Мемлекет тарихындағы маңызды бағдарлама | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. Мемлекет тарихындағы маңызды бағдарлама / М. О. Насимов, Б. Ж. Паридинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 16-17. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49097/ (дата обращения: 25.04.2024).

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі баршамызды серпілтіп тастады. Елбасы бұл сәтті қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайтудың кезеңі деп атап көрсетті. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясының жаңа мағынамен толыға түсуі барлығымыздың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігімізді арттыра түседі.

Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастама барлық қоғам мүшелері үшін маңызды. Еліміз осы уақытқа дейін баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша көптеген шаралар атқарды. Ал «7 – 20 – 25» жаңа бағдарламасы әрбір отбасына баспана алудың мүмкіндігін жасап, әсіресе қарапайым тұрғындардың қолжетімділігі артады. Елбасы ұсынған формуланың мазмұны қоғам мүшелері үшін түсінікті және ашық.

Президенттің екінші бастамасында жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту ұсынылады. Елбасы отандастарымызды қолдау мақсатында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салу жөнінде баяндады. Бұл ұстаным 2 миллионнан астам адам жалақысының жұмыс берушіге салмақ салмай көбею мүмкіндігін береді.

Үшінші бастама тікелей еліміздің болашағы – өскелең ұрпақ пен жастарға арналған. Еліміздің жастарға деген айқын көрінісі ретінде жаңа оқу жылынан бастап қосымша 20 мың грант бөлінуін айтуымызға болады. Бұл гранттардың 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі. Бастама Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын инженерлер, ақпараттық технология, робот-техника, нанотехнология саласының мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Елбасы қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесінің өзекті екендігін айта отырып, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды. Аталмыш міндетті жүзеге асыру үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі қағидасын пайдалануды ұсынды.

Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастамасы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретіндігі анық. Еліміз бұл бағытты дамыту бойынша бағдарламалар мен қолдау құралдарын жетілдіру үстінде. Бастамаға сәйкес осы жылы шағын несиелердің жалпы сомасы артып, қосымша 20 миллиард теңге бөлінетін болды.

«Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» атты Елбасының бесінші бастамасы елдің миллиондаған тұрғындарын газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге еліміздің экологиялық ахуалын жақсартатындығына сенімдіміз.

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайын екендігін айтты. Негізінен әлеуметтік жаңғыру барлық азаматтардың мұқтаждықтары мен мүдделерін жүзеге асыру барысындағы қоғамның даму құрылымын жетілдіру үдерісі болып табылады. Бұл жаңа мен ескінің, заманауи және дәстүрлі ұстанымдар негізінде өзгерістерге ұшырайтын қоғамның оңтайлы және тиімді қызметінің көрінісі. Жаңа бағдарламадағы барлық басым бағыттар, міндеттер мен мақсаттар мемлекеттік органдар, тұрғындар, сарапшылар мен ғалымдар үшін транспарентті құбылыс. Сондықтан Елбасының елдің игілігі үшін ұсынған ұтымды, оптимистік жобасы мемлекет тарихындағы маңызды бағдарлама болып қала беретіндігіне сенеміз.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос