Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №50 (236) декабрь 2018 г.

Дата публикации: 21.12.2018

Статья просмотрена: 5416 раз

Библиографическое описание:

Жумадилда, Н. Т. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер / Н. Т. Жумадилда. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 50.1 (236.1). — С. 10-11. — URL: https://moluch.ru/archive/236/55000/ (дата обращения: 17.12.2024).



Өткен ғасырдың аяғындағы өндіріс, ғылым мен техникадағы өзгерістер қоғамның жаңа түріне көшуге ықпал етті. Нәтижесінде ғылым мен білім қоғамның дамуына ықпал жасайтын күшке айналды. Өз кезегінде білім мен ғылымның дамуында ақпараттың алатын орны ерекше. Өйткені, елдің халықаралық сахнадағы бәсекелік қабілеті осы ұлттың білімділігі мен кәсібилігінің деңгейін арттыратын ақпаратпен тығыз байланысты.

Жалпы ақпарат адамзат пайда болғаннан бастап, әсіресе қоғам дамуының барлық кезеңдерінде ерекше рөл атқарды. Дегенмен, ақпараттық технологиялардың үздіксіз ілгері дамуы мен ақпараттық ресурстардың маңыздылығын ескерген кезеңнен бастап ақпараттық қоғам қалыптасты деуге толықтай негіз бар. Сонымен қатар, қазіргі жаһандық құбылыстарға сәйкес ақпараттың қоғамдағы рөлі күннен күнге артып келеді [1].

Бүгінгі заманның негізгі көрсеткіші ретінде ақпараттық саланың нық дамуы саналады. Заманауи ақпарат технологияларының күнделікті бір қалыпта тұрмай өзгеруі адамзат санасына ықпал жасауда. Сондықтан адамзаттың эволюциялық дамуын жаңа технологияларды қоғам мүшелерінің игеруі тұрғысынан қарастыруға болады. Адамзатты киберәлеуметтендіру үдерісі қалыптасып, әлемдік өркениет тарихында Жер планетасы тұрғындарын біз байқай бермейтін жаңа әлеуметтік-психологиялық, саяси-философиялық құндылықтарды сіңдірудің алғышарттары жүзеге асып жатыр. Адам қарым-қатынас мәдениетінің өкілі болғандықтан кез келген ақпараттық құрылғыға тәуелділігінен арыла алмайды. Өз заманында радио мен теледидар өркениет тарихында бір сілкініс тудырса, бүгінгі таңдағы Интернет және оны пайдаланудың түрлі мүмкіндіктері толықтай электронды бағыныштылыққа апарды [2]. Сондықтан ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер түсініктеріне мән бергеніміз жөн деп ойлаймыз.

Қазіргі әлемдегі ақпараттық технологиялардың билік күресі жолындағы ұлттық, халықаралық және жаһандық деңгейіндегі ықпалы мен бақылау шарттарының өсуі заңды құбылыс. Ақпараттық технологиялар – бұл ақпараттық процестерді оңтайландырудың жүйесі. Ол – ақпаратты дайындау, жинау, ұсыну, сақтау және өңдеуде кеңінен қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығының жүйесі. Ақпараттық технологияларды қолданбау өзге технологиялар жүйесінің дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Өйткені әрбір технологияны дайындау және жүзеге асыру барысында ақпаратты жинау, сараптау және сақтаудың қазіргі заманғы модельдеу әдістерін қолдану арқылы мүмкіндіктер туындайды. Ақпараттық ағым технологияландырудың нысаны болып табылады және нақты кезеңдерге арқылы жүзеге асып, операциялар мен алгоритмдерге бөлінеді. Өркениетті саяси технологиялардың кейбір түрлерін қарастыра келе, біздің ойымызша, қазіргі шарттарда саясаттағы ақпараттық технологиялардың рөлі өте өзекті екендігін айта кетуіміз қажет [3]. Демек, ақпараттық технологиялар (ағылшынның information technology, IT) – басқару технологиялары мен мәліметтерді өңдеу, дайындауға қатысты салалар қызметінің жиынтығы [3, 147 б.].

Мемлекеттің ақпараттық ресурстары – бұл ұлттық байлығымыз. Ақпараттық ресурстардың саны, сапасы мен қол жетімдігі мемлекеттің даму деңгейін анықтаумен қатар, елдің әлемдік қауымдастықтағы мәртебесін көрсетеді. Ол ХХІ ғасырдағы саяси дамуды айқындайтын негізгі фактор. Сондықтан биліктің жоғары органдарын ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді дайындап, даму жолдарын қарастырған жөн.

Соңғы жылдардағы телекоммуникациялар технологиялары арасындағы лидер ретінде Интернетті танимыз. Бүгінгі күнде ол әлемдік қауымдастықтың ақпараттық инфрақұрылымындағы маңызды элемент. Сонымен қатар, Интернеттің қолданысқа енуі мамандар арасында «компьютерлік қауіпсіздік» ұғымын енгізді. Жаһандық компьютерлік желіні қорғау мәселесі ерекше жұмысты қажет етеді. Әсіресе, бұл мәселе Интернетті мемлекеттік билік органдарына енгізуде өзекті болып саналады. Оның саяси мағынасының да астары оның мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігімен тығыз байланыстылығында жатыр. Өйткені, ақпарат тек ұлттық байлық қана емес, ол мемлекеттің бағалы ресурсы [3, 44-45 бб.].

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологиялар тек компьютерлік технологиялармен шектелмейтін, ақпаратты құру, беру, сақтау мен қабылдаудың саласы. Өз кезегінде ақпараттық жүйелер туралы түсіндірмелер мағыналарына қарай өте көп. Оның негізгі ажырамайтын құрамдастары болып мәліметтер, техникалық және бағдарламалық жасақтамалар, қызмет істеушілер мен ұйымдастыру іс-шаралары саналады.

Әдебиет:

  1. Насимов М.Ө. Ақпараттың заманауи қоғамдағы рөлі // әл-Фараби. – 2018. - №2. – 116 б.
  2. Насимов М.Ө. Интернет кеңістігіндегі киберәлеуметтендірудің өзекті мәселелері // әл-Фараби. – 2016. - №1 (53). – 104 бб.
  3. Насимова Г.О., Насимов М.О. Саяси технологиялар. – Алматы, 2015. – 43 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос