Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік және экономикалық мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №14 (200) апрель 2018 г.

Дата публикации: 02.04.2018

Статья просмотрена: 353 раза

Библиографическое описание:

Тайжанов, Л. Т. Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік және экономикалық мәселелері / Л. Т. Тайжанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 20-22. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49096/ (дата обращения: 25.04.2024).



Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын жүзеге асыруда еліміздің тұрғылықты халқының, соның ішінде моноқалаларда тұрып жатқан халықтың тіршілік әрекетін жеткілікті деңгейде қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпей іске асыру қиын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардан бері нарықтық экономиканың енуімен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпіні халқымыздың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі мен қатар республиканың моноқалалары жататын оның аймақтық кіші жүйелерінде де біршама жақсы жақа бет бұрғанын көрсетеді. Халықтың өмір сүру деңгейін республика бойынша орта көрсеткіштерден, аймақтық айырмашылықтардан, облыстық нормативтік мәндердің ауытқуларынан байқауымызға болады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бір тұтастығын сақтау және түрлі аймақтарда тұрып жатқан халық үшін әлеуметтік қолайлы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуде түрлі аймақтық деңгейлерде республикалық, облыстық, қалалар және ауылдық елдімекендер деңгейінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру қажеттілігін білдіреді. Моноқалалардың халқының мүдделерін жүзеге асырушы әлеуметтік және экономикалық саясаттың маңызды бағыттарына келесілерді жатқызу қажет:

− әртүрлі моноқалалардағы халықтың өмір сүру деңгейін және сапасының әлеуметтік-экономикалық стандарттарын мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуін;

− моноқалалар экономикасының негізгі салаларын және экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында жұмыс орындарын құру және сақтауын;

− өндіріс және адам капиталы дамуының негізгі факторы болып табылатын әлеуметтік саланы сақтау, қолдау және дамытуын;

− моноқалалардың тұрғылықты халқының еңбек, кәсіби және рухани әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау;

− моноқалалардың тұрғылықты халқының әртүрлі әлеуметтік топтарын әлеуметтік қорғау бойынша нысаналы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қаржы көздерін қалыптастыру;

− моноқалалар аймағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

− моноқалалардың тұрғылықты халқының тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қызмет етуінің әлеуметтік тұрақтылығы мен беріктігін сақтау.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы жағдайындағы әлеуметтік, экономикалық үдерістердің алуан түрлілігі индикаторлар мен көрсеткіштердің жеткілікті көптеген түрлерін көздейді, олардың көмегімен халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі салаларының дамыту деңгейін, халықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалайды және қоғамның әлеуметтік дамуындағы өзгеріс үдерістерін анықтап қана қоймай, сонымен қатар, мүмкін болатын келеңсіз әлеуметтік-экономикалық салдарды алдын-ала болжауға болады, бұл әлеуметтік саясатты іске асырудың тиімділігі мен әрекеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Халықтың өмір сүру деңгейімен жағдайының сандық және сапалық параметрлерін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық саралану деңгейін, сондай-ақ олардың дамуын бақылап отыру серпінін көрсететін әлеуметтік көрсеткіштердің жүйесін құру оларды бағалау үшін түрлі әдістерді қолдануды көздейді [1].

Қоғамның әлеуметтік жүйесі біртұтас ұғым ретінде оны құраушы элементтердің жай ғана жиынтығы болып табылмайды. Бір жағынан, онда халықтың тіршілік қызметі мен тіршілігін қамтамасыз етудің барлық салалары (табыстар, тұтыну, еңбек және жұмысбастылық, әлеуметтік сала, қоршаған орта) қамтылған, екінші жағынан, халықтың түрлі әлеуметтік топтарының өмір сүру жағдайларымен сапасын көрсетеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік көрсеткіштер мен индикаторлардың жүйесі әлеуметтік жүйенің жай күйі мен даму деңгейін көрсететін көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар, оның қауіпсіз әрекет ету шекараларын белгілейтін көрсеткіштерді қамтып отыруы тиіс. Бұл міндетті әлеуметтік дамудың шекті ауытқу көрсеткіштер жүйесін пайдаланудың негізінде шешіп отыруға болады, оларды жүзеге асыру адаммен қоғамның тіршілік әрекетіне қауіп-қатердің төніп тұрғандығын білдіреді.

1 – кесте Қазақстандағы моноқалалардың облыстар бойынша орналасуын көрсетеді. ҚР экономикалық аймағы 14 облысқа және 2 ірі қалаға бөлінетін болса, соның ішінде 12 облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысының тізімі бойынша 27 моноқала орналасқан. Моноқаласы жоқ облыстарға Қызылорда облысын және Солтүстік Қазақстан облысын жатқызуымызға болады. 2-кестеден көріп отырғанымыздай моноқаласы ең көп облысқа 8 моноқаласы бар Қарағанды облысын жатқызуымызға болады, ал қаласы ең аз облыстарға бірнеше, яғни Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарына 1 моноқаладан тиесілі екенін айтуымызға болады. Бұл жердегі Қарағанды облысында моноқалалар санының көп болуы оның индустриялды экономикалық аймақ болуымен түсіндіріледі және дәл осындай аймақтарда зерттеуіміздің көрсеткеніндей қала құраушы кәсіпорындарға тәуелді қалалардың көптеп қалыптасқанын байқадық.

Кесте 1

Қазақстан моноқалаларының аймақтар бойынша орналасуы

Облыстар

Моноқала аттары

Ақмола облысы

Степногор

Ақтөбе облысы

Хромтау

Алматы облысы

Текелі

Атырау облысы

Құлсары

Батыс Қазақстан облысы

Ақсай

Жамбыл облысы

Қаратау, Жаңатас

Қарағанды облысы

Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск, Абай

Қостанай облысы

Арқалық, Жітіқара, Лисаков, Рудный

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен

Павлодар облысы

Ақсу, Екібастұз

Шығыс Қазақстан облысы

Зырян, Курчатов, Риддер, Серебрян

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кентау

Ескерту – [2] дереккөз негізінде автормен дайындалған

Айта кету керек 27 қаланың көбісі өз бетінше қала әкімшілігі болып табылса, 5 қала аудан орталықтары болып есептелінеді. Мысалыға: Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласы; Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласы; Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласы және Талас ауданының орталығы Қаратау қаласы; Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының орталығы Зырян қаласы болып табылады және осы аудан құрамына Серебрян қаласында жатқызамыз.

Қазақстандағы моноқалалардың негізгі қордаланған мәселелерін мынадай үш топқа біріктіруге болады:

1. Экономикалық мәселелерге келесілерді жатқызуымызға болады:

- негізгі қала құраушы кәсіпорындардың жұмысының тоқтауы немесе оған қауіп төнуі (өндіруші кәсіпорындардың кен орындарының тозуы, бәсекеге қабілетсіз өнім шығаруы);

- қала экономикасының төмен деңгейде әртараптануы;

- қала тұрғындарының қала құраушы кәсіпорындарға жоғары деңгейдегі тәуелділігі;

- қала бюджетінің қала құраушы негізгі кәсіпорыннан түсетін салықтардан тәуелді болуы.

2. Әлеуметтік мәселелерге келесілерді жатқызуымызға болады:

- жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жоғары болуы;

- көптеген моноқалалардағы халықтың табыс деңгейінің төмен болуы;

- халық санының азайуы;

- әлеуметтік келеңсіздіктердің өсуі.

3. Өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдар мәселелері келесілер:

- инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың тозуы;

- моноқалалардың аумағындағы экологиялық мәселелердің ушығуы [3].

Бұл мәселелердің барлығы әр аймақтағы моноқалалардың өз ерекшеліктері бойынша дамыту арқылы шешілуі тиіс. Моноқалалардан халықтың ірі қалаларға қарай көшуі тұрақты жұмыс орнының жоқтығынан, осыған байланысты әлеуметтік жағдайдың өршуінен болып отыр. Тіпті, тұрақты жұмыс жасап тұрған кәсіпорындары бар қалалардың өзінде де халықтың басқа жаққа қоныс аудару үрдісі байқалады. Бұл, өз кезегінде, осы қалалардағы экологиялық жағдайдың төмендігі мен жұмыс орындарының тозығы жетіп, бүгінгі күн талаптарына сай келмеуімен, сондай-ақ, аймақтарда жалақының төмендігі мен уақытында төленбеуі мәселелерімен де түсіндіруге болады.

Еліміздегі моноқалалардың дамуын тежейтін факторлар мен проблемаларға өткен уақыттағы қала құраушы кәсіпорындар мен басым бағыттағы салаларға байланысты көптеген кешенді проблемалар жиналып қалған. Өндіріс көлемінің төмендеуі, қала құраушы кәсіпорындардың жартылай немесе толықтай тоқтауы моноқалаларда айтарлықтай әлеуметтік экономикалық проблемалардың ушығуына алып келді.

Моноқалалардың негізгі проблемалары болып жұмыссыздықтың көбейуі, халықтың өмір сүру деңгейінің нашарлауы, әлеуметтік жағдайдың ушығуы жатады. Мысалыға соңғы 20-25 жылда «Қаратау» АҚ сияқты кәсіпорындарда, қазіргі уақытта ЖШС «Казфосфат», 10,6 мың адамнан 1,5 мың жұмысшы қалған. Екінші мысалға Саран қаласындағы «Карагандарезинотехника» АҚ келтіруге болады. Ондағы жұмысшы саны 1985 жылы 7 мыңдай болса, қазіргі уақытта 500 адам шамасында. Осыған ұқсас жағдайлар бірнеше моноқалаларда кездесіп жатады [4].

Өндіріс көлемінің төмендеуіне және қала құраушы кәсіпорындарының тоқтап қалуына шикізат шығаратын кәсіпорындардың базасының тозуы, өндірілетін өнім сапасының бәсекелестік қабілетінің төмен болуы, қала құраушы кәсіпорындардың құрал-жабдықтарының ескіруі, КСРО-ның құлауымен байланысты технологиялық байланыстың үзілуі жатады.

Осылай моноқалалардың экономикалық және әлеуметтік жағдайын талдау арқылы келесідей проблемаларды анықтауға мүмкіндіктер жасады:

Экономикалық мәселелер: қала құраушы кәсіпорынның тоқтап қалуы немесе тоқтау қаупінің пайда болуы; қаланың экономикалық әртараптануының төмен деңгейі; қалақұраушы кәсіпорынға қала халқының жоғары деңгейде тәуелді болуы; қала құраушы кәсіпорыннан түсетін қаражатқа жоғары деңгейде қала бюджетінің тәуелді болуы және салықтық базаның кішірейуі жатады.

Әлеуметтік мәселелер: жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы; көпшілік моноқалалардағы халық табысының аздығы; өмір сүру сапасының төмендігі; көпшілік моноқалаларда халық санының азайуы; әлеуметтік ахуалдың ушығу үрдісінің мүмкін болуы жатады [5].

Өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрқұрылымның мәселелеріне: инженерлік және әлеуметтік инфрқұрылымның тозу деңгейінің жоғарылығы; жоғары деңгейде аймаққа экологиялық қысым; аймақтың айтарлықтай жағдайдағы техногендік және табиғи апаттарға жақын болуы жатады.

Әдебиет:

  1. Нұрланова Н.Қ., Гайсина С.Н., Мелдеханова М.Қ., Берішев С.Х., Бірімбетова Н.Ж., Киреева А.А. Қазақстандағы моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мәселелері. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2012. – 156 б.
  2. «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысы.
  3. Мырзалиев Б.С., Мұқанов С.М. Шағын және моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттары // «Қазақстан-2050»: индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың өңірлік мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Түркістан: Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2013. – Т.1. – 386-392 бб.
  4. Тайжанов Л.Т. Проблемы управления развитием малого бизнеса в монопрофильных городах Казахстана // «Қазақстанның ғылымы, білімі және өндірістегі инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. -Алматы: Еуразия Технологиялық Университеті, 2015. – Т. 2. – 51-54 бб.
  5. Тайжанов Л.Т. Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың экономикасын дамыту // «Қазақстан-2050»: индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың өңірлік мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Түркістан: Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2013. – Т. 1. – 369-372 бб.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Атырау.


Похожие статьи

Атырауский институт нефти и газа (Республика Казахстан)...

Атырауский институт нефти и газа (Республика Казахстан)

Адрес: Казахстан, Атырауская область, городской акимат Атырау, Атырау, ул. Худина, 5А

Сайт: http://aigi.kz/

Туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздер | Статья в журнале...

Мақалада сөздіктердегі туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздерге этимологиялық талдау жасалып, олардың қолданылуы қарастырылған.

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

1. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын мұнай-газ

Өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық белсенділігін, сонымен бірге...

Основные стратегические направления развития нефтегазовой...

Касательно реализации нефти и продуктов ее переработки реализация сырой нефти осуществляется (экспорт), в основном, по нефтепроводам «Атырау-Самара и «КТК» к портам...

Формирование и развитие конкурентных отношений в сфере...

Для сравнения, в июне 2012 года автобусный тариф в городах Актобе и Атырау составлял 45 тенге, в городах Караганда, Костанай, Павлодар, Тараз, Уральск – 50 тенге.

Туристские перевозки — важный элемент инновационного...

- строительство новой взлётно-посадочной полосы в аэропорту городе Атырау; - строительство современного пассажирского терминала в Алматинском аэропорту

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші...

Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл...

Применение стратегий критического мышления на различных...

Действуют 10 центров: в Караганде, Атырау, Петровавловске, Семипалатинске, Лисаковске, Костанае, Рудном, 2-Алматы.

Основные стандарты и модели интеграции медицинских...

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность проблемы интеграции медицинских информационных систем.

Основные принципы правового регулирования принудительного...

...в отдельных случаях, можно рассматривать только тогда, когда в отношении нанимателя были предприняты исчерпывающие мены, предусмотренные российским законодательством.

Похожие статьи

Атырауский институт нефти и газа (Республика Казахстан)...

Атырауский институт нефти и газа (Республика Казахстан)

Адрес: Казахстан, Атырауская область, городской акимат Атырау, Атырау, ул. Худина, 5А

Сайт: http://aigi.kz/

Туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздер | Статья в журнале...

Мақалада сөздіктердегі туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздерге этимологиялық талдау жасалып, олардың қолданылуы қарастырылған.

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

1. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын мұнай-газ

Өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық белсенділігін, сонымен бірге...

Основные стратегические направления развития нефтегазовой...

Касательно реализации нефти и продуктов ее переработки реализация сырой нефти осуществляется (экспорт), в основном, по нефтепроводам «Атырау-Самара и «КТК» к портам...

Формирование и развитие конкурентных отношений в сфере...

Для сравнения, в июне 2012 года автобусный тариф в городах Актобе и Атырау составлял 45 тенге, в городах Караганда, Костанай, Павлодар, Тараз, Уральск – 50 тенге.

Туристские перевозки — важный элемент инновационного...

- строительство новой взлётно-посадочной полосы в аэропорту городе Атырау; - строительство современного пассажирского терминала в Алматинском аэропорту

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші...

Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл...

Применение стратегий критического мышления на различных...

Действуют 10 центров: в Караганде, Атырау, Петровавловске, Семипалатинске, Лисаковске, Костанае, Рудном, 2-Алматы.

Основные стандарты и модели интеграции медицинских...

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность проблемы интеграции медицинских информационных систем.

Основные принципы правового регулирования принудительного...

...в отдельных случаях, можно рассматривать только тогда, когда в отношении нанимателя были предприняты исчерпывающие мены, предусмотренные российским законодательством.

Задать вопрос