Қазақстан Республикасы АӨК-ін мемлекеттік қолдау мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алимкулова, Э. С. Қазақстан Республикасы АӨК-ін мемлекеттік қолдау мәселелері / Э. С. Алимкулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 15-17. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49769/ (дата обращения: 24.04.2024).

Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру біз үшін – әлемдік бәсекелестікке қатысу, бұл жерде ең бірінші тұтынушылардың мүддесі сақталынады, сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.

Қазақстанның ДСҰ-на кіруі туралы дау-дамайлар 20 жылдан бері осы уақытқа дейін созылып келді және де үлкен пікір таласқа ие болды. Бүгінгі күні Қазақстанның ДСҰ-на кіруі туралы пікір таластар аяқталып, қазіргі таңда Қазақстан ДСҰ-на қабылданды, нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді.Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады.

Мемлекеттің қолдауынсыз ауыл шаруашылығы дамымайды, шаруа қожалары өздерінің болашақтағы мүмкіндіктеріне деген сенімін жоғалтып, сәйкесінше тоқырауға ұшырайды. Мемлекеттік қолдаудың көптеген аспектілері бар. Мысалы, агралық өндірістің дамуы, мемлекеттің қажеттіліктері үшін ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, бағаны реттеу, ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісіне квота бөлу, сырттан келетін арзан өнімдерге кедергілер қою, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру және т.б. қолдау [1].

Ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдау әлемдік қауымдастықтың көптеген елдері үшін тән нәрсе. Нақты жағдайларға байланысты оның мақсаттары әр түрлі.

Мысалы, жоғары табыстары мен өмір сүру деңгейіне жеткен индустриалды экономикалық дамыған елдер осылайша ұлттық азық-түлік тауарлардың салыстырмалы тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін, өндірістің техникалық-технологиялық модернизациясының қажетті динамикасын, ауыл аумақтарын дамыту тұрақтылығын қолдауға ұмтылып жүр, яғни нарықтық өзін-өзі реттеуді талап етіп отырған нәтижелілікпен қамтамасыз ете алмай жатқан мәселелерді шешуге тырысып жатыр.

Қазіргі уақытта елдің агроөнеркәсіптік нарығының дамуы АӨК-гі халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуынсыз мемлекет жалғыз өзі кепілдік бере алмайды. Интеграциялық қалыптасуында қатысуы аса маңызды болып табылады.

Қазақстан үшін ТМД елдерінің интеграциялық одағына, Еуразиялық экономикалық одаққа бұл қатысуы қатысушы елдердің барлық тұрғындары үшін негізгі азық-түлік тауарларының түрлерін өндіру арқылы қамтамасыз етілетін басты шарты болып табылады. Артықшылығы болып осал және әлеуметтік аз қамтылған халық, адамның әрекет қабілеттілігі мен өмір сүруін қолдау және сақтау үшін қажетті немесе азық-түлік түсімінің сыртқы қайнар көздерінен толық және максималды мүмкіндік болатын тәуелсіздігі кезінде азық-түлік тауарларының сандық және сапалық экономикалық қол жетімділігі [2].

Ауыл шаруашылығы Қазақстанның АӨК-нің негізгі бұрышы. Онда еңбекке қабілетті тұрғындардың 23%-ы жұмысбасты және ол республикадағы халық шаруашылығының барлық өнімдерінің 25%-ын береді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы сатуға мол астық, ет, жүн, тағы да басқа өнімдерін жеткізе отырып мемлекетаралық маңызға ие.

Қазақстанда ірі ауыл шаруашылығының дамуына ең бастысы етістік, жайылма, өрістер кіретін көлемді ауыл шаруашылығы алқаптары бар үлкен жер қорының болуы ықпал етеді. Қазақсатанның егін шаруашылығына қарағанда азырақ өнім береді, бірақ онда ауылдың еңбекке қабілетті тұрғындарының көп бөлігі жұмылдырылған.

Ауыл шаруашылығында ірі шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын, жерді айдаудағы шағын шаруа қожалықтары құрылымдарының, әсіресе осы жерді өңдеуге мүмкіндігі барлардың қажеттіліктеріне сай бейімдеуге бағытталған түбірлі реформа жүргізілуі тиіс.

Аграрлық реформаға қарсы келудің субъективті факторларына шаруашылықтың әкімшілік-басқару персоналының, қоғамдық өндірістен еңбек пен әлеуметтік қорғау жағдайларын жасап алған тауар өндірушілердің елдерін жатқызуға болады. Аграрлық саланы қолдауда мемлекет үлкенрөл атқарады. Аграрлық кешенді мемлекеттік қолдаудың азық-түлік қауіпсіздігін қаматамасыз ете отырып аграрлық өндірісті тұрақтандыру мен дамыту басты міндетіне жатады.

Үкімет ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірістік құрылымын қайта қарауды және ресурс үнемдеуші технологиялар есебінен саланың тиімділігін арттыру міндетін қойып отыр. Мұндай технологияларды енгізу біршама қаражатты талап етеді, және де үкімет жақын жылдар аралығында жемісін беретін жобаға шығын жұмсауға дайын тұр. Екі жылдан кейін 5 млн гектар дақылдар осындай технологиялармен қамтылуы тиіс. Бұл кезде 1 гектарға шығындар 15 долларға қысқарады, жанар-жағармайдың тұтынылуы бір жарым есеге азайып, пайдаланылатын техниканың саны азаяды.

Дегенмен, астық экспортын өсіріп, әрі астық экспорттаушы – әлемдік ірі елдер бестігіне кіру үшін, ауыл шаруашылық өнім өндірісінің субсидиялау түрі мен көлемін арттыру, өсімдік шаруашылығын сақтандыру механизмін қайта қарау, мемлекеттің ауыл шаруашылығына құйған қаржыларының жұмсалуына бақылауды күшейту қажет.Үкімет ауылдық аудандарда шағын жабдықтағы 100 шағын кәсіпорындар салынуды көздейтін Ұлттық бағдарлама жасалуда, ал бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық шикізаттарының ысырапқа ұшырауын азайтып, сол жерде жоғары сапалы соңғы өнім шығару, ауыл жастарына келешегі бар жұмыс орындар жасауға мүмкіндік бермек.

Осыған байланысты Қазақстан экономикасының аграрлық саласының дамуы, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарықтарымен өзара қатынасы, болашақта өнім сапасын сертификациялауды, өндіріс технологиясын стандартизациялауды, ішкі нарықты қорғауды, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауды көздейтін, негізін қалаушы бірқатар факторлардың түсініктерінен құрылады.

Экономикалық Одақ аясында агроөнеркәсіптік саласында отандық тауар өндірушілерді қолдаудың техникалық саясаты, Қазақстанның ДСҰ кіруі және ауыспалы кезеңде агроөнеркәсіптік секторды қорғау бойынша мемлекеттің шаралары[3]:

  • аграрлық өнім экспортерлерін мемлекеттік қолдау, көлік тарифтерін реттеу, аграрлық логистиканы жетілдіруде мемлекеттің қатысуы, жүк көтеру қондырғыларды модернизациялау;
  • жеке қосалқы шаруашылықта ауыл кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау, отбасылықшаруа қожалықтарын дамыту және бастапқышаруа қожаларға көмек беретін мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу.
  • мал шаруашылығы саласында өндірушілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға көмектесетін мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалары, жолдарды модернизациялау, ақпараттық желілерді дамыту және ауылды жерлерді газификациялау.

Сонымен, агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық қатынасы жағдайында мәселелердің үш тобын шешу қажеттілігі ұсынылады:

  • бүкіл халық шаруашылығына қатысты жалпы мемлекеттік мәселелер;
  • салалық мүдделерден туындайтын салалық мәселелер;
  • ауыл шаруашылығының өзіне ғана тән мүдделерін бейнелейтін жергілікті мәселелер.

Мемлекеттік қолдау бұл мемлекеттік орган немесе жергілікті өзін-өзі басқарушы орган, немесе сәйкесінше мемлекеттік органның тапсырмасы бойынша іс-әрекет ететін делдал ұйымдар коммерциялық ұйымдар мен басқа да экономикалық субъектілерге (субсидия беретін органның), жергілікті өзін-өзі басқару орган келесі формаларда жасайтын қаржылық жәрдем беру деп түсіну керек:

  • қаржы құралдарын тікелей аудару.
  • міндеттемелерді орындау кепілдігінұсыну (мысалы несие мен қарыздар бойынша кепілдіктер), міндеттемелерді толық немесе жартылай орындау.
  • тауарларды, қызмет көрсетулерді, құнды қағаздарды, кәсіпорындарды (мүліктік кешен) немесе оның бір бөлігін, ұйымның жарғылық қорындағы үлесін (акцияларды сатып алу), басқа да мүліктерді, зияткерлік меншік объектілерінің құқығын және т.б. сатып алу.
  • өзіне тиесілі табыстарды алудан толық немесе жартылай бас тарту (мысалы, кәсіпорындар, кәсіпорындар топтары үшін арнайы салықтық жеңілдіктер, борышты есептен шығару, кеден баж салығын төлеуден босату).
  • тауарлар немесе қызмет көрсетулерді жеңілдетілген немесе қайтарымсыз ұсыну.
  • бағаны қолдау.

Бірақ мұндай тәсіл тауар өндірушілерге қаржылық трансферттердің жалпы көлемі бойынша барлық толық бейнесін көрсетпейді. Бұл жерде соманың бір бөлігі қайтарымды және өтем ақылы негізінде берілетіндігі ескерілмеген, бірыңғай экономикалық кеңістік құрылмайынша ауыл үшін ауылшаруашылық өнімдердің және ресурстардың баға айырмашылығы болатындығы ескерілмейген.

Мақала авторы осы уақытқа дейін зерттеу нысанына айналып отырған мәселені тереңірек зерттеді. Зерттеу жұмыстары Аграрлық нарық проблемалары журналында [1], Қазақстан Республиксы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары журналында [2] және ғалымның еңбектерінде (монография) [3].

Әдебиет:

  1. Сигарев М.И., Нуркужаев Ж.М. Государственная поддержка аграрного сектора Казахстана // Аграрлық нарық проблемалары. – 2016. – №1. – Б.65-71.
  2. Умбеталиев Н.А. Условия функционирования агропродовольственного рынка в интеграционных союзах // Қазақстан Республиксы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары журналы. 2016. – №6. – Б.22-29.
  3. Сулейменов Ж.Ж. Управление аграрным сектором Казахстана в условиях рыночной экономики. – Алматы. Бастау, 2011. – Б.36-48.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, аграрный сектор Казахстана.

Похожие статьи

Особенности агропромышленного комплекса в Казахстане

Целью данной статьи является рассмотрение результатов развития АПК в Республике Казахстан. Объектом исследования в статье является аграрный сектор РК.

Неформальный сектор экономики Республики Казахстан

В настоящее время все больше приобретает значение на международной арене понятие неформальной экономики, потому как ее влияние на финансовое состояние той или иной страны с каждым новым годом растет.

Экономическое развитие Казахстана за годы независимости

За 25 лет независимости экономика Республики Казахстан претерпела ряд глобальных структурных изменений.

Что касается реального сектора экономики, то объем промышленного производства за годы Независимости вырос со 172 миллионов тенге в 1991 году до 14,9...

Совершенствование системы регионального управления...

На сегодняшний день Казахстан входит в число 25 стран мира, основных производителей аграрного сырья

В условиях общего кризиса в стране, в том числе в аграрном секторе, которые вначале имели тяжелые последствия не только для сельскохозяйственной отрасли...

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

При перемене границ, Уйсуны и Алшыны остались жить там же (в Западном Казахстане), но стали называться не «ногайцами», а «казахами». Племена Тама, Уак и Кыпшак, скорее всего, оказались у казахов позже, после калмыкского вторжения 1630-х годов.

Развитие аграрного сектора экономики Узбекистана

Формирование класса собственников на селе, предоставление экономических свобод крестьянам открыли широкие возможности развития правовых, организационных, экономических и технологических основ дальнейшего развития аграрного сектора.

Влияние аграрно-земельной реформы в Кыргызстане на...

Ключевые слова: сельское хозяйство, сельскохозяйственная продукция, аграрный, класс собственников, фермер, дехкан, агротехнология, аграрно-индустриальный комплекс, агропромышленный комплекс (АПК), аграрный сектор, агропромышленный бизнес...

Перспективы развития инвестирования агропромышленного...

В условиях рыночных отношений Агропромышленный комплекс Казахстана занимает важное место при решении проблем безработицы и развития производства отечественной сельскохозяйственной продукции. Перед аграрным сектором сегодня стоит важная задача...

Задать вопрос