«Көшпенділер» трилогиясында қолданылған мақал мәтелдер І. Есенберлиннің жеке стилін айқындаушы фактор ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Рсалиева, А. М. «Көшпенділер» трилогиясында қолданылған мақал мәтелдер І. Есенберлиннің жеке стилін айқындаушы фактор ретінде / А. М. Рсалиева, Г. М. Кадырова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 28-29. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50080/ (дата обращения: 17.12.2024).



Тарихи көркем шығарма І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – қазақ мақал-мәтелдерінің молынан қолданылған шығармалардың бірі. Мұны қаламгердің жеке стилін танытатын айрықша белгілерінің бірі ретінде қарауға болады. Жазушының ондағы мақсаты қазақтың тарихы мен салт-дәстүріне қоса оның шешендік өнерін де қазақ болмысының ажырамас бөлшегі ретінде таныту. Жазушы қазақ ұлтының ұлттық болмысын тұтастай алып шығу мақсатында мүмкіндігінше реті келген тұста мақал-мәтелдерді молынан қолданып отырады. Сондықтан, автордың жеке стилін, сөз қолданыс ерекшелігін айшықтайтын белгілердің бірі – оның қазақ мақал-мәтелдерін өз бояуында сөз орайына ыңғайлап қолдана білуінде деп ойлаймыз.

Жұмысымыздың өткен бөлімінде сөз болған мақал‑мәтелдерді көркем шығармаларда қолдану тәсілдерінің екеуі де «ММ‑дердің узуальды (тұрақты) қолданысы» да, «ММ‑дердің окказиональды (өзгермелі) қолданысы» да І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында молынан көрініс табады. Олардың мейлінше табиғи қазақ халқының күнделікті өмірінде қалай кездессе сол қалпында жеткізілуін де, автордың мақал-мәтелдерді қолдануындағы және жалпы сөз қолданысындағы ерекшелігі деп атап өтуге болады.

І. Есенберлиннің аталған шығармасында кездесетін мақал‑мәтелдердің инвариант нұсқасында, яғни узуальды (тұрақты) қолданысында берілуінен шынайы контексімен бірге алынған мысалдар қарастырып көрелік:

... Ханның құбылған түр келбетінен, оқыс қимылынан, оның қандай қатал әрекет жасамақ болғанын жас жігіт сезіп тұрса да, орнынан қозғалмады. Тіл қатып өтініш те айтпады. Тек екі қолы артына кісенделген қалпында арыс кеудесін сәл шалқайта, Әбілқайырдан өткір көзін аудармай тістене бекініп, қатты да қалды.

Хан түксие қарады. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» тұтқын жігітпен тіл қатысуды жөн көрді.

– Өзіңе қойылған айыпты мойныңа аласың ба? – деді ол тамағына келіп тығылған ашуы мен күдік кірбіңін әзер басып, даусы дірілдеп кетіп [1, 32 б.].

* * *

Қазаны басқаның жаны басқа, бәрінің де ойлағаны өз пайдасы, өз қамы [1, 110 б.].

* * *

– Бұған Серғазы хан қалай қарайды? Ортақ өгізден оңаша бұзау артық демей ме? Бүкіл қазақты біріктіргеннен гөрі Кіші жүзді өзінің бауырына басып отырғанын жақсы көрсе кәйтесіңдер [1, 415 б. ]?

* * *

... Әбілқайырдың қолын жеңген Сыбан Раптан, біздің жадап-жүдеп әрең жеткен әскеріміздің быт-шытын шығаруы даусыз. Текке құримыз. Одан да «есің барда еліңді тап» деген, босқа қырылмай тұрғанда елімізге қайтайық. Құдай бұйыртса, жоңғармен келесі жазда кездесерміз [1, 228 б.]. –

* * *

– Сен жас едің. Бірақ асыл тастан, ақыл жастан, жұрт білмегенді білетінсің [1, 391 б.]

* * *

– Көке, – деді Кенесары әкесінің алдына тізесін бүгіп, басын иіп, – «Көппен кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей біз ақылға салып, Ташкентті шабуға әлі ерте деп таптық [1, 436 б.].

... Басын аман алып қалғанына қуанған шабарман «құп, тақсыр» деп үйден ата жөнелді. Далаға шығып «Уф» деп демін алды. – ««Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген міне, осы. Егер басыңды аман алып жүргің келсе, аузыңа ие бол. Тым ақылси берме».[1, 111 б.]

Бірнеше мақал‑мәтелді өз ситуациясында алып қарап отырмыз, соңғы келтірілген мысалдан автордың шығарманың бір ғана 111‑беттінде бір‑біріне жиі аралықта қатарынан орайын тауып үш бірдей мақал‑мәтелді қолданғанын көруге болады. Байқап отырсақ, І. Есенберлинде мақал‑мәтелдердің өзгеріссіз (узуальды), аздаған өзгеріспен инвариант формасындағы қолданысы басым келетін тәрізді. Бірақ айта кетерлік бір жағдай, мұндай ММ‑дердің өзгеріссіз қолданысы қазақ тілінде ғана емес, жалпы тіл атаулыда екінші аталған окказиональды деп аталатын өзгермелі қолданысына қарағанда әлдеқайда жиі кездеседі. Себебі, екінші жағдайдағы қолданыс жазушы, не айтушы тарапынан үлкен шешендікті, сөз саптауға деген шеберлікті талап етеді. Бірақ бұл жерде ММ‑дердің әдеби нормаға сай, ешқандай өзгеріске түспеген нұсқасын көбірек пайдаланғандығын, автордың сөзге шеберлігінің жетпей жатқандығынан деп бағалай алмаймыз. Бұлай деп айту үлкен қате болар еді. Керісінше, автордың шеберлігі табиғилықпен ұштаса көрініп жатады.

Окказиональды (өзгермелі) қолданысында І. Есенберлиннің мақал‑мәтелдері қандай көрініс тапқанынан да бірер мысал қарастырып көрелік:

Бегдербек Сержанға күлімсірей қарады.

– Қазақта мақал бар емес пе... «өзім асыраған күшігім өзімді қапты» деген?

Саржан тұнжырап кетті.

Қай күшік қай күшікті асырағанын анықтасақ нетті.

Құшбегі бұрынғысынанда күлімсірей түсті.

– Қазақта тағы да бір мақал бар емес пе, дастархан қасында отырып қонақ аяғын алшақ көсілмес болар деген?

– Иә, сөзіңіз дұрыс, кей қонақ аяғы сонау Созақ, Сайрам, Ақмешітке дейін көсіліп жатқан жоқ па? Ондай масыл қонақ, масыл ағайынға аяғыңды тарт дейтін, әттең дүние-ай, күштің жоғы-ай!

Бегдербек Саржанды сөзінен ұстады [1, 413 б.].

Бұл мысалдан көретініміз – окказиональды қолданысында І. Есенберлиннің мақал‑мәтелдерді ситуацияның (контекстің) ағымына орай қандай шеберлікпен өзгеріске түсіріп, сол арқылы жеткізбек болған ойды кез‑келген қаламгердің қолынан келе бермейтін жоғарғы деңгейде бере алғандығы.

Бөлім соңында мынайдай ой қорытуға болады. Бұл шығармада қазақ мақал-мәтелдерінің жиі қолданылуының себебінекі нәрсеге байланысты деп түсінеміз. Біріншіден, мақал-мәтелдерді тіл мәйегі деп түсінетін болсақ, өзінің де, сол арқылы қазақ халқының да тілге шешендігін көрсетеді. Екіншіден, трилогия этнографиялық, тарихи шығарма болғандықтан, Есенберлин ұлтты ұлт ететін оның ежелден қалыптасқан тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі екендігін бекем ұстанып, шығарма барысында олардың барлығын көз қарашығындай сақтауға күш салады да, оларды келер ұрпаққа аманат ету үшін хатқа түсіруді мақсат етіп қояды.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руханият» орталығының «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Есенберлин. І. Көшпенділер. Алматы.: Ілияс Есенберлин атындағы қор. 1998. 581 б.


Похожие статьи

Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық психологиялық тетігі ретінде

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасыжәне Сыр өңіріндегі тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мәселелері

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Похожие статьи

Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық психологиялық тетігі ретінде

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасыжәне Сыр өңіріндегі тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мәселелері

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Задать вопрос