Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты: мамандардың даярлануы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Еспенбетова, А. Т. Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты: мамандардың даярлануы / А. Т. Еспенбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 7-8. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50033/ (дата обращения: 25.04.2024).

1928 жылдың қараша айында Қызылорда аймақтық мұрағат бюросы құрылып, қазіргі Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының негізі қаланған болатын. Осы уақыттан Қызылорда облыстық мұрағат жүйесі құрылымының қалыптасу кезеңі басталды. Қазақстанда мұрағат ісін қалыптастыру мен дамытудың социалистік практикасында сорақылықтар, бұрмалаулар аз болған жоқ. Арнайы ғимараттың болмауы, сауатты мамандардың жеткіліксіздігі мұрағат ісінің шашыраңқылығына апарып соқтырды. Мұндай кемшіліктер барлық облыстардың мұрағаттарына тән болды.

1928-1930 жылдары жергілікті мұрағат органдарында шала сауатты, тәжірибесіз адамдардың жұмыс жасауының нәтижесінде құжаттарды құнттап сақтап қалу қиынға соқты. Мұрағат құжаттарын жинақтап, сұрыптау, тәртіпке келтіру кезінде қызметкерлердің білім деңгейінің төмендігінен көптеген құнды құжаттар қоқысқа есептеліп, ескі-құсқы қабылдайтын жерге тапсырылды. Осы жүргізілген науқан Қазақстан тарихына қатысты құнды деректі материалдардың жойылуына әкеліп соқтырды. Мұндай келеңсіз жағдайлардың қайталанбауы үшін 1931 жылдан бастап Қазақ АКСР-ның Орталық мұрағат бөлімі кадр мәселесін күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі етіп қойған.

Мұрағат ісін жетілдіру мақсатында арнайы мамандарды дайындау үшін 1930 жылы 3 қыркүйекте КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Орталық атқару комитетінің қаулысымен Мәскеуде мұрағаттану институты құрылды. 1931 жылдың сәуір айынан бастап институт жұмысын бастады. 1933 жылы ол тарихи мұрағат институты, кейіннен Мәскеу мемлекеттік тарихи мұрағат институты деп аталды [1]. Мамандарды даярлау, кәсіби біліктілігін жетілдіруге зор көңіл бөлінді және мұрағат мамандарын дайындаудың негізгі базасы осы институт болды. Облыстық мұрағатта тек 1976 жылдан бастап аталған оқу орнын бітірген мамандық иелері қызмет ете бастады және бірнеше мұрағат қызметкерлері жыл сайын осы институт жанындағы бір жылдық курстарға жолдама алып, өз білімдерін шыңдады.

Мұрағат мамандарын жергілікті жерден жасақтау, олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Қызылордада үйірмелер ұйымдастырылды. Мұрағат құжаттарына зер салатын болсақ, қабылданған қызметкерлердің мұрағат жұмысымен мүлде таныс еместігі баяндалады [2]. 1939 жылы мұрағат саласындағы осындай кемшіліктерге байланысты орта білімді аяқтаған адамдарды жұмысқа көптеп тарту қажеттігі күн тәртібіне қойылды [3].

1940 жылы Алматы қаласында мұрағат қызметкерлерінің білімін жетілдіру курстары ашылды. 1941 жылғы соғыс басталған кезде облыстық мемлекеттік мұрағат жанынан мұрағат ісін үйрену бойынша техминимум үйірмелері ұйымдастырылды [4]. Қызметкерлердің белсенділігін арттыру мақсатында социалистік жарыс, республикалық байқаулар өткізілді.

1938 жылдың қараша айына дейін облыстық мұрағат басқармасы аппаратында бір ғана басқарушы жұмыс істесе, қараша айында инспектор, аға мұрағатшы-техник, ал 1939 жылы мұрағатшы-техник қабылданды [5].

Мұрағат қызметін жақсарту бағытында қабылданған шешімдер көп жағдайда сөз жүзінде қалды. 1942 жылдың екінші тоқсанындағы есепте қаланың мекемелерінің бірде-бірінде мұрағат меңгерушісі штаттық қызметі болмаған.

1950 жылдары және 1960 жылдардың ортасына дейін ведомстволық мұрағат- тармен жұмыс өте әлсіз болды. Оның себебі 1953 жылға дейін жоғары білімі бар бірде-бір маман болмады. Тек 1953 жылдың аяғында ғана Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда пединститутының тарих факультетін бітірген Т.М.Панкова аға ғылыми қызметкерлігіне алынады. 1961 жылы Мәскеу мемлекеттік тарихи мұрағат институтының түлегі О.А.Мамалыгой аға ғылыми қызметкерлікке тағайындалады.

1965 жылы облыстық мемлекеттік мұрағат штаты 18 адамнан тұрды. Облыстық мемлекеттік мұрағат директоры Панкова Мәскеу мемлекеттік тарихи мұрағат институтының жанындағы 1 жылдық курсты аяқтады. 1970 жылы мұрағатта жоғары білімі бар үш қызметкер болса, тағы үшеуі жоғары оқу орындарының сырттай оқу бөлімінде оқыды [6]. Сондай-ақ мұрағат қызметкерлерінің «саяси» жағынан сауатты болуына аса мән беріліп, саяси хабарламалар жасалып отырды. Мұрағат қызметкерлері өздерінің білімдерін үнемі жетілдіруі және партия тарихын оқып үйренуі үшін ашылған үйірмелерге қатысуы тиіс болды.

1974 жылы облыстық мұрағат штатында 12 адам болса, оның ішінде жоғары білімі бар 6 қызметкер болды. 1980 жылы облыстық мұрағат мекемелерінде 31, 1985 жылы 38 адам жұмыс істеген. 1981-85 жылдары мұрағаттың 7 қызметкері Москва мемлекеттік тарихи мұрағат институты жанындағы 1 жылдық сырттай оқу курсын , ал екі адам аталған институттың сырттай оқу бөлімінде оқыған [7].

Қорыта айтқанда, алғашқы кезде білікті мамандардың аздығы, бұл салаға деген әртүрлі көзқарастың болуы, мұрағат ісін жолға қоятындай үй-жайдың, күш-қаражаттың тапшылығы – бәрі де мұрағат ісінің бір арнаға түсіп, қалыптасып кетуіне кедергі келтірді. Сондай-ақ осы уақытқа дейін жинақталған мұрағат қорын есепке алып, сақтауды ұйымдастыру, жер-жерде оның мекемелерін ашу, оларды мамандармен жасақтау, ел арасындағы қолда бар құжаттарды жинастырып, мұрағатқа тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып жүргізу қиын да күрделі шаруа еді.

Тәуелсіздік алған жылдары мұрағат қызметкерлерінің сапалық құрамына, біліміне, біліктілігін көтеруге, кадр мәселесіне баса назар аударылып келеді. Дегенмен, кәсіби мұрағатшылар санының жеткіліксіздігі әлі де өзектілігін жойған жоқ.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұрағат құжаттарының деректік маңызы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Е.В.Алексеева.Л.П.Афанасьева.Е.М.Бурова. Архивоведение. -Москва, 2002-272с-С 28.
  2. Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты (ҚОММ)148-қор, 1-тізбе, 31- іс.-1 п.
  3. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 35- іс.-2,4 п.п.
  4. ҚОММ.148-қор,1л-тізбе, 387- іс.-28, 29 п.п.
  5. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 103- іс.-1 п.
  6. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 146- іс.-51-52 п. п.
  7. ҚОММ. 148-қор, 1-тізбе, 498- іс.-22 п.
Основные термины (генерируются автоматически): институт, Москва, оса.

Похожие статьи

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Московский политехнический университет (Москва) — Молодой...

Московский политехнический университет. Адрес: Россия, Москва, Большая Семёновская улица, 38.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для журналиста.

Центральный научно-исследовательский институт травматологии...

Центральный научно-исследовательский институт травматологии и ортопедии имени Н.Н

Адрес: Москва, ул. Приорова, 10, стр. 5, под.

Сайт: http://www.cito-priorov.ru

Московский авиационный институт (Москва) — Молодой учёный

Московский авиационный институт. Адрес: Россия, Центральный федеральный округ, Москва, Волоколамское ш., 4.

Институт прикладной геофизики имени академика Е. К. Федорова...

Институт прикладной геофизики имени академика Е. К. Федорова

Адрес: Россия, Центральный федеральный округ, Москва, Ростокинская ул., 9

Сайт: http://www.geospace.ru/

Московский государственный академический художественный...

Московский государственный академический художественный институт имени В. И. Сурикова. Адрес: Москва, Товарищеский переулок, 30.

Институт развития ФГБВОУ ВО «Академия гражданской защиты...»

Институт развития ФГБВОУ ВО «Академия гражданской защиты МЧС России». Адрес: Московская обл., Химки г., микрорайон Новогорск.

Московский институт государственного управления и права...

Московский институт государственного управления и права

Адрес: Россия, Центральный федеральный округ, Москва, ул. Садовники, 2

Сайт: http://www.academprava.ru/

Московский институт открытого образования (Москва)...

Московский институт открытого образования. Адрес: Россия, Москва, Тимирязевская улица, 36.

Институт научной информации по общественным наукам...

Институт научной информации по общественным наукам Российской академии наук

Адрес: Россия, Москва, улица Кржижановского, 15, корп. 2

Сайт: http://inion.ru

Задать вопрос