Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттіліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №50 (236) декабрь 2018 г.

Дата публикации: 21.12.2018

Статья просмотрена: 624 раза

Библиографическое описание:

Гани, А. М. Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттіліктері / А. М. Гани, А. Ж. Аяганова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 50.1 (236.1). — С. 3-5. — URL: https://moluch.ru/archive/236/54999/ (дата обращения: 18.04.2024).

Бүгінгі таңда болашақ мамандарға жоғары сапалы кәсіби білім беру мәселесі ерекше назарға алынып отырғаны белгілі. Қоғам қажеттіліктері мен әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыратын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету жоғары оқу орындарына қатаң талап қойып, білім беру жүйесін жүзеге асыруда озық шетелдік және отандық университеттердің тәжірибесіне сүйенуді алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа жолдауында «Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс... Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда»,- деп көрсетілген [1].

Қазіргі өзгермелі қоғам болашақ мамандарды кәсіби дайындау мәселесін жаңа сипатта тұжырымдауды талап етеді. Білім беру жүйесіндегі әлемдік тәжірибеге негізделген реформалар кәсіби сауатты және білікті мамандарды қажет етеді. Тұлғааралық қарым-қатынасты, педагогикалық үдерісті гуманизациялауға және субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті орнатуға бағдарлану коммуникативтік құзыреттіліктер мәселесіне қызығушылықты арттырды.

Жалпы алғанда коммуникация - бұл қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үдерісі болып табылады. Ал, құзыреттілік (лат.тілінен competere - сәйкес келу, жақындау) - бұл маманның белгілі бір кәсіби міндеттерді шешудегі жекелік қабілеттері. Осы орайда, педагогтардың кәсіби құзыреттiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуына ерекше мән берiлiп отыр. Әсiресе педагог-психологтар қоғамдағы өзгерiстерге дер кезiнде әрекет ете ала ма, яғни, бiлiм беру үдерiсiнiң субъектiсi ретiнде өзiнiң позициясын дұрыс анықтап, өзгертiп, жасөспірім тұлғасын мақсатқа бағытты дамыту үшiн инновациялық iс-әрекеттi енгiзу мәселесi туындады.

Белгілі кеңес ғалымдары С.Л. Братченко [2], Г.С. Трофимова [3] коммуникативтік құзыреттілік мәселесін қарастырды. Бұл еңбектерде коммуникативтік құзыреттіліктердің құрылымы анықталған. Бұл құрылымға үш компонент енгізіледі: когнитивтік, мінез-құлықтық және эмотивтік. Сонымен қатар коммуникативтік құзыреттіліктердің қайнары шартты түрде субъективті: тұлғааралық қарым-қатынас үлгісінің субъект-объектілі немесе субъект-субъектіліге психологиялық ыңғайлануын; жағымды мотивация; мәдениет, білімділік, тәрбиелілік деңгейі; өмірлік және кәсіби, тұлғааралық қарым-қатынас тәжірибесі және объективті: әлеуметтік орта, тұлғаның әлеуметтену жағдайы, белгілі бір педагогикалық жүйедегі оқу-тәрбие үдерісі болып бөлінеді.

Мамандардың кәсіби құзыреттіліктерінің құрамдас бөлігі ретінде коммуникативтілік алға шығады. Себебі тәжірибеде коммуникативтік мәселелер педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің өзегі және тірегі екені белгілі. Педагог-психологты білім беру ұйымдарында педагогтар, ата-ана және балалар үштігіндегі орталық буын ретінде тұжырымдайды. Осы орайда, заманауи маман табысты қызмет етуі үшін қажетті кәсіби қасиеттер мен сапаларды құзыреттіліктер шеңберінде қалыптастыру бағытына ерекше назар аударылуда.

Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту қажеттілігі оладың әрдайым байланыс орнататын серіктесімен әртүрлі және көпжоспарлы қарым-қатынас жасау үдерісімен түйістіріледі. Педагог–психолог өзінің қызметінде кәсіби міндеттерді шешуге қол жеткізуі үшін іскерлік тұлғаралық қатынастағы өзара әрекеттестік құрылымына негізделген және барлық талаптарға жауап беретін жоғары дамыған коммуникативтік құзыреттілікке ие болуы шарт. Тұлғаралық қарым-қатынасты орнатуға, сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретін коммуникативтік білімдер, икемділіктер және соған сәйкес қабілеттердің болуымен, сонымен қатар оларды кәсіби орынды жағдаяттарда пайдаланумен түсіндіріледі.

Кеңестік ғалымдары Г.С. Абрамованың [4], В.В. Колпачниковтың [5] зерттеулерінде психологиялық кеңес беруде тұлғааралық өзара әрекеттестікті жүзеге асыру маманның коммуникативтік мүмкіндіктеріне негізделетіндігі көрсетілген.

Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасуынан тұлғамен байланыс орнату тиімділігі, әңгімелесушіні тыңдау, мәселенің баламалы шешімдерін іздеу және оны талқылау, ұсыныстарды орындауға бағыттау; сұхбаттасу барысында эмоциялық қысымды болдырмау және т.б. тәуелді болады. Бұл мәселенің білім беру үдерісінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына ықпалы күшті болары сөзсіз.

Педагог-психолог кәсіби іс-әрекетінде қажетті коммуникативтік құзыреттілікке ие болмаса, ол қаншалықты кәсіби білімге ие болғанымен оны жоғары білікті маман деп айту қиын. Дегенмен педагог-психологтың коммуникативтік құзыреттілігін кәсіби маңызды сапалармен міндетті түрде түйістіру қажет.

Коммуникативтік құзыреттілік жоғарыда атап кеткендей, қарым-қатынас сипатында көрініс береді. Осы орайда педагог-психолог адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында олардың мінез-құлығы мен ерекшеліктері туралы өзінде қалыптасқан теориялық білімдер мен тәжірибеге негізделген бақылаудың салыстырмалы нәтижелері арқылы өзгелер туралы тұтас бейне қалыптастырады. Адам туралы қалыптасқан бейне педагог-психологтың өзара әрекеттесушіге эмоциялық қатынасын, оған деген қызығушылық деңгейін анықтайды. Сондықтан қалыптасқан бейне жалған емес, барынша толыққанды шынайы болғаны дұрыс.

Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттілігінің құрамдас бөлігі әлеуметтік сезімталдық болып табылады. Әлеуметтік сезімталдықтың болмауы - педагог-психологтардың өзгелермен қарым-қатынасында туындайтын қиындықтардың қайнар көзі болуы мүмкін. Сезімдерді, ойларды және әрекет-қылықты дұрыс анықтау және алдын болжау тәжірибемен және жаспен келетінін естен шығармау қажет. Болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік сезімталдығының дамуына «ореол эффектісі» (барлық адамдарға таралатын бір ерекшелік туралы пікір), проекция (өз қасиеттерін, әсіпесе, қажет еместерін өзгелерге ысыру), стереотиптік бағалау кедергі келтіреді.

Жалпы коммуникативтік құзыреттіліктердің құрамдас бөліктерін топтауға болады. Ғылыми-теориялық зерттеулерге негізделе отырып, біз коммуникативтік құзыреттіліктердің мынадай құрамдас бөліктерін ажыратып көрсетеміз:

Кесте 1

Коммуникативтік құзыреттіліктердің құрамдас бөлігі

Құзыреттіліктердің құрамдас бөлігі

Сипаттамасы

1

Эмоциялық-сезімдік

Мәнерлілік сипатымен негізделеді, коммуникацияның вербальді және вербальсіз түрлері.

2

Болжамдық

Қарым-қатынасқа түсу ережелерін ұсынатын төмендегідей сипаттағы білімді меңгеруі тиіс:

- кәсіби іс-әрекет аймағында қарым-қатынастың қандай түрлерін пайдалану керек;

- қарым-қатынастың әрбір сатысында қандай кезеңдерін бөлуге болатындығы.

Педагог-психологтың кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктерін білдіреді.

3

Мотивациялық-құндылықтық

Педагог-психологтың кәсіби қызметінде негізгі әдеп қағидаларын ұсынатын коммуникативтік құзыреттілік. Педагог-психолог тұлғаның құқығы мен еркіндігін және қызығушылықтарын құрметтеу қағидаларын сақтауы, жекелік басым құндылықтарға бағдарлануы, құпиялылықты ұстануы тиіс.

4

Конфликтілік

Қарым-қатынас барысында конфликт алдындағы жағдайды сезіну, алдын алу және орын алғанда шешу тәсілдерін меңгеру

Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік аймағын дамытудың психологиялық жағдайы мен болашағы - жоғары мектепте кәсіби дайындау барысында маманның коммуникативтік қасиеттері мен әлеуетін жетілдірумен байланысты. Тұлғаның коммуникативтік аймағының дамуы жоғары мектепте білім алған кезде табысты болады. Себебі бұл кезде белгілі бір коммуникативтік алғышарттар қалыптасады, толыққанды даму үшін негіз, сонымен қатар жақсартылуы мен жетілдірілуі үшін әлеует баршылық.

Жоғары мектептің заманауи даму кезеңінде болашақ мамандардың кәсіби-тұлғалық дамуын психологиялық сүйемелдеудің әртүрлі технологиялары кеңінен жасалып және ендіріліп жатыр. Болашақ мамандарды кәсіби дайындау барысында қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын игеруге деген қажеттіліктерін сезіндіру қажет. Сонымен қатар коммуникативті құзыретті және коммуникативтік-сөздік белсенді болуға ұмтылуы маңызды болып табылады. Себебі бұл жағдай өзі, өзгелер туралы терең білімді игеруге мүмкіндік береді. Осы білім арқылы жаңаны құрып, шынайылықпен келісімге алып келеді.

Педагог-психологтарды кәсіби дайындауда жоғары мектеп төмендегідей форманы пайдалануға ден қойып отыр:

- тренинг;

- рөлдік және ұқсастыру ойындары;

- коммуникативтік жаттығулар.

Жоғарыда көрсетілген белсенді оқыту формалары арқылы адамның психологиялық ерекшеліктері мен коммуникативтік құзыреттіліктеріне негізделген өзара әрекеттесудің өнімді амалдары мен тәсілдері қалыптасады [6].

Коммуникативтік қабілеттер мен дағдыларды дамыту болашақ педагог-психологтардың қарым-қатынастағы кедергілерді жеңуіне көмектесіп, кәсіби қызметтегі табыстарын анықтайды және мансаптық өсуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту мақсатқа бағытталған, ілгеріленетін және сапалы өзгеретін динамикалық үдеріс болып табылады. Қазіргі таңда болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер баршылық. Дегенмен болашақ-педагог психологтардың коммуникативтік құзыреттіліктерін әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы дамыту жолдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Қазақстан халқына Жолдау. 5 қазан, 2018 жыл.
  2. Братченко С.Л. Развитие у студентов направленности на диалогическое общение в условиях групповой формы общения: дис. канд. психол. наук. - Л., 1987. - С. 116.
  3. Трофимова Г.С. Педагогическая коммуникативная компетентность: теоретический и прикладные аспекты: монография. – Ижевск: УдГУ, 2012. - С. 116.
  4. Абрамова Г.С. Практическая психология: Учебник для студентов вузов. - М.: Академический проект, 2002. - С. 496.
  5. Колпачников В.В. Человекоцентрированный подход в практике психологического консультирования персонала организаций // Вопросы психологии. - 2000. - №3. - С. 49-56.
  6. Рыжов В.В. Психологические основы коммуникативной подготовки педагога. – Нижний Новгород: ННГУ, 1994. – 164 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

Статья 567. Договор мены. 1. По договору мены каждая из сторон обязуется передать в собственность другой стороны один товар в обмен на другой.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало.

Рис. 1. Применение лекарственных растений, описанных Одо из Мена, по группам заболеваний.

Правовое обеспечение политической деятельности президента...

Победа Ли Мен Бака на президентских выборах оказалась весьма внушительной.

Ли Мен Бак стал первым в истории Кореи главой государства из делового мира.

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Англиядағы дінтану зерттеу мектептерінің ерекшеліктері

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет».

Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20 дан 35 см‑ге дейін болатын...

Махмұд Қашқари дүниетанымы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі...

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

оса, мена.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше.

Задать вопрос