Кен металлургия өнеркәсібінің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту перспективалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тажибаева, Р. М. Кен металлургия өнеркәсібінің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту перспективалары / Р. М. Тажибаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 50-53. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49780/ (дата обращения: 18.04.2024).



Қазіргі жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі олардың инновацияларды құру және қабылдау қабілетіне байланысты. Инновацияларды пайдалану кәсіпорынның технико-экономикалық дамуына ықпал етеді. Металлургия өнеркәсібі оң қаржылық нәтижесіне қол жеткізуде тұрақты өндірістік әрекетті жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманның озық технологияларын қажет ететін салаларына жатады.

Металлургия өнеркәсібіндегі инновациялық әрекеттің жай-күйін "қанағаттанарлық" деп бағалауға болады. Инновациялықбелсенді кәсіпорындардың үлесінің басым бөлігі өндіруші өнеркәсіпте – 44%, ал өңдеу өнеркәсібінде бұл үлес 40% – ды құрады. Кәсіпорындардың көпшілігі (65%)өзінің инновациялық қызметін игерудіңқазіргі заманғы фазасын "жаңа өнімді (технологияны) игеру" ретінде анықтады.

Саланың технологиялық дамудеңгейі белгілі бір дәрежеде ғылыми зерттеулер және әзірлемелерге бөлінетіншығыстардыңкөлемі бойыншабағаланады.Ең үлкен шығындар көлемітау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындарында (сатылған өнімнің жалпы көлемінің9%), химия және металлургия салалсында (5% және 7% тиісінше). Инновациялықбелсенді кәсіпорындардыңжартысынан астамы (64%)инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде өз меншігіндегі қаржы қаражатын, 34%-ы республикалық және жергілікті бюджет қаражатын, 23% – инновациялық қорларқаражаттарын, 7%-ы – мемлекеттік заттай гранттар және 16%-ы – өзге де көздерді пайдаланды.

Металлургиялық өнеркәсіпкәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі түрлеріне төмендегідей жатады:

- жаңалықтардыенгізу (инновациялықбелсенді кәсіпорындардың 56%);

- жобалау-конструкторлық жұмыстар (24%);

- мақсатты республикалық және өңірлік ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысу (24%);

- ғылыми-техникалық қызметтер (11%);

- "ноу-хау", технологиялар және өнеркәсіптік меншіктің басқа да түрлерін сатып алу (10%);

- ғылыми-зерттеу жұмысы (6%);

- инновацияның басқа түрлері (9%) [1, с.88].

Металлургиялық кәсіпорындардың инновациялық қызметіншектейтін факторлардың арасында басым болып табылатындар: өз меншііндегі қаржы қаражатының жеткіліксіздігі (67% инновациялық белсенді кәсіпорындардың 67%), жоғары салық мөлшерлемелері (34%). Инновациялық белсенді кәсіпорындардың 12% – дан астамы үшін несиелер мен қарыздардыңжетіспеушілігі,мемлекеттік қолдаудың шектеулігі және үлкен коммерциялық тәуекел болып табылады.

Қазіргі уақытта металлургиялық кәсіпорындаринвестициялық әлеуетін сақтап отыр және арттыруда. Қолда бар активтердіжаңғыртуғаинвестициялардан басқа компаниялар жаңа жобаларғады инвестициялайды.Мысалы, Ақсу ферроқорытпа зауытында феррохром өндірісінде жаңа инновациялық технологиялар пайдалануды көздейтін агломерациялық цехтың құрылысы жүргізілуде.«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» Акционерлік қоғамықұрамында 90% кем емес темірі барметалданған өнімөндірісін құруды жоспарлап отыр. Болашақта осы жоба әртүрлі маркадағы арнайы болат өндіруге мүмкіндік береді. «Ақтөбе ферроқорытпа зауытының» жаңа цехында"Қазхром"акционерлік қоғамыжоғары көміртекті феррохром өндірісінде инновациялық технологияларды және жаңа электр жабдықтар мен жаңа автоматтандыру жүйелерінпайдаланады. Жаңа цехферроқорытпа және электр энергиясын өндіру саласындағы соңғытехникалық жетістіктердіескере отырып салынады. Осы объектіні салу және пайдалануға еңгізу хром алуды ұлғайтуға мүмкіндік береді және қазір қолданыстағы өндірістіжоғары көміртекті феррохром өндірісін ферроқорытпа газдарды кәдеге жаратудың жаңа цехтарына көшіруге, ескірген технологиядағы ұқсас өндірістерді жабуға толық мүмкіндік береді. Жобаны іске асыруөнімніңөзіндік құнын 25 пайызға дейін төмендетуге және тауарлы жоғары көміртекті ферроқортпа мен электрэнергия өндірісін арттыруға мүмкіндік береді[2].

Жаңа инновациялық технологияларды тарту және еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. Осыған байланыстыҚазақстанның теміркен кен орындарынөңдеуде оңтайлы және техникалық жағынан Ромелт инновациялық технологиясын қолдану орындыболып табылады. Ромелт процесі – әлемде ең алғаш өндірістік ауқымда қолданылған шойынды балқыту үшін коксті қолдануды бодырмайтын сүйық фазалы бір кезеңді және дайындалмаған темір құрамды шихтаны өндеуге мүмкіндік беретін үдеріс. Ромелт технологиясын игеру Қазақстанда «АВ Metalls» (Балқаш қаласы)жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткізілді. Алынатын жоғары сапалы шойын машина құрыысы мен құрылысты дамыту үшін қоспаланған және арнайы болат шығару өндірісін ұйымдастыруға көмек ететін құйма бұйымдардың алуан түрін кұю және болат өндірісінде пайдалануы мүмкін."Өскемен Титан-магний комбинаты"акционерлік қоғамында жоғары қосылған құны бар өнім өндірісінің мақсатында титан құймалары мен қорытпалар шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде. Зауыт жылына 12 мың тоннаға дейін коммерциялық таза итан құймаларын өндіретін болады. Мұндай өнім әлемнің дамыған мемлекеттерінің аэроғарыштық өнеркәсіптерінде қолданылды.

Саланың басты проблемасының бірі – пайдалы қазбалар қорларын өтеу қарқынымен салыстырғанда ұдайы өндіріс қарқынының артта қалуы.Соңғы жылдары баланстан тыс темір кендері, техногенді үйінділер кені, хромит кені және төмен сортты бокситтер өндіріске тартылған. Қорларды екі есе ұлғайтуға мұмкіндік беретін тұрпайы өндірістік емес хромит кендерінің қорларын тарту үшін аппаратты рәсімдеу және технологиялар құрылған.Шикізатпен қамтамасыз етудегі қауырт жағдайға және барлау басынан кенді өндіруге дейін 10 нан 20 жылға дейін уақыттың талап етілетіне байланысты саладағы жобалардың белгілі бір бөлігі шикізат базасын өзік дамытуға бағытталған.

Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарын инновациялық даму жолына одан әрі өтуді жүзеге асыру, инновациялар мен өндіріс арасындағы алшақтықты болдырмау үшін ел экономикасында келесідей құрылымдық қайта құрулар қажет: ірі ғылыми-өндірістік кешендерді қалыптастыру (олигополия, ҚӨТ, холдингтер), өзін-өзі дамытуға қабілетті орта деңгейдегі құрылымдар құру (ғылыми-техникалық және технологиялықорталықтардың мынадай түрлерін ұйымдастыру: технопарктер, арнайы экономикалық орталықтар, инжиниринг фирмалар), яғни инновациялық әрекеттен дайын өнім өндірісіне дейінгі толық логикалық тізбек негізінде ғылыми-өндірістік құрылымдарды ұйымдастыру.

Ғылыми-техникалық потенциалды дамыту және қолдаудың негізгі мәселесі ғылыми-зерттеу жұмыстарынақаражаттарды инвестициялау мәселесі болып отыр. Ғылыми-техникалық дамуды қаржыландыру жүйесі өте күрделі және тұрақты дамып келе жатқан механизмді білдіреді. 90-шы жылдарға дейін ол негізінен бюджеттік қаржы бөлуге, сондай-ақ тиісті қатаң нормативтер бойынша басқару құрылымдарында қалыптасатын орталықтандырылмаған нысаналы мақсаттағы көздеріне негізделген. Қазіргі уақытта инновациялық қызметті қаржыландыру үшін қаражат ретінде пайдаланатын негізгі көздері болып табылатындар: бюджеттің қаражат құралдары, ҒЗТКЖ-н қаржыландырудың бюджеттен тыс арнайы қорлар, кәсіпорындардың өз қаражаттары, коммерциялық құрылымдардың әр түрлі типтегі қаржылық ресурстары (инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, сақтандыру қоғамдары және т.б.) ұкісеттің арнайы өкілеттілігі бар инвестициялық банктердің несиелік ресірстары, өнеркәсіптік және коммерциялық фирмалар мен компаниялардың шетел инвестициялары, жеке тұлғалардың жеке жинақтары. Соңғы жылдары инновациялық қаржыландыруда бюджеттік қаражат көздері үлесінің азайю және кәсіпорындарының өз қаражатының ұлғайю тенденциясы байқалады.

Жоғарыда аталған құралдарды пайдалану қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға ғана мүмкіндік береді емес, сондай-ақ тиімді қаржыландыру көздерін іздеуге және кәсіпорындарды қолдаумен қатар өндірістік, табиғи және ғылыми әлеуетін барынша пайдалануға бағытталған инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қажет.

Осыған байланысты саланың ғылыми-техникалық дамуының басымдылықтары ретінде ұсынуға болады:

- күрделі шығындарды төмендетуге заттардың шығарындыларын азайтуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды әзірлеу;

- ерекше таза металдарды, қорытпаларды және компазициондық металдарды алу бойынша тиімді технологиялар модульдер;

- метал өнімдеріне, оның ішінде түрлі-түсті жабындарды, алюминий өнімдеріне ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін шағын өндірістерді құру;

- техногендік қайталама шикізатты қайта өндеудің жаңа технологияларды жасау[3.c.51]

Қазақстанда отандық металдардан жоғары технологиялық өнім «қосылған құны жоғары өнім) өндірілмеді және экспортақа жеткізілмеді. Бірақ шикізат ресурстарының экспортында өсінікі қарқындағы үдеріс байқалады және дайын жоғары технологиялық металл өнімдерінің тар спектірінің қалыптасуы отандық металлургияның негіздеріне нұқсан келтіру мүмкін. Металлургиядағы қалыптасқан экспорттық бағдарлау метал өндірісі мен тұтыну құрылымындағы теңсіздікке әкелді. Қазіргі кезеңдегі металл экспортының құрылымы металлургияның инновациялық даму факторы емес, оны тежеу факторы болып отыр.

Төмен тиімді экспорттық бағыттан жоғары қосылған құнды өнімдерді және отандық металдар негізінде жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға өтетін ғылыми-техникалық саясатты жүргізуді қажет. Электронды, электротехникалық, машина құрылысында және басқа да бағыттарда өндірістерді жүргізу қажет. Ғылыми-өндірістік бизнесті дамыту үшін елімізде өндірілетін металдардың белгілі бір бөлігін қалдыру мақсатында квота белгілеу қажеттілігі туралы мәселені қарастыру қажет.

Металдың сапасы туралы мәселелер де өте маңызды. Бүгінгі күнге Қазақстанның бір қатар экспортталып жатқан металдарына сапаның халықаралық сертификаттары жоқ, мәселен катодты мыс, мырыш және басқа да Лондон биржасындағы металдарға. Сондықтан экспортталатын металдың әр бір тоннасынан ел бюджетіне орташа есеппен 100-200 долл кем түседі.

Әлемдік нарықта отандық түсті металдардың бәсекеге қабілеттілігі тек физикалық-химиялық құрамымен, оның тазалығымен сипатталатын сапасы ғана емес, оның энергия өнімділігімен де анықталады. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, елімізде өндірілетін өнімнің әр бір тоннасына кететін электроэнергия шығындары техникалық дамыған елдердегі өндіріспен салыстырғанда 2 есе жоғары. Энергия шығындары туралы сұрақ ДСҰ кірген кезде өте маңызды мәселеге айналды.

Металлургия – бұл ғылымды қажет ететін сала. Тау-кен-геологиялық жағдайларының күрделенуі, өндіріліп жатқан металдың бәсеке қабілеттілігін арттыру қажеттілігі және оларды жоғары технологиялық өнімге дейін одан әрі қайта өндеу ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді, ҒЗТКЖ-дың көлемін арттыруды, ғылым мен өндірісті ұштастыруды қажет етеді. Ал іс-жүзінде, салалық ғылымның «кеуіп-кету» процесі байқалады, жыл сайын отандық ғылым мен металлургия кәсіпорындар арасындағы алшақтықты күшейе түсуде.

Қазақстан экономикасында металлургия өнеркәсібінің көшбасшылық жағдайын сақтау үшін іздестіру зерттеулердің басым бағыттары бойынша одан әрі бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту қажет.Сонымен, металлургия өнеркәсібін ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуін арттыру және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындармен байланысты күшейту кажет:

- ірі инвестициялардың қаржы құралдарын тарта отырып ғылыми-техникалық инфрақұрылымды нығайту;

- саланың өсіп отырған тапсырыстарын заманауи деңгейде орындауға қабілетті жобалау-конструкторлық бөлімшелерді дамыту;

- әзірлемелерді өндіріске дейін және практикалық қолдануға жылдам жеткізу үшін институттардың тәжірибелік-эксперименттік базаларын жасау;

- компьютерлік техника негізінде салалық институттарды қазіргі заманғы физика-аналитикалық кешендермен және құралдармен жабдықтау;

- жаңа информациялық және еліміздің ғалымдары мен мамандардың білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану негізінде тау-металлургия бағыты бойынша ақпараттық-маркетингтік қызметтерді дамыту.

Металлургия саласының ғылыми-техникалық дамуытөмендегі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

- өндеуші өнеркәсіптің шығаратын жоғары технологиялы, ғылыми қамтымды өнім көлемін ұлғайтуын;

- металдың сапасын арттыру, қосылған құны жоғары металдар үлесін арттыру үшін металлургиялық кәсіпорындардың техникалық қайта жабдықтауын және әртараптандыруын;

- ішкі тұтынуды қанағаттандыру үшін сертификатталған металдар номенклатурасын кеңейтуін: машина құрылысы, құрылыс, мұнай-газ, ауыл шаруашылық салалары;

- шағын мен орта кен орындарын және техногендік құрылымдарды меңгеру негізінде шағын зауыттар кешенін, шағын металлургияны дамытуын.

Ғылыми-техникалық бағыттарды дамыту бойынша ұсыныстарды іске асыру нәтижесінде жүздеген жылдар бойы Қазақстан экономикасында металлургиялық өнеркәсібі көшбасшылық жағдайы сақталады. Отандық минералды-шикізат базасының негізінде инновациялық өндірісітер шекені құрылады. Бұл ғылымды көп қажет ететін жоғары технологиялық салалардың даму қарқынын жеделдетеді, Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығы артады, шетелдік жоғары технологиялық компаниялар тұтынатын, әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті металдар өндіру, қайта өндеу мен одан жасалатын өнімдерді жеткізуді артуға мүмкіндік туғызады.

Әдебиеттер:

  1. Наука и инновационная деятельность Казахстана. Статистический сборник.-Астана, 2012 г.-88 с.
  2. Программа по развитию горно-металлургической отрасли в Республике Казахстан на 2010-2014 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2010 года №1144.
  3. Черномынцева Е.В. О Перспективах развития научно-технического потенциала металлургической промышленности Казахстана.- Вестник КазНУ, 2012 г.-51с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, металлургия, Казахстан.


Похожие статьи

Развитие черной металлургии Узбекистана в условиях...

Ключевые слова: отрасль черной металлургии, производство, развитие, экономическая

часть (63,9%) импортируется из стран СНГ, прежде всего, из России, Казахстана и Украины.

Каменные орудия металлопроизводства поселения Кент...

Одной из наиболее актуальных, а в последнее время активно разрабатываемых в археологии Казахстана исследовательских тем является проблема металлопроизводства в эпоху...

Характеристика металлургического производства и его роль...

Характерной чертой черной металлургии Казахстана является то, что предприятия этой отрасли в основном тесно связаны с сырьевой базой.

Развитие центрального Казахстана на современном этапе

В Послании народу Казахстана «Нурлы жол — путь в будущее» Президент Республики Казахстан Н. А

Самым крупным и мощным предприятием черной металлургии является АО...

Преимущество использования Шубаркольского низкозольного угля...

Применение железомарганцевых руд Центрального Казахстана для выплавки стандартных марганцевых ферросплавов по действующим технологиям невозможно из-за низкого...

История и будущее горной промышленности (на примере...)

Основные термины (генерируются автоматически): черная металлургия, Узбекистан, производство продукции

Развитие центрального Казахстана на современном этапе.

К вопросу улучшения инвестиционного климата...

На конец 2015 года общее число действующих объектов недропользования в Казахстане

Одной из основных проблем для казахстанского горно-металлургического комплекса...

Исследования возможности получения марганецсодержащего...

Металлургические свойства марганцевых руд различных месторождений Казахстана

Развитие черной металлургии Узбекистана в условиях... Таблица 1. Составы шлаков...

Роль мировой экономики в развитии азиатских стран

Чёрная металлургия Казахстана производит более 12,5 % республиканского объёма промышленной продукции.

Похожие статьи

Развитие черной металлургии Узбекистана в условиях...

Ключевые слова: отрасль черной металлургии, производство, развитие, экономическая

часть (63,9%) импортируется из стран СНГ, прежде всего, из России, Казахстана и Украины.

Каменные орудия металлопроизводства поселения Кент...

Одной из наиболее актуальных, а в последнее время активно разрабатываемых в археологии Казахстана исследовательских тем является проблема металлопроизводства в эпоху...

Характеристика металлургического производства и его роль...

Характерной чертой черной металлургии Казахстана является то, что предприятия этой отрасли в основном тесно связаны с сырьевой базой.

Развитие центрального Казахстана на современном этапе

В Послании народу Казахстана «Нурлы жол — путь в будущее» Президент Республики Казахстан Н. А

Самым крупным и мощным предприятием черной металлургии является АО...

Преимущество использования Шубаркольского низкозольного угля...

Применение железомарганцевых руд Центрального Казахстана для выплавки стандартных марганцевых ферросплавов по действующим технологиям невозможно из-за низкого...

История и будущее горной промышленности (на примере...)

Основные термины (генерируются автоматически): черная металлургия, Узбекистан, производство продукции

Развитие центрального Казахстана на современном этапе.

К вопросу улучшения инвестиционного климата...

На конец 2015 года общее число действующих объектов недропользования в Казахстане

Одной из основных проблем для казахстанского горно-металлургического комплекса...

Исследования возможности получения марганецсодержащего...

Металлургические свойства марганцевых руд различных месторождений Казахстана

Развитие черной металлургии Узбекистана в условиях... Таблица 1. Составы шлаков...

Роль мировой экономики в развитии азиатских стран

Чёрная металлургия Казахстана производит более 12,5 % республиканского объёма промышленной продукции.

Задать вопрос