Жетінші күн адвентистері: діни ілімінің ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 14 декабря, печатный экземпляр отправим 18 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абжалов С. О., Халиков С. Х. Жетінші күн адвентистері: діни ілімінің ерекшеліктері // Молодой ученый. — 2018. — №16.1. — С. 7-10. — URL https://moluch.ru/archive/202/49767/ (дата обращения: 06.12.2019).



Адвентистер (лат. Adventus – келу) – 1830 жылдары АҚШ-та христиан бағытының, протестантизм шеңдерінде пайда болған, адвентизм ерушілері.

«Жетінші күн адвентистері» атауы екі негізгі доктринаны сипаттайды:

  1. Анық және айқын көрінетін Христостың Екінші рет келуі (ақырзаман) туралы.
  2. Аптаның жетінші күнінің киелілігі туралы: адвентистер сенбі күнін, Муса Заңының шығуына дейін, әлемнің пайда болу күні деп қарастырады (Ескі Өсиеттің төртінші әмірінде де айтылып өткен).

«Адвентист» сөзі латынның adventus («көріну», «басталу») деген сөзінен шыққан, ол өз кезегінде Христостың Екінші келуіні, оған сенушілердің қайта тірілуі мен аспанға көтерілуін білдіреді.

Баптисттік уағыздаушы Уильям Миллер (1782-1849) негізін салған. Миллер «Иисустың 1843 жылы жерге екінші рет келуі және 1000 жыл патшалық құруы» туралы (1831) кітабында , библияға сүйене отырып, әсіресе «Даниил пайғамбардың Кітабының» 8 тарауы 14-ші сөйлеміндегі «2300 күн» сөзіне және өзінің пайымдауына сүйене отырып, Христостың Екінші келуінің 1843ж. 21 наурыз -1844ж. 21 наурыз аралығы деп анықтады [3, с. 51]. Бұл есептің бұлай жасалу себебі Яһудилік дәстүріне негізделген. Оларда жыл есебі көктемнен басталады [1].

1831 жылы Миллер ақырзаманның жақындап келе жатқаны туралы өзінің уағыздарымен көпшілік алдына шыға бастады. Алғашқы уақытта, бұл идеялары сәтті болмай, тыңдармандардың көпшілігі қатты назар аударған жоқ. Миллер 1833 жылы Нью-Йорк штатындағы баптистік қауымының пресвитеріне айналады. 1839 жылы Миллер маңызды жақтасын, «Чардон-стрит Чэпл» бостондық шіркеуінің пасторы болған Джошуа Хаймсты кездестірді. Ол адвентизмнің қалыптасуына Миллерден де артық атсалысты. Дж. Хаймс Миллер ілімін қолдау бағытындағы газеттік іс-әрекетін үлкен шабытпен бастады. Оның ең алғашқы мақалалары бостондық «Sign of the Times» («Уақыт нышандары») газетінде және нью-йорктік «Midnight Cry» («Түнгі айқай») журналында жарияланды. Осылайша әлемнің барлық бұрышына таралатын басылымдар, кітаптар мен брошюлардың ағымына бастау салынды. 1831 жылдан бастап 1844 жылына дейін У. Миллер осы тақырыпқа байланысты конференциялар ұйымдастырды. 1844 жылдың аяғына қарай 8 аптада көптеген қалаларға барып, жалпы 85 конференция ұйымдастырған екен [2].

Миллердің ізбасарлары, миллеристтер, күннен күнге көбейіп жатты. Сондықтан, Адвентизмнің ізбасарларының бірі Х. Эдсон (1806-1882), 1844 жылы өзіне «аян келгенін» айтады, ол бойынша бұл күн Христостың аспан ғибадатханасының екінші бөлімінде ғибадат етуінің бастауы деп түсіндіреді. Оның нұсқасында, 1844 жылы Христос аспанды тазартуға келді. Бұл тазарту Қорқынышты соттың алды болмақ.

1845 жылы өз ұйымы болмаған, миллериттер Олбани қаласына құрылтайға жиналды. Құрылтайда мыңжылдық патшалықтың Ассоциациясы құрылды және негізгі догматтар айқындалды. Сенім негіздері айналасында дискуссиялар барысында миллериттер бірнеше бағыттарға бөлініп кетті: Жетінші Күн Адвентистері, Құдайдың Екі Шіркеуі, Христиан Қайта оралу Шіркеуі, Тұңғыш Адвент Христиан Шіркеуі.

Олардың ішінде ең көпшілігі Жетінші күн адвентистері болатын. Өздерінің шіркеулік ұйымын Жетінші күн адвентистері 1863 жылы құрды. Бұған Елена және Джеймс Уайттар жұбы ұйымдастырған, Батл Крик қаласындағы (Мичиган штаты) 1863 жылғы конференция әсер етті, онда негізгі заңдар мен миссионерлік жұмыстың жоспары нақтыланды және Жетінші күн адвентистер шіркеуінің құрылуы жарияланды. Жетінші Күн Адвентистер шіркеуінің аяққа тұруында ерекше рөлді Елена Уайт атқарды (1827-1915). Оның ойынша, 1844 жылдың желтоқсанына оған Адвентисттерге «аспанға жол көрсететін» түсінде аян келді. Жалпы алғанда ол екі мыңға жуық аян көрген. Осыларың негізінде доктриналы ережелер қабылданып отырды [3].

Е. Уайт доктриналарды құруға қарағанда, адвентистердің өмір салтына арналған ережелердің дамуында үлкен рөл атқарды. Бұл ережелер оның «Христосқа жол», «Аяндар мен тәжірибелер» кітаптарында көрініс тапты. Аталмыш кітаптар Жетінші Күн Адвентистер арасында Библиядан кем емес авторитетке ие болатын. Э.Уайт өзінің аян түстерінің негізінде, періштелер адвентистерге «салауатты христиандық өмір» салтын ұстануын бағыштады деп, «санитарлы реформа»-ны енгізді.

Сенім негіздері мен ғибадаттарының ерекшеліктері

Жетінші күн адвентистерінде негізгі түсініктеріне әлемнің пайда болуы, Христостың бірінші және екінші келуі кіреді. «Әуел баста Ол бар болатын» (Иоанн 1:1) кітапта көрсетілгендей бұл үш түсінік Құдай патшалығына жол деп қарастырады. Яғни, Христостың екінші келуі кезінде жер бетінде тек Құдай Патшалығы ғана билік етеді. Бұл аталмыш түсініктерді Адвентистер, Қасиетті Жазбаға сүйене отырып дәлелдейді. Сондықтан Қасиетті Жазба Адвентистер үшін негізгі діни оқу болып табылады.

Адвентистер өздерінің пайымдауынша, Христостың Екінші рет келуі кезінде:

  1. Жерде барлық нәрсе жойылады, қарсы шыққандар өледі. Ібіліс пен оның күнәхар періштелері жерге түседі. Күнәға батқандардың үстінен Құдайдың мыңжылдық соты басталады.
  2. Мыңжылдық кезең аяқталғанда аспаннан Иисус, қасында Адамнан бастап соңғы ұрпағына дейін алып, Элеон тауына түседі.
  3. Қысқа уақытқа күнәларын мойындамаған адамдар , айыптау үкімін шығару үшін қайта тіріледі. Одан соң аспаннан от түсіп, Ібіліс, күнәхар періштелер және күнәсін мойындамаған адамдар мәңгілікке жойылады. Құдайдың құдіретінің арқасында Жер беті қайта қалпына келіп, мәңгілік өмір мен тыныштық орнайды. Осылайша, Христос пен Ібіліс арасындағы үлкен арпалыс ақталады.

Жоғарыда айтылғанға сүйенсек, жер бетінде үздіксіз Христос пен Ібіліс арасындағы арпалыс жүріп жатыр, ол өз кезегінде заңды финалға – Христостың жеңісіне және оның мыңжылдық патшалық етуіне әкеледі. Осыдан Христостың Екінші келісі, Қорқынышты Сот және мыңжылдық патшалыққа деген қатты сенім орын алған.

Адвентистердің айтуынша, Қорқынышты соттан кейін, сынаудан өткен адамдардың күнәлары кешіріліп , сәйкес кітаптардан өшірілетін болады. Бірақ, Елена Уайттың түсіндіруі бойынша, сынақтан өтпегендердің есімдері «өмір кітабынан өшірілетін болады» (Дан. 7 және 8 тарау). Осыдан шыға, адвентистер жәннат пен тозақтың барын және жанның өлместігіне сенбейді дегенді көруімізге болады, олардың ойынша, жан денемен бірге өледі және Христостың оралуы күні ғана қайта тіріледі. Күнәхар болып қалмас үшін, адвентистер Қасиетті Жазбада жазылғанды ұстанып, тақуа өмір сүру керек дейді.

Дұрыс өмір сүру үшін адам Мұсаның 10 әміріне мән беріп, қатаң ұстануы керек, әсіресе сенбі күнін ұстану (төртінші әмір). Сенбі күні, таңдаулылар белгіленген, «Мөр» ретінде қарастырылады. Бұл қасиетті әрі Құдайға жалбарынатын күн, Құдаймен сөйлесетін күн, еңбек етуге болмайтын, алайда әлсіздер мен ауру адамдарға көмек көрсетуге тиіс күн. Жетінші күн адвентистері Құдай берген жетінші күнді тойлай отырып, олар Құдайды өздерінің Жаратушысы ретінде мойындайды деп санайды. «Исход» кітабында жиырмасыншы тарау 8-11 өлеңде жазылғандай: « 8. Қасиет тұту үшін, сенбі күні есіңде болсын; 9. Алты күн бойы жұмыс істе, өз істеріңді бітір; 10. Ал жетінші күні – сенбі Құдайыңа, Тәңіріңе сенің, аталған күні сен болсын, балан болсын, қызың болсын, құлың болсын, күнің болсын, малың болсын, қонағың болсын, ештеңе істеме; 11. Себебі алты күн ішінде Құдай аспан мен жерді, мұхит пен оның ішіндегі барлық нәрсені жасады, ал жетінші күні демалды; сондықтан Құдай бұл сенбі күнін жарылқады.»

Бұнымен қатар Христостың Екінші келуіне дайындалу үшін Жетінші күн адвентистеріне рухани ғана емес, физикалық күш салулары қажет. Сондықтан, Елена Уайттың авторитетті еңбектері, доктриналардың қалыптасуына қарағанда, адвентисті өмір салты ережелерінің дамуында үлкен ықпал етті. Елена Уайтты ізбасарлары Құдайдың пайғамбары деп санады.

Жетінші Күн Адвентистері физикалық дамуларына үлкен көңіл бөлгендіктен, Елена Уайт «санитарлы реформа» енгізді, яғни салауатты христиан өмір салтының ережелерін бекітті. Реформадағы ережелер бойынша, Жетінші күн адвентистері әлемнің көптеген елдерінде медициналық орталықтар ашып, салауатты өмір салтын насихаттады. Осылайша, 1990 жылы Лома Линда Университетінің қарамағындағы атақты медициналық орталықта, алғашқы протонды терапия клиникалық орталығы ашылды. 2003 жылға дейін Лома Линда Университетінің Медициналық орталығындағы протонды терапия центрі АҚШ та жалғыз болып келді. Орталық простата, бас ми рак және сонымен қатар, көз бен өкпенің қатерлі ісіктерін емдеуге маманданған. Орталықта тұрақты түрде протонды терапияны кең спектрде онкологиялық ауруларды емдеу мақсатында, клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатады. Жетінші күн адвентистері әлемнің кейбір елдерінде ұйымдасқан түрде қан тапсырудан өтеді. Шіркеу Колумбияның алғашқы ұлттық донорлық компаниясына қатысады [4].

Адвентистердің ойынша, адам өз денесін қайта тірілуге дайындауы керек. Ол үшін келесі ережелерді ұстану қажет:

  1. Догматтарға сүйене отырып, Жетінші күн адвентистеріне белгілі бір, яғни зиян келтіруі мүмкін, өнімдер түрі қолдануға рұқсат етілмейді. Дәлелірек:
  1. Тамаққа шошқаның, қоянның, кейбір балық түрлерінің, мысалы сомның, етін қосуға болмайды және кез келген жануардың қанын жеуге тыйым салынады. Шошқа етіне қол тигізуге де болмайды, себебі шошқа адвентистерде «таза емес жануар» болып саналады. Аталған өнімдері өндіруге немесе оларды өндіруге қатысуға болмайды.
  2. Жұмыртқа, қатты ірімшік, кофе және шәй (жасыл шәй да) қолдануға болмайды.
  3. Алкогольды ішімдіктер, табак өнімдерін және наркотикалық заттарды қолдануға болмайды, сондықтан адвентистер осы мәселелермен күреске көп көңіл бөледі. 1960 жылы Шіркеу «Шегуді қалай тастауға болады» атты бағдарлама ойлап тапты, ол темекі шегетін адамдарға көмек ретінде шығарылды.
  4. Белгілі бір медикаменттер түрлерін ішуге болмайды.
  1. Жетінші күн адвентистері шіркеуі аборт пен ажырасулардың нағыз қарсыласы болып табылады.
  2. Жетінші күн адвентистерінде некеден тыс сексуалды қатынастарға рұқсат етілмейді, себебі бұл жақындық тек ерлі зайыптылар ара қатынасы шеңберінде ғана орын ала алдады. Сондықтан адвентистер гомосексуализмге қарсы шығады [5].

Адвентистер іліміне Қасиетті Үштікке (Құдай үштігі – Әке, Бала және Қасиетті Рух) және аспан ғибадатында Христостың қызметіне сену сипатты. Адвентистер Құдайды жалғыз деп санайды. Әке, Бала және Қасиетті Рух – үш өзара мәңгі тұлғалардың бірлігі. Құдай мәңгі, құдіретті, бәрін біледі, бәрін көреді, күнәсіз және адам түсінігінен жоғары, Құдай туралы оның уаһилері арқылы танимыз. Адвентистер өз кітаптарында Құдай бір ғана тұлғадан тұрмайды деп есептейді. Себебі, Қасиетті Жазбада көптік есімдіктер мен септіктердің қолданылады, мысалы: «Сотворим человека по образу Нашему» (Быт. 1:26); «Вот, Адам стал как один из Нас» (Быт. 3:22); «Сойдем же» (Быт.11:7). Қасиетті Жазба Құдайдың тікелей сөзін жеткізеді дегенге сүйенеді.

Жетінші күн адвентистерінің Құдайға құлшылық етуі Библияны оқу мен уағыз кіреді, сонымен қатар, ересек жаста толық бату арқылы сулы шоқыну жатады. Жетінші күн адвентистерінің пікірінше, шоқыну – Құдайдың заңы. Ол Христоспен ортақтықтың, күнәлардың кешірілуі мен Қасиетті Рухты қабылдаудың белгісі. Әдетте, шоқыну, адам Қасиетті Жазбаны мойындап, Оның ілімін қабылдауға дайын екенін білдіргенде, жасалынады. Ол Христосқа деген қатты сенімін және өз күнәләрін кешірілуін тілеуін білдіреді [6].

Әдебиeт:

  1. Günay Tümer, Abdurrahman Küçük. Dinler Tarihi. – Ankara, 1988. – S. 219-220.
  2. Ali Rafet Özkan, Fundamentalist Hristianlık Yedinci Gün Adventizmi. 2002, – S 51.
  3. E.Sydney Ahlstrom. A religious History of the American People. – London, 1973. 480.
  4. William Miller. «Letter to J.V. Himes. Jan. 26 1844», «Midnight Cry», VI/221.
  5. Martin Walter. The Truth About Seventh–day Adventism. Grand Rapids: – Zondervan Publishing House, 1960.
  6. Е. Зайцев, «История развития Церкви АСД в России», 2008г., стр.124.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена.


Похожие статьи

Исследование пеногасящей способности высших изомеров...

Пеногаситель вводили в пену через одну минуту после прекращения пенообразования.

Следует отметить, что пена без добавок регулятора-пеногасителя существует несколько часов.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін...

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

...өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен

Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ...

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті реформалау және Қахақстандағы ұйымдардың ҚЕХС-қа бірте-бірте өту

Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму

Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың...

Похожие статьи

Исследование пеногасящей способности высших изомеров...

Пеногаситель вводили в пену через одну минуту после прекращения пенообразования.

Следует отметить, что пена без добавок регулятора-пеногасителя существует несколько часов.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін...

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

...өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен

Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ...

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті реформалау және Қахақстандағы ұйымдардың ҚЕХС-қа бірте-бірте өту

Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму

Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың...

Задать вопрос