Көп жылдық өсімдіктерді өсірудің инновациялық технологиясын жетілдіру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алибекова, Г. Б. Көп жылдық өсімдіктерді өсірудің инновациялық технологиясын жетілдіру жолдары / Г. Б. Алибекова, Д. К. Сатаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 2-3. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50035/ (дата обращения: 25.04.2024).



Аргоөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және халықтың әл- ауқатын жақсартудың маңызды факторлардың бірі ғылыми әзірлемелерді дайындап жаңа инновациялық технологияларды өндіріске кеңінен енгізу болып табылады. Әсіресе көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің инновациялық технологиясын жасап, олардың егістік көлемін ұлғайтып, өнімін арттыру. Арал өңірінің экологиялық зардаптарды болдырмауға бағытталған өзекті шаралардың бірі болуы тиіс. Аталған көп жылдық шөптерді өсіру және пайдалану технологияларды зерттегенде өсімдіктердің өндірістік әлеуеттілігін, биоморфологиялық ерекшеліктерін, өсіп дамуын және өнім құрауын арамшөптердің түрлерімен қалыңдығын және топырақ – климат жағдайына қарай анықталу қажет [1].

Сырдария өзенінің бойына бөгет салынып суының реттелуі, Арал теңізінің деңгейін төмендетіп 2,5 млн. гектар жер құрғап қалуына, атмосферадағы 150 млн. тонна ұсақ тозаң мен тұздардың ұшуы маңайындағы егістік пен жайылымдардың тұздануын 2-3 есе көбейтіп қана қоймай, әлдеқайда қашықтықта жатқан Орта Азия елдеріндегі геоэкологиялық жүйелеріне де экологиялық зардаптарын тигізуде.

Тек, соңғы 15-20 жыл көлемінде ғана өңірдегі егістіктің екінші мәрте тұздануымен, батпақтануы коллекторлы- дренаждық жүйенің қанағаттанғысыз жағдайынан 70 мың гектар күрделі тегістелінген инженерлі жүйеге келтірілген жер айналымнан шығып жарамсыз болып қалды.

Экологиялық аймақ- инженерлі жүйеге келтірілген жердің тұздануы мен қатар топырақтан шірінді қоры мен жалпы азот мөлшері төмендеп кетті.

Облыстық химиялық жобалау-іздестіру стансасының (К. Бәйімбетова) мәліметтеріне қарағанда 1992 жылы 208,1 мың га жердің жеңіл гидролизденетін азот мөлшерінің деңгейі төмен жердің көлемі 83,2 % болса, ал деңгейі орташа- 16,1%, деңгейі жоғары-0,7% ғана болды, оған сәйкес жылжымалы фосфор мөлшері деңгейі орташа-62,7% және деңгейі жоғары -25,5жетті, деңгейі төмен 11,7% ғана болды [2].

Біздің ғалымдарымыздың М. Абдуллаев, К. Мырзабек, Ғ.Б. Әлібекова, Р. Нұрымова бірнеше жылғы күріш ғылыми зерттеу институтында жүргізілген тәжірибелерінің нәтижесінде жоңышқа және жаңа дақыл түйежоңышқа, жүгері өсіру технологиясын жасап өндіріске енгізді.

Олардың зерттеу нәтижелері күріш ауыспалы егісінде өсірілген жоңышқа және түйежоңышқа өсіру сортаң топырақта технологиясын толығынан сақталынған жағдайда бүркемелі дақылдардың гектарынан 21,3-31,8 ц дән және 493,2-624,2 ц көк балауса алуға болатындығын көрсетті. Жүгерінің мол өнімі Қазақстан 587 ТВ жаңа сорты қазақтың егіншілік ғылыми- зерттеу институтының ғалымдарымен (О.Әбілтаев, Н.Потапова, Б.Альмаханов, Д.Нұрымов) бірлесіп шығарылды. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты М.Абдуллаев жүгерінің гектарынан 4,0-5,5 ц дән, 450-600 ц көк балаусадан алуға болатынын қарқынды өсіру технологиясын жасады [3].

Жоңышқаны бүркемесіз тәсілмен өсіргенде, тұқым себу нормасы 9 млн.дана/га болғанда және Р120 тыңайтқыштарын қолданғанда 2 жыл жиынтығы бойынша 710 ц/га көк балауса, яғни 2,84 ц/га қорытылатын протеин немесе 14,91 ц/га азық өлшем өндірілді. Бақылаудағыға қосымша сәйкесінше 220; 0,89 және 4,63 ц/га болды.

Түйежоңышқаны бүркемесіз өсіру үшін 10 млн. дана/га тұқым себу және 90 кг/га фосфор нормаларын қолдану 2 жыл жиынтығы бойынша 789,2 ц/га көк балауса, яғни 2,92 ц/га қорытылатын протеин мен 15,5 ц/га азық өлшемін, немесе бақылаумен салыстырғанда сәйкесінше 207,95; 0,77 және 4,09 ц/га қосымша өнім алуға мүмкіндік береді [4].

Арал өңірінің шалғынды-батпақты топырағында көпжылдық шөптер өсіру технологиясы арамшөптің қай дәрежеде өсуіне, топырақтың тұздануына және жер асты суының деңгейіне қарай анықталуы қажет. Арамшөп көп кездесетін егістіктерде жоңышқаны бидаймен, түйежоңышқаны арпамен бүркемелеп, ал арамшөп аз мөлшерде кездесетін жерлерде- бүркеусіз өсіру технологиясы тиімді екендігін көрсетті.

Көпжылдық шөптер бүркемелі тәсілмен өсірілгенде жоңышқа егістігіне N30P90 кг/га немесе 15 т көң + P60 түйежоңышқаға N30P60 немесе 15 т көң беріліп, бидайды 3-4 арпаны 2-3 млн. дана/га нормасымен тұқым себіледі. Егістікті топырақтың ең жоғарғы су сіңіру (ЕСС) деңгейінің 65-70% мөлшерін суару ұсынылады [5].

Көпжылдық шөптерді бүркемелі тәсілмен еккенде арамшөп биіктігі 1,5-2 есе кемиді, дақылдардың өсіп-өнуіне және әлуеттілігінің жоғарылауына сондай-ақ су режимі және тыңайтқыштар тиімділігінің артуына қолайлы жағдай туады. Мұндағы нысандарда бидай дәні 20,6-28,2 ц/га, жоңышқаның көк балаусасы 567,9-631,1 ц/га, қорытылатын протеин шығымы 8,62-10,89 ц/га және азық өлшемі 14,36-16,48 ц/га болып, бақылаудан тиісінше 3,1-10,7; 143,8-207,0; 1,94-4,21 және 3,38-5,50 ц/га өнім өндірілді.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясының «Көбею биотехнологиясы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Букин В.И., Иванов В.П., Тарковский М.И. Физиология орошаемой люцерны. – М.: Колос, 1984.
  2. Нұрымов Д.Е. Жоңышқа. – Алматы: Қайнар, 1976.
  3. Рекомендации по возделыванию люцерны на семена в домашных районах Киргизской ССР. – Фрунзе, 1973.
  4. Турсынов А.А., Тауипбаев С.Т. Гидроэкология: Мировоззренческие основы, концепция природных вод, методы одоровления экологически деградированных земель Приаралья. – Алматы, 1997. – 84 с.
  5. Тәуіпбаев С.Т. Арал теңізі аймағының гидроэкологиялық тұрақтылығын ғылыми негіздеу. Докт. дис. автореф. – Қызылорда, 2002.


Задать вопрос