдіру

Бірінше топқа – инновациялық аймақтар жатады. Бұл топқа бірінші Алматы қаласы кіреді

Бұл топқа ескі индустриялық аймақтар кіреді: Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Павлодар облыстары.

Бұл аймақтарға аграрлық аймақтар кіреді: Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары.

Өнім сапасы селекциясындағы отандық сорттардың орны

Селекцияның маңызды міндеттерінің бірі ‒ ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және сапалы өнім беретін сорттарын жасау. Негізгі тағам – нан дайындау үшін дәнді астық дақылдарының жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандары дәндерінің технологиялық және...

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті...

Павлодар.

Алматы қаласы.

Основные термины (генерируются автоматически): орт, мена, орт бизнеспен, бизнес, млрд.

Трансформация модели российских СМИ в 1990-х годах. В это же время крупнейшие бизнес-группы страны стали приобретать собственные средства массовой информации, преследуя, в.

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші...

Кез-келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауылшаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық көрсеткіштерімен қатар халқының саны мен өндірістік қабілеті...

Особенности гражданско-патриотического воспитания в казахской...

В своем послании «Казахстан-2030», Президент Казахстана определил в качестве приоритетов долгосрочного развития страны национальную безопасность и упрочение независимости. Основная задача образования и воспитания — воспитание патриота, гражданина своей страны.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Мысалы, жаздық жұмсақ бидайдың жергілікті Көже-бидай сортынан Казахстанская 126 сорты, Түрікменстанның жергілікті сортын пайдаланудан

Сондай-ақ, Башқұрт ауыл шаруашылығы ҒЗИ (Ресей) ғалымдарының 1991 жылы шығарған және біздің елімізде – Павлодар және Солтүстік...

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Мен бронза медалини олганим учун хурсандман. Модель спортивного менеджера | Статья в журнале... «Исторически в нашей стране так сложилось, что управлением в спорте занимались различные тренеры, инструкторы, методисты, которые зачастую совмещали...

Задать вопрос