Инклюзивті білім берудің педагогикалық негізі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Райым Н. Т. Инклюзивті білім берудің педагогикалық негізі // Молодой ученый. — 2018. — №18.1. — С. 26-28. — URL https://moluch.ru/archive/204/50086/ (дата обращения: 21.08.2018).

Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – инклюзивті білім беру.

Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы [1].

Инклюзивті білім беру – этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау үдерісі [2].

Осы терминнің мәнін нақты анықтауда бірнеше мәселелер туындайды. Қазіргі заманғы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, бұл мәселемен әлемдегі педагогтар қоғамдастығы айналысады. Зерттеулер көрсеткендей, мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үдерісі әр елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Инклюзивті білім беру тарихи даму кезеңінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі көптеген кедергілерден, яғни жек көру позициясынан, осы категориядағы балаларды оқшалау жолынан өтіп, инклюзив позициясына жеткен. Қоғамның мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген идеологиясының қайта бағдарлануымен байланысты 18 ғасырдан бастап, жаңа заңдар, құжаттар қабылданып, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға құқық берілген. Атап айтқанда, американдық прогрессивті педагогтар Горация Манна және Генри Бернардтың 1852 жылғы реформа нәтижесінде штат Массачусетте бастауыш сыныптың барлық балаларын оқыту міндетті екендігі туралы заң қабылданған. Ал 1918 жылы барлық балалар білім алу керектігі туралы заң барлық штатта қабылданды. Дегенмен, мүмкіндіктері шектеулі балалар бастауыш білім алуға құқылы деген заң бекітілгенімен, бұндай балалардың мемлекеттік мектептерден оқшауланғандығы туралы тарихи деректерден көрінеді. Мысалы, 1893 жылы Массачусетте Жоғарғы сот, егер баланың ақыл-есі кем немесе оқуға қабілеті жоқ деп есептелсе, мектептен шығаруға құқық берген [3]. Мүмкіндігі шектеулі балаларды «шектету» дәуірі өткен ғасырдың 60 жылдарына дейін Европа және АҚШ-тың көптеген елдерінде басымдылық етті. Бұл қабылданған халықаралық құқық құжаттарының гуманистік принциптеріне қайшы болды. Зерттеушілер мүмкіндіктері шектеулі балаларды осылай оқшаулап, арнайы мектепке жіберу, олардық құқығын бұзу деп қарастырды.

Осыған байланысты 20 ғасыр, соңында әлеуметтік-саяси және экономикасы жақсы елдер қоғамдағы және білім саласындағы дискриминациямен күреске шықты. Европа және Америкада мүгедек адамдардың, дамуында ауытқуы бар балалардың ата-аналарының, сонымен қатар адвокаттар коллегиясының жаппай қарсылық шерулері ұйымдастырылды. Нәтижесінде Швецияда және ірі дамыған елдерде дамуы кеш балаларға арналған психиатриялық ауруханалар және интернаттар жабылды, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуға мүмкіндік беретін құқықтық актілерді енгізу, педагогтардың балаларды біріктіріп оқыту идеясын іске асыру жолдарын іздеуге мүмкіндік берілді. Егер Еуропада заң актілері қолдау көрсе, АҚШ-та бірігіп оқыту идеясы іске асты. 1962 жылы АҚШ-та М.Рейнольдс мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру ағымына көбірек қатысуы қарастырылған арнайы білім беру бағдарламасын жариялады. 1970 жылы американ ғалымы И.Дено «Каскад» моделін ұсынды. «Каскад» дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі балалардың ортақ ағымда нәтижелі түрде қарым-қатынаста болуына мүмкіндік беретін әлеуметтік педагогтық шаралар жүйесі [4].

1975 бастап АҚШ-та «Мүгедек балаларға білім беру» заңының қабылданып, білім беру саласындағы интеграцияны құқықтық негізде қойды. Бұл заң федералды бюджет есебінен мүгедек балаларды мемлекеттік мектептерде тегін білім алуына құқық береді. Бірақ интеграциялық білім беру туралы АҚШ мектептеріне жаңалықтарды еңгізу бірнеше мәселелерді туғызды. Педагогтардың өзі ерекше білімді қажет ететін балаларға өздерінің құрбыларымен араласуға қажетті жағдай жасауға дайын болмады. Сол кезеңде жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, мұғалімдер жаңа кәсіби әрекетке және жаңа жауапкершілікке дайын болмады. Қиындығы, ерекше білімді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасауға арналған интеграция үдерісі білім және оқу-тәрбие үдерісіндегі қалыптасқан жүйеде өтіп жатты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау үдерісін жалпы мектепке арнайы мектептен ауыстыру арқылы шешілді. Англияда 1978 жылы дамуында ауытқуы бар жас адамдарды және балаларды оқыту туралы М.Уорноктың баяндамасын зерттеу комитеті жариялады. Онда мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектептеріне интеграциялау арқылы инклюзивті білім берудің даму перспективаларын көрсеткен. М.Уорнокқа дейін мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «ақыл есі кем», «оқытылмайтын» деген терминдер қолданылған, ол өте қате және намысқа тиетін болды. М Уорнок баланың оқудағы кемшіліктерін эксперт маман ретінде емес, баланың мінезімен және мұғалімнің педагогикалық әрекетімен бірге қарастырылу керек деді. Комитет «ақыл есі кем» деген терминді «оқу материалын меңгерудегі қиындықтар» деп өзгертуді ұсынды. М. Уорнок пен бірге зерттеушілер Р. Кролл, Д. Моссис, С. Данлоп «оқу материалын менгерудегі қиындықтар» деген түсінікке «ассоциалды мінез-құлық» деген түсінікті енгізді [5].

1981 ж «Білім туралы» заңда М. Уорноктың ұсынысын ескере отырып, «мүгедек балалар» терминін «ерекше білімді қажет ететін» деген түсінікпен ауыстырылды.

1970 жылдары Данияның психикалық денсаулықты қорғау қызметінің басшысы Н. Бенк-Миккельсон және ақыл есі кем адамдардың Швед Ассоциясының директоры Б. Нирье «нормализация» түсінігін енгізді. «Нормализацияға» негіз болатын қағида мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуға, жұмыс істеуге, қалыпты жағдайда өмір сүруге құқылы екенін көрсеткен. «Нормализация» тұжырымдамасының негізі – бала өзі өмір сүріп жатқан қоғамның қабылдаған мәдениеті рухында тәрбиеленуі [6].

АҚШ, Канадада және басқа да елдерде кейінгі жылдарға мүмкіндігі шектеулі балаларға деген саясат анықталды. В.Вольфенсбергер «Нормализация» терминінің түсіндірудің балама нұсқасын ұсынды. Б.Нирьенің мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға үйренісуіне, әлеуметтік бағдарламаны құрастыруға көзқарасымен ортақтаса отырып В.Вольфенсбергер барлық адамды бірдей бағалау үшін құқық беретін «әлеуметтік рольді валоризациялау» деген ұғымды енгізді. Бұл ұғымды Б.Нирье қате деп санады. «Нормализацияның» «есі дұрыс» деген сөздің синонимі немесе адамдарды реттеу керек деген сөз емес, мүгедек адамды қоғам қабылдау керек деген сөз деп түсіндірді [6].

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзивтік білім берудегі жетістікті тәжірибесін іске асырғанын атай отырып, қазіргі уақытта оның әрі қарай дамуына кедергі жасайтын бірнеше факторлар бар екенін айту керек. АҚШағы білім беру саясаты 2002 ж бастап «No Child behind Act» (Бірде бір бала заңнан тыс қалмайды) заңымен реттеледі, яғни барлық бала әлеуметтік статусына, тұратын жеріне, түр түсіне, этномәдениетіне қарамастан сапалы білім алуға құқылы.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығы 2004 жылы «Individuals with Disabilities Education Act» заңымен бекітілген. Жаңа заң мүмкіндігі шектеулі балаларды олардың қажеттіліктеріне сай келетін және қолдау көрсететін жалпы білім беретін мектептерге қосуды қарастырған.

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін дамыту ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында жан-жақты қарастырылған [7].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен [8].

Бүгінгі күні елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру туралы зерттеулер жүргізіліп жатыр. Инклюзия қаншалықты оқу-тәрбие үдерісінде пайдалы, сау балалардың ата-аналарының инклюзивті білім беру туралы идеяны қабылдай алуы т.б. мәселелердің туындайтыны заңдылық. Инклюзивті білім беру мәселелерін зерттеу, келешекте инклюзивті білім беру идеясын жүргізуде бағасы жоқ көмек көрсетеді. Қортындылай келе, өмірге инклюзив идеясын енгізу, барлық оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін, әрбір оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің дамуына ықпал ететін педагогиканың және білім беру ұйымдарының міндеті деп есептейміз.

Әдебиет:

  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005.
  2. Сулейменова Р.А. Методологические подходы к развитию инклюзивного
    образования Республики Казахстан //Открытая школа. –2012. №7. – 44-48 с.
  3. York, J., Vandercook, T., Macdonald, C., Heise-Neff, C., & Caughey, E. (1991).
  4. Deno, E.N. Special Education as Developmental Capital / Е.N Deno // Exceptional Children. – 1970. – № 37. – P. 229-237
  5. Review of the Present Situation of Special Education: ED–88 /ws/ 38. UNESCO, 1988.–150 p
  6. Oliver, M. Disabled People and Social Policy: from Exclusion to Inclusion/ M. Oliver, C. Barnes. – L.: Longman, 1994. –187 p.
  7. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
  8. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
Основные термины (генерируются автоматически): UNESCO, европа.

Похожие статьи

Перспективы развития Европейского союза в рамках стратегии...

Ключевые слова: «Европа 2020», Европейский союз, евроскептицизм, интеграция, инклюзивный рост.

Именно в соответствии с этим планом, получившим название «Европа 2020»...

Особенности развития городов в Западной Европе

В России всё чаще встречаются проекты по реновации микрорайонов и комплексному освоению территорий. Так на проекты комплексного освоения территорий приходится 60...

Переход стран ЕС к евро | Статья в журнале «Молодой ученый»

Необходимо отметить, что благодаря введению общей валюты, уровень инфляции в странах Европы заметно снизился. Также, евро стимулировало рост производства и занятости.

Theoretical characteristics of modern pedagogical technologies

UNESCO (2009) Policy Guidelines on Inclusion in Education.

В статье анализируются особенности государственного регулирования рынка инноваций в США и странах Европы.

Центр исследований «Южная Европа» (Симферополь)...

Центр исследований «Южная Европа». Адрес: Россия, Южный федеральный округ, Республика Крым, городской округ Симферополь, Симферополь, Киевская ул., 81.

Роль французского языка в мире

Он является официальным рабочим языком практически всех международных организаций, таких как ООН, ЮНЕСКО, МОТ, ВОЗ, ВПС, ЕС, НАТО, Совета Европы и т.д...

К вопросу об актуальности проблем современного образования...

Сейчас развитие образования в Афганистане поддерживают такие международные и негосударственные организации, как: Мировой банк, Объединенная Европа, ЮНЕСКО...

Современная ситуация вокруг памятников Всемирного наследия...

Культурное наследие играет важнейшую роль в формировании привлекательного образа России за рубежом. Особая роль в этом принадлежит объектам...

Анализ экономик стран, вступивших в Евросоюз

Большая часть автомобилей экспортировалась в другие страны Европы, и доля автомобилей в экспорте страны

Литература: 1. Официальный сайт Евросоюза: europa.eu/. 2. Уч. 3-е изд.

Зарубежная практика образования детей с ограниченными...

...(UNESCOUnited Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) – действует с 1945

(Информационной сетью по образовательным системам и политике в Европе), Cedefop...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос