ҚР-ның зейнетақы қорларының негізгі мәселелері және оның шешу жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кулбаева, М. А. ҚР-ның зейнетақы қорларының негізгі мәселелері және оның шешу жолдары / М. А. Кулбаева, Альмира Абишева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 37-39. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49775/ (дата обращения: 20.04.2024).

XX-XXI ғасырлар тоғысы төл нышандары да жоқ республика үшін Ұлы Бетбұрыс уақыты болды. Тәуелсіз Қазақстанның бастауында жаңа мемлекетке төнген 20 сын-қатердің бірі еңбекақының, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақының кешіктірілуі еді. Бүгінгі таңда Қазақстанның зейнетақы нарығы – елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде ең серпінді дамып келе жатқан нарық.

Қазіргі кездегі зейнетақы жүйесін жаңғыртудың аса маңызды мақсаты – жинақталған зейнетақы қаражатының сақталауына және өсіміне кепілдік беру, сондай-ақ зейнетақы реформасында бүгінгі күні бетпе-бет келіп отырған қиындықтарды жеңу. Осы мақсатта 2013 жылы маусым айында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға қол қойылды, осы жылдың шілдесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) құрылды.[1]

Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарының сомасы 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 7,88 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артып, өсім 1,3 пайызды құраған. Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған. [2]

Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, 2018 жылдың жалпы көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Дегенмен, зейнетақы реформасын жүргізу барысында қиындықтардың бары мәлім. Мысалы, халықтың сенімсіздігі, жеткіліксіз салымдар, жинақтық қорға қаражаттың толық әрі тұрақты түспеуі, жасырын жұмыссыздық. Халықтың сенімсіздігі психологиялық аспект болғандықтан, ашық есік күндері өткізіліп, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Салымдардың толық әрі тұрақты түспеуі, жұмыс берушілер мен жұмысшы қауымының жауапкершіліксіз қарым-қатынасынан туындайды. Бұл өз кезегінде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасына, яғни, зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейіне кері әсер етеді. Осы орайда, жергілікті басқару мекемелерімен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының серіктестік қызметін нығайту арқылы жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды, уақытылы жасалмаған салым үшін айыппұл енгізуді, пруденциалды басқаруды жетілдіруды ұсынамын.

Жасырын жұмыссыздық бүгінгі таңдағы үлкен қиындықтардың біріне айналды. Қазақстан Республикасының азаматтарының 40%-ға жуығы өзіне-өзі жұмыс істейді. Өзіне-өзі жұмыс істейтін жұмыскерлер ресми жұмысшы ретінде еш жерде тіркелмеген және салықтар мен салымдар жасамайды. Зейнетке шыққан уақытта минималды зейнетақымен шығарылады. Ал, ресми тіркелген және уақытылы салымдар төлеген жұмысшылар жоғарғы зейнетақы алады. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды қайта оқыту және жұмыспен қамту іс-шаралары қолға алынып, жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, бұл кез-келген жұмыссыз адам үшін қолайлы емес. Мемлекет тарапынан берілетін жұмыс орнын күтіп жүргеннен, күнделікті табысын қолма-қол алып тек өз игілігіне жұмсауды жөн санайтын адамдар көп. Сонымен қатар, жұмыскерлердің ресми жұмысшы ретінде тіркелмеуінің тағы бір себебі, жұмыс берушілердің қазіргі заманға сай талаптар қоюына байланысты. Мысалы, қазіргі күні 40-тан асқан әйел азаматтар үшін жұмыс табу қиынырақ. Өйткені, көп жерлерде шет тілдерін жетік меңгерген және жаңа технологияларға бейімделген жас мамандарға деген сұраныс жоғарырақ. Осы себептен, көбіне өзіне-өзі жұмыс істейтін адамдардың үлес салмағы артуда деп санаймын. Бұл мәселені шешу үшін жұмысқа қабілетті халықты елдің экономикалық өміріне белсенді араластыру мақсатында эффективті мемлекеттік саясат енгізілуі керек. Ол саясат тәжірибиесі жоқ жас мамандармен 40-тан асқан мамандарды жұмыспен қамту мәселесін толық қарастыруы қажет. Сонымен қатар, халық арасында мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен бюджеттік субсидиялар, қайта оқыту, жұмыспен қамту, кәсіпкерлерді қолдау секілді бағдарламалар жайлы мәлімет кеңінен берілуіге тиіс.

Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдасы 2014 жылы бекітілді және сол тұжырымдама бойынша, зейнетақы жүйесін жетілдіру екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең (2016-2020 жылдар) жинақтау жүйесін жетілдіру. Ал екінші кезеңдe (2020-2030 жылдaр) салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушылардың құқығын қорғау күшейтіліп, жарна мөлшері мен зейнетақы бағдарламасына қатысу кезеңі және төменгі кепілді зейнетақы бекітілетін болады. Аталған екі кезеңнің нәтижесінде елімізде еңбекақының кемінде 40%-ы жиынтық зейнетақы төлемдерімен ауыстыруды көздейтін тұрақты зейнетақымен қамсыздандыру қалыптасады.

Бірінші кезең бойынша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 14-тармағына сәйкес 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары бекітілді. Аталған қағидалар бойынша базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептелетін болады, 2027 жылдан бастап әйелдер зейнетке 63 жасында шығады, жоғары оқу орнында оқыған уақыт еңбек өтілі де есепке алынады және әйел адамдар ерте зейнетке шыға алады. Бұған дейінгі зейнетақы реформалары бойынша, 20 жыл еңбек еткен жұмыскер мен 40 жыл еңбек өтілі бар жұмыскердің зейнетақысы бірдей болып келген. Ал қазір еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2% үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74%, ал 30 жылға 94 пайызы көлемінде тағайындалады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100% көлемінде беріледі. Яғни, адам неғұрлым көп жұмыс істеген сайын оның жинақтаушы және бюджеттік қаражат есебінен төленетін базалық зейнетақысы да көбірек болады. Енді 2018-2027 жыл аралығында әйел адамдар үшін зейнет жасы кезең-кезеңімен артатын болды. Зейнет жасы алты ай сайын қосылып отырады. Осылайша 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасы 63 жасты құрайтын болады. Жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты зейнетақы жарнасы аударылып тұрады. Жалпы міндетті жарнаның мөлшері 10 пайыз. Оның 6 пайызын мемлекеттік сақтандыру қоры аударса, ал 4 пайызы республикалық бюджеттен субсидияланады. 2018 жылы да дәл осылай жалғаса береді. Декреттік демалыста болған 3 жыл еңбек өтіліне есептеледі. Жоғары оқу орнын оқып жүрген сәттер мен әскерде болған кезеңдер де міндетті түрде еңбек өтілі ретінде саналатын болды. Әйелдер зейнетке ерте шығу үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бірінші, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар әлеуметтік қорғалады. Сол себепті, 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған 45 жастағы әйелдер; Екінші, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер; Үшінші, зейнетақы аннуитетін иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтарының жеткілікті 50 жастағы адамдар зейнетке ерте шыға алады. Сонымен қатар, әйелдер зейнетақы қорындағы есеп шотына 12 млн теңге жинаса, 50 жасында зейнетке шыға алады. Ал, ерлер 9 млн теңге мөлшерінде жинаса, 55 жасында зейнеткер атанады. Егер әйелдер 55 жасында зейнет демалысына шыққысы келген күннің өзінде бастапқы қаржы көп мөлшерде азайтылмаса да, шегеріледі. Елімізде ерлерге қарағанда әйелдер ұзағырақ өмір сүретіндіктен осындай шарт қойылған. Осы орайда айта кетерлік мәселе, әйел адамдардың денсаулық жағдайына байланысты 63 жасқа дейін жұмыс істеу қабілетін жоғалтып алуына байланысты. Менің ойымша, әйел адамдардың зейнетке шығу жасын есептегенде жекелеген жұмыс түріне, яғни, ауыр жұмыс түрлерімен айналысатын әйел адамдардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігін қарастырған жөн. Мәселен, көршілес Қытай елінде әйел адамның жұмысының ауырлығына байланысты 50-55 жас аралығында зейнетке шығарылады. Мұндай жүйе аталмыш мемлекетте жақсы қалыптасқан тәжірибеден өткен жүйе.

Елбасымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шарада «Тәуелсіздік жылдары кедейлік деңгейінде тұратын адамдар саны 12,5 есеге азайды. Әлемнің дамыған елдерінде мұндай көрсеткіш жоқ», -деген еді. Бүгінгі күні біз дамыған 50 елдің қатарындағы мемлекетпіз. Жылдан жылға халықтың әлеуметтік деңгейі өсуде. Әрбір жаңа жүйенің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Зейнетақы нарығы Қазақстандағы ең серпінді дамып келе жатқан нарықтың бірі. Дегенмен, толық қалыптасқан көп жылдық тәжірибеден өткен нарық қатарына қоса алмаймыз. Сол себепті оның да өзіндік кемшіліктерінің болуы орынды. Ешқандай ел бір күнде алпауыт мемлекет ретінде қалыптасып кеткен жоқ. Қазақстан даму жолына үлкен серпінмен түскен мемлекет. Оның болашағы жарқын. Болашақ бүгіннен басталады деген талпыныспен ілгері ұмталсақ біз өзімідің дара жолымызды қалыптастыра аламыз.

Әдебиеттер:

  1. Тәуелсіздік дәуірі. Н.Ә.Назарбаев. – Астана, 2017.
  2. Қаржы нарығы және делдалдары. Ұ.М.Искаков; Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева. – Алматы, 2008.
  3. https://www.enpf.kz//
  4. https://egov.kz//
  5. http://www.iak.kz//
  6. https://informburo.kz//
Основные термины (генерируются автоматически): мена, млрд, XX-XXI, оса.

Похожие статьи

Научный журнал «Молодой ученый» №12 (146) март 2017 г.

К вопросу о завоевании господства в воздухе в ходе локальных вооруженных конфликтов XXXXI веков. Калмыкова А. А.

Биоэкологиялық мазмұндағы тапсырмалар мен есептер – таным құралы.

Стратегии развития нового Шелкового пути в XXI веке

В 2012 году КНР импортировала в общей сложности 42.5 млрд кубометров, причем 20 млрд из Центральной Азии.

В девяностые годы XX века (а именно 21 июля 1997 г.) заместитель государственного секретаря США...

Труд в XXI столетии: особенности развития | Статья в журнале...

Труд, как основание человеческой жизни, выступает важным фундаментом как для богатства национальных экономик, так и для богатства человеческих жизней. Из 7,3 млрд. населения планеты около 3,4 млрд. являются работниками, рабочей силой...

Специфика интеграционных процессов в Юго-Восточной Азии

В 2008 году население стран - членов АСЕАН составляет 591,8 млн. человек, совокупный ВВП достигает почти 1492 млрд. долл.

6. Шишков Ю.В. Интеграционные процессы на пороге XXI века.

Комплекс тенденций развития мирового рынка...

Начиная со второй половины XX века локомотивом экономического развития стали отрасли наукоемких и высоких

Экспорт высоко-технологичных товаров, млрд. долл. США.

На рубеже третьего десятилетия XXI века мир встал на пороге новой научно-технической революции.

Плагиат и научная этика — Молодой ученый

Современные студенты проходят путь от абитуриента до аспиранта совсем иначе, чем это делали каких-то лет 20 назад. Что их ждет на этом пути, разбирается издательство «Молодой ученый».

Место и роль транснациональных корпораций в современной...

В начале XXI в. в мире насчитывается более 80 тыс. ТНК и 850 тыс. их филиалов.

Её капитализация оценивается в $724,8 млрд. Огромные изменения претерпела компания Google, занимавшая в 2013 г. 15 место, теперь находится на 4 месте.

Направления развития российско-китайского сотрудничества

Данный показатель в 2012 и 2013 г.г. составил 5 млрд. дол. и 0,74 млрд. дол. соответственно, в то время как например, иностранные инвестиции Нидерландов за анализируемый период составляли 21,123 млрд. дол. и 14,77 млрд. дол..

Обнаружения вредоносных программ-ботнетов на основе облака...

День за днем приложения для смартфонов становятся предпочтительнее для онлайн-банкинга и других действий, связанных с участием важных данных пользователя. Это основная причина того...

Практика рейдерских захватов в России | Статья в сборнике...

Размах рейдерства возрос в начале XXI века и доминирует среди поглощений: в 2002 году в России состоялось 1870 поглощений, из них три

Согласно экспертному заключению стоимость захваченных рейдерами активов предприятия составляет 1 млрд. 65 млн. 24 тыс. рублей.

Задать вопрос