Тәжікстан қазақтарының сөйленісіндегі фразеологизмдердің лингвомәдени негізі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдулханова, М. А. Тәжікстан қазақтарының сөйленісіндегі фразеологизмдердің лингвомәдени негізі / М. А. Абдулханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 5-7. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49766/ (дата обращения: 20.04.2024).



«Тіл білімінде «фразеология» термині кемінде екі мағынада қолданылады. Ең алдымен, тіл туралы ғылымның бір саласы деген ұғымда танылса, екіншіден, сөйлеу құралының ерекше жиынтығы, яғни сөзге қарама-қарсылық негізінде белгіленген фразеологиялық бірліктердің жиыны болып табылады. Бұл сөйлеу құралының басты ерекшелігі – тілдік қолданыста тұрақтылық сипат және дайын тұтас бірлік ретінде танылуында» [1.с. 3]. Алайда фразеологизмдегі қарама-қайшылық – формасы мен мағынасында. Фразеологизмдердің формасы бір сөйлемнен тұрады, ал мағынасы бір сөзді ғана білдіреді.

Қазақ тіл білімінің фразеология саласын жеке пән ретінде қалыптастырып, оның зерттеу нысаналарын, тілдегі орны мен табиғатын айқындауда теориялық тұжырымдар жасап, келелі еңбектер жазған академик І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Г.Смағұлова, Х. Қожахметова, С. Сатенова, Р. Жайсақовалар болса, соңғы жылдары фразеологиялық тіркестерді жаңа қырынан анықтауда экстралингвистикалық аспектіде жан-жақты қарастырып диссертация жазғандар – Г. Сағидолда, А. Байтелиев, Қ. Ғабитханұлы, Б. Уызбаева, Ш. Сейітова, Ж. Қоңыратбаева, С. Жапақов, М. Мамаева, Ж. Байтелиева және тағы басқалар.

Ғалым Н.Уәлиев болса, өз көзқарасын соңғы ғалымдардың тобындағы пайымдаулармен ұштастырады: «Кейбір зерттеушілер, фразеологизмдерді тар мағынасында түсінушілер, фразеологиялық единицаға тек фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық шоғырды ғана жатқызады. Фразеологизмдерді кең мағынасында түсінушілер осы аталған үш типке қоса, фразеологиялық тізбектерді де (мақал, мәтел, номинатив атаулар, күрделі терминдер) фразеология құбылысына жатқызады» [2,8б.]. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясына» бағышталған Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиевтің оқулығында фразологизмдерді тар және кең мағынада былайша топтастырады: «Тар мағынада: фразеологиялық тұтастықтар (идиомалар, фразеологиялық түйдектер), фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық сөйлемшелер.

Кең мағынада: қос сөздер, қосар тіркестер (параллель фразеологизмдер), коммуникативтік тіркестер, номинативтік (атауыштық) тіркестер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, көркем мәтін үзінділері, фольклорлық тұрақты сөз үлгілері, сәлемдесу жоралғылары» [3, 186 б.].

Сонымен, фразеология саласы – мазмұн жағынан да, тұрпат тұрғысынан да өте күрделі әрі ерекше құбылыс. Сондықтан ол тіл білімінің әр аспектісінде әр қырынан зерттеуді қажет етеді.

Соңғы кездері ғалымдар тарапынан фразеологияның бір түрі ретінде жергілікті халықтың сөйлеу тілінде қалыптасқан аймақтық фразеологизмдер үлкен қызығушылыққа ие болып келеді.

Қазақ тіл біліміндегі диалектология саласында тұрақты тіркестерге алғаш көңіл бөлген ғалымдардың қатарында алғаш рет оңтүстік және батыс өңірлеріндегі идиомалық және фразалық тіркестерді сөз тіркестерінің басқа түрлерімен бірге қарастырып, оны грамматикалық ерекшелік ретінде көрсеткен С.Аманжолов, «Арыс говорының сөз тіркестері» атты мақалада зерттеушілердің бұл мәселеге көңіл бөлмей келгендігін айта келіп, қазақ тілінің сөйленістерін жан-жақты зерттеу үшін белгілі бір сөйленістің, оның ішінде сөз тіркестерін арнайы сөз етудің аса қажеттілігін сөз еткен Ж.Досқараев [4, 10-11], Қостанай өңіріндегі халықтың тілдік ерекшеліктерін зерттеген А.Байжолов [5], Орда қазақтарының тілдік ерекшеліктерін зерттеген Ә.Бөрібаев [6], Маңғыстау сөйленісіндегі тұрақты тіркестерді зерттеумен айналысқан С.Омарбеков [7], жоғары оқу орнына арналған «Қазақ диалектологиясы» оқулығында құрамында әдеби тілде жоқ сөздер кездесетін тұрақты тіркестерге ерекше тоқталған Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев [8], Өзбекстан қазақтарының тіл ерекшеліктерін зерттеген Т.Айдаров , Еділ бойы қазақтарының тіліндегі тұрақты тіркестерді лексика саласында қарастырып, олардың құрамындағы сөздерді жекелей қарастырған А.Тасымов , қазақ тілі сөйленістерінің батыс тобындағы аймақтық сөз тіркестерін синтаксистік ерекшелік ретінде көрсеткен Ә.Нұрмағамбетов], сондай-ақ, Батыс Сібір қазақтарының тілін зерттеген Ә.Құрманалиев] және Қарақалпақстандағы қазақтар тілін зерттеген Н.Жүнісов , Моңғолияда тұратын қазақтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жан-жаөты зерттей келе, тілдік ерекшелігіне де көңіл бөлген Б.Базылхан, Түркістан тұрғындарының сөйленісін арнайы қарастырған Б.Жүсіповасекілді ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.

Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеулері бойынша байқайтынымыз олардың көпшілігі аймақтық фразеологизмдер құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасына қарай талданып топтастырылған. Атап айтқанда, А.Тасымов Еділ бойы қазақтарының тілдік ерекшеліктерін арнайы зерттеген еңбегінде сол аймақта қолданылатын тұрақты тіркестерге тоқтала келіп, олардың құрамындағы сөздердің мағынасын екі топқа бөле отырып анықтайды:

1) құрамындағы сөздерінің мағынасы түсініксіз сөздер. Мысалы, емешесі құру – еңсесі құру, мажыра болу – жайбарақат, мігіріш ету – келісу, таупиықты болу – табысты, бақытты болу;

2) мағынасы түсінікті, бірақ қолданылу реті әдеби тілден ерекшелеу сөздер. Мысалы, азабы сіңу – еңбегі сіңу, азап жасау – азап ету, ақтан қаптап жіберу – ит терісін басына қаптау, ас салу – тамақ асу, қазан көтеру, ет асу, ас қайыру – бата қылу, ауа жайлы болу – жүкті болу т.б. [9, 86 б.].

Оңтүстік сөйленіске жататын Түркістан тұрғындарының тілдік ерекшеліктерін арнайы зерттеген Б. Жүсіпованың еңбегінде де тұрақты тіркестер құрамындағы сөздердің мағынасына қарай 1) «Құрамындағы сыңарларының лексикалық мәні түсініксіз тіркестер»; 2) «Құрамындағы сыңарларының лексикалық мәні айқын сөз тіркестері» деп екі үлкен топқа жіктеледі [11, 100 б.].

Ал тіліміздегі диалектілік тұрақты тіркестерге зерттеу жүргізген Қ.С.Қалыбаева қазақ тіл білімінде қалыптасқан аймақтық фразеологизмдер жайлы ой-пікірлерді жүйелей келе, оларды ерекше топтастырады. Ғалым аймақтық тұрақты тіркестерді әдеби тілдегі тұрақты тіркестерден мынадай белгілерімен ерекшелейді:

1. Аймақтық тұрақты тіркестердің құрамында әдеби тілде кездеспейтін сөздер кездеседі: мұсалат болу «масыл болу» (Арал), мәңгүр қылмау «елемеу» (Қ.орда).

2. Аймақтық тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер әдеби тілде бар, бірақ олар әдеби тілде тіркес жасамайды: наны жүру «жолы болу» (Қ.орда), басы қараңғы «аяғы ауыр» (Өзб. қаз.).

3. Аймақтық тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер әдеби тілде бар, бірақ олар жай тіркес түрінде кездеседі: құрсағы ауыру «жаны ашу» (Шу).

4. Әдеби тілдегі тұрақты тіркестерден сөйленістердің ерекшеліктеріне сәйкес дыбыстық (мышық табандау «мысық табандау»); грамматикалық (қарайымдап қалу «қарайып қалу»); лексика-семантикалық (беттеншармаялау «беттен алу») ерекшеліктерге ұшыраған [12,38 б.].

Сондай-ақ ғалым М. Атабаева өз еңбегінде аймақтық фразеологизмдерге құрылымдық, компоненттік талдау жасай отырып, олардың аймақтық ерекшеліктері барын біріншіден, аймақтық фразеологизмдер әдеби тіл элементтерінен құралып аймақтық мағына жасайды, бұл топ аймақтық фразеологиялық қордың елеулі бөлігін қамтитынын, екіншіден, аймақтық тұрақты тіркестер аймақтық сөздерден тұрады, дегенмен мұндай сөздердің сирегірек ұшырасатынын айтады. Сонымен қатар ғалым еңбегінде грамматикалық құрылымына қарай сөз тіркесі және сөйлем түріндегі аймақтық фразеологизмдер және сөз таптарына қатысы бойынша: а) етістік мағыналы; ә) есім мағына; б) үстеу мағыналы; в) бейтарап сөздердің қатысуымен жасалған фразеологизмдер деп топтастырып, арнайы тоқталады [13, 264 б.].

Фразеологизмдердің аймақтық ерекшелігін анықтауда қазақ тілінің Қытай сөйленісіндегі тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық тұрғыдан кең көлемде тоқталған еңбек ретінде ғалым С.Мұстафаұлының зерттеуін айтамыз. Ғалым өз еңбегінде Қытай қазақтарының тіліндегі аймақтық фразеологизмдерді әдеби тілдегі фразеологизмдермен салыстырып, олардың айырым белгілерін айқындайды. Сонымен қатар, халықтың басынан өткен тарихи себептердің аймақтық фразеологизмдерге уәж болуын этнолингвистика және әлеуметтік тіл ғылымы тұрғысынан талдап көрсетеді. Мәселен, Қытай тарихындағы халық санасына ауыр естелік қалдырған 1966-1976 жылдар аралығындағы «мәдениет зор төңкерісі» атты азапты жылдардың сарыны байқалған қалпақ кию «қылмысты деп танылу», дазыбау жазу «қылмысты әшкерелеу», жала аудару «ақталу», қара көзілдірікпен қарау «мән бермеу», туы айқын «саяси көзқарасы айқын», майданы берік «саяси табанды» сияқты тұрақты тіркестерді саралап көрсетеді [14, 28 б.]. Орыс тіл білімінде аймақтық фразеологизмдер мәселесіне қатысты алғашқы ой-пікірлер 19 ғасырдың орта шенінде қалыптаса бастады. Алғашқы аймақтық сөздіктерге жазылған пікірлерде орыс сөйленістеріндегі кейбір тіркестердің құрамында кездесетін дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер жайында теориялық мәліметтер кездеседі. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап орыс лингвистикасында аймақтық фразеологизмдерге арнайы көңіл бөлінді. Ол жайында ой-пікірлер Л.И.Ройзензон, Е.Н.Шестакова, М.В.Орел, Б.В.Захаров, А.И.Федоровтардың зерттеулерінде қалыптасты.

Б.В.Ройзензон аймақтық фразеологизмдерді зерттеу барысында тек әдеби тілмен салыстырып қана қою жеткіліксіз екендігін айта келіп, оларды басқа да сөйленістердегі фразеологизмдермен салыстыра отырып зерттеу қажеттігін ұсынады [15].Түркологияда аймақтық фразеологизмдер арнайы қарастырылмағанымен, бұл мәселе түркітанушылардың назарынан тыс қалмаған. Бұл тақырып туралы жекелеген ой-пікірлер бірқатар түркі тілдерінің диалектологиялық еңбектерінде кездеседі. Мысалы, аймақтық фразеологизмдер өзбек тіл білімінде А.Шерматовтың , қырғыз тіл білімінде Б.М.Юнусалиевтің, қарақалпақ тіл білімінде Д.С.Насыровтың, сондай-ақ башқұрт тіл білімінде С.Ф.Миржанованың диалектологиялық еңбектерінде] кездеседі. Сонымен, аймақтық фразеологизмдер тілші ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі деңгейде қарастырылып келеді. Дегенмен, аймақтық фразеологизмдердің құрамындағы сөздердің шығу төркініне, олардың табиғатын түсінуге, мазмұн меже, тұрпат меже жағынан дамуына, жете көңіл бөлінбей келеді.

Әдебиеттер:

  1. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. – М., 1963.
  2. Уәлиев Н.М. Фразеология және тілдік норма. – Алматы: РБК, 1999. –115 б.
  3. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Дәуір, 2003. – 242 б.
  4. Тасымов А. Еділ бойындағы қазақтардың тіл ерекшеліктері: филол. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 1975.
  5. Өтебеков Б. Қазақ диаспорасының тілі. – Алматы: Білім, 2000. – 181 б.
  6. Жүсіпова Б. Түркістан тұрғындары тілінің ерекшеліктері: филол. ғыл. канд. ... автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2003. – 26 б.
  7. Қалыбаева Қ.С. Қазақ тіліндегі диалектілік тұрақты сөз тіркестері. – Алматы, – 1997. – 72 б.
  8. Атабаева М.С. Қазақ тіліндегі диалектілік лексиканың этнолингвистикалық негізі: филол. ғыл. докт... дисс.: 10.02.02. – Алматы, 2006. – 283 б.
Основные термины (генерируются автоматически): бола, Алматы, мена, Фразеология.


Похожие статьи

Особенности фразеологических оборотов казахского языка

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Ә. Б.Олғанбайұлы,Ғ.Қалиев.

Алматы, 1997. Основные термины (генерируются автоматически): поговорка, пословица, казахский народ, слово, народ, жизнь, время, глубокий смысл, казахский язык, казахское...

Сходства соматизмов в кыргызском и турецком языках

Атаң кууп салганда, Арка болгон мен элем («Эр Табылды»). Твоей опорой стал я когда прогнал родной отец.

Абилгалиева М. Х. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: Автореф. дис. канд. филол. наук.

Алматы, 1995. — 171с.

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Алайда бұл сипаттар жаратылғандарда Алла сияқты кемел бола алмайды. Негізінде Мутазила мазхабының Матуридилер мен Ашғарилерге қарсылығы осы сипаттар мәселесінде болды.

Қара сөздер. – Алматы: Мектеп, 2003.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

2) Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады.

Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Уаңбаев Е. “ Дене тәрбтесінің негіздері”, Алматы, 2000 ж.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Учебник.- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. — стр. 272. Аяпова Т. Онтогенез речевой деятельности: развитие синтаксической семантики...

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

- Алматы, Өлке, 2001.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен... Бір жылда мұндай өзгерістер бола алмайды, бұл үшін арнайы іс-шараларды жүргізу қажет болды.

Семантическая структура фразеологических единиц...

Фразеология любого народа, отражающая в своей истории образ вселенной и национальную культуру, традиции и убеждения того народа, является его неоценимым достоянием.

1. Кенесбаев И. Фразеологический словарь казахского языка. –Алматы,1977. — 149 с.

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады.

Алматы, 2004ж. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы.

Похожие статьи

Особенности фразеологических оборотов казахского языка

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Ә. Б.Олғанбайұлы,Ғ.Қалиев.

Алматы, 1997. Основные термины (генерируются автоматически): поговорка, пословица, казахский народ, слово, народ, жизнь, время, глубокий смысл, казахский язык, казахское...

Сходства соматизмов в кыргызском и турецком языках

Атаң кууп салганда, Арка болгон мен элем («Эр Табылды»). Твоей опорой стал я когда прогнал родной отец.

Абилгалиева М. Х. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: Автореф. дис. канд. филол. наук.

Алматы, 1995. — 171с.

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Алайда бұл сипаттар жаратылғандарда Алла сияқты кемел бола алмайды. Негізінде Мутазила мазхабының Матуридилер мен Ашғарилерге қарсылығы осы сипаттар мәселесінде болды.

Қара сөздер. – Алматы: Мектеп, 2003.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

2) Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады.

Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Уаңбаев Е. “ Дене тәрбтесінің негіздері”, Алматы, 2000 ж.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Учебник.- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. — стр. 272. Аяпова Т. Онтогенез речевой деятельности: развитие синтаксической семантики...

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

- Алматы, Өлке, 2001.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен... Бір жылда мұндай өзгерістер бола алмайды, бұл үшін арнайы іс-шараларды жүргізу қажет болды.

Семантическая структура фразеологических единиц...

Фразеология любого народа, отражающая в своей истории образ вселенной и национальную культуру, традиции и убеждения того народа, является его неоценимым достоянием.

1. Кенесбаев И. Фразеологический словарь казахского языка. –Алматы,1977. — 149 с.

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады.

Алматы, 2004ж. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы.

Задать вопрос